Таланттар


Әумин, айтқаныңыз келсін!



бет132/151
Дата24.05.2022
өлшемі1.99 Mb.
#458608
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   151
Таланттар

Әумин, айтқаныңыз келсін!

(Сұхбаттасқан – Есенкүл Кәпқызы)
ЕЛДІК ҮШІН БЕСІГІМІЗДІ ТҮЗЕЙІК
Экономикалық дағдарыс сансыратқан елімізде мектептер мен арнаулы оқу орындарының жастарға білім беру шаралары да тығырыққа тіреліп тұр. Содан шығудың жолдарын іздеп, ұрпақ үшін жаны күйінген ұстаздар мен мұғалімдер қажырлылықпен қажымай еңбек етіп жүр. Сондай табанды ұстаздардың бірі – Алма Қыраубаева. Тілшіміз осы кісімен мектептегі сабақ, білім беру мәселелері төңірегінде әңгімелескен еді.
Алма апай, бүгінгі күнде ұрпақ тәрбиелеу – өзекті мәселе. Елдің ертеңі – бүгінгі балауса буын, осы төңіректе сізді қандай проблема толғандырады?
– Бірінші мәселе – білім саласында істеп жүрген адамдардың жағдайы. Мектеп мұғалімінен, университетте 22 жыл істеген менен троллейбус жүргізушісі төрт есе артық жалақы алады. Бала-шағасын асырау үшін мұғалімдер троллейбус айдау керек пе? Өзін нағыз ұстаз сезінетін мамандар жұмысынан қол үзген жоқ, шыдап бағуда. Бесігімізді түзеу үшін сол тал бесікті аялайтын, сол үшін күш-қайратын аямайтын мұғалімнің көңіл күйі дұрыс болмайынша, білімнің өркендеуі қиял ғана болып қалады.
Десе де, ізденіс тоқтаған жоқ. Өзім де ұстаз ретінде қазақ баласы әлемдік білімді игеріп, көрікті болса екен деген оймен жарғақ құлағым жастыққа тимейді.
Әр түрлі әлеуметтік ортада өсіп, тәрбиеленген балалардың психологиялық даму деңгейі мен мақсат- мүдделерінің ұқсамайтындығы жайында не айтар едіңіз?
– Қазақ балаларының тәрбиесінде екі түрлі жағдай бар. Біріншісі – қазақ ортасында тәрбиеленгендер. Бұлардың өз ұлтын сүю сезімі бар, ұлттық дәстүрге берік. Бірақ әлемдік мәдеиетті игеру жайы жетімсіздеу. Оның үстіне бұйығы жасықтау. Ал екінші бағытта тәрбие алған балалар орысша жетік. Абайдан гөрі Пушкинді, Әл- Фарабиден гөрі «Игорь полкі туралы сөзді» жақсы біледі. Рухани тұғырын ұлттық негізде емес, өзге тілде қалыптастырған. Бұлардың ұлтқа деген сезімі сұйықтау. Қазақ жайын білгісі келгенімен, орнын толтыруы қиын. Сондықтан осы екі түрлі тәрбие аясындағы балалардың бәрі өздерін сенімсіз сезінеді.
Ұстаз ретіндегі ойым – қазақ балаларын қазіргі өркениет әлеміне сай, өзіне сенімді етіп баулу керек. Олардың өзіне-өзі сенімді болуы үшін қазақты ұлт ретінде қалыптастырған рухани негізді жан-жақты түсіндіруге міндеттіміз. Соған әлем мәдениетін, өркениет тарихын, батыс пен шығыс тілдерін білуі керек. Қарым-қатынас жүйесіне дәстүрлі тәрбиені этикамен ұштастыруға тиіспіз. Баланы қалай тәрбиелейміз, қандай әдіспен оқытамыз? Мұғалімнің жан-дүниесі қандай болуы керек? Баламен қалай қатынас жасауға тиіс? Бұлар – да келелі мәселелер.
Бала тәрбиесіне орай өзіңізді алаңдататын, жабырқататын жайлар қандай?
– Қазіргі балаларымызды мексикалық фильмдер тәрбиелеп жатыр. Әкесімен ұрысатын қыздар, бірінің көзіне бірі шөп салатын, көрсеқызар ерлі-зайыптылар, ақша үшін бәрін де сатып жіберетін саудагерлер. Бала бұлардан қандай үлгі алады? Ата-аналары осы жайды да ойлауы қажет-ақ. Киноның бұл әдісі адам санасын зорламай бағындырады. Осы комерциялық фильмдерге қарсы қоятын қазақты өзіне-өзі ғашық ететін фильмдер бізде жоқ. Біз есімізді жиып, сондай фильмдер жасағанша, тұтас бір ұрпақтың санасын әлгі әдістің уыты жайлап алары сөзсіз. Бұл ұрпақтан адам өлімінен өкінбейтін, ақшаны атасындай көретін, әкесі өлсе де жыламайтын безбүйректер шығарады. Оны байқап та жүрміз. Осы проблема көзі ашық адамдардың түйткіл. Рухани әлемнің қадірлі мемлекет деңгейінде қаралмайынша, шешілуі қиын.
Біздің қолымыздан келері – жинаған рухани байлығымызды балалармен бөлісу ғана. Қазіргі жағдайда мектепке баруға, қазақ баласын тәрбиелеуге атсалысуға міндеттіміз. Осы жағынан біраз жұмыс атқарып жүрген сияқтымын. Университетте істей жүріп, мектеп аштым. «Сенім» бағдарламасын жасап, сол бойынша оқып жүрміз. Оның мақсаты – білім бергеннің үстіне жанын тәрбиелеу, болашаққа дайындау. Парасаттылықты, салауаттылықты бірінші орынға шығару. Білімді жалпы мәдениеттің бір бөлігі сипатында бала бойына сіңіреміз. Нақты іс арқылы баланың жанын ойдағыдай тәрбиелеуге болатындығына осы мектептегі жұмыс дәлел.
Біздің бұл жұмысымызға Түркия азаматы, Президенттің экономикалық кеңесшісі, доктор Шәкір демеушілік жасап отыр. Бұған қоса «Бөбек» қоры да демеушілік көрсетуде. Бұл кісілердің пейіліне шексіз разымын.
Болашақта да осы тәрбие жұмысын өрістете бермек ойдамын. Біздің мектепті бітірген балалар парасатты адамдар болып шығатынына сенемін.
Әңгімеңізге рақмет!
(Әңгімелескен – Гүлбану Құлпейісова)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет