Таксономиясы білу, түсіну және қолдану



Pdf көрінісі
бет64/94
Дата05.03.2024
өлшемі2.92 Mb.
#494407
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   94
Абайдың-таксономиясы

асыл, 
тастай 
көрме» 
деп 
нақты 
ақыл 
береді. 
Шығармашылығының алғашқы романтикаға бой ұрған 
жылдарында ақын үшін жүрек» тек ғашықтық, сүйіспеншілік 
бернесі ретінде қабылданса, кейінгі кемелденген жылдарында 


201 
Жүрек бернесінің мəн-мағынасы тереңдеп, ауқымы кеңейіп, 
қызметі күшейіп, ақынның жан-дүниесінің бернесіне, жалпы 
адамзатқа деген махаббаттың бернесіне айналады. Жүрек 
бернесінің көркемдік мəні мен қызметі сан алуан. Адамның дене 
мүшесі ретіндегі физиологиялық күйден (ауру жүрек) бастап 
ақын жан-дүниесінің, ой-мақсатының негізгі тірегіне айналған 
психологиялық сипатын əр өлеңінде тереңдетіп, оқырманға берер 
қуаты мен əсерін күшейте береді. Мəселен, төмендегі өлеңдерден 
«жүрек» образының біртіндеп дерексізденіп, биіктеп əрі 
тереңдеп, символ-бернеге айнала бастағандығын көруге болады. 
Ауру жүрек ақырын 
соғады жай, 
Шаршап қалған 
кеудемде тулай алмай. 
Кейде ыстық қан 
басып кетеді оны, 
Дөңбекшіген түндерде 
тыншыға алмай. 
Қараңғы саңырау 
қайғы ойды жеңген, 
Еркелік пен достықты 
ауру көрген. 
Ақылы жоқ, ары жоқ 
шуылдақты 
Күнде көріп, тұл бойы 
жиіркенген. 
Тірілтіп өткен күнді, 
тағы шөлдеп, 
Осы күнді күн демес 
қарғап, міндеп. 
Кейде тілеп бақ пенен 
тағы тыныштық, 
Кейде қайғы, азапты 
тағы да іздеп... 
Жүрегім менің қырық 
жамау 
Қиянатшыл дүниеден. 
Қайтып аман қалсын 
сау, 
Қайтқаннан соң 
əрнеден. 
Өлді кейі, кейі – жау, 
Кімді сүйсе бүл жүрек. 
Кімі – қастық, кімі – 
дау, 
Сүйенерге жоқ тірек. 
Кəрілік те тұр тақау, 
Алдымызда айла жоқ. 
Қайғысыздың бəрі – 
асау, 
Бізге онан пайда жоқ. 
Қан жүректі қайғылы-
ау, 
Қайырыла кет сен 
маған. 
Қасиетін ойлан-ау, 
Қам көңілдің тынбаған. 
Жүрек – теңіз, 
қызықтың бəрі – асыл 
тас, 
Сол қызықсыз өмірде 
жүрек қалмас. 
Жүректен қызу-қызба 
кете қалса, 
Өзге тəннен еш қызық 
іс табылмас. 
Достық, қастық, бар 
қызық – жүрек ісі, 
Ар, ұяттың бір ақыл – 
күзетшісі. 
Ар мен ұят сынбаса, 
өзге қылық, 
Арын, алқын – бұл 
күннің мəртебесі. 
Қартаң тартқан 
адамнан от азаймақ, 
От азайса, əр істің бəрі 
тайғақ. 
Шаруаң үшін көрінген 
ақыл айтып, 
Жолың тайғақ, аяғың 
тартар маймақ. 
Қазақ оқырманы Абаймен сырласқан сайын оны ұғына 
бермек. Ол үшін ақын талап еткендей «тыңдаушы да түзеліп», 
ақынның жыр шумақтарын тыңдап, қабылдап қана қоймай, сол 


202 
тармақ-шумақтарға жасырынған концептуалды ойларын түсініп, 
пайымдауға күш салғанда ғана, ақынның телегей-теңіз 
даналығына бойламақ. Жоғарыда айтқандай, символдық-бер-
нелік образ аса жоғары жинақтаушылық сипатқа ие, демек, 
символ-бернені қабылдау, талдау кезінде оның бүкіл мағыналық 
тереңдігін, өз бойына көп мəн-мазмұн сыйдырған жинақ-
таушылық рөлін тануға ұмтылу керек.
Абайды əдетте реалист ақын ретінде танимыз, 
«символикалық реализм» деген анықтаманы қолдануға болады, 
бұндай тəсіл, əсіресе ақын шығармашылығының соңғы 
кезеңдеріне көбірек тəн. Осы кезеңде, ақынның кемелденген 
шағында, Абай поэтикасында белгілі бір символ-бернелер 
орнығып, беки бастады, доминант бірлікке айналады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет