Таланттар



бет130/151
Дата24.05.2022
өлшемі1.99 Mb.
#458608
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   151
Таланттар

(Әңгімелескен – Серік Жұмабекұлы)


ШӘКІРТ МҮМКІНДІГІ ШЕКСІЗ...
(Сұхбат)

ҚазМУ-дың журналистика факультетінде оқып жургенде аудиторияны өзіне үйіріп алып, студенттердің сабақ барысындағы сөздерін пікірталасқа айналдырып, өз пәнін қызықты өткізетін ұстаз Алма Қыраубаева Алматы облысы Қаскелең ауданы Жандосов ауылында жекеменшік лицей ашыпты дегенде елең еткеніміз де шендық. Бұл қазір білім саласында болып жатқан жаңалықтардың, жыл сайын көбейіп келе жатқан гимназия, лицейдің бірі емес пе деген тосын ойдың болғаны да жасырын емес. Мектеп бітіріп, университетке түскен жастың ой санасында орын тепкен Алма Қыраубаеваның рухани биіктікте тәрбиелер тағылымды сабақтары енді білім ордасындағы бүлдіршіндерге де бағытталғандығына қатты қуандық. Ол кісінің атқарар шаруасы да аз болмасы белгілі. Біз мүмкіндікті пайдаланып, оны әңгімеге тартқан едік.


Қазір жыл сайын жаңадан мектептер ашылып, ана тіліндегі білім ұялары көбейіп отырған шақта сіздің лицейдің атқарар қызметі, мақсаты қандай болмақ?
– Шындығы керек, біз ата-бабаларымызды надан, қараңғы етіп, жас ұрпақтың санасына құйып келгеніміз жасырын емес. Баланың өсіп, ізгілікті азамат болып қалыптасуына көп жағдайда мән бере бермейміз. Оқушы білім ордасынан бастап жеке тұлға болып қалыптасады. Осы кездегі алған терең білім мен тәрбие ғана оның кейінгі өміріне іргетас болып қаланады. Жас ұрпақтың буынының бекіп саналы азамат болып өсуіне білім ұясының көмегі орасан зор.
Тарихы тереңде жатқан әдебиетіміз бен мәдениетіміздің іргелі бастаулары бұған дейін дұрыс оқытылмай келді. Еліміз көне мәдени мұралардың ошағы болғанын оқушы санасына қалыптастырып, мақтаныш сезімін оятуымыз керек. Иманды ұл мен ибалы қыз тәрбиелеп, қайраткер азамат болып өсуіне жәрдем жасау - біздің бағытымыз. Туған жердің, Отанның, елдің тарихына жастайынан қастерлеп өсіру - басты мақсатымыз. Сондықтан мектеп ашқанда мен ұлттық білім ордасы қандай болу керек деген ойымды іске асырсам деп ойладым. Бұл өмір бойғы арманым еді. Мұны бір жағынан ұлттық мектептің жаңа моделі десе де болады.
Ал сіздің мектептің басқалардан қандай артықшылықтары мен өзгешеліктері бар?
– Осы білім ұясын ашу барысында көп нәрселерге көзім жетті. Біз шындығы керек, баланы оқыта білмейді екенбіз. Егер зейін қойып, оған жан-дүниеңдегі барыңды бере білсең, баланың мүмкіндіктері өте шексіз. Біздің оқушылардың басқа мектептердің білім дәрежесінен артық екендігінде сөз жоқ. Кейбір жоғары оқу орындағы студенттермен де білім таластыра алады.
Мектепте ағылшын тілінің оқытылуында көп артықшылықтар бар. Біз осы тілді баланың меңгеруін қазақи көзқарасты қалыптастыру арқылы тәрбиелейміз. Ақырында оқушы шет тілін білгенімен жаны да, жүрегі де қазақ болып шығады. Әр азамат өз дінін терең түсініп, қастерлеу парыз. Мұны бала жастай бойына сіңірсе пайдасы өте зор. Сондықтан мектепте ислам мәдениеті тарихы оқытылады. Оқушылар арабтың төте жазуымен, орхон-енисей жазбаларымен танысады.
Тағы бір артықшылығы, ұлдар мен қыздарды бөліп оқытатын арнайы сабақтар бар. Отбасының ұйытқысы ретінде болашақ ана болар қыздарымызға тамақ пісіру, іс тігу, ата-енені сыйлау бағытында сабақ өткізіліп, әңгіме жүргізіледі. Ал ұлдарға атты баптау, оның әбзелдері, қол өнерге үйрену тұрғысында сабақ түсіндіріледі.
Осы орайда сіздерге қол ұшын беріп, көмектесіп жатқан азаматтар бар ма?
– Ең алдымен Бөбек қорының президенті Сара Алпысқызы апамызға көп рахмет айтқым келеді. Осындай мектеп барын естіп, арнайы сапармен келіп, қонақ болып қайтты. Оқушыларға сыйлық тапсырды. Қол ұшын беріп, сүйеу болғанның өзі үлкен қуаныш емес пе? Осындайда ойға келеді. Біздің кәсіпкерлер шет елден эстрада әншілерін шақырып, абырой алғанша рухани ұяға неге бет бұрмайды? Өскелең ұрпақтың ертеңгі елдік болашағы да бүгіннен басталады ғой.
Егер қаражат табылып жатса, мектептің мүмкіндіктері мол болмақ. Асыра айтқаным емес, ағылшын, американ мектептерінен кем түспейді. Жұрттың назарын аудару мақсатында ашылған ұлттық ұяның өз концепциясы, көзқарасы бар. Астанамыздан да білім ордасының филиалын ашу керек. Әзір оған мүмкіндіктер жоқ. Бірақ ол - болашақтың ісі. Тек мемлекеттік тұрғыда мән беріліп, қолдау көрсетілсе, басқа мектептерден көш ілгері кететіні сөзсіз.
Сіздерде ұстаздардың қамтамасыз етілу жағы қалай, толық жеткілікті ме?
– Әрине, бұл мәселеде кемшін түсіп тұрған жеріміз жоқ. Ауылдан тәжірибелі, астанадан білікті ұстаздар келіп сабақ береді. Әзірге 1-2-6-7-8-кластар ғана бар. Мұғалімдер мемлекеттік мектептегі ұстаздардан төмен жалақы алғандарына қарамастан сабақ өте жоғары деңгейде өтеді.
Тағы бір айтатын нәрсе, мен мектеп ашқанда байлық алайын деп отырғаным жоқ. Қайта бар мүмкіндіктерімді, рухани байлығымды шәкірттердің жан дүниесіне арнасам деймін. Олардың бойына ізгілік нұрын сепкім келеді.
Әңгімеңізге рақмет.
(Әңгімелескен – Ғ.Жүндібаев, Н.Мауытов)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет