Таланттар


МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАРДЫҢ ТУҒАН КҮНІ



бет116/151
Дата24.05.2022
өлшемі1.99 Mb.
#458608
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   151
Таланттар

МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАРДЫҢ ТУҒАН КҮНІ

– Балам, бүгін маусымның он төрті – Мұхаммед пайғамбардың туған күні, – деді әкесі Данабекке.


Пайғамбар деген кім, әке, – деп сұрады Данабек.
– Пайғамбар – дүниені жаратушы Алла тағаланың Ұлы Елшісі. Жер бетіндегі адамдарды имандылыққа шақырушы.
Ал имандылық деген не? Ол – тазалық. Өтірік айтпау. Адамды сүю. Алланың бар екеніне сену. Адал еңбек ету. Әр істі Алла көріп тұрады. Сен оны көре алмасаң да, ол сені көріп тұр. Қараңғыда ұрлық жасасаң да, көреді.
Мұхаммед пайғамбардың әкесі – Абдолла, анасы – Әмина. Әкесі Мұхаммед пайғамбар дүниеге келмей тұрып қайтыс болады. Шешесінен алты жасында айырылады. Атасы Ғабділмүтәліптің қолында тәрбиеленеді. Сегіз жасқа келгенде атасы да қайтыс болып, жетім қалады. Немере ағасы Әбутәліп асырап алады.
Осы жерде Данабек әңгімеге араласып:
– Немере ағасы деген кім? – деп сұрады.
– Ағайынды екі адамның балалары бір-біріне немере болады. Мысалы, Айбегім мен Данабектің ұрпақтары немере бауырлар. Ал ағайынды екі қыздың балалары – бөле.
Мұхаммед пайғамбар бала кезінде қой бағады. Сауда жасайды.
Қырық жасқа келгенде құлағына дауыс келді. Үш рет:
– Оқы, оқы, оқы! - деді.
Мұхаммед пайғамбар дауыстың айтқан сөздерін қайталап тұрады. Бұл – мұсылманның қасиетті кітабы Құранның сөздері еді. Ол қасиетті сөздерді Мұхаммед пайғамбар адамдарға жеткізді. Оны қабылдағандар мұсылман болды.


АЙ КӨРДІМ, АМАН КӨРДІМ

Мамыр айының жып-жылы бір кешінде әкесі Айбегім мен Данабекті серуендеуге алып шықты. Үйден шыға бере әкесі аспанға көз салды да:


– Жаңа ай туыпты ғой! – деді.
Айбегім мен Данабек те аспанға қарады. Қолмен қиып қойғандай әдемі айды көрді. Айбегім:
– Суреттегі қыздардың қасындай екен, – деді ойланып.
Данабек:
Иілген садақ сияқты, – деді.
Екеуінің әңгімесін тыңдап болған соң, әкесі сұрады:
– Ай шалқасынан жатыр ма, тіке тұр ма?
Айбегім мен Данабек жарыса:
– Тігінен тұр! Тігінен тұр! – деп жауап берді.
– Онда бұл ай жайлы болады екен. Қар жауып кетпейді. Жемістің гүлі үсімейді. Күн жылынады.
– Ал егер ай шалқасынан жатса, шаруаға жайсыз болады. Жауынды-шашынды, салқын күндер басталады. Егін дұрыс өспейді. Жаңа ай туғанда тілек тілеу керек.
Осыны айтты да әкесі:
– Ал енді қолдарыңды жайыңдар, – деді. Өзі де қолын жайып, тілек тіледі:

Ай көрдім, аман көрдім,


Бұрынғыдай заман көрдім.
Жаңа айда жарылқа!
Ескі айда есірке!

Бұл сөздерді екі бала да қайталады. Айтып болып, үшеуі де бетін сипады. Әкесі риза болды.


– Бұдан былай жаңа ай туғанын көрсеңдер, осы тілекті айтып жүріңдер, – деді. Данабек айға қарап:
– Ай ылғи садақ сияқты болып тұрмайды ғой, ә, әке? – деп сұрақ қойды. Әкесі:
– Дұрыс айтасың, балам. Бұл – жаңа туған ай. Одан соң жарты ай болады. Отыз күн өткенде дөңгеленіп толады. Оны толған ай дейді. Айбегім:
– Толған ай – күлше сияқты дөп-дөңгелек, – деп таңдайын қақты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет