197
алуан түрлі мəн-мағыналардың ұшқын-жарқылынан біз адам
санасының күші жете бермейтін, өлшеусіз тереңдік пен кеңдік
сезінеміз;
г) Символ-бернелеуді талдау мен зерделеудің соңғы, ең биік
сатысы рефлексивті ойлауға ұласады.
Көркем образ арқылы
көрінген символ, қашан да рефлективті пайымдау тудырады.
Оқырманға өзінің ішкі «меніне», өзінің жеке құндылықтарына,
сырттан бақылауға, үңілуге мүмкіндік береді.
Ендігі жерде осы аталған екі көркемдік құбылыстың Абай
поэзиясындағы туындау, көріну, даму барысын қал-қадарымыз
жеткенше зерделеп көруге ұмтыламыз.
Абай шығармашылығындағы алғашқы кезеңіндегі мета-
фора-бейнелеу мен символ-бернелеудің көркемдік-идеялық
сипатына мəн
беретін болсақ, бұл кезеңде бейнелеу мен
бернелеудің музыкалық, онтологиялық, репродуктивті, бояу
сипаты басым болып келеді. Жыл мезгілдеріне арналған
пейзаждық
суреттеулер, азаматтық лирикасында символ-
бернелеудің өзі емес, алғашқы символикалық белгілері бар
образдар (эпитет-символ, метафора – символ, символикалық
аллегория т.б.) көрінеді. «Күз» өлеңіндегі
«дымқыл тұман»,
«Жаз» өлеңіндегі «
көкорай шалғын бəйшешек», «Қыс» өлеңіндегі
«
соқыр, мылқау, кəрі құда» т.б. образдарда, «Əсемпаз болма»
өлеңіндегі «
бес асыл, бес дұшпан», «Жасымда ғылым бар деп»
өлеңіндегі «
қолымды кеш сермедім» т.б. көркем детальдардың
бейнелік-бернелік астары бар десек артық айтпаспыз. Себебі,
шығармашылық шеберлігі мен ізденісі тереңдей түскен ақын,
жоғарыда М.Əуезов айтқандай, «өзіне дейінгі дидактикалық,
уағыз поэзиясының канондарын бұзып», қазақ өлеңіне жаңаша
өрнек, сырлы сипат дарытуға күш салды. «Күз», «Жаз» тағы
басқа пейзаждық лирика философиялық сипат алып,
метафораланып,
символдана бастайды, басқа мағыналарға
ауысып, бернеленеді. Мəселен, Абайдың «Қарашада өмір тұр»
өлеңін алатын болсақ, алғаш оқығанда-ақ əдеттегі пейзаж
шегінен асып, оқырманды ойландыра бастайды. «
Қараша, май»
образдары бұл өлең контексінде əдеттегі ай атаулары емес, адам
ғұмырының кезеңі ретінде кең мағынаға өтеді, ғұмырдың
өткіншілігін көрсетіп, философиялық сипат алады.
198
Қарашада
өмір тұр
Тоқтатсаң тоқсан көнер ме.
Арттағы майда көңіл жүр
Жалынсаң қайта келер ме... [4, 110]
Келесі шумақтарда поэтикалық ой одан ары күрделеніп, ме-
тафоралық сипат тереңдеп, символ-бернеге айнала бастайтын-
дай:
Майдағы жұрттың іші − қар,
Бəйшешек қарға өнер ме? –
деген тармақтардағы «
іші – қар», «
бəйшешек» образдары
оқырман ойын сан-саққа жүгіртіп, ойландырады. Əртүрлі
ассоциация туындайды, ақын тудырған бейнелеу мен берне-
леумен диалог құра отырып, оны қабылдап, түсінген əрбір
оқырман өзінше зерделей бастайды. Контекстен туындайтын сан
түрлі мəн-мағына, адам өмірінің жастық кезеңі, «
майда жүрген
көңілі», суықпен, қаталдықпен астасатын «
қар» образы,
нəзіктікпен, жастықпен, тағы да
басқа сезімдермен астасатын
«
бəйшешек» образы əр қырынан ашылады.
Ішінде кімнің оты бар,
Қар жауса да, сөнер ме?
Бұл тармақтарда автордың негізгі оптимистік идеясы
«қар
Достарыңызбен бөлісу: