Таксономиясы білу, түсіну және қолдану



Pdf көрінісі
бет63/94
Дата05.03.2024
өлшемі2.92 Mb.
#494407
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   94
Абайдың-таксономиясы

көшкен бе» болып бернеленген автордың хал-күйі соншалық 
таныс, етене жақын болып кеткен.
Абай 
поэтикасындағы 
осындай 
символ-бернелер, 
метафоралық бастаудан тарап, жаңаша əрқилы пайымдалып, 
бернелене беретін, символдаушы қызметі күшейе беретін, əр 
қазаққа таныс та бейтаныс «көңіл жайлауы», «
адасқан күшік», 
«ұлып жұртқа қайтқан ой», «талаптың мініп тұлпарын», 
«ойын арзан, күлкі қымбат», «ұстарасыз аузыңа түсті 
мұртың», «бірің 
қан, бірің май боп енді екі ұртың», 
«тиянақсыз, байлаусыз байқұс қылпың», «сабырсыз, арсыз, 


200 
еріншек» жəне басқа көптеген образдардың уақыт өткен сайын 
мəн-мазмұны ашылып, аршылып, таныла береді. Ақынның 
пейзаждық лирикасындағы «түсі суық сұр бұлты», «желсіз 
түндегі жарық айы», «қараңғы түнде қалғыған тауы», «терең 
сайы» да жай ғана табиғат бейнесі емес, адам көңіл-күйінің, 
белгілі бір мезеттегі бернесі ретінде құпия сырға толы. 
Символдың осындай құпияда сырлы, терең сипатын Абайдай 
дана ақындар ғана бере алады. 
Авторлық идеясын бернелей жеткізу, символдау тəсілімен 
айту Абай поэтикасындағы ақынның шығармашылық тəсіл-
дерінің болып табылады. Осындай сипат, яғни «бернелілігі 
(символичность)» сипаты əрқилы символдар арқылы іске асады. 
Символ-бернелердің көптігі сонша, олардан нақты бір жүйе 
құруға болады. Шығармашылығы кемелденген сайын Абай 
поэтикасында ішкі жүйелер берік орныға бастайды, осы жүйелер 
мұқият зерттеуді қажет етеді. Ендігі жерде осы символ-
бернелердің əрқайсысына аналитикалық зерделеу жасап, əр 
символдың көркемдік қызметін анықтау керек, бұлайша зерттеу 
Абайдың көркемдік əлемінің жаңа қырларын ашуға мүмкіндік 
береді.
Мəселен, Абайдың «жүрек» тақырыбындағы өлеңдерінің 
бəрінің де символдаушы-бернелеуші сипаты бар, алдымен 
адамның дене мүшесі ретіндегі атауыштық мағынада 
қабылданған образдан бірте-бірте көптеген қосымша, жанама 
мəн-мағыналар туындай бастайды. Бір ғана «жүрегім менің 
қырық жамау» образы əрбір оқырманның қабылдауында 
түрліше əсер тудырады, əрқилы пайымдалады.
«ЖҮРЕК» символ-бернесі Абайдың ішкі жан-дүниесінің 
халін, тым жеке əлемін қамтып қана қоймайды, жалпы «толық 
адам» қасиеттерінің бір өлшеміне, аса бір мəнді, ауқымды 
символға айналады. Өз өмірі мен шығармашылығында «жүректі» 
бірінші орынға қоятын ақын оқырманы мен халқына да «жылы 
жүректі» насихаттап, үшкілдің арасынан Жүректі ерекше 
бағалап, «Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде. Сонан тапқан шын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет