Талапкерлердің кешенді тестілеуін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық



бет3/8
Дата26.06.2016
өлшемі383 Kb.
#159349
1   2   3   4   5   6   7   8

8. Техникалық хатшының функциялары





  1. «Талапкер» ДБ қалыптастыру кезеңіндегі функциясы:

  1. базалық ЖОО-да өтініш қабылдау, өтініш бланкісін толтыру, өтініштерді тіркеу журналын жүргізу бойынша оқытудан өту;

  2. Базалық ЖОО-дан нормативтік құқықтық актілерді, өтініш бланкілерін, өтініштерді тіркеу журналын алу;

  3. талапкерлердің өтініш бланкісін дұрыс толтыруын қамтамасыз ету және ТКТ-дан өту рәсімін, Ереженің 21, 22, 23 тармақтары бойынша аудиторияда тәртіп сақтау ережесін, апелляцияға өтініш беру және апелляцияны өткізу рәсімін түсіндіру;

  4. талапкерлерді өтініштерді тіркеу журналында тіркеу;

  5. талапкерлерге қолхат беру;

  6. осы нұсқаулықтың 15, 16, 17-қосымшаларына сәйкес шығыс нысандарын алу;

  7. ДБ өзгерістер енгізуді ұйымдастыру;

  8. ДБ жағдайын бақылау;

  9. өтініштерді тіркеу журналын жабу;

  10. рұқсаттамаларды дайындау және талапкерлерге беру;

  11. дайындалған рұқсаттама түбіртектерін жауапты хатшыға тапсыру.

  1. Сертификаттарды басып шығару және беру кезеңіндегі функциясы:

1) сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін, емтихан ведомостарын жауапты хатшыдан қабылдау;

2) талапкерлерге сертификаттарды беру;

3) талапкерлердің қолдары қойылған сертификаттарды тарату тізілімін жауапты хатшыға береді.

  1. Министрлік өкілінің функциялары





  1. Тестілеуге дайындық кезеңіндегі функциялары:

  1. ҰТО-дан конвертке салынып мөрленген мемлекеттік комиссия төрағасының паролін және сертификаттарды акт бойынша алады осы нұсқаулықтың 21-қосымшасына сәйкес және базалық ЖОО-ға жеткізеді;

  2. Төменде аталғандарды:

Министрлік өкілі мен программисінің жұмыс орындарының дайындығын;

базалық ЖОО-ның әрбір лек бойынша өтініштер журналын;

ғимараттың емтиханға дайындығын осы нұсқаулықтың 9, 11-қосымшаларына сәйкес;

техникалық құрал-жабдықтардың дайындығын;

аудиториялар бойынша бекітілген кезекшілердің тізімін және олардың жеке іс парағын;

мемлекеттік комиссияның бекітілген тізімін;

апелляциялық комиссия мүшелерінің бекітілген тізімін;

тестілеу өткізуге дейінгі аудиторияларды тексеріп, базалық ЖОО-ның мөрімен расталған акт жасайды осы нұсқаулықтың 22 - қосымшасына сәйкес;



қажетті құжаттарды (аудиториялық тізіммен бірге рұқсаттамалардың түбіртектері, нормативтік құқықтық актілердің болуы) тексереді;

  1. ТКТ-ның емтихан материалдарының жеткендігін бақылауды жүзеге асыру;

  2. кезекшілермен нұсқама өткізеді. Кезекшілерді ауыстырған жағдайда жаңа кезекшілердің бұрын тізімге енгізілгендерін және кезекшілік нұсқаулығымен таныс екендіктеріне көз жеткізу;

  3. Министрлік программисінің сканерді тексеру есебін жасауын осы нұсқаулықтың 23-қосымшасына сәйкес және оның базалық ЖОО-ның мөрімен расталған қадағалайды;

  4. емтихан қарсаңында әрбір аудитория үшін осы нұсқаулықтың 24-қосымшасына сәйкес отырғызу тізімін шығарып, сейфке сақтап қояды;

  5. тестілеуді өткізу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатуды бақылайды.

  1. Тестілеуді өткізу кезеңіндегі функциясы:

  1. тестілеу процесін бақылау және басқару;

  2. қораптарда әрбір аудиторияларға арналған емтихан материалдары салынып, ҰТО-да пломбыланған арнайы қапшықтарды осы нұсқаулықтың 25-қосымшасына сәйкес акт бойынша алу;

  3. кезекшілерді аудитория бойынша бөледі;

  4. аудиторияларда жақын туысқандары отырмауын ескере отырып, ата-аналар қоғамын тестілеу кезінде бақылаушылар ретінде аудиториялар бойынша бөлу;

  5. мемлекеттік комиссия мүшелері және кезекшілердің қатысуымен қаптарды ашады. Қаптарды ашар алдында Министрлік өкілі пломбының бүтіндігін және қаптардағы нөмірленген пломбыны ҰТО берген тізімімен салыстырады. Егер пломбы бүтін болмаса немесе пломбының нөмірі сәйкес келмеген жағдайда, ол туралы ұлттық қауіпсіздікті ұйымдастыру өкіліне және ҰТО-ға хабарлайды;

  6. аудитория бойынша кезекшіге:

  • рұқсаттама түбіртектері, аудитория тізімі салынған өзіне сәйкес бөлінген аудитория папкасын береді;

  • отырғызу тізімін береді;

  • мөрленіп жабылған қораптағы емтихан материалдарын осы нұсқаулықтың 26-қосымшасына сәйкес акт бойынша береді. Әрбір мөр басылған қорапта: жауап парақтары салынған конверт, сұрақ-кітапшалары, жауап парақтарының көшірмелері және емтихан материалдарын ашу туралы осы нұсқаулықтың 27, 28-қосымшаларына сәйкес акт болады;

  1. мемлекеттік комиссия шешімімен мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, даму мүмкіндіктері шектеулі, көру қабілеті нашар (көрмейтін, нашар көретін), есту қабілеті нашар (естімейтін, нашар еститін) және өздігінен жүріп-тұра алмайтын талапкерлерге (мүгедектер арбасын пайдаланатын) жеке бөлме бөледі және кезекшілер тағайындайды;

  2. мемлекеттік комиссия төрағасымен бірлесе отырып, осы нұсқаулықтың 25 тарауына сәйкес талапкерлерді қосымша отырғызу туралы шешім қабылдайды;

  3. емтиханның басталу уақытын бақылайды. Емтиханның басталуы - жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 09.00;

  4. талапкерлердің дұрыс отырғызылуын және оларға сұрақ- кітапшаларының дұрыс таратылуын бақылайды;

  5. кезекшілердің жауап парағын толтыру ережесін дұрыс түсіндірілуін бақылайды;

  6. талапкерлердің жауап парағындағы қызметтік секторларды дұрыс толтыруын бақылайды;

  7. емтихан басталған соң 20-25 минуттан кейін емтихан тапсыру тілі бойынша аудиториялардағы талапкерлердің нақты саны туралы мәліметтер жинауды ұйымдастырады. Артық сұрақ-кітапшасы жинап алынады және сейфке салынады. Жауап парақтары емтихан аяқталғанға дейін аудиториядан шығарылмайды. Емтихан басталғандығы туралы хабарланғаннан кейін кешігіп келген талапкерлер емтиханға жіберілмейді;

  8. талапкерден тыйым салынған заттар табылған жағдайда немесе талапкер аудиторияда тәртіп сақтау ережесін бұзған жағдайда, Ереженің 4-қосымшасына сәйкес акт жасай отырып, талапкерді аудиториядан шығару туралы шешім қабылдайды;

  9. мемлекеттік комиссиямен бірлесе отырып, штаттан тыс жағдайлар (талапкерде емтиханға кіру рұқсаттамасының немесе жеке куәлігінің болмауы, тестілеуге өтініш беру кезінде тестілеу тілінің дұрыс көрсетілмеуі, белгілі бір себептерге байланысты тестілеу күнін ауыстыру, тестілеуге бөтен тұлғаның кіруі, мүдделі тұлғалар жағынан талапкерге көмек көрсету, мүдделі тұлғалар жағынан қысым көрсету) бойынша шешімдер қабылдайды;

  10. тестілеу аяқталғаннан кейін кезекшілерден әрбір аудитория бойынша емтихан материалдарын қабылдайды;

  11. тестілеу нәтижелерін өңдеуді ұйымдастырады;

  12. дұрыс жауаптар кодын ашуды ұйымдастырады;

  13. дұрыс жауаптар кодын береді және оны көпшіліктің назарына ілуді ұйымдастырады;

  14. ТКТ-ның емтихан ведомостарын беруді және оларды көпшіліктің назарына ілуді ұйымдастырады.

  1. Апелляцияны өткізу кезеңіндегі функциясы:

1) апелляцияға берген өтініштерді ДБ-ға енгізуді ұйымдастырады;

2) апелляциялық комиссияның жұмысы үшін қажетті емтихан материалдарымен қамтамасыз етеді;

3) апелляция нәтижесін ДБ-ға енгізуді бақылайды;

4) апелляцияны есепке алғандағы емтихан ведомосін беру және оларды көпшіліктің назарына ілуді ұйымдастырады.



  1. Cертификаттарды басып шығару кезеңіндегі функциясы:

1) сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін басып шығаруды ұйымдастырады;

2) сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін базалық ЖОО-ның жауапты хатшысына береді.



  1. Тестілеуді өткізу туралы есеп беру кезеңіндегі функциясында қажетті құжаттарды қағаз және электрондық тасымалдағышта дайындайды және ҰТО-ға тапсырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет