Тақырып Менеджменттегі мотивация Дәріс жоспары (2 сағат)



бет5/11
Дата08.11.2022
өлшемі222.15 Kb.
#464251
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
q81ZJfcdSmy7Hihin3F1Gw

К.Альдерфер теориясы

  • Ол да адам қажеттіліктерін иерархиялық орналастырады. Басты айырмашылық - Альдерфер тек қажеттіліктердің 3 тобын қарастырады:
  • – әрекет ету (өмір сүру) қажеттіліктері – Маслоуда бұл физиологиялық және қауіпсіздік қажеттіліктері;

    – байланыс қажеттіліктері – Маслоуда бұл әлеуметтік қажеттіліктер:

  • Достар, отбасы, әріптестер, басшылар мен бағыныштыларға ие болуға ұмтылыс;
  • Қоғамда белгілі орынға ие болу, топтық қауіпсіздікке деген ұмтылыс;
  • – өсім қажеттіліктері – Маслоуда бұл рухани қажеттіліктер.

А.Маслоу және К.Альдерфер теориялары арасында бір ерекшелік бар:

  • А.Маслоу бойынша қажеттіліктер төменнен жоғарыға қарай қанағаттандырылады: төменгі деңгей қажеттілігін қанағаттандырғаннан кейін ғана келесіге ауысуға боалды. Ал, К.Альдерфер бойынша қозғалыс 2 бағытта жүреді : егер төменгі деңгей қажеттілігі қанағаттандырылмаса, онда жоғарыға, және егер жоғарғы қажеттіліктер қанағаттандырылмаса, онда төменге жылжуға болады.
  • Мысалы, егер адамның өсім қажеттілігі қанағаттандырылмаса, онда тағы бір рет «байланыс» қажеттіліктері іске қосылады.
  • К.Альдерфер теориясына сәйкес қажеттілік қанағаттандырылмайтын әр кезде неғұрлым нақты қажеттілікке назар аударылады деп есептейді. Бұл үдеріс жоғарыдан төменге қарай кері бағыттың болуын анықтайды.

Экономика және менеджмент кафедрасы

Д.Мак-Грегор теориясы - “Х” және “Y” теориялары

Х теориясы - жұмысшыларға сенімсіздік танытқаннан кейін басқарудың авторитарлы әдістерін ұстанатын жетекшінің типі. Олар жұмысшыларға өз қатынастарын келесідей сипаттайды:

  • Әр адамға өз жаратылысынан жұмыс жасамауға деген ниет тән, сол себептен ол мүмкін болатын жерде еңбек шығындарынан қашып құтылуға ұмтылады;
  • Атаққұмарлық тек бірқатар адамдарға тән, адамдар тікелей жауапкершіліктен алшақ болып, жетектеуді қалайды;
  • Әр адам толық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тырысады;
  • Ұжымның әр мүшесін ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыс жасауға мәжбүрлеу үшін мәжбүрлеу мен бақылаудың түрлі әдістерін қолданып, жазалау мүмкіндіктері жайлы еске салып отыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет