Таланттар



бет117/151
Дата24.05.2022
өлшемі1.99 Mb.
#458608
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   151
Таланттар

ЖАРТЫ АЙ

– Балам, жарты ай туралы бір әңгіме айтайын: Баяғы заманда Мұхаммед пайғамбарға сенбеген біреу: «Пайғамбар болсаң, құдіретіңді көрсет!» – дейді.


Осы кезде Данабек:
– Құдірет деген не, әке? – деді.
– Құдірет деген – жай адамның қолынан келмейтін нәрсе. Ол тек Алла тағаланың көмегімен болады.
Сол кезде, саған өтірік, маған шын, аспандағы ай орнынан қозғалады. Жылжып келіп Мұхаммед пайғамбардың жағасынан кіреді. Екі жеңінен жарты-жартыдан бөлініп шығады. Қайтадан аспанға көтеріліп, толған ай болады. Міне, құдірет!
Айбегім:
– Пайғамбарға сенбегендер не істепті, – деп сұрады.
– Олар пайғамбардың алдына бас иіп, мұсылман болыпты. Мұсылмандар ай бейнесін мазар үстіне қояды. Оны байқадыңдар ма?
– Көрдім, әке. Бейіт басына барғанда байқадым, – деді Айбегім.


ҚҰРАН

Иман – мінез-құлықты түзейтін құрал.


Әкесі сөреден бір қалың кітапты алды. Сырты алтындай жылтырайды. Көз тартады. Данабек шыдап тұра алмай:


– Әке, бұл қандай кітап? – деп сұрады.
– Балам, бұл – Құран. Әрбір мұсылманның қасиеттеп ұстайтын кітабы.
Әкесі Құранды маңдайына тигізді. Данабекті тізесіне отырғызып, беттерін ашып көрсете бастады.
– Алла тағаланың сөзі осы кітаптың ішінде жазылған.
– Оны Алла тағаланың өзі айтып берді ме? – деді Данабек.
– Алла көзге көрінбейді. Ол – әр мұсылманның жүрегінде. Алланың сөзі Жәбірейіл періште арқылы Мұхаммед пайғамбарға жеткен. Жиналып кітап болып басылған. Осы кітапты түгел жатқа білетін кісілер болады. Оны «Қари» дейді.
Данабек таңғалды.
– Осының бәрін бір күнде қалай жаттайды, ә! – деді.
– Балам, бір күнде емес. Кітап қысқа-қысқа бөліктерден тұрады. Бір бөлігін «сүре» деп атайды. Бір күнде бір сүреден жаттаса, 3- 4 айда жаттауға болады. Ылғи қайталап отыру қажет.
Құранда «Ықылас» деп аталатын бір қысқа сүре бар. Оны сен де жаттауың керек. Мағынасы мынадай: Сен айт: «Алла жалғыз де. Алла – мәңгілік. Ол тумаған да туылмаған. Оған ешбір теңдес жоқ».
Бұл сөздерді Данабек пен Айбегім де қайталап айтты.
– Енді осының арабшасы былай болады. Оны былай оқиды.
Әкесі көзін жұмып, әуенмен айта бастады:

– Бисмилләһи рахмани рахим!


Құлһу аллаһу ахад.
Аллаһу сәмәд.
Ләм йәлид
Уа ләм йулад
Уа ләм йакун ләһу
Куфуан ахад.
Әкесі осы сөздерді үш рет қайталады.
Содан соң екі алақанын жайып:
«Е, Алла, оқыған құранның сауабын осы үйден дәметкен ата-бабаларымның рухына бағыштадым. Аллаһу әкбар!» – деп бетін сипады.
Айбегім мен Данабек те бетін сипады.
Әкесі айтты:
– Жолда кетіп бара жатқанда бейіт көрсең, осы сөздерді айтып, бет сипа. Жұма күні кешкі тамақты ішіп болған соң да айт. Құран оқылған кезде тыңдап отырыңдар. Еске сақтап, жаттап алыңдар, – деді.
Бұдан кейін Айбегім мен Данабек әкесі Құран оқығанда ылғи тыңдайтын болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет