1. Дефектолог мамандарын дайындау жүйесі оның қалыптасуы мен даму тарихы.
«Баланың психикалық даму деңгейі неғүрлым төмен болған сайын оқытушының біліктілік деңгейі соғүрлым жоғары болуы тиіс», - деп жазады XX ғасырдың басындағы атақты неміс педагог-дефектологы П. Шуман.
Германия педагогиканың алғашқы тарихында жалпы білім беру мектептеріне бағытталатын оқытушыларды кэсіби даярлауды бастап қана қоймай, сонымен бірге (1812) ерекше білім алу қажеттіліктеріне ие балаларды оқыту үшін керең-зағиптардың патшалық мектебі түсында жалпы білім беру мектептерінің оқтушыларының даярлау курстарын ашты. Сонымен бірге, Ресейде педагог-дефектологтарды (сурдопедагог жэне логопедтер) даярлау, түрақты жүмыс істеп түрған бір жылдық курстардың ашылуымен, 1898 жылы Санкт-Петербургта басталған болатын. Алайда, ең алдымен дамуында ауытқуы бар баланы оқытатын оқытушыны қосымша, арнаулы кэсіби даярлаудың қажеттілігін түсіну үшін энтузиастардың екі жүз жылдан асатын тәжірибелік педагогикалық іскерлігі қажет болды, олардың ішінде педагогтар ғана емес, сондай-ақ дэрігерлер, лингвистер, шоқынушылар да болды.
Қазіргі таңда көптеген жоғарғы оқу орындары педагог-дефектологтарды жэне арнаулы психологтарды кэсіби даярлаудың бағдарламаларын үсынуда. Осыған орай, АҚШ-та 230 бағдарламаны қамтитын арнаулы білім беруде қызмет жасайтын оқыт қайта даярлау жэне біліктілігін жоғарылату жөнінде ұлттық жүйе жүмыс жасауда. Педагогикалық оқытудың батыс еуропалық жүйесінде арнаулы психологтар мен педагогтарды даярлаудың бағдарламаларымен қатар, университеттерде арнаулы педагогика бойынша жалпы білім беру мектебініңоқытушысын міндетті түрде даярлау желісі қызмет етуде(минималды курс -100-120 сағат), одан әрбір болашақ оқытушы өтуі тиіс.
Ресейде XX ғ. Аяқ шеніне қарай, екі мамандық «логопедия» жэне «логопедия» мамандығын қатар меңгеретін «олигофренопедагогика» мамандықтары бойынша даярлау бағдарламаларын үсынатын, педагогикалық университеттерде, шамамен 30 бөлімшелер(факультеттер, кафедралар) бар.
Ресейдің арнаулы білім беру жүйесінде бір мезгілде 200 мыңнан аса педагогтар жүмыс істейді (астаналық қалалардан өзге ), олардың ішінде 10%-ы ғана педагог-дефектолог білім бар.
Достарыңызбен бөлісу: |