Таксономиясы білу, түсіну және қолдану


Абай ілімін білудің, түсінудің және қолданудың



Pdf көрінісі
бет23/94
Дата05.03.2024
өлшемі2.92 Mb.
#494407
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   94
Абайдың-таксономиясы

Абай ілімін білудің, түсінудің және қолданудың 
ғылыми негіздері мен теориялық тетіктері» (2020-2022) 
тақырыбында ғылыми жоба орындалуда. Абай ілімін білудің, 
түсінудің жəне қолданудың ғылыми-ақпараттық ресурстар 
базасының əдістемелік негізін жасау міндеті бойынша ақпараттық 
ресурстар базасының ғылыми-əдістемелік негізін қалыптастыру 
жұмыстары өз деңгейінде нəтижелі болды. 
Аталған екі ғылыми жоба бойынша жүргізілген жұмыстардың 
нəтижесінде 
«АБАЙТАНУ. ТАҢДАМАЛЫ ЕҢБЕКТЕР» көп 


46 
томдық сериялық басылымы (Томдар: 1-50, Алматы: «Қазақ 
университеті» баспасы, 2016-2021 ж.) жарық көрді.
Орындалған жұмыстардың басты нəтижелерінің бір саласы 
ретінде бүгінде елу том болып баспадан жарық көрген 
«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық сериялық 
бысылымының əлеуметтік зор маңызы арнайы атап өтуге 
лайықты. Аталған елу том таңдамалы еңбектер «Қазақстан – 
2050» стратегиясына сəйкес абайтану саласында ғалымдардың 
талай буынының тəжірибесін, тарихи қалыптасқан ғылыми 
мектептердің арнаулы ақпараттары мен өндірген білімдерінің мол 
қорын қамтитын дербес ғылыми базаның негізін қалыптастырды. 
«
Абай ілімін білудің, түсінудің және қолданудың ғылыми 
негіздері мен теориялық тетіктері» (2020-2022) тақырыбын-
дағы ғылыми жобаны орындау барысында он томдық «Абайтану 
антологиясы» дайындалып, жарық көрді.
Көрсетілген көп томдық басылымдардың негізінде «Абайтану 
антологиясы» атты интеллектуалдық е-ресурстар базасы 
құрылды. Аталған интеллектуалдық е-ресурстар базасының 
ашылуы жəне университеттің ресми сайтына орналастырылуы 
туралы əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ғылыми 
кеңесінің шешімі қабылданды (18.10.2021, № 06-22-1), «Абай-
тану антологиясы» интеллектуалдық е-ресурстар базасы «əл-
Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ интел-
лектуалдық құндылығы екеніне назар аударылды. 
Антологияның бірінші томы Қазақстан Республикасының 
Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай жəне ХХІ ғасыр-
дағы Қазақстан» мақаласымен ашылған. Сонымен қатар «Абай 
институтының еңбектері» атты көп томдық сериялық басылымның 
кітаптары жарық көре бастады. Бүгінде оның 16-томы жарық 
көрді. Осы жəне басқа жұмыстардың жинақталған нəтижесі 
ретінде «Абайтану антологиясы» интеллектуалдық ресурстар 
базасы ашылып, университеттің кітапханасында арнайы ашық 
электронды интеллектуалдық ресурстар қоры ретінде көпшілік 
оқырманның пайдалануына ұсынылды. Осылайша aбaйтaну 
ғылымы сaлaсындa тaрихи қaлыптaсқaн ғылыми мектептер мен 
ғaлымдaрдың бaрлық буындaрының жетістіктеріне негізделген 
aрнaйы ғылыми ресурстaр қорының ғылыми, ғылыми-


47 
ақпараттық, ғылыми-əдістемелік негізі жасалды, тұтынушылар-
дың игілігіне ұсынылды, өндіріске енгізілді.
«Абайтану антологиясы» интеллектуалдық ресурстар қоры 
мына сілтеме бойынша қолжетімді: HTTP://ELIBRARY.-KAZNU-
.KZ/RU/NODE/7912 
Абай ғылыми-зерттеу институтының көпшіліктің пайда 
лануына ұсынған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет