Тақырып Тергеу әрекеттері кезіндегі процессуалдық актілер


Тақырып 13. Айыпталушы мен сезіктіге қатысты қолданылатын бұлтартпау



бет3/3
Дата09.07.2016
өлшемі211.5 Kb.
#186678
1   2   3

Тақырып 13. Айыпталушы мен сезіктіге қатысты қолданылатын бұлтартпау шаларының процессуалдық актілері

Айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы қаулы

1. Айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы қаулыда мыналар көрсетiлуге тиiс:

1) оның жасалған уақыты мен орны; қаулыны кiм жасаған; айыпталушы ретiнде жауапқа тартылатын адамның тегi, аты мен әкесiнiң аты, оның туған күнi, айы, жылы және жерi;

2) айыпталушы айыпталып отырған қылмыстың оның жасалған уақыты, орны көрсетiлген сипаттамасы, сондай-ақ осы Кодекстiң 117-бабына сәйкес дәлелденуге тиiстi өзге де жағдайлардың сипаттамасы; 3) аталған қылмыс үшiн жауаптылықты көздейтiн қылмыстық заң (бап, бөлiк, тармақ).

2. Бiрнеше қылмыс бойынша айыпталған кездегi айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы қаулыда қылмыстық заңның әрбiр бабы (бөлiктер, тармақтар) бойынша айыпталушыға қандай нақты iс-әрекеттер танылатыны көрсетiлуге тиiс.

3. Қаулыда адамды тергелiп отырған iс бойынша айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы шешiм болуға тиiс.

4. Айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы қаулының көшiрмесi ол шығарылғаннан кейiн жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жiберiледi.

Сезiктiге қатысты бұлтартпау шараларын қолдану

1. Айрықша жағдайларда осы Кодекстiң 139-бабында көзделген негiздер болған кезде және 141-бабында көрсетiлген мән-жайлар ескерiле отырып, бұлтартпау шаралары күдіктiге қатысты қолданылуы мүмкiн. Бұл ретте айыптау күдіктiге бұлтартпау шарасы қолданылған кезден бастап он тәулiктен кешiктiрiлмей, ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 163, 168, 169, 171, 233 - 237 және 241-баптарында көзделген қылмыстардың ең болмағанда біреуі жасалған жағдайларда - отыз тәуліктен кешiктiрiлмей, ал егер күдiктi адам ұсталып, содан кейiн қамауға алынса, - ұсталған кезден бастап дәл сондай мерзiмде тағылуға тиiс. Егер бұл мерзiмде айып тағылмаса, бұлтартпау шарасының дереу күші жойылады.

2. Күдіктіге айып тағу кезінде сот оған бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды қолдану туралы мәселені осы Кодекстің 150-бабында көзделген тәртіппен қайтадан қарайды. Егер осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім аяқталғанға дейінгі жиырма төрт сағат ішінде күзетпен ұстау орнының бастығына соттың айыпталушыны қамауға алуға санкция беру туралы қаулысы келіп түспесе, күзетпен ұстау орнының бастығы ол туралы қылмыстық іс жүргізуінде жатқан органды немесе тұлғаны, сондай-ақ прокурорды хабардар етуге міндетті. Егер осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін бұлтартпау шарасын тоқтату немесе айыпталушыны қамауға алуға соттың санкция бергені туралы тиісті шешімдер келіп түспесе, күзетпен ұстау орнының бастығы оны өзінің қаулысымен босатып, қаулының көшірмесін жиырма төрт сағат ішінде қылмыстық іс жүргізуінде жатқан органға немесе тұлғаға және прокурорға жолдайды.

3. Қамауға ұстау орны әкiмшiлiгiнiң басшысы осы баптың екiншi бөлiгiнің талаптарын орындамаған жағдайда заңмен белгiленгендей жауапты болады.

Бұлтартпау шараларын қолдану тәртібі

1. Айыпталушыға (сезiктiге) бiр мезгiлде екi және одан да көп бұлтартпау шараларын қолдануға болмайды.

2. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган бұлтартпау шараларын қолдану туралы адамға ол сезiктi болған немесе айыпталатын қылмыс пен осы бұлтартпау шарасын қолдану үшiн негiздiң көрсетiлуiн қамтитын қаулы шығарады. Қаулының көшiрмесi соған қатысты шығарылған адамға тапсырылады және онымен бiр мезгiлде оған осы Кодексте көзделген бұлтартпау шарасын қолдану туралы шешiмге шағымданудың тәртібі түсiндiрiледi.

3. Сезiктi, айыпталушы оны болдырмау үшiн осы Кодекстiң 144, 145, 146, 147, 148, 149-баптарында көзделген шаралар қолданылған әрекеттердi жасаған жағдайда оған неғұрлым қатаң бұлтартпау шарасы қолданылады, ол туралы айыпталушыға, сезiктiге тиiстi қаулының көшiрмесiн тапсыру кезiнде жариялануы тиiс.

Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат

1. Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат қылмыстық процесті жүргізуші органның күдіктіден, айыпталушыдан анықтаушының, тергеушінің немесе соттың рұқсатынсыз тұрақты немесе уақытша тұратын жерінен (елді мекеннен) кетпеуі, сотта істі тергеуге және қарауға кедергі келтірмеуі, қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша белгіленген мерзімде келуі жөнінде жазбаша міндеттеме алуынан тұрады.

2. Күш қолданумен немесе оны қолдану қаупін төндірумен байланысты қылмыс жасалған кезде қылмыстық процесті жүргізуші орган жәбірленушінің жазбаша өтініші бойынша күдіктіге, айыпталушыға жәбірленушіні іздестіруге, оның ізіне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілдермен байланыс жасауға тыйым салу туралы жазбаша түрде ескертеді.

 

Жеке кепiлдiк



1. Жеке кепiлдiк сенімге ие болған адамдардың олар сезiктiнiң немесе айыпталушының өзiн дұрыс ұстауына және олардың қылмыстық процестi жүргiзушi органның шақыруы бойынша келетiндiгiне кепiлдiк беретiндiгi туралы жазбаша мiндеттемесiнен тұрады. Кепiлдiк берушiлердiң саны екеуден кем болмайды.

2. Бұлтартпау шаралары ретіндегі жеке кепiлдiктi таңдауға тек кепiлдiк берушiлердiң жазбаша өтiнiшi мен оған қатысты кепiлдiк берiлетiн адамның келісімi бойынша ғана жол берiледi.

3. Кепiлдiк берушi оған қатысты өзi кепiлдiк беретiн адамның айыбының мәнi, кепiлдiк берушiнiң оған сезiктi, айыпталушы бұлтартпау үшiн осы шара қолданылған әрекеттi жасаған жағдайда ақшадай айып салынатындығынан тұратын жауаптылығы түсiндiрiлгендiгiн растайтын жеке кепiлдiгi туралы қолхат бередi.

4. Кепiлдiк берушi қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудiң кез келген сәтiнде кепiлдiк беруден бас тартуға құқылы.

5. Сезiктi, айыпталушы оны болдырмау үшiн жеке кепiлдiк қолданылған әрекеттердi жасаған жағдайда, әрбiр кепiлдiк берушiге сот осы Кодекстiң 160-бабында көзделген тәртiппен жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде ақшалай айып салуы мүмкiн.

Әскери бөлiмдер командованиесiнiң әскери қызметшiлердi байқауы

1. Әскери бөлiмдер командованиесiнiң әскери қызметшiлер немесе оқу жиынына шақырылған әскери мiндеттiлер болып табылатын сезiктiлердi, айыпталушыларды байқауы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi мен Iшкi әскерлерiнiң жарғыларында көзделген және ол адамдардың тиiстi мiнез-құлқы мен олардың қылмыстық процестi жүргiзушi органның шақыруы бойынша келуiн қамтамасыз етуге тиiстi шаралардың қолданылуынан тұрады.

2. Әскери бөлiмнiң командованиесiне ол бойынша аталған бұлтартпау шарасы таңдалған iстiң мәнi туралы хабарланады. Әскери бөлiмнiң командованиесi: байқау орнатылғаны туралы осы бұлтартпау шарасын таңдаған органға жазбаша хабарлайды.

3. Сезiктi, айыпталушы оны болдырмау үшiн аталған бұлтартпау шарасы таңдалған әрекеттi жасаған жағдайда әскери бөлiмнiң командованиесi ол туралы осы бұлтартпау шарасын таңдаған органға жедел хабарлауға мiндеттi.

4. Өздерiне жүктелген байқау жөніндегі мiндеттi орындамағанына кiнәлi адамдар заңдарда көзделген тәртiптiк жауаптылыққа тартылады.


Тақырып 15. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша іс жүргізу

 

Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша iс жүргiзудiң тәртібі



1. Осы тараудың ережелерi қылмыс жасалған сәтте кәмелеттiк жасқа, яғни он сегiз жасқа толмаған адамдардың iстерi бойынша қолданылады.

2. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша iс жүргiзу тәртібі осы Кодексте белгiленген жалпы ережелермен, сондай-ақ осы тараудың баптарымен айқындалады.

3. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша iс жүргiзу тәртібі:

1) аталған адам жасаған бiрнеше қылмыс, олардың бiр бөлiгiн ол он сегiз жасқа толғаннан кейiн жасаған қылмыстар туралы iстер бiр iс жүргiзуге бiрiктiрiлген;

2) айыпталушы сот iсiн жүргiзу сәтiнде кәмелетке толған жағдайларда қолданылмайды.

Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша анықтауға жататын мән-жайлар

Кәмелетке толмағандардың iстерi бойынша, осы Кодекстiң 117-бабында көзделгендерден басқа, дәлелдеуге жататын мән-жайларды алдын ала тергеу және сот талқылауын жүргiзу кезiнде:

1) кәмелетке толмағанның жасы (туған күнi, айы, жылы);

2) кәмелетке толмағанның тұрмысы мен тәрбие жағдайы;

3) интеллектуалдық, ерiк-жiгерiнiң және психикалық даму дәрежесi, мiнезi мен тегеурiндiлiк ерекшелiктерi, мұқтаждары мен мүдделерi;

4) кәмелетке толмағандарға ересек адамдар мен басқа да кәмелетке толмағандардың ықпалы анықталуға тиiс.

Кәмелетке толмағандардың iстерi бойынша жариялылықты шектеу

Сезiктi, айыпталушы кәмелетке толмағанның құпиялылыққа құқығы қылмыстық сот iсiн жүргiзудiң барлық кезеңдерiнде сақталуы тиiс.

Кәмелетке толмаған туралы iстi жеке iс жүргiзуге бөлу

1. Ересектермен бiрге қылмыс жасауға қатысқан кәмелетке толмағанға қатысты iс осы Кодекстiң 49-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 3-тармағына сәйкес алдын ала тергеу сатысында жеке iс жүргiзуде бөлiнедi.

2. Кәмелетке толмағанға қатысты жеке iс жүргiзуге бөлу iстiң жағдайын жан-жақты және объективтi зерттеу үшiн айтарлықтай кедергi жасауы мүмкiн болатын жағдайларда ересектермен қоса бiр iс бойынша жауапқа тартылған кәмелетке толмаған айыпталушыға осы тараудың ережелерi қолданылады.

Кәмелетке толмаған сезiктiнi, айыпталушыны шақырудың тәртібі

1. Кәмелетке толмаған сезiктi, айыпталушы тергеушiге немесе сотқа оның ата-аналары немесе басқа заңды өкiлдерi арқылы, олар болмаған жағдайда қорғаншы және қамқоршы органдар арқылы шақырылады.

2. Арнаулы мекемеде немесе қамауда ұсталатын кәмелетке толмаған - ол ұсталатын орынның әкiмшiлiгi арқылы шақырылады.

Кәмелетке толмаған сезiктiден, айыпталушыдан жауап алу

1. Кәмелетке толмаған айыпталушыдан, сезiктiден жауап алу осы Кодекстiң 216, 217-баптарында көзделген тәртiппен қорғаушысының, заңды өкiлiнiң, ал қажет болған жағдайда психологтың, педагогтiң қатысуымен жүргiзiледi. Қорғаушы жауап алушыға сұрақтар қоюға, ал жауап алу аяқталғаннан кейiн - хаттамамен танысуға және айғақтар жазбасының дұрыстығы мен толықтығы туралы ескертулер жасауға құқылы.

2. Кәмелетке толмаған сезiктiден, айыпталушыдан жауап алу тәулiктiң күндiзгi уақытында жүргiзiледi және үзiлiссiз екi сағаттан артық, ал жалпы алғанда - күнiне төрт сағаттан артық жалғастырылуға тиiс емес. Кәмелетке толмаған анық шаршаған жағдайда жауап алу осы уақыт аяқталмай-ақ тоқтатылуы тиiс.

Қорғаушының қатысуы

1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша қорғаушының қатысуы осы Кодекстiң 71-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 2-тармағына сәйкес мiндеттi.

2. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша қорғаушының қатысуына кәмелетке толмағаннан сезiктi немесе айыпталушы ретiнде алғашқы жауап алынған кезден бастап, ал айып тағылғанға дейiн ұсталған не қамауға алынған жағдайда - ұсталған не қамауға алынған кезден бастап рұқсат етiледi.

3. Егер кәмелетке толмаған сезiктi, айыпталушы не олардың заңды өкiлдерi адвокатпен келісім жасаспаса, тергеушi, прокурор, сот iс бойынша қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуi тиiс.

Кәмелетке толмаған сезiктiнiң, айыпталушының заңды өкiлiнiң алдын ала тергеуге қатысуы

1. Кәмелетке толмаған сезiктiнiң, айыпталушының ата-анасы немесе басқа да заңды өкiлдерi болған кезде олардың iске қатысуы мiндеттi. Олар болмаған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган өкiлiнiң қатысуы мiндеттi.

2. Заңды өкiлге, ал ол болмаған жағдайда - қорғаншы және қамқоршы органның өкiлiне iске қатысуға тергеушiнiң қаулысымен кәмелетке толмағаннан сезiктi немесе айыпталушы ретiнде алғашқы жауап алынған кезден бастап рұқсат етiледi. Заңды өкiлге, ал ол болмаған жағдайда қорғаншы және қамқоршы органның өкiлiне iске қатысуға рұқсат етiлген ретте, осы баптың үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген құқықтар түсiндiрiледi.

3. Заңды өкiлдiң: кәмелетке толмағанға не жөнiнде күдiк келтiрiлiп немесе айып тағылып отырғанын бiлуге, айып тағу кезiнде қатысуға, кәмелетке толмағаннан жауап алуға, сондай-ақ тергеушiнiң рұқсатымен, - кәмелетке толмаған айыпталушының, сезiктiнiң және оның қорғаушысының қатысуымен жүргiзiлетiн өзге де тергеу iс-әрекеттерiне қатысуға; өзi қатысқан тергеу iс-әрекеттерiнiң хаттамаларымен танысуға және ондағы жазбалардың дұрыстығы мен толықтығы туралы жазбаша ескерту жасауға; өтiнiмдер мен қарсылықтар мәлiмдеуге, тергеушi мен прокурордың iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне шағым жасауға; дәлелдемелер ұсынуға; тергеу аяқталғаннан кейiн iстiң барлық материалдарымен танысуға, одан кез келген көлемде кез келген мәлiметтi көшiрiп алуға құқығы бар.

4. Тергеушi алдын ала тергеу аяқталғаннан кейiн кәмелетке толмағанға танысу үшiн оған керi әсер етуi мүмкiн материалдарды көрсетпеу, бұл материалдармен заңды өкiлдi таныстыру туралы қаулы шығаруға құқылы.

5. Егер оның iс-әрекетi кәмелетке толмағанның мүдделерiне залал келтiредi немесе iстi объективтi тергеуге кедергi келтiруге бағытталған деп сынауға негiз болса, заңды өкiл iске қатысудан шеттетiлуi мүмкiн. Ол туралы тергеушi дәлелдi қаулы шығарады. Iске қатысуға кәмелетке толмағанның басқа заңды өкiлi жiберiлуi мүмкiн.

Педагог пен психологтың қатысуы

1. Он алты жасқа толмаған, сондай-ақ осы жасқа толған, бiрақ психикалық дамуында мешеулiк белгiлерi бар кәмелетке толмаған сезiктiнiң, айыпталушының қатысуымен iс жүргiзу әрекетiн жүргiзу кезiнде педагогтiң немесе психологтың қатысуы мiндеттi.

2. Он алты жасқа толған кәмелетке толмағандар туралы iс бойынша педагог немесе психолог iске қатысуға тергеушiнiң, соттың ұйғаруы бойынша не қорғаушының, заңды өкiлдiң өтiнiшi бойынша жiберiледi.

3. Педагог, психолог тергеушiнiң, соттың рұқсатымен кәмелетке толмаған сезiктiге, айыпталушыға сұрақтар қоюға, ал iс жүргiзу әрекетi аяқталғаннан кейiн - тергеу қимылының хаттамасымен (соттың талқылануына олардың қатысуын көрсететiн бөлiгiнде сот отырысының хаттамасымен) танысуға және ондағы жазбалардың дұрыстығы мен толықтығы туралы жазбаша ескерту жасауға құқықты, тергеушiнiң, соттың ұйғаруы бойынша кәмелетке толмағанның жеке басын сипаттайтын iс материалдарымен танысуға құқығы бар. Бұл құқықтарды тергеушi педагогқа, психологқа iс жүргiзу әрекетi басталар алдында түсiндiредi, ол туралы тергеу қимылының хаттамасында, сот отырысының хаттамасында белгi жасалады.

Кәмелетке толмағанға кешендi психологиялық-

психиатриялық және психологиялық сараптама жасау

1. Кәмелетке толмаған сезiктiде, айыпталушыда жүйке ауруының немесе дамуында ауытқушылықтардың бар екендiгi және оның өз әрекеттерiне толық немесе iшiнара есеп беру және нақты жағдайда iс-әрекеттiң игеру қабiлетi туралы мәселенi шешу үшiн кешендi психологиялық-психиатриялық сараптама тағайындау мiндеттi.

2. Кәмелетке толмаған сезiктiнiң, айыпталушының интеллектуалдық, ерiк-жiгер, психикалық дамуының деңгейiн, жеке басының өзге де әлеуметтiк-психологиялық қырларын анықтау үшiн психологиялық сараптама тағайындалуы мүмкiн.

Кәмелетке толмағанды арнаулы мекемеге орналастыру

Кәмелетке толмаған айыпталушы өмiр сүру және тәрбие жағдайы бойынша бұрынғы тұратын жерiнде қалдырыла алмайтын жағдайларда ол соттың қаулысы бойынша арнаулы мекемеге орналастырылуы мүмкiн.

 

Кәмелетке толмағандарды ұстау және оларға бұлтартпау шараларын қолдану

1. Сезiктi, айыпталушы кәмелетке толмағандарға осы Кодекстiң 140-бабында көзделген бұлтартпау шаралары қолданылуы мүмкiн.

2. Кәмелетке толған сезiктiге, айыпталушыға қатысты бұлтартпау шараларын қолдану туралы мәселенi шешу кезiнде әрбiр жағдайда кәмелетке толмаған сезiктiнi, айыпталушыны осы Кодекстiң 147-бабында көзделген тәртiппен кiсi қарауына беру тәрiздi таңдау мүмкiндiгi талқылануы тиiс.

3. Бұлтартпау шарасы ретiнде қамау, сондай-ақ ұстау кәмелетке толмағанға осы Кодекстiң 132, 150-баптарында көрсетiлген негiздер болса, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған кезде ғана ерекше жағдайларда қолданылуы мүмкiн.

4. Кәмелетке толмағанды осы Кодекстiң 153-бабында белгiленген алдын ала тексеру сатысында қамауда ұстаудың мерзiмi алты айдан аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн. Кәмелетке толмағандар бөлек ұсталады.

5. Тұтқындау, қамау немесе қамауда ұстау мерзiмiн ұзарту туралы кәмелетке толмағанның ата-аналары немесе оның басқа да заңды өкiлдерi, ал олар болмаған жағдайда - жақын туыстары дереу хабардар етiледi.

Кәмелетке толмаған сотталушының заңды өкiлiнiң сот талқылауына қатысуы

1. Сот отырысына кәмелетке толмаған сотталушылар ата-аналары немесе өзге де заңды өкiлдерi шақырылуы тиiс. Олардың сот тергеуiнде дәлелдердi зерттеуге қатысуға, айғақтар беруге, дәлелдер келтiруге, өтiнiмдер мен қарсылық бiлдiруге, соттың iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне шағымдар жасауға, iстi апелляциялық тәртiппен қараушы соттың отырысына қатысуға және шағымдарға түсiндiрмелер беруге құқығы бар. Көрсетiлген құқықтар оларға сот талқылауының даярлық бөлiгiнде түсiндiрiлуi тиiс. Заңды өкiлдер сот отырысының залында бүкiл сот талқылауы бойында болады. Олардың келісімiмен олардан сот куәгерлер ретiнде жауап алынуы мүмкiн.

2. Заңды өкiл соттың дәлелдi қаулысымен, егер оның iс-әрекетi кәмелетке толмаған сотталушының мүдделерiне залал келтiредi немесе iстi объективтi қарауға кедергi келтiруге бағытталған деп санайтын негiздер болса, сот талқылауына қатысудан шеттетiлуi мүмкiн. Бұл жағдайда кәмелетке толмаған сотталушының басқа заңды өкiлi жiберiледi.

3. Кәмелетке толмаған сотталушының заңды өкiлiнiң келмеуi, егер сот оның қатысуы қажет деп таппаса, iстi қарауды тоқтатпайды.

4. Егер кәмелетке толмаған сотталушының заңды өкiлi қорғаушы немесе азаматтық жауапкер ретiнде iске қатысуға тартылған болса, ол процеске аталған қатысушылардың құқығына ие және мiндеттерiн орындайды.

. Кәмелетке толмаған сотталушыны сот отырысының залынан шығару

1. Қорғаушының немесе заңды өкiлдiң өтiнiшi бойынша, сондай-ақ өзiнiң бастамашылығы бойынша сот тараптардың пiкiрiн ескере отырып өзiнiң қаулысымен кәмелетке толмаған сотталушыны оған терiс әсер етуi мүмкiн мән-жайларды зерттеу уақытында сот отырысының залынан шығаруға құқылы.

2. Кәмелетке толмаған сотталушы сот отырысының залына қайтып оралған соң төрағалық етушi оған оның болмаған кезiнде өткен талқылаудың мазмұнын қажеттi көлем мен нысанда хабарлайды және кәмелетке толмағанға өзiнiң жоқ кезiнде жауап алынған адамдарға сұрақ қою мүмкiндiгiн бередi.

Кәмелетке толмағанның iсi бойынша үкiм шығару кезiнде сот шешетiн мәселелер

1. Кәмелетке толмағанға үкiм шығару кезiнде сот осы Кодекстiң 371-бабында аталған мәселелермен бiрге бас бостандығынан айыруға байланысы жоқ шартты соттау, жаза тағайындау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде көзделген жағдайларда жазадан босату туралы мәселенi талқылауға мiндеттi.

2. Бас бостандығынан айыруға байланысы жоқ шартты соттау, жаза шараларын қолдану, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру не тәрбиелiк ықпал етудiң мәжбүрлеу шараларын қолдану жағдайларында сот бұл туралы мамандандырылған мемлекеттік органға хабарлайды және оған сотталушының мiнез-құлқына бақылау жасауды жүзеге асыруды жүктейдi.



Кәмелетке толмағанды тәрбиелiк ықпал етудiң мәжбүрлеу шараларын қолдана отырып жазадан босату

Егер кiшiгiрiм, орташа ауырлықтағы немесе ауыр қылмыс туралы iс бойынша осы қылмысты жасаған кәмелетке толмаған қылмыстық жаза шарасын қолданусыз түзелуi мүмкiн деп танылса, сот айыптау үкімін шығара отырып, кәмелетке толмаған сотталушыны жазадан босатуға және оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 82-бабында көзделген тәрбиелiк ықпал етудiң мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы. Үкiмнiң көшiрмесi мамандандырылған мемлекеттік органға жiберiледi.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет