Таланттар


НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН НЕГЕ ЕШКІМ АЛҒАН ЖОҚ?



бет133/151
Дата24.05.2022
өлшемі1.99 Mb.
#458608
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   151
Таланттар

НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН НЕГЕ ЕШКІМ АЛҒАН ЖОҚ?
(Сұхбат)

Қазақстанның тәуелсіздік алғанына да, міне, бес жыл толып отыр. Өркениетке ұмтылып, ел болу, мемлекет құру да оңай емес. Бұл жолда ағарту майданы, оның ішінде мектеп салмақты орын алса, осы аз уақыт ішінде мектептің игерген табысы қайсы, жіберіп алған кемшілігі неде, ұстаздар қауымы не күйде деген мәселеде бір топ мамандармен жүргізген сұхбатымызды назарларыңызға ұсынамыз.


Әбілақұлы Әбжаппар, қыздар педагогикалық институтының профессоры, филология ғылымдарының докторы:
– Кеңес дәуірлерінде мұғалімдер мен дәрігерлерге деген көзқарас жұртшылық тарапынан жоғары болды. Мұндай үрдіс, дағды өткен уақыттан үзілмей келген еді деп есептеймін. Бұл мамандық иелері халық тарапынан бағасын алып үлгерген-ді. Оның өзіндік себебі бар: олар адам тәрбиелейді, оқытады. Тіпті мұғалімдерді аупарткомнан жоғары қойған кездері де болды, мен соның куәсі болдым.
Сөйте тұра мектептердегі қазақ тілін оқыту жайы төмен болды. Қазақстанда орыс тілі бір саты жоғары тұрды да, ал қазақ тілі соның көлеңкесінде қалып қойды. Орыс мектептерінде қазақ тілі сабақ кестесінің соңында тұрды. Кадр дайындауда бір жақтылыққа жол берілді. Аспирантураны бітірген адам ғылыми жұмысын орысша жазып, орысша қорғады.
Дегенмен бұрынғы мектептер де проблемасыз болды деп ойламаймын. Қазақ тілінің маңызын көтеруде базистік жоспар болмады, оқулық жазуда белгілі ғалымдар ғана қатыстырылды, олар қатып-семіп қалған ережелерді тықпалап, білім мен ұғымды күңгірттендірді. Баса көрсететін ерекше жағдай, баламалы оқулық деген атымен болмады, бұдан келіп қасаңдық туды.
Институттарда да пара бар деседі...
– «Бөрінің аузы жесе де қан, жемесе де қан». Қазір емтихан түгелдей теске көшті, от басқаша шалқиды...
Қыраубайқызы Алма, ғалым-ұстаз, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті:
– Кешегі кеңестік қоғамның мектебі өзіне сай авторитарлық мектеп болды. Оның жүйесі қаталдыққа, адамды ашса – алақанында, жұмса – жұдырығында ұстауға, көнбістікке дайындауға арналды. Сол жүйені меңгерген, одан шыға алмай жүрген жекелеген мұғалімдердің болатыны да жасырын емес. Баламен қарым-қатынаста тым дөрекі. Оны мектепте «қатал мұғалім» деп атайды. Ол туралы К.Г.Житомирский (1863-1918) жазып, сипаттаған екен.
Ұлттық дәстүрін берік сақтап отырған елдер – ислам елдері болар. Ал біздің жағдайымызда таразының екі басына кезек салмақтауға тура келеді. Бала тәрбиесі теледидардың, видеофильмдердің ықпалында кетіп барады. Рухани-интелектілік деңгейі орташа ғана көрерменге арналған бұл кинобейнелер зорлық, тобырлық жан дүниеге тәрбиелейді. Отбасында берік рухани негіз қалыптасқан балаға үлкен қауіп бола қоймас. Ал мектеп болса, ойлы да жүйелі тәрбие жүргізуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет