Тақырып Анатомия және физиологияға кіріспе. Анатомия және физиологиядағы зерттеу әдістері



бет8/8
Дата14.11.2023
өлшемі37.24 Kb.
#483228
1   2   3   4   5   6   7   8
№1 Анатомия. физиологияға кіріспе

4. Жазықтықтар мен біліктер.
Адам денесінің кеңістікте орналасуын және оның бөліктерінің бір-бірімен салыстырмалы орналасуын анықтау үшін жазықтықтар және остер деген түсініктер қолданылады. Дененің бастапқы жағдайы деп адам тік тұрып екі аяғы бірге, алақаны алдына қарай тұрған жағдайды айтады. Адам денесі екі жақты (билатеральды) симметриялы, тең екі бөлікке бөлінеді. – оң және сол. Мүшелердің орналасуын анықтау үшін жазықтықтар қолданылады
Оң және сол бөліктің шекарасы ортаңғы (медиана) жазықтық, бұл жазықтық вертикальды тік орналасқандықтан сагиттальды деп те аталады.
Сагиттальды жазықтық дененің оң бөлігін (dexter) сол бөлігінен (sinister) бөліп тұрады. Сагиттальды жазықтыққа перпендикулярлы орналасып, денені алдыңғы (anferior) артқы (posferior) бөлетін жазықтықты фронтальды (frons – маңдай) деп атайды.
Горизонтальды жазықтық алдыңғы екі жазықтыққа перпендикуляр орналасып, денені төменгі (inferior) жоғарғы – superior бөлікке бөледі.
Буындардағы қозғалыс түрлерінің бағытын анықтау үшін біліктер қолданылады.
Вертикальды білік денеде ұзына бойы бағытталған. Бұл білік бойында омыртқа жотасы және оны бойлай жатқан кеуде және құрсақ аортасы, өңеш орналасады.
Вертикальды осьпен қатар ұзына бойы орналасатын ось жатады. Бұл ось денеде ұзына бойы жатады, дененің кеңістіктегі жағдайына байланысты емес (қол-аяқта не мүшеде ұзына бойы )орналасады.
Фронтальды білік – фронтальды жазықтықта жатады, бұл оңнан солға, солдан оңға бағытталады.
Сагиттальды білік – сагиттальды жазықтықпен қатар жатады. Біліктермен буындардағы қозғалыс түрлерін анықтайды.
5.Анатомиялық терминология
Мүшелердің және дене бөліктерінің орналасу реттілігін анықтау үшін анатомиялық терминдер қолданылады.
Medialis – медиальды, ортаңғы жазықтыққа жақын.
Lateralis – латеральды ортаңғы жазықтан алшақ.
Intermedius – аралық, яғни мүше екі мүше арасында орналасса.
Internus – ішкі, externus – сыртқы, profundus – терең, superficialis – беткей. Қол және аяқ сүйектерін сипаттау үшін қолданылатын терминдерде бар. Қол-аяқ сүйектерінің денеге жақын басталар бөліктерін анықтау үшін қолданылатын терминдер: proximalis – проксимальды (денеге жақын), distalis - дистальды (денеден алшақ).Қол ұшы сүйектерінің орналасуын анықтау үшін қолданылады: алақан -palmaris ,аяқ басы сүйектері үшін табан – plantaris.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет