Тақырып Анатомия және физиологияға кіріспе. Анатомия және физиологиядағы зерттеу әдістері



бет6/8
Дата14.11.2023
өлшемі37.24 Kb.
#483228
1   2   3   4   5   6   7   8
№1 Анатомия. физиологияға кіріспе

Норма және ауытқулар. Адам организмі қалыптасу үрдісінде өзін қоршаған ортаға бейімделді. Соның нәтижесінде организм мен сыртқы дүниенің нақтылы жағдайлары арасында белгілі бір тепе-теңдік орнады. Организмнің белгілі бір морфологиялық және функционалдық ерекшеліктері арқасында орныққан бұл тепе-теңдік норма деп белгіленеді де, ал соған сәйкесті дене құрылымы қалыпты деп есептеледі. Организмге сыртқы әрі ішкі ортаның әр түрлі факторлары әсер ететіндіктен, оның жекелеген ағзалары мен жүйелерінің құрылымы варианттанады(түрленеді), бірақ нормадағы бұл варианттанушылық ортамен арадағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұза алмайды. Осылайша, норма дегеніміз-қатып қалған, өзгермейтін нәрсе емес, ол алуан түрлі және жиынтығында организмнің тұқым қуалаушылығына да, сондай-ақ сыртқы орта факторларына да байланысты дара өзгергіштігін құрайтын көптеген құрылым варианттарынан тұрады. Организмнің және оның жекелеген ағзаларының құрылымының көптеген түрлері-норма варианттары бар (variatio, латынша-түрөзгеріс).
Вариациялық статистика бойынша, олар вариациялық қатар түзеді, оның шет жақтарында дара өзгергіштіктің шегіне жеткен формалары орналасады (В.Н.Шевкуненко). Норма (қалыпты) дегеніміз-бұл организмнің түр ретіндегі адамға тән және биологиялық әрі әлеуметтік функцияларының толық орындалуын қамтамасыз ететіндей құрылым варианттарының үйлесімді жиынтығы және құрылымдық белгілерінің ара қатынасы.
Аномалия (anomalos, грекше-ұқсас емес)- бұл түрлі дәрежеде білінетін нормадан ауытқулар. Олардың бірнеше түрі бар, олардың біреулері бұрыс дамудың нәтижесі болып табылады, бірақ организмнің ортамен қалыптасқан тепе-теңдігін бұзбайды да, демек, функциясына әсер етпейді. Мысалы, жүректің оң жақта орналасуы немесе ішкі ағзалардың басқаша орналасуы. Басқа аномалиялар кезінде организм немесе жекелеген ағзалардың қызметтері бұзылады, организмнің ортамен тепе-теңдігі сақталмайды ( мысалы жарық таңдай) немесе оның тіршілік қабілеті толық жойылады( мәсәлен, бассүйектің болмауы-акрания, жүректің болмауы-акардия және т.б.). Дамудың мұндай күшті ақаулары зағиптық, сиқынсыздық (орысша-уродство) деп аталады. Анатомия мен эмбриологияның аномалиялар мен зағиптықтарды зерттейтін саласы тератология (teratos, грекше-керемет, құбыжық) деп аталады. Ол да патологиялық анатомияға жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет