Таланттар



бет107/151
Дата24.05.2022
өлшемі1.99 Mb.
#458608
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   151
Таланттар

МӨДЕ БАТЫР

Әкесі Данабекке:


– Балам, сенің ойыншық садағың бар еді ғой. Соны бері әкелші, – деді.
Данабек садағын әкелді.
– Сен садақтың бөліктерін не дейтінін ұмытып қалған жоқсың ба? Мына имек бөлігін не дейді? – деп сұрады әкесі Данабектен.
– Ол – адырна.
– Ал мына тартылған жібек жіпті не дейді?
– Ол – кірісі. Ал мынау – оғы.
– Жақсы айттың. Бұрынғы заманда оқтың бірнеше түрі болған. Мысалы, атып жібергенде ысқыра жөнелетін оқ. Оны «ысқырық оқ» дейді.
Мен саған бір қызық әңгіме айтайын:
Мөде деген батырдың ысқырық оғы болыпты. Оқтың ысқырған даусы естілгенде, жаулар қорқады екен. Мөденің оғы қай жаққа қарай ұшса, бүкіл әскері солай қарай ататын болған.
Бір күні көрші елдің ханы Мөде батырға күш көрсетеді. Қорқытқысы келеді.
– Сен бізге әкеңнен қалған тұлпарыңды бер! – дейді.
Мөде билерімен ақылдасады. Олар: «Тұлпарды бермеңіз. Ол әкеден қалған ескерткіш қой», – дейді.
Мөде ел тыныштығын ойлайды. Билердің ақылын алмайды. Тұлпарды беріп жібереді.
Бір күні көрші хан тағы сұрайды:
– Сен бізге сұлу ханымыңды бер! – дейді.
Мөде билерімен ақылдасады. Олар: «Не деген сұмдық! Ханымыңызды бермеңіз!» – дейді.
Мөде ел тыныштығын ойлайды. Билердің ақылын алмайды. Бір сұлу ханымын беріп жібереді.
Біраз уақыт өткен соң көрші хан тағы сұрайды:
– Сен бізге бос жатқан жеріңді бер! Әйтпесе, соғысамын! – дейді.
Билер: «Сұрағаны жер болса, берейік. Ақыры, бос жатқан жер ғой», – дейді. Сонда Мөде:
Тұлпарымды берсем, ол – менің мүлкім. Ханымымды берсем, ол – менің ханымым. Ал жерді бермеймін. Жер – менің мүлкім емес. Жер – халықтың мүлкі, – деп бермей қояды.
Сөйтіп, Мөде батыр әскерін жияды. Жаумен соғысып, жеңеді. Мөденің ысқырық оғы олардың зәресін алады. Бұдан кейін Мөдеден ештеңе сұрамайтын болады. Жерді сақтап қалғанына ел-жұрт риза болады. Рақметін айтады.
– Балам, жер кімдікі екен?
– Жер – халықтікі, әке.
– Рас. Кең байтақ Қазақстан жері – сол жерді ежелден мекендеген қазақ халқынікі. Оны ұмытпа, балам!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет