Таксономиясы білу, түсіну және қолдану



Pdf көрінісі
бет37/94
Дата05.03.2024
өлшемі2.92 Mb.
#494407
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   94
Абайдың-таксономиясы

 
 
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
 
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла. 
Соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінə қойма! 
Ой кіргелі тимеді ерік өзіме, 
Сандалмамен күн кешкен түспе ізіме.
Өзі ермей, ерік бермей, жұрт қор етті, 
Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме! 
Ішім − толған у мен өрт, сыртым дүрдей,
Мен келмеске кетермін түк өндірмей. 
Өлең − шіркін, өсекші жұртқа жаяр, 
Сырымды тоқтатайын айта бермей [1, 280], −
деп, өмірінің қандай жағдайда өткені, нені атқарып, нені атқара 
алмай кетіп бара жатқаны жайлы ағынан жарылыпты. «Жұмбақ 
адам» Абайды түсіну үшін алдымен, оқылатын өлең − осы. Керек 
десеңіз, Абай біздің қорғауымызды керек етпейді; керісінше, 
Абай еліміздің ел болып, қазақтың қазақ болып қалуы үшін бізге 
қажет. «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған Абай» қазақ бар 
жерде жаңғырып, жасарып, бұзылып бара жатқан заманда адам 
болып, қазақ болып жасай беруімізге қызмет ете беретін болады. 
* * * 
Абайдың ұлылығын алғаш танып, «Қазақтың бас ақыны» 
атап, мақала жазған ұлт көсемдерінің бірі А.Байтұрсынов: «Оқып 
қарасам, басқа ақындардың сөзіндей емес. Олар сөзінен 
басқалығы сонша, əуелгі кезде жатырқап, көпке дейін тосаңсып 
отырасың. Сөзі аз, мағынасы көп, терең. Бұрын естімеген адамға 


81 
шапшаң оқып шықсаң, түсініп, көбінің мағынасына жете алмай 
қалады. Көп сөздерін ойланып дағдыланған адамдар болмаса, 
мың ара оқыса да түсіне алмайды. Не мағынада айтылғаны біреу 
баяндап ұқтырғанда ғана біледі» [5, 136], − деп, жазыпты. 
Бұл турасында қазіргі заманның айтулы ақындарының бірі 
Серік Ақсұңқарұлы ағынан жарылыпты: «Абайдың томын ашқан 
сайын өзімнің ақымақтығым мен дарынсыздығымды аңғара 
бастағандаймын (бас қойып оқымайтыным – содан!), мына 
опасыз дүниеден көресініңді көрген сайын Абайдың кітабын 
жаңа ашқандай боласың! Басына күн туғанда ғана Алласын еске 
алатын өлімге бола туған маңдайы қушық пенде құсап, мен де 
тағдырдың тəлкегіне түскенде, Абайдың қара томдарына 
үңілемін, сонда ол сол сəттегі көңіл күйді тап басады!» [6].
Шынында да Абайды бірден оқып түсіну қиын. Абайды 
асықпай, ниет қылып оқу керек, ойланып-толғанып оқу керек, 
қайталап, ойға тоқып, сезініп оқу керек. Оқу барысында «ақын не 
айтыпты» деген оймен оқысаң, мəтін де мені «қалай түсінер» 
екен деп, саған сынай қарап тұрғандай болады. Сондықтан да 
Абай əлеміне үлкен дайындықпен келіп кірісуге тура келеді. 
Өйткені данышпандардың ой тереңінде жатқан даналық 
иірімдерін түсіну, игеру кез келген оқырманның маңдайына 
жазылған, қолынан келе беретін оңай шаруа емес.
Қазақ руханиятының көгінде жарқырап тұрған жарық 
жұлдызына айналған ұлы Абайдың «Отыз жетінші сөзіндегі» 
мына бір иірімі терең нақыл сөздерін тағы да бір қайталап оқып 
көрейікші:
«Кісіге біліміне қарай болыстық қыл: татымсызға қылған 
болыстық адамды бұзады»; 
«Əкесінің баласы − адамның дұспаны. Адамның баласы − 
бауырың»;
«Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі 
боласың, адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың 
сүйген құлының бірі боласың»; 
«Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, 
замандасының бəрі виноват»; 
«Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін 
түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім»; 
«Дүниеде жалғыз қалған адам − адамның өлгені»; 


82 
«Биік мансап − биік жартас, Ерінбей еңбектеп, жылан да 
шығады, Екпіндеп ұшып қыран да шығады»; 
«Дүние − үлкен көл, Заман − соққан жел, Алдыңғы толқын 
− ағалар, Артқы толқын − інілер, Кезекпенен өлінер, Баяғыдай 
көрінер»;
«Бақпен асқан патшадан, Мимен асқан қара артық. Сақалын 
сатқан кəріден, Еңбегін сатқан бала артық»; 
«Жаман дос − көлеңке, Басыңды күн шалса, Қашып құтыла 
алмайсың; Басыңды бұлт шалса, Іздеп таба алмайсың»; 
«Досы жоқпен сырлас, Досы көппен сыйлас. Қайғысыздан 
сақ бол, Қайғылыға жақ бол»; 
«Қайратсыз ашу − тұл, Тұрлаусыз ғашық − тұл, Шəкіртсіз 
ғалым − тұл»;
«Бағың өскенше тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің, 
бағың өскен соң өзің ғана тілейсің», т.б. [2, 183-185]. 
Зымырап замандар, «кезекпенен» ұрпақтар ауысып жатыр. 
Бірақ та он тоғызыншы ғасырда айтылған осы бір сөздер 
жиырмасыншы ғасырда да күні кеше ғана айтылғандай. «Өлді 
деуге сия ма, айтыңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған», 
− деп, ақынның өзі айтпақшы, Абайдың келер ұрпаққа жазып 
қалдырған өсиеттері де − қазақпен бірге мəңгі жасайтын «өлмес 
сөздер». 
Единица − жақсысы,
Ерген елі − бейне нөл. 
Единица нөлсіз-ақ,
Өз басындық болар сол.
Единица кеткенде,
Не болады өңкей нөл [1, 125], − 
дейді данышпан. Өзі айтқандай, Абайдың өзі де − қазақтан 
шыққан «единица» ұлылардың бірі, бірі ғана емес-ау, бірегейі. 
Иə, халқының болашағын оймен барлап, дұрыс жолға 
бастайтын идеялар туғызып, ақыл айтып отыратын ойшыл-
дарсыз, сол өміршең озық ойларды бойына сіңіріп, халқына 
жеткізіп, іске асыру үшін көш бастайтын хакім көсемсіз халық − 
жетім; яғни − басшы «единицасыз» халық − нөл. Абай ел-
жұртының осыншама құлдырап кетуінің басты себебінің бірі 
ретінде халықтың ішінен жарқын болашақты бетке алатын 
көсемдердің шықпай жатқанын өкінішпен еске салады.


83 
Шығыста: «Барлығын білетін, білгенін іске асыруға ұмты-
латын адам – данышпан, оны ұстаз тұт», − деген сөз бар. Абай − 
қалың елдің ішінде жүріп, азып-тозып бара жатқан қазақты 
қайткенде, адам болып қалатын, бақытқа жеткізер, надандықтың 
ми батпағынан шығарар жолдарын іздеп, «басын тауға да, тасқа 
да ұрған», оны халқының даналығынан, исламның имандылы
-
ғынан, Батыстың ғылымынан тауып, «толық адам» ілімін 
жасаған, жұртын осы адамзат дамуының сара жолына түсуге 
шақырған данышпан. Абай бастап, одан кейін алашшылдар 
жалғастырған қазақтың қасқа жолымен адаспай жүру бүгінгі 
ұрпақтың алдында тұрған үлкен сын болып отыр. 
* * * 
Үстіміздегі жылы елімізде аталып өтіп жатқан қазақтың ұлы 
ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы рухани 
өміріміздегі елеулі оқиғаға айналуда. Ақынның өмір жолы, 
шығармашылығы жайлы жан-жақты зерттеулер жасалынып, 
абайтану ілімі тың деректермен, қызғылықты байқаулармен 
толығуда. Қазақ өмірімен өріліп ХІХ ғасырда айтылған терең 
ойлар ХХІ ғасырда да өміршеңдігін жоғалтпай, дала данышпаны 
ұлт тіршілігінің жасампаздық жолдарын көрсетіп тұратын жарық 
жұлдызына айналып жатыр.
Қазақта «Атың шықпаса, жер өрте» деген сөз бар. Бұрындары 
осы сөздің мағынасын онша түсіне бермейтін-тұғынбыз. Жерді 
ақыл-есі дұрыс адам өртемейді деп, ойлайтынбыз. Сөйтсек, бұл 
сөздің мағынасы тереңде жатыр екен. Мұны дұрыс түсінуге қазір 
өмір сүріп жатқан атын шығарудың не бір «тамаша үлгілерін» 
көрсетіп жатқан заманымыз көмектесуде. Адамның ойына кіріп 
шықпайтын айла-амалдармен атын шығарып, «өмірде жолы 
болып», «басына бақ қонып», атаққа, мансапқа, лауазымға, 
байлыққа барынша кенелетін заманның келетінін дана халқымыз 
қалайша болжап біліп айтқан деп, таң қалмасқа амалымыз жоқ. 
Қоғамдық өміріміздің барлық саласында орныға бастаған осы бір 
рухани кесел əдебиетімізде де көріне бастады.
Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойын бүкіл еліміз болып, 
əлемдік деңгейде өткізіп жатқанымызға қарамастан, ол орысшыл 
болды, ұлт-азаттық күреске шақырмады, қазақты жек көргені 
соншалық, барынша сынады деген сияқты əртүрлі пікірлердің


84 
күні бүгінге дейін де айтылып келе жатқандығының куəсі болып 
отырмыз. Тіпті, қызды-қыздымен қазақтың Абай атты ақыны 
өмірде болмаған, ол кеңес өкіметінің саяси мақсаттарымен 
отызыншы жылдары қолдан жасалынған ақын; біздің Абай деп 
жүргеніміз Əлихан Бөкейханов деген сияқты тіпті, ақылға сия 
бермейтін пікірлер де айтылып жатыр. Ендігі əңгіме Абайға 
күмəн келтіріп, айтылып жатқан көп пікірлердің ішінде соңғы 
кездерде көрінген З.Батаеваның Абай деген ақын өмірде 
болмаған, Абай деп, жүргеніміз − Əлихан Бөкейханов деген 
пікірінің негізсіз екендігі жайында өрбімек.
З.Батаева aлдымен, қазақта Абайдай ұлы ақынның 
болғандығына күмəн келтірген, оны Əлихан Бөкейхановпен 
шатастырған.
З.Батаева айтады: 
«...қазақтардың Абай жайлы оқығаны, білері өте аз, соған 
қарамастан Абайға сын айтқан адамға тарпа бас салудан ешбір 
именбейді. Тіпті білімді деген мырзалар мен ханымдардың өз-
дері мақаланы оқымай жатып, мəселенің мəн-жайына бармай 
жатып, жаппай шабуылға, тіл тигізуге кіріседі. Осы құбылыстың 
өзі қазақ қоғамында, қазақ мəдениетінде, қазіргі қазақ мен-
талитетінде бір кілтипанның бар екенін айғақтайды... 
Өкінішке орай, Абайға қатысты ұрыс-керіс, сондай-ақ 
көптеген ағайынның мəдени деңгейінің аса төмендігін көрсетіп, 
қоғамдағы сұмдық дөрекіліктің, білімсіздіктің, еш негізсіз 
менмендіктің, бəрінен де бұрын – қазақтардың КСРО құн-
дылықтарына беріктігін ашып берді. Неге десеңіз, сайып 
келгенде, Абай – пайғамбар емес, ақын ғой, яғни, өнер иесі...
Қаншама дарынды ақыны бар ұлттың бір ақынға осынша 
табынуының себебі не? Əрине, бұл – ұзақ уақыт жүргізілген 
кеңес идеологиясының нəтижесі. Абай – көптеген қазақтар үшін 
ақын емес, пұт, ескерткіш... 
Сонымен, мəселе менің кəсіби əзірлігімде емес, мəселе 
қолданылған əдістемеде болып тұр» («Стан.кз». 09.09.2020).
Сұхбатта Зəуре өзінің «кəсіби əзірлігінің» төмендігін 
зерттеуде «қолданылған əдістемесінің» мықтылығымен ақтап-
ты. Бұл жерде Абайды тануға жол ашатын ол қандай əдістеме 
екен деген сауал көлденеңдейді. Осындай мықты «əдістемені» 
қолдану барысында зерттеуші «Абайдың мерейтойына арналған 


85 
онлайн-конференцияларды қараңыздар, бір де бір ғылыми 
баяндама ұсынылған жоқ, құр мақтан. Абай жайлы жазылған 
мақалаларды оқыңыздар: бір-бірінен айнымайды» («Стан.кз». 
09.09.2020), − деп, мерейтой аясында елімізде өтіп жатқан түрлі 
шараларға, жазылып жатқан еңбектерге көңілі толмайтынын 
білдіреді. Абай туралы, абайтану туралы атқарылып жатқан 
қыруар жұмыстарға көңілі толмай, жоққа шығаратын 
З.Батаеваның осы ойларын оқығанда, ойымызға келгені − 
əркімнің көтере алатын шоқпары болады, ойын «осындай сөзді 
айтуға осы мен кіммін, құқым бар ма, айта аламын ба» деп, 
ойланып барып айтқаны жөн болатын еді 
З.Батаева осы сияқты ойларын алдымен, «Абай жұмбағы: 
Қазақстанның белгісіз ұлы ақыны» (
Загадка Абая: величайший 
неизвестный поэт Казахстана («Экспресс», 16.07.2020) 
тақырыбындағы көлемді мақаласында жайып салып, 
кейіннен
«Идеология и наука. Загадка величайшего неизвестного Абая» 
деген тақырыппен Вера Савельеваға («ЦентрАзия», 18.12.2020), 
«Абай шығармалары Əлихан Бөкейхановтікі болуы мүмкін» 
«Стан.кз», 09.09.2020) деп берген сұхбаттарында əрі қарай 
дамытып, насихаттай түсті.
Автордың айтқан ойы мен оған келтірген пікірлерінің сын 
көтермейтіндігі көрініп тұр. Əртүрлі пікірлердің айтылуы 
демократиялық қоғамдағы дамудың негізгі шарты дегенімізбен 
де ұлтымыздың рухани символына айналған Абайға қарай 
топырақ шашып, оны өмірде болмаған деп, мүлде жоққа 
шығарып жатқан жағдайдың орын алуы − кімді де болса 
ойлантарлық жайт.
Өкінішке орай, ұлттық əдебиетімізге қарай шашылған 
топырақ деп бағалауға тұрарлық З.Батаеваның мақаласын қол-
даушылар да табылыпты (factcheck.kz). 
Рухани өміріміздегі мұндай келеңсіздіктерге тиісті тойтарыс 
беріліп те жатыр. 
Гүлзия Пірəлиеваның [7], Сұлтан Хан 
Аққұлының 
«Геростратова слава» Зауре Батаевой `
[
8]
, Асан 
Омаровтың «
«Абай болмаған» деген не сұмдық!
» [9], Амангелді 
Сейітханның [10] т.б. мақалаларында З.Батаеваның ашқан 
«жаңалығы» түбірімен жоққа шығарылып, талқандалды десе де 
болғандай
.


86 
Ақпарат құралдарында айтылып жатқан пікірлерде ең бас-
тысы З.Батаеваның мақаланы дұрыс пиғылмен жазбағандығы
əшкереленіп, ойларының ақылға симайтындығы сыналған: 
«
Зəуре Батаеваның 75 беттен, бірнеше тараудан тұратын 
«Абай жұмбағы: Қазақстанның белгісіз ұлы ақыны» атты 
мақаласының атының өзі ат үркітеді.
Дархан Қыдырəлі айтқандай «бір блогердің жеке пікірі» деп 
те қарауға болатын шығар, не «ит үреді, керуен көшеді» деп 
көнбіс жаратылысымызға салып жұмған аузыңды ашпай-ақ 
отыруға болар еді. Бірақ З.Батаеваның: «... Біз осы күні «Абай» 
деп атайтын адам кім болған? Біз Абайға тиесілі деп сенетін 
шығармалардың барлығын осы адам жазды ма?» − деген қияңқы 
сауалдарына жауап бермеске болмайтындай» (Г.Пірəлі);
«
Шикі материалдың авторы – Зауре Батаева деген қарын-
дасымыз. Автор айды аспанға бір-ақ шығарыпты: «Абай деген 
ақын өмірде болмаған, Абай мұрасы дейтіндеріңіз алаш арыс-
тары шығармаларының жинағы» деп! О, тоба-ай, Абай болған 
жоқ дегенді де естідік-ау. Мəссаған мəмпəси, жай ғана сүйкей 
салмаған, жоқ-барды теріп «ғылыми жаңалық» ашқан. «Жер 
астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты» деген осындай-ақ 
болар!..
Абай – қазіргі қазақ қоғамындағы қазақ ұлтына деген құр-
меттің төмендігіне ғана емес, оған қоса, қазақтардың көшпенді 
ата-бабаларына деген сый-құрметтің жоғалуына да жауапты» деп 
түйеді. Міне, Абайды тану деңгейіміздің сиқы осы!» (Асан 
Омаров).
«Дүниедегі істің ең оңайы – Абайды жеңу. Жеңу үшін 
шартың толуы тиіс. Түйсіне алса, пендеге Абайды жеңгеннен 
артық абырой да болмақ емес. Шындық қой. Тұтас бір ұлттың 
бағына біткен тұлғаның осал тұсын тапқандай, шаттануыңа 
мүмкіндік бар. Ұпайың түгел. Мұртыңды балта шаппайды. 
Ұртыңды тілмен кез де, ілкімді істің авторы атанып жүре бер. 
Міне, сенің орның қоғамдағы. Адамдық бір өлшем ол да. Надан-
дық талабымен таныса білгенің... 
«Абай бəрін қайдан біле қойды?» деген күдікке ұрынған 
шығар. Мұндай күдік уызға жарымағанның талайынан табы-
лады... 


87 
Абай атам да тым биіктеп кеткен. Анау-мынауға ұғынықты 
бола салмай. Шынында да, күрделі құбылыс. Былайғы жанның 
бəрінен бір бас жоғары тұратыны қалай? Биік болатын жөні де 
бар. Ондағы таным, түсінік, парасат, пайым бүгінгі қазақтың 
басым көпшілігінде кезікпейді. Ол тіпті, əлгі Зауре замандас 
айтпақшы, қазақтілді қазақта да, орыстілді қазақта да аз, мүлдем 
аз. Өзге тілді қазақтан да ондай өре таба алмайсың. 
Таппайтыныңыз – əкесі Құнанбай емес. Құнанбайдан жаралып, 
Ұлжаннан туып, Зеренің тəрбиесін көріп қана Абай боласың жəне 
тек осы үш шарт па екен? 
Алғыр Абай ұстаз біткеннен үйренгені бар, өзіндік жара-
тылысы, табиғи талантымен алысқа кетті. Зəуре замандас 1933 
жылы жарық көрген «Қара сөздер» ғақлиясына тоқталып, 
«Жалқаулық, іштарлық секілді жаман əдеттерді жалаулатып 
жібереді екен», – деп налиды...
Батаева да Абайдан көп қателік көреді... Абайды түсінетін 
адамды кейде емге таппайсың. Сондықтан да Абайды жеңе-
тіндерге тіпті қызығасың.... Өйткені ол жеңімпаз ғой. Басқа емес, 
Абайдың өзін жеңді. Міне, чемпион! Медаль жоқ, əйтпесе, 
ұсынудың да реті келіп еді» (Амангелді Сейітхан). 
С.Аққұлы мақаласына «Зəуре Батаеваның «Герострат 
даңқы» (
«Геростратова слава» Зауре Батаевой) деген тақырып 
қойыпты. Мұндағы Герострат − танымал болуды, тарихта қалуды 
армандап, Эфесс қаласындағы əлем кереметтерінің бірі 
саналатын Артемида храмын өртеп, қылмыс жасап, атын 
шығарған адам. Геростраттың аты шулы болғандығы соншалық, 
гректер оның есімі еш жерде аталмасын деген заң шығарғанына 
қарамастан, ол қалайда шығару мақсатына жету үшін ақылға 
сыймайтын кез келген айлалы амалға баратын адамның 
символына айналып, тарихта қалған. Автор қазақтың даласынан 
Абайдай ақын шығуы мүмкін емес деп, аты шыққан 
З.Батаеваның танымал болғандығын «Геростраттың даңқына» 
балап, өте орынды теңеу жасаған. Қазақтар мұндайда: «Атың 
шықпаса, жер өрте», − деген. 
З.Батаева көтерген ең басты мəселе Абай өмірде болмаған, 
Абай деп жүргеніміз Əлихан Бөкейханов деген ақылға сыймай-
тын солақай пікір болса, Сұлтанхан мақаласын нақтылы түрде 
мұның ешқандай да сын көтермейтіндігін дəлелдеуге құрыпты. 


88 
Бұл жерде С.Аққұлының жиырма жылдай уақыт Ə. Бөкейха-
новтың өмір жолын, шығармашылығын зерттеп, өмірбаяндық екі 
томдығын, жиырма бес томдық толық шығармалар жинағын 
шығарған əлихантанудың бірден-бір білгірі екендігін айта кеткен 
жөн. Зəуре сөз қылған Ə.Бөкейхановқа қатысты пікірлердің ақ-
қарасын бүге-шігесіне дейін ажыратып бере алатын Сұл-
танханның мақаласы түгелдей дерлік тарихи құжаттар негізінде 
жазылыпты. Нəтижесінде автор зерттеу нысанына қатысты тари-
хи деректерге, көз көргендердің естеліктеріне сүйене отырып,
З. Батаеваның Əлиханға, Абайға қатысты «зерттеуіндегі» ойдан 
шығарылған болжамдарының ешқандай ғылыми негізі жоқ 
екендігін соқырға таяқ ұстатқандай дəлелдеп берген.
С.Аққұлы «
Так и объемная статья Зауре Батаевой «Загадка 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет