Тақырып Анатомия және физиологияға кіріспе. Анатомия және физиологиядағы зерттеу әдістері



бет7/8
Дата14.11.2023
өлшемі37.24 Kb.
#483228
1   2   3   4   5   6   7   8
№1 Анатомия. физиологияға кіріспе

1. Адам денесінің аймақтары.
Адам денесінің құрылысын үйренгенде мүшелердің өзара арақатынасын, топографиялық орналасуын анықтаудың үлкен маңызы бар.
Адам денесі бастан- caput , мойыннан-collum , тұлға- truncus және екі жұп қол-аяқтан тұрады. Бастың бассүйек күмбезін-regiones fornicis capitis, және бет бөлімін - regiones faciei, дененің кеуде-thorax, іш- abdomen, және арқа-dorsum бөлімдерін ажыратады. Адам денесіндегі қуыстықтар: тұлға кеуде және іш (құрсақ) қуыстарынан тұрады. Олардың арасын көкет (диафрагма) бөледі. Іш қуысының төменгі жағын «жамбас қуысы» деп атайды. Бас екі бөлімнен тұрады: ми және бет бөліктері. Қолдың иық, қар, білек және қол басы бөліктері бар. Аяқ: жамбас, сан, балтыр және аяқ басы бөліктерінен тұрады. Мүшелердің орналасуын және өзара қатынасын(синтопия), мүшелердің қанқаға қатысты проекциясын (скелотопия), немесе мүшенің орналасқан орны немесе мүшелердің адам денесіндегі және оның қуыстарында орналасқан жеріне қатысты (голотопия) проекциясын зерттейтін терминдер қолданылады. Ішкі мүшелердің шекарасын анықтау мақсатында денені шартты сызықтармен бірнеше бөліктерге бөлеміз.
2. Кеуде торының сызықтары.
Кеуде бетінде бағдарлау үшін тік (вертикалды) сызықтар жүргізуге болады: 1) алдыңғы орталық сызық-linea mediana anterior; 2)төс сызығы- linea sternalis, төстің жиегімен бойлай жүреді; 3) ортаңғы бұғана (емізіктік сызық)- linea medioclavicularis seu mamillaris, емізіктің немесе бұғананың ортасы арқылы жүреді; 4) linea parasternalis, ---- төс маңындағы сызық; 5) алдыңғы; 6) ортаңғы және 7) артқы қолтық сызықтары- linea axillaris. Media et posterior, бұлардың біріншісі мен соңғысы қолтық шұңқырының алдыңғы және артқы жиектері, ал ортаңғысы-оның ортасы арқылы өтеді, 8) жауырын сызығы- linea scapularis жауырынның төменгі бұрышы арқылы жүргізіледі; 9) омыртқа маңы сызығы-омыртқа жотасының екі жағынан өтеді; 10) артқы ортаңғы сызық омыртқа жотасының бойымен, омыртқалардың қылқан өсінділерінің үстімен жүргізіледі.
3. Іш аймақтары.
Іш қуысы екі көлденең (горизонтал) сызықтармен үш аймаққа бөлінеді. Жоғарғы сызық оң және сол жақтағы он екінші қабырғаның ең төменгі нүктесінің аралығын, төменгі сызық мықынның алдыңғы жоғарғы біліктері арасын қосатын сызықтармен іш бірінің астында бірі жататын үш бөлімге бөлінеді: epigastrium-(құрсақүсті), mesogastrium (іштің ортаңғы бөлімі, құрсақ) және hypogastrium - (құрсақасты) . Іштің үш бөлімінің әрқайсысы іштің тік бұлшық етінің сыртқы шетінен жүргізілетін екі тік сызықпен тағы да үш екіншілік бөліктерге бөлінеді, құрсақүсті аймағы ортаңғы құрсақүсті бөлікке және екі бүйір оң және сол қабырқаасты бөліктерге бөлінеді. Іштің ортаңғы бөлімі ортада орналасқан кіндік бөлігіне-regio umbilicalis және іштің екі бүйір бөлігіне- (regiones lateralies dexter et sinister) бөлінеді. Құрсақасты бөлімі қасаға және оң және сол шап бөлімдеріне бөлінеді.
Арқа бөлімдеріне: омыртқа-regio vertebralis, жауырын- regiones scapulares dexter et sinister, жауырынасты- regiones subscapulares және дельтатәрізді – regio deltoidea бөлімдері жатады. Қол-иық-brachium, білек- antebrachium және қол ұшы-manus болып бөлінеді, қол ұшы-алақан-palma manus, қолдың сыртқы-dorsum manus және саусақтарға -digiti manus бөлінеді. Аяқ өз кезегіде мынадай бөлімдерге бөлінеді: бөксе-regio glutealis, сан- femur, сирақ-crus және аяқ ұшы-pes. Аяқ ұшы: табан-planta, аяқ ұшының сырты-dorsum pedis және бақайларға- digiti pedis бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет