-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
«Абитуриент» базасын қалыптастыру кезеңіндегі функциясы:
-
Министрлікпен бірлесе отырып, базалық ЖОО-ның жауапты хатшыларына ТКТ-ны ұйымдастыру туралы оқытуды ұйымдастыру;
-
базалық ЖОО-ны «Талапкер» ДБ қалыптастыру үшін қажетті құжаттармен қамтамасыз ету:
өтініш бланкілері;
мектептер, кәсіптік мектептер (лицей) және колледждер, ұлттар, азаматтық, облыстар және аудандар анықтамалықтары (бұдан әрі – анықтамалық құжаттар);
-
«Базалық ЖОО», «Желілік ЖОО» АЖО-лары бағдарламалық қамтамасыз етуді өңдеу, орнату және оны алып жүруді ұйымдастыру;
-
базалық ЖОО-да өтініш бланкілерін сканерлеу процесін қадағалау;
-
ТКТ-ға қатысатын талапкерлер саны туралы күнделікті статистикалық мәліметтерді жинау және қалыптастыру;
-
«Талапкер» ДБ жабуды ұйымдастыру;
-
ТКТ-ға қатысатын талапкерлер саны туралы қорытынды статистикалық мәліметтерді жинау және қалыптастыру.
-
Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңіндегі функциясы:
-
Министрлік өкілдері мен программистерінің, апелляция комиссия төрағаларының ДБ құру;
-
Министрлік өкілдері мен программистеріне, апелляциялық комиссиясының төрағаларына ТКТ ұйымдастыру туралы Министрлікпен біріге отырып, оқытуды ұйымдастыру;
-
емтихан материалдарын дайындау және базалық ЖОО-ға дейін жеткізу;
-
Министрлік өкілдерін, программистерін және апелляциялық комиссия төрағаларын нормативтік құқықтық актілермен, сертификаттармен және «Министрлік программисі», «Сканерді тексеру», «Сертификат» АЖО-лары бағдарламаларымен қамтамасыз ету;
-
Министрлік өкілдерін, программистерін және апелляциялық комиссия төрағаларын базалық ЖОО-ға дейін жіберу;
-
Тестілеуді өткізу кезеңіндегі функциясы:
-
ТКТ-ның өту процесін бақылау;
-
нұсқалар файлы, дұрыс жауаптар кодын қалыптастыру және телекоммуникациялық желі арқылы базалық ЖОО-ға жіберу;
-
дұрыс жауаптар кодын ашу үшін парольдер беру;
-
телекоммуникациялық желі арқылы апелляцияны есепке алмағандағы статистикалық мәліметтерді жинау.
-
Апелляцияны өткізу кезеңіндегі функциясы:
-
республикалық апелляциялық комиссияның (бұдан әрі – республикалық комиссия) жұмысы үшін жағдай жасау;
-
апелляциялық комиссиядан өтініштерді республикалық комиссия үшін телекоммуникациялық желі арқылы қабылдау;
-
республикалық комиссия шешімін базалық ЖОО-ға телекоммуникациялық желі арқылы жіберу;
-
апелляцияны есепке алғандағы статистикалық мәліметтерді телекоммуникациялық желі арқылы жинау.
-
Сертификатты басып шығару және беру кезеңіндегі функциясы:
1) «Сертификат» АЖО-сы бағдарламалық қамтамасыз етуді алып жүру;
2) телекоммуникациялық желі арқылы базалық ЖОО-дан қорытынды файлды алу.
-
ТКТ қорытындысы бойынша Министрлік өкілдерінің есептерін жинайды және талдау жасайды.
-
Аудиториялық қорды қалыптастыру кезеңіндегі функциясы:
-
осы нұсқаулықтың 9-қосымшасына сәйкес базалық ЖОО-ның аудиториялық қорын базалық ЖОО-ның басшысымен және ҰТО-мен бірге жоспарлау және келісу;
-
ҰТО-ға телекоммуникациялық желі арқылы «Аудиториялық қор» мәліметтерін жіберді ұйымдастыру.
-
«Талапкер» ДБ қалыптастыру кезеңіндегі функциясы:
-
«Талапкер» базасын құру үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатуды ұйымдастыру;
-
техникалық хатшыларды оқытуды ұйымдастыру;
-
желілік ЖОО-ны нормативтік құқықтық актілермен, анықтамалық құжаттармен, өтініш бланкілерімен, тіркеу журналдарымен қамтамасыз ету;
-
ақпараттық стендтерді дайындау;
-
өтініш бланкілерін сканерлеуді және базаға өзгерістер енгізуді ұйымдастыру;
-
техникалық хатшыларға рұқсаттамаларды беруді ұйымдастыру;
-
«Талапкер» ДБ жабуды ұйымдастыру.
-
Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңіндегі функциясы:
-
әрбір лекке сәйкес аудиториялар бойынша папкалар дайындайды. Папкалар талапкерлерді аудиториялар бойынша кіргізуді ұйымдастыруда қолданылады. Папкада: осы нұсқаулықтың 1, 10-қосымшаларына сәйкес осы аудиторияға бөлінген талапкерлердің рұқсаттама түбіртектері мен аудиториялық тізімі болады.
-
мемлекеттік комиссиямен біріге отырып аудиторияларды тестілеуге дайындайды. Әрбір аудитория аудиториялық қорға сәйкес нөмірленеді (01,02,03,..). Дәліздерде аудиторияға бағыттау белгілері қойылады. Аудиториядағы отырғызу орындары осы нұсқаулықтың 11-қосымшасына сәйкес аудиториялық қорда көрсетілген схемаға сәйкес нөмірленеді.
-
техникалық жабдықтардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
-
талапкерлердің мәліметтеріне өзгерістер енгізу журналын осы нұсқаулықтың 12-қосымшасына сәйкес Министрлік программисіне беруді ұйымдастырады.
-
Тестілеуді өткізу кезеңіндегі функциясы:
-
талапкерлерді жинап және аудиторияларға бөліп кіргізуге арналған сыртқы есіктің алдындағы тәртіптің сақталуын бақылайды және ұйымдастырады;
-
талапкерлерді аудиториялар бойынша кіргізуді ұйымдастырады;
-
дұрыс жауаптар коды мен апелляция нәтижесі есепке алынбаған емтихан ведомосін ілуді ұйымдастырады;
-
статистикалық мәліметтерді телекоммуникациялық желі арқылы жіберуді ұйымдастырады.
-
Апелляцияны өткізу кезеңіндегі функциясы:
1) мемлекеттік комиссиямен бірге апелляциялық комиссияның жұмысына жағдай жасайды;
2) апелляцияны есепке алғандағы емтихан ведомосін ілуді ұйымдастырады.
-
Сертификатты басып шығару және тарату кезеңіндегі функциясы:
1) сертификаттарды басуды ұйымдастырады;
2) сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін осы нұсқаулықтың 13-қосымшасына сәйкес Министрлік өкілінен акт бойынша қабылдайды;
3) сертификаттарды және сертификаттарды тарату тізілімін желілік ЖОО-ның жауапты хатшыларына береді;
4) желілік ЖОО-ның жауапты хатшысынан талапкерлердің қолдары қойылған сертификаттарды тарату тізілімін осы нұсқаулықтың 14- қосымшасына сәйкес акт бойынша қабылдайды.
-
Тестілеуді өткізу туралы есеп беру кезеңіндегі функциясы:
1) Министрлік өкілінен емтихан материалдарын қабылдайды;
2) ҰТО-ға ТКТ-ны ұйымдастыру жөнінде атқарылған жұмыстары бойынша есептің қағаздағы және электрондық нұсқасын телекоммуникациялық желі арқылы береді.
5. Желілік ЖОО жауапты хатшысының функциялары
-
-
«Талапкер» ДБ қалыптастыру кезеңіндегі функциясы:
-
базалық ЖОО-да өтініштерді қабылдау, өтініштер бланкісін толтыру және өтініштерді тіркеу журналын жүргізу бойынша дайындықтан өтеді;
-
базалық ЖОО-дан нормативтік, нұсқамалық және анықтамалық құжаттарды, өтініш бланкілерін, өтініштерді тіркеу журналын алу;
-
программист пен техникалық хатшыларды жұмыс орнымен және анықтамалық құжаттармен қамтамасыз ету;
-
техникалық хатшыларды өтініш қабылдауға үйрету;
-
өтініш бланкілерін базалық ЖОО-на сканерлеуге әкелу;
-
осы нұсқаулықтың 15, 16, 17-қосымшаларына сәйкес басылып шығарылған нысандарды алу;
-
ДБ өзгерістерді енгізуді ұйымдастыру;
-
талапкерлерге рұқсаттаманы беруді ұйымдастыру;
-
ДБ жағдайын бақылау;
-
өтініштерді тіркеу журналын жабу;
-
ресімделген түбіртектерді базалық ЖОО-ның жауапты хатшысына беру.
-
-
Сертификаттарды басып шығару және беру кезеңіндегі функциясы:
-
сертификаттар, сертификаттарды тарату тізілімі мен емтихан ведомосін базалық ЖОО-ның жауапты хатшысынан қабылдау;
-
талапкерлерге сертификаттарды беруді ұйымдастыру;
-
талапкерлердің қолдары қойылған сертификаттарды тарату тізілімін базалық ЖОО-ның жауапты хатшысына береді.
6. Базалық ЖОО программисінің функциялары
-
«Аудиториялық қор» ДБ қалыптастыру кезеңіндегі функциялары:
-
техникалық жабдықтардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
-
аудиториялық қорды қалыптастыру үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату;
-
ҰТО-ға «Аудиториялық қор» мәліметтерін телекоммуникациялық желі арқылы жіберу.
-
«Талапкер» ДБ қалыптастыру кезеңіндегі функциясы:
-
«Талапкер» ДБ құру жұмыстары үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату;
-
техникалық хатшылар үшін нормативтік құқықтық актілерді және анықтамалық ақпараттарды ҰТО-дан телекоммуникациялық желі арқылы алу және дайындау;
-
желілік ЖОО программистерін АЖО-лармен жұмыс істеуге үйрету және оның жұмысын бақылау;
-
тіркеу журналдарын басып шығару және беру;
-
өтініш бланкілерін сканерлеу;
-
осы нұсқаулықтың 15, 16, 17 - қосымшаларына сәйкес техникалық хатшыларға шығыс нысандарды басып шығару және беру;
-
«Талапкер» ДБ жабу;
-
рұқсаттамаларды басу;
-
базалық ЖОО-ның өтініштер журналын беру осы нұсқаулықтың 18-қосымшасына сәйкес;
-
өтініштерді қабылдау барысы туралы күнделікті статистиканы телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жіберу;
-
«Талапкер» ДБ сақтауды қамтамасыз ету және Министрліктің программисіне беру.
-
Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңіндегі функциясы:
-
техникалық құралдардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
-
талапкерлердің мәліметтерін өзгерту журналын Министрлік программисіне береді;
-
ҰТО-ға қажетті мәліметтерді телекоммуникациялық желі арқылы жіберу.
-
Сертификаттарды басып шығару және беру кезеңіндегі функциясында Министрлік программисіне осы нұсқаулықтың 19-қосымшасына сәйкес сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін басып шығару кезінде көмектеседі.
7. Желілік ЖОО программисінің функциялары
-
«Талапкер» ДБ қалыптастыру кезеңіндегі функциясы:
-
желілік ЖОО программисінің АЖО-сын инсталляциялау;
-
желілік ЖОО-ның ерекшелігіне қарай бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындау және келтіру;
-
өтініштерді тіркеу журналын қалыптастыру және беру;
-
желілік ЖОО-ның техникалық хатшысының журналын осы нұсқаулықтың 20-қосымшасына сәйкес қалыптастыру және беру;
-
өтініштер бланкілерін сканерлеудің есебін, рұқсаттамаларды тарату тізілімін күнделікті қалыптастыру және беру;
-
өтініштерді қабылдау барысы туралы статистиканы күнделікті қалыптастыру және беру.
Достарыңызбен бөлісу: |