Тақырып Анатомия және физиологияға кіріспе. Анатомия және физиологиядағы зерттеу әдістері



бет5/8
Дата14.11.2023
өлшемі37.24 Kb.
#483228
1   2   3   4   5   6   7   8
№1 Анатомия. физиологияға кіріспе

5. Дене бітімі, типтері.
Дене бітімі (конституциясы) деп әдетте белгілі бір әлеуметтік табиғи жағдайларда қалыптасатын және организмнің түрлі (соның ішінде патологиялық та) әсерге реакциясынан көрінетін, нақтылы адамға қатысты дара физиологиялфқ және морфологиялық ерекшеліктер жиынтығын айтамыз. Бұл жиыньықтың негізгі өзегі деп бұрынғы ұрпқтардан алынған бірқатар тұқым қуалайтын қасиеттер есептеледі. Сондықтан әрбір индивидум оның дене құрылысынан көрінетін ішкі (тұқым қуалайтын) және сыртқы (сөздің кең мағынасындағы қоршаған орта) факторларының бірлігі болып табылады. Денесінің сыртқы құрылымына белгілі бір ішкі құрылымы сәйкес келеді. Осындай корреляцияның (өзара байланыстылықтың) арқасында дененің сыртқы құрылысына қарап ішкі құрылымының ерекшеліктерін елестетуге болады. Дәл диагноз қою үшін сол нақты адамның дене құрылым типін ескеру маңызды.
Дене құрылымының үш типін ажыратады:
1. Биік немесе ортадан биіктеу бойлы, тұлғасы біршама қысқалау, кеуде шеңбері тарлау, орта немесе қушық иықты, аяқтары ұзын, жамбасының көлбеу бұрышы кішкене болып келетін долихоморфты- тип.(астеник).
2.Орта немесе ортадан аласалау бойлы, тұлғасы біршама ұзындау, кеуде шеңбері үлкен, біршама кең иықты, басы үлкен, мойыны қысқа, аяқтары қысқа, жамбасының көлбеу бұрышы үлкен болып келетін брахиморфты -тип. (гиперстеник)
3. Мезоморфты -орта, аралық дене құрылыс типі. Орта бойлы, қанқасы мен бұлшықеттері жақсы дамыған, теріасты май қабаты әлсіз дамыған ((нормостеник) .
Дене құрылысының типтеріне байланысты ішкі мүшелердің орналасуы, пішіні және шамалары да әртүрлі болады.
Солайша, құрылысы брахиморфты типке жататындарда мынадай белгілер сәйкес келеді: диафрагманың жоғары орналасуы, жүректің горизонталды жатуы, асқазанның жоғары қиғаш жатуы, соқыр ішектің жоғары жатуы. Долихоморфты типке жататындарда мынадай белгілер сәйкес келеді: диафрагманың төмен орналасуы, жүректің вертикалды орналасуы, ұзарған асқазан, соқыр ішектің төмен орналасуы.
Дене бітімінің жасқа байланысты және жыныстық ерекшеліктері болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет