Таксономиясы білу, түсіну және қолдану


талап→қабылдау→білу→түсіну→есте сақтау



Pdf көрінісі
бет33/94
Дата05.03.2024
өлшемі2.92 Mb.
#494407
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   94
Абайдың-таксономиясы

талап→қабылдау→білу→түсіну→есте сақтау.  
Абайдың танымдық үдерістер иерархиясында есте сақтау 
кезеңіне қатысы бар мына қағидаға назар аударайық: «Адам ата-
анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, 
дүниедегі жақсы, жаманды танидыдағы, сондайдан білгені
көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан 


69 
сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Əрбір естілік жеке 
өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп білген жақсы нəрселерін 
ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, соны адам 
десе болады» [2, 155].
Білу, түсіну, білген, түсінген, есте сақтаған жақсы нəрсе-
лерді ескеру, іске жарату қағидасы аса маңызды. Адамның 
адамдығының өзі білген, есте сақтаған жақсы нəрселерді ескеріп, 
іске жаратуда. Білген білімді, естегі жақсы нəрселерді ескеру, іске 
жарату қолдану деген ұғымды білдіреді. Осыны негізге алғанда, 
Абайдың иерархиялық жүйесіне қолдану деген тағы бір процесті 
қосу орынды.
Талап→қабылдау→білу→түсіну→есте сақтау
Абайдың 
білім концепциясындағы
танымдық процестер сатыларын біл-
діреді. Қолдану элементтері осы танымдық процестердің бəрінде де 
азды-көпті болады. Солай бола тұра Абай талап, қабылдау, білу, 
түсіну, есте сақтау арқылы білген жақсы нəрселерді ескеруге, 
іске жаратуға, қолдануға аса зор мəн береді. Алдыңғы процестерде 
жинақталған жақсы деген қазына-байлықтың бар маңызы мен 
мəні оны іске жаратуда, іс жүзінде қолдануда екендігі туралы 
қағида ұсынады. Бұл қағиданың өмірлік маңызы бар. Егер білім 
алған кісі сол алған білімін өзінің, айналасының, елдің игілігі үшін 
пайдаланбайтын болса, онда ол білімді емес, ол білімі жоқ 
адаммен тең. Осы қағида негізінде Абайдың білім концеп-
циясындағы танымдық үдерістер иерархиясын қолдану 
процесімен түйіндеу қисынды деп білеміз. Сонда Абайдың білім 
концепциясында танымдық үдерістердің иерархиялық жүйесі мына 
үлгіде өрнектеледі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет