Талапкерлердің кешенді тестілеуін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық


Министрлік программисінің функциялары



бет4/8
Дата26.06.2016
өлшемі383 Kb.
#159349
1   2   3   4   5   6   7   8

10. Министрлік программисінің функциялары





  1. Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңіндегі функциялары:

  1. ҰТО-да «Министрлік программисі», «Сканерді тексеру», «Сертификат» АЖО-ларымен жұмыс жасау бойынша дайындықтан өту;

  2. тестілеуді өткізуді қамтамасыз етуге арналған бағдарламаны ҰТО-дан электрондық тасымалдағышта алу;

  3. базалық ЖОО-да жұмысқа арнайы бөлінген техникалық құралдарды дайындау;

  4. сканерді тексеру үшін бақылауға арналған жауап парақтарын сканерден өткізеді және басқа да техникалардың дайындығын тексереді;

  5. тестілеуді өткізу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатады. Бұл бағдарлама «Базалық ЖОО» АЖО-сы орнатылған компьютерге орналастырылады;

  6. базалық ЖОО-ның ерекшелігіне қарай қамтамасыз етуге арналған бағдарламаны орнату;

  7. базалық ЖОО программисінен «Талапкер» ДБ қабылдау;

  8. өзгерту журналына байланысты ДБ-ға түзетулер енгізу;

  9. «Талапкер»ДБ жабу;

  10. лектің отырғызу парағын басып шығарады (тестілеу болатын күннен бір күн бұрын кешкісін). Отырғызу тізімі отыру орнының нөмірі бойынша реттелген. Талапкер орнының нөмірі отырғызу парағын шығару кезде кездейсоқ анықталады. Бұл рәсім тек қана 1 рет орындалады. Отырғызу парағын басып шығару үшін ҰТО-дан пароль сұралады;

  11. Министрлік өкілдері үшін қажетті актілерді, яғни осы нұсқаулықтың 26 және 29-қосымшаларына сәйкес актілерін басып шығарады;

  12. осы нұсқаулықтың 18, 10, 30, 31, 32, 33-қосымшаларына сәйкес қажетті шығыс нысандарын басып шығарады;

  1. Тестілеуді өткізу кезеңіндегі функциясында2:

1) сканерлеу үшін нұсқалар файлын қабылдап алу;

2) жауап парақтарын сканерден өткізу үшін Министрлік өкілінен қабылдап алу;

3) тестілеу нәтижелерін өңдеу;

4) дұрыс жауаптар кодын ашу және басып шығару;

5) емтихан ведомостарын басып шығару;

6) ТКТ-ның статистикалық мәліметтерін күн сайын және талап етілген ақпаратты телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жіберіп отырады.



  1. Апелляцияны өткізу кезеңіндегі функциясында:

1) апелляцияға берген өтініштерді ДБ-ға енгізу;

2) апелляция нәтижелерін ДБ-ға енгізу;

3) апелляцияны есепке алғандағы емтихан ведомосін басып шығару.


  1. Сертификаттарды басып шығару кезеңіндегі функциясы:

1) сертификаттарды басуға арналған бағдарламаны орнатуды қамтамасыз ету;

2) сертификаттар файлын қалыптастыру;

3) сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін басып шығару;

4) сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін Министрлік өкіліне беру.



  1. Тестілеуді өткізу туралы есеп беру кезеңіндегі функциясы:

1) қажетті құжаттарды қағаз және электрондық тасымалдағышта дайындайды және ҰТО-ға тапсырады;

2) қорытынды мәліметтерді ҰТО-ға жібереді.



11. Апелляциялық комиссия төрағасының функциялары





  1. Апелляцияны ұйымдастыру бойынша ҰТО-да дайындықтан өтеді3.

  2. Апелляцияны өткізу процесі жөнінде апелляциялық комиссия мүшелеріне нұсқаулық өткізеді.

  3. Талапкерлерден апелляцияға өтініштерді қабылдауды ұйымдастыру.

  4. Апелляцияға өтініш берген талапкерлердің емтихан материалдарын Министрлік өкілінен алу.

  5. Апелляцияға берген өтініштерді ДБ-ға енгізу үшін Министрлік өкіліне тапсыру.

  6. Апелляция процесін бақылау және басқару.

  7. Апелляция бойынша шешім қабылдау.

  8. Апелляция нәтижелерін ДБ-ға енгізуді ұйымдастыру.

  9. Апелляция аяқталғаннан кейін емтихан материалдарын Министрлік өкіліне беру.

  10. Әрбір лектің апелляция өту барысы бойынша есеп дайындау.



12. Аудитория кезекшісінің функциялары





  1. Тестілеу басталардың алдында аудиторияның дайындығын: аудитория нөмірін, ондағы орындардың дұрыс нөмірленгендігін, олардың осы аудиторияның отырғызу тізіміндегі талапкерлер санына сәйкестігін және тақта мен бордың болуын тексереді. Кемшіліктер байқалған жағдайда Министрлік өкілі мен мемлекеттік комиссия төрағасын хабардар етеді.

  2. Министрлік өкілінен емтихан материалдарын акт бойынша алады.

  3. Талапкерлерді осы нұсқаулықтың 24-тарауына сәйкес оларды отырғызу парағына және аудиториялық тізімге сәйкес аудиторияға кіргізеді және отырғызады.

  4. Талапкерлерге Ереженің 21, 22, 23 тармақтарына сәйкес емтихан кезінде тәртіп сақтау ережелерін түсіндіреді.

  5. Осы нұсқаулықтың 26-тарауына сәйкес емтихан материалдарының қорабын ашуды ұйымдастыру.

  6. Осы нұсқаулықтың 27, 28-тарауларына сәйкес емтихан материалдарын толтыру ережелерін түсіндіреді және таратады.

  7. Аудиторияда тәртіп сақтау ережесінің сақталуын бақылау.

  8. Осы нұсқаулықтың 29-тарауы бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін емтихан материалдарын қабылдайды және тапсырады.



13. Аудиториялық қорды жоспарлау















  1. Базалық ЖОО-ның жауапты хатшысы аудиториялық қорды жоспарлау кезінде мынадай талаптарды ескереді:

  1. аудиториялар бір ғимараттың (корпустың) ішінде болады;

  2. талапкерлердің емтихан тапсыру тіліне, яғни қазақ тілінде және орыс тілінде тапсыратын талапкерлерге байланысты аудиториялар тіл мәртебесіне қарай бөлінеді;

  3. әрбір лектердегі аудиториялардың тілдік мәртебесі әр түрлі болуы мүмкін;

  4. аудиториядағы отыратын орындар саны 10-ға еселі, 30-дан кем, 120-дан артық болмайды;

  5. отырғызу орындарының саны бір партаға 2 адам есебі бойынша анықталады.

74-1. Аудиториялық қорды жоспарлаған кезде негізгі білімнен кейін түскен техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі (колледждер) білім беру ұйымдарының бітірушілерін бөлу үшін жеке аудитория бөлінеді.

  1. Аудитория қоры туралы мәліметтер «Аудитория қоры» АЖО-сына енгізіледі. Аудитория қоры әрбір лек бөлінісінде ҰТО-ға келісу үшін жіберіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет