Таксономиясы білу, түсіну және қолдану



Pdf көрінісі
бет41/94
Дата05.03.2024
өлшемі2.92 Mb.
#494407
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   94
Абайдың-таксономиясы

 
 
 
 


127 
Бесінші тарау 
АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ОҚУ
МЕН ОҚЫТУДЫҢ, БІЛУ МЕН ТҮСІНУДІҢ 
ДИДАКТИКАЛЫҚ ТЕТІКТЕРІ 
 

Абай шығармашылығын, «Абайтану» пəнін оқытудың ди-
дактикалық негіздері – бүгінгі білім беру ісі саласындағы ғылыми 
жəне өмірлік маңызы зор, өзекті мəселелердің бірі. Оны зерттеу 
ғылым үшін қандай маңызды болса, өмірлік тəжірибеде де 
сондай пайдалы. Бұл пəнді оқытудың əдістерін зерттеу 
бағытында қазіргі кезеңде едəуір тоқырау бар деп білуге тура 
келеді. Өйткені аталған пəннің мазмұны, оны оқытудағы 
мақсаттар жүйесі білім берудің тиісті стандарттары мен үлгілік 
оқу бағдарламаларында, оқулықтарда лайықты дидактикалық 
шешімін таба алған жоқ.
Ахмет Байтұрсынұлы: «Өнердің ең алды – сөз өнері. «Өнер 
алды – қызыл тіл» деген қазақ мақалы бар. Мұны қазақ сөз 
баққан, сөз күйттеген халық болып, сөз қадірін білгендіктен 
айтқан», – дейді. Енді бірде: «Сөз өнері адам санасының үш 
негізіне тіреледі: 1. Ақылға. 2. Қиялға. 3. Көңілге». Осыдан кейін 
ойын былай жалғастырады: «Ақыл ісі – аңдау, яғни нəрселердің 
жайын ұғу, тану, ақылға салып ойлау, қиял ісі – меңзеу, яғни 
ойдағы нəрселерді белгілі нəрселердің тұрпатына, бернесіне 
ұқсату, бернелеу – суреттеп ойлау, көңіл ісі – түю, талғау» [1, 242]. 
Осындағы үш үзік ойдың əрқайсысы білу, білім беру, оқу мен 
оқыту ісі үшін маңызды жəне олар өзара тығыз байланысты. Білім 
беру, оқу мен оқыту ісі үшін білу, білгенді түсіну, біліп түсінгенді 
есте сақтау, күнделікті қолдану басты шарт екені белгілі. Ахмет 
Байтұрсынұлының қағидалары білім беру, оқу мен оқыту ісіндегі 
осы шарттардың бəрінде маңызды қызмет атқарады. Оқыту əдісін 
анықтауда пəн оқытушысы үшін Ахмет Байтұрсынұлының 
қағидаларын ескерудің жəне тиімді қолдана білудің маңызы 
үлкен.
Білу, білгенді түсіну, түсінгенді есте сақтау, есте сақтаған 
білімді қолдану – Абайдың ілімінде əр қырынан ашылған та-
нымдық ойлау деңгейлері. Ақынның шығармаларының екі 


128 
томдық жинағында бұл мəселелер жайында негізделген ойлар-
дың тұтасқан сілемі бар. 
А.Байтұрсынұлы Абайдың шығармашылығы туралы мына-
дай пікір білдірген: «Сөзі аз, мағынасы көп, терең. Бұрын 
естімеген адамға шапшаң оқып шықсаң, азына түсініп, көбінің 
мағынасына жете алмай қалады. Кей сөздерін, ойланып 
дағдыланған адамдар болмаса, мың қайтара оқыса да түсіне 
алмайды. (...) Ол… – Абайдың айта алмағандығынан болған 
кемшілік емес, оқушылардың түсінерлік дəрежеге жете 
алмағанынан болатын кемшілік» [2, 136].
А.Байтұрсынұлы көрсеткен ахуал жағдайындағы оқушының 
Абайды түсінуі үшін мұғалім қандай əрекет жасауы керек екені 
бағытындағы ізденіс – оқытудың, түсіндірудің əдісін іздеу. Бұл 
орайда мұғалімнің жаңа сабағында түсіндірілетін ұғымдар 
жүйесін ұғуға септігі тиетін тетіктерді өткен сабақтарда игерілген 
ұғымдармен сабақтастырып табуы тиімді болмақ.
Оқыту, оқыту əдісі Ахмет Байтұрсынұлы көрсеткен үш 
негізге – ақылға, қиялға, көңілге сай жүргізіледі. Оқыту əдісі – 
оқу мен оқыту, білу мен түсіну, білім беру ісінің құрамдас ірі 
мəселелерінің бірі. Пəн мазмұны маңызды болмайынша, ақылға 
негізделмейінше ол пəн бойынша білім мазмұны да маңызды, 
ақылдың дегеніне сай болмайды. Ал пəн көлемінде берілетін 
білімнің мазмұны маңызды бола тұра оны білім алушыға 
жеткізудің əдісі жетілмеген болса, онда сапалы білім беру, 
оқушының білім сапасының талапқа сай болуы мүмкін емес. 
Сондықтан пəнді оқыту əдістемесінің сапалылығы, оқу мен 
оқыту ісінің ақылға, қиялға, көңілге бірдей негізделуі оқу мен 
оқыту, білу мен түсіну, жалпы білім беру жүйесінде үлкен қызмет 
атқарады. Оқыту əдістемесінің жоғары деңгейде болуы, ақылға, 
қиялға, көңілге негізделуі білім беру, оқу мен оқыту, білу мен 
түсіну сатыларының барлық кезеңдері үшін міндетті.
Абайтану, Абай ілімі пəндерін жоғары мектепте оқыту ісін 
Ахмет Байтұрсынұлының қағидаларына сай əдістемелік тұрғыда 
жеткілікті негіздеу аса өзекті. Пəнді оқыту əдістемесінің кейбір 
қағидалары жоғары мектепке арналған оқу құралдарында өз 
дəрежесінде көрініс тапқанын атап өткен дұрыс.
Абайтану пəнін орта мектептегі оқыту əдістемесінің жоғары 
сапалы болуы – білім беру ісінің нəтижелілігінің басты шарты. 


129 
Орта мектептің оқу пəндері қатарында абайтану пəнін жете білу 
басқа пəндер бойынша сапалы білім алудың қажетті негізі болып 
табылады. Оқушының өз ойын əдеби тіл заңдылықтарының 
талаптарына сай лайықты жеткізуі, баяндауы, айтуы, жазуы, 
негіздеуі – орта білім алудың басты нəтижесі. Абайтану пəнін 
оқыту қазақ əдебиеті, қазақ тілі, орыс əдебиеті, орыс тілі ғана 
емес, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пəндерді оқытудағы 
мақсаттармен өзектес, сабақтас. Сондықтан орта мектепте 
абайтану пəні бойынша білім мазмұны мен оны оқыту 
əдістемесіне аса зор көңіл бөлінуге тиісті.
Қазақ тілін оқытудың бірнеше бағыттары бар: а) ана тілі 
ретінде оқыту; ə) екінші тіл ретінде оқыту; б) шет тілі ретінде 
оқыту. Бұлардың əрқайсысының өзіне тəн мазмұны, əдістемесі, 
құралдары бар. Оларда бірқатар ойлар, пікірлер жинақталған. Бұл 
ойлар мен пікірлердің өзектілігі бүгінгі күнде де өзектілігін 
жоғалтқан жоқ. Қазақ əдебиеті, абайтану пəндері бойынша да 
ізденістер жоқ емес. Алайда орта мектептегі қазақ тілі, қазақ 
əдебиеті, абайтану пəндерін оқу-əдістемелік жағынан 
қамтамасыз ету жұмысының сапасы бүгінгі талаптар деңгейіне 
көтерілді деп айтуға ерте [3, 112-124].
Қазақ тілі пəні – қазақ мектептерінде білім беру ісіндегі 
басты пəн. Қазақ тілінің басқа пəндерден айырықша айыр-
машылығы бар. Ол айырмашылық қазақ тілінің білім жүйе-
сіндегі белгілі бір пəн ғана емес, сонымен қатар барлық басқа 
пəндерді оқып-үйренудің бірден-бір құралы екендігінде. Осы 
себепті қазақ тілін оқытудың сапасы оқушылардың тек осы пəн 
ғана емес, басқа барлық оқу пəндері бойынша алатын 
білімдерінің деңгейіне ықпал етеді. Ал қазақ тілі, қазақ əдебиеті, 
абайтану пəндерін білім алушының ақылына, қиялына, көңіліне 
негіздеп оқу мен оқытудан алатын рухани байлықты, кісілік 
негіздерін орта мектеп оқушысы басқа бірде-бір пəннен ала 
алмайды.
Жоғары мектепте қазақ тілі мен əдебиеті, абайтану пəн-
дерінің мұғалімін даярлау ісі өте күрделі құрылымдық 
тұтастығымен ерекшеленеді. Негізінде, жоғары білімді маман 
даярлау ісі қай мамандық бойынша да оңай емесі рас. Əйтсе де 
қазақ тілі, қазақ əдебиеті, абайтану пəндерінің болашақ 
мұғалімдерін даярлау басқа сала мамандарын даярлаудан күр-


130 
делі ғана емес, сонымен қатар өзіндік қиындығы бар, жауап-
кершілігі үлкен іс болып есептеледі. Өйткені осы аталған 
пəндердің болашақ мұғалімдерін даярлау оларды оқыту ісін 
Ахмет Байтұрсынұлы қағидаларына сай ақылға, қиялға, көңілге 
негіздеуге, осы негізде мектеп оқушыларымен кəсіби деңгейде 
жұмыс істей білуге баулиды. Ал қазақ əдебиеті мен қазақ тілінің, 
абайтанудың мұғалімін даярлау ісі болашақ мұғалімдердің 
мектеп оқушыларын өмірдің түрлі салаларында қазақ тілі мен 
əдебиетінің, абайтанудың мазмұны мен мəнін дұрыс, тиімді 
пайдалана білуге қабілетті болып шығуын көздейді. Мұндай 
мақсаттың мейлінше маңызды, өмірлік мəні зор болатын себебі – 
дүние есігін ашып келген қазақ баласы қазақ мектебінде өзінің 
өмірі үшін қажетті адамшылық қасиеттердің бəрін қазақ тілі мен 
əдебиеті, абайтану арқылы табады, қазақ тілі, қазақ əдебиеті, 
абайтану арқылы қалыптастырады. Адамзат қоғамы тарихында 
адамның өмір тəжірибесі мен ақыл-ойы негізінде жинақталған 
ақпараттық құндылықтар, білім қоры тіл арқылы сақталады, тіл 
арқылы игеріледі, тіл арқылы болашақ ұрпаққа беріледі. Білім 
беру мекемелеріндегі оқу пəндерін меңгерудің құралы да тіл. 
Осының бəрі тілдің адамзат өміріндегі маңызы мен мəнінің 
қаншалықты жоғары екеніне көз жеткізеді. Қазақ тілі мен қазақ 
əдебиеті, абайтану пəндерінің мұғалімін даярлау ісінің осындай 
өзіне ғана тəн ерекшеліктері жəне үлкен жауапкершілігі болады. 
Сондықтан қазақ тілін, қазақ əдебиетін, абайтануды оқыту ісіне, 
бұл пəндердің мұғалімдерін даярлау ісіне абай болу, оған үлкен 
жауапкершілікпен қарау – білім беру жүйесіндегі əрбір 
маманның, əрбір басшының басты міндеті. 
Бүгінде жоғары білім беру жүйесінде зерттеу университеті 
туралы айтылуда. Зерттеу университеті Ресейде бізден бұрын 
қолға алынып, арнайы құқықтық-нормативтік құжаттармен 
қамтамасыз етілді, зерттеу университеті болуға талапты 
университеттер арасында конкурс жарияланды, қажетті қаржы 
көздері анықталды. Бүгінде Ресейде зерттеу университеті ретінде 
қызмет атқарып жатқан университеттер аз емес. Олардың ішінде 
ілгеріден келе жатқан іргелі университеттер педагогикалық 
ғылымды дамытуға ерекше назар аудара бастады. Оның да 
өзіндік негізі бар екені дау тудырмайды. Олар өздерінің отандық 
білім беру жүйесін дамытуда. 


131 
Қазақстанда зерттеу университеті жайында ауық-ауық 
айтылады. Сондағы ойлардың негізі мынадай: бүгінгі клас-
сикалық университеттер зерттеу университеті болу үшін педа-
гогикалық мамандықтар бойынша мамандар даярлауды тоқтатуы 
керек. Білім жəне ғылым министрлігінің ұстанымы осындай 
болғанға ұқсайды. Ұстанымның жөні барын жоққа шығарудың 
жөні жоқ. Ғылыми-зерттеу университетінің жоғары жəне жоғары 
білімнен кейінгі білім беру жүйесінде өзіне тəн ерекшеліктері 
болуы заңды. Бірақ зерттеу университетінің оқу мен оқыту 
теориясы саласында зерттеу жүргізуіне шектеу қойылмақ емес. 
Өйткені оқу мен оқыту зерттеу университетінің басты 
міндеттерінің бірі болып қала береді. Оның үстіне оқу мен оқыту 
теориясы – Қазақстанның ғылыми-зерттеу жүйесіндегі артта 
қалған сала. Мұндай саланы дамытуда зерттеу университеттері 
мен ғылыми-зерттеу институттары өз əлеуеттеріне сəйкес ұдайы 
ғылыми ізденіс үстінде болуы шарт. 
Ғылыми-зерттеу университетінде жоғары жəне жоғары 
білімнен кейінгі білім беру деңгейлерінде қазақ тілі, қазақ əде-
биеті, абайтану пəндерінің мамандарын даярлаудың мынадай 
құрамдас бірнеше саласы бар: а) қазақ тілі, қазақ əдебиеті, 
абайтану пəндері бойынша жеткілікті теориялық білім; ə) қазақ 
тілін, қазақ əдебиетін, абайтануды оқыту əдістемесінің теориясы; 
б) қазақ тілі, қазақ əдебиеті, абайтану пəндерін оқыту əдістемесін 
іс жүзінде пайдалана білу дағдысы; в) қазақ тілін, қазақ 
əдебиетін, абайтануды оқыту құзыреттілігі. Бұлар өзара тығыз 
байланысты. Бұлардың бірі жоқ жерде басқалары да болмайды.
Студент, болашақ жоғары мектеп оқытушысы өз пəнінің 
теориясын білмейтін болса, онда ол қалған салалар бойынша да 
білімсіз болып қалмақ. Ал егер де ол өз пəнінің теориясын 
білгенмен, оны оқыту əдістемесінің теориясын білмейтін болса, 
онда бұл оның əдістемелік ойлауының қалыптаспағандығын 
көрсетеді. Ал əдістемелік ойлауы қалыптаспаған оқытушы 
əдістемелік ұғымдардан бейхабар қалады. Əдістемелік 
ұғымдардан бейхабар оқытушы білім алушыларға сапалы білім 
бере алмайды. Айналып келгенде, əдістемелік ойлауы, оқыту 
əдістемесінен тиісті білімі қалыптаспаған болашақ маманның 
кəсіби құзыреттілігі де қалыптаспайды. Қазақ тілі, қазақ əдебиеті, 
абайтану пəндері оқытушыларын даярлау дегеніміз болашақ 


132 
маманға қазақ тілі, қазақ əдебиеті, абайтану бойынша білім беру 
ғана емес. Студент ғылыми-зерттеу университетінде мол білім 
жинағанмен, сол білімін іс жүзінде пайдалана алмайтын болса, 
онда оны білімді деп есептеуге болмайды. Пайдаға аспаған 
білімнен қайыр жоқ. Маман өзінің бойындағы білімді іс жүзінде 
пайдалануы, пайдаға жаратуы үшін, оған арнайы құрал керек 
болады. Пəнді оқыту əдістемесі маманның өз бойындағы білімді 
іс жүзінде пайдалануын, пайдаға жаратуын қамтамасыз ететін 
осы құрал қызметін атқарады. Пəнді оқыту əдістемесі бойынша 
теориялық білім беру болашақ оқытушының өз пəнін оқыту 
үдерісі туралы іргелі ғылыми-əдістемелік білім қорының 
қалыптасуын қамтамасыз етеді. Екінші жағынан, пəн оқытушы 
білім алушыларға тиісті білім беріп қана қоймайды, сонымен 
бірге пəн мазмұны арқылы тəрбие берудің негізін үйретеді. Бұл 
өте маңызды. Бұл жерде білім беру мен тəрбие берудің өзара 
сабақтастығын анық түсінудің пайдасы зор. Бүгінде білім беру 
мекемелерінде білім беру ісі бір бөлек, тəрбие беру ісі бір бөлек 
жүріп жататыны бар. Бірақ мынаны ескеру керек: білім беру ісі – 
адам, маман тəрбиелеудің бірден-бір құралы. Білім беру ісінен 
тыс, білімсіз тəрбие беремін деу – үлкен қателік. Білімсіз беруге 
болады деген тəрбие құмға құйған су сияқты болмақ. Тəрбие 
адамға ізгі білім, игілікті дағды, біліктілік арқылы беріледі. 
Тəрбиелеудің білім беруден басқа жолы жоқ.
Тəрбиесіздік білімсіздіктен шығады. Білімнің жоқтығы – 
ақылдың жетімсіздігі деген сөз. «Ақылмен аңдау, нəрселердің 
жайын ұғу, тану, ақылға салып ойлау» – білудің, білім алудың 
басты құралы. Білім ақылмен аңдау, ойлау, нəрселердің жайын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет