Таланттар



бет136/151
Дата24.05.2022
өлшемі1.99 Mb.
#458608
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   151
Таланттар

Р.Мұратханқызы:

  • Қазіргі мақсат – өз бетімен ойлай, тұжырым, қорытынды жасай алатын азаматтық дүниетанымы қалыптасқан дара тұлға әзірлеу. Оқушылардың дара ерекшеліктерін анықтай отырып, соған икемдей оқытудың жаңа технологиясын меңгере білген, ынталандыра оқытумен жұмыс істей алатын ұстаздар ұжымы ауадай қажет. Міне, осындай айқындама біздің гимназияда қалыптасып келе жатыр деп айтуға болады. Болашақ мектеп қандай болса, мемлекет те сондай болмақ.

Бір қуанышты жағдай – қазақ-түрік лицейлерінің шәкірттері Киев, Анкара қаласында химия, математика пәндерінен Олимпиадалық жарыста бірнеше алтын, күміс, қола медальдарды жеңіп алды...
– Оған біз де қуаныштымыз. Шетелге бару да оңай емес. Мүмкін Білім министрлігі солай ұйымдастырған болар... Иә, оңай еш нәрсе жоқ, бәрі қиын. Бірақ сол қиындықтың көбісін қолдан жасап жүрген жоқ па екенбіз...
Әлемге аты жайылған бір данадан: «Әй, кемеңгер, сен тұрсаң да, жүрсең де ақыл айтасың, ал өзің сиықсыз үйде тұрасың, оның себебі неде? – деп сұрағанда, ол: – Оны менен сұрама, патшамыздан сұра», – депті. Мұғалім біткеннің бәрі ұстаз қатарына жата бермейді. Олардың ішінде ұстаса –қолың күйіп, ұстамасаң – мойның күйіп қалатын «ыссы ошақтары» сеңдей соғылысады... Ал ыссы ошақтың мәнісі – өз кәсібін жете меңгермеген, жан дүниесі жадау, жылына бір көркем әдебиет оқымайтын, театрдың есігін ашпайтын, білімі оқулық көлемімен шектелген, тіпті сол мұғалімің пара арқылы оқу бітірсе, әйтеуір, бір тірі жан болғаны да...

  • Қазір ақылы оқу керек пе?

Ә.Әбілақұлы:
Кім көрінгеннің қолы жетпей, ат төбеліндей адам ғана баласын оқыта алады.
А. Қыраубайқызы:
– Ақылы оқудың пайдасы бар. Ол мемлекеттік оқу орындарымен бәсекеге түсе алады.
Р. Мұратханқызы:
– Мемлекеттік мектептердің барлық тиісті баптарын қаржыландырып отырса, онда ақылы оқытудың қажеті жоқ, бұл – тек амалсыздықтан туындаған әрекет.
Дәрігерлер анты (Гиппократ) сияқты қазіргі таңда біздің егеменді еліміздің мұғалімдеріне де ант керек емес пе екен?
Ә. Әбілақұлы:
– Мектепке кездейсоқ мұғалім келмес еді. Бүкіл мектептегі сапасыздық осыдан туындайды. Мұғалім – салмағы бар ерекше тұлға. Сондықтан, Гиппоркаттың антындай мұғалімге де ант қабылдау керек болып отыр, ол – дәуір талабы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет