Тамақ өндірісінің жіктелуі


Алдын-ала даярлау кәсіпорындарына



бет21/23
Дата06.09.2023
өлшемі224.71 Kb.
#476728
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
file-8164 (14)

Алдын-ала даярлау кәсіпорындарына алдын-ала даярлау фабрикалары, жартылай фабрикаттарды өндіру жөнінде маманданған цехтар, аспаздық фабрикалар мен тез мұздатылған өнімдер фабрикасы жатады.

Алдын-ала даярлау-фабрикалары – кең ассортиментте жартылай фабрикаттарды өндіру мен онымен толық даярлау кәсіпорындарын, бөлшек сауда және аспаздық дүкендерін кешенді жабдықтауға арналған кәсіпорындар. Алдын-ала даярлау-фабрикаларының қуаты тәулігіне өңделетін шикізат тоннасымен анықталады. Алдын-ала даярлау-фабрикаларында жоғары өнімділікті жабдықтар, соның ішінде ет, балық, көкөністерді өңдеу бойынша механикаландырылған желілер, ет пен құс етін жібітуге арналған дефростерлер; қуатты тоңазыту жабдықтары әрекет етеді. Алдын-ала даярлау фабрикаларында өнімдер мен шикізатты тасымалдауға арналған транспортерлер мен ілмелі механикаландырылған желілері бар қойма шаруашылығы; ет, құс өңдеу, балық, көкөніс, аспаздық және кондитерлік цехтары, экспидиция және жартылай фабрикаттар мен аспаздық өнімдерді басқа кәсіпорындарға тасымалдауға арналған функционалды сыйымдылықтарды қолдануға негізделген арнайы көлік бар. Өндірістік цехтар заманауи жоғары өнімділікті жабдықтармен; тез мұздатылған жартылай фабрикаттар мен тағамдарын дайындауға арналған ағынды механикаландырылған желілермен жабдықталған, оларды сақтау үшін төмен температуралы камералар қарастырылған.

Жартылай фабрикаттар комбинаты алдын-ала даярлау-фабрикаларына қарағанда тек ет, құс, балық, картоп және көкөністерден жартылай фабрикаттар өндіреді. Бұндай кәсіпорынның қуаты тәулігіне 30 т дейін шикізат өндіретін кәсіпорын болып жобаланады.
Алдын-ала даярлау фабрикалары, жартылай фабрикаттар комбинаты негізінде фабрика-ас үйлер, тамақтану комбинаты, аспаздық саудалықөндірістік бірлестіктер құрылуы мүмкін.


Фабрика-ас үйлер – негізінен түскі ас өнімін, аспаздық және кондитерлік өнімдерді өндіретін және маманданған көлікпен толық даярлау кәсіпорындарына жеткізетін ірі механикаландырылған кәсіпорындар. Фабрикаас үйлер басқа алдын-ала даярлау кәсіпорындарынан олардың ғимаратында асхана, мейрамхана, кафе немесе дәмхана орналасу мүмкіндігімен ерекшеленеді. Фабрика-ас үйлер құрамына негізгі цехтардан басқа алкогольсіз сусындарды, кондитерлік өнімдерді, балұздақты, тоңазытылған және тез мұздатылған тағамдар өндіретін цехтар кіруі мүмкін. Фабрика-ас үйдің қуаты – аусымына 10-15 мың тағамға дейін.

Аспаздық фабрика мен тез мұздатылған өнімдер фабрикасы – индустриалды әдіспен дайын тағамдарды өлшеп және буып-түюмен дайындайтын кәсіпорындар.

Жартылай фабрикаттарды өндіретін маманданған цехтар – әртүрлі жартылай фабрикаттар ассортиментін өндіруге маманданған цехтар. Көбіне олар тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары ішінде орналасады.

Маманданған аспаздық цехтар – ірі қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны құрамында ұйымдастырылатын цехтар. Олар аспаздық дүкендері мен басқа өткізу каналдары бойынша өткізуге арналған ет, балық және т.б. аспаздық өнімдерді дайындауға тағайындалған. Шикізатты өңдеу желілері және жартылай фабрикаттарды өндіру желілері қолданылады, ауыр тиеу-түсіру жұмыстары механикаландырылады.

Борттық тамақтану цехы. Цех аэропортта самолетке жинақтау, қысқа мерзім сақтау және өткізуге арналған тағамдарды дайындау үшін ұйымдастырылады.

Мектеп аспаздық фабрикасы – мектеп асханалары мен буфеттеріне аспаздық өнімдер өндіру мен жабдықтауға арналған алдын-ала даярлау кәсіпорны.

Қоғамдық тамақтандыру комбинаты – бірыңғай тағам даярлау технологиясы бар алдын-ала даярлау және толық даярлау кәсіпорындары, аспаздық дүкені мен әртүрлі қосалқы қызметтерінен (зауытта) тұратын өндірістік-шаруашылық кешен. Жоғары механикаландырылған жабдықтары бола отырып, тамақтану комбинаты басқа қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына жартылай фабрикаттарды өндіру және жабдықтауды қамтамасыз етеді. Тамақтану комбинатының бірыңғай өндірістік бағдарламасы, бірыңғай әкімшілік басқаруы, ортақ қойма шаруашылығы бар. Тамақтану комбинаты әдетте өндірістік кәсіпорын территориясында оның контингентіне қызмет көрсетуүшін құрылады, сонымен қатар жанындағы тұрған аймақтар халқына, жақын орналасқан ұжым қызметкерлеріне қызмет көрсетуі мүмкін. Тамақтану комбинаты сонымен қатар жалпы студенттер саны 5 мыңнан астам ірі жоғары оқу орнында құрылуы мүмкін. Сонымен қатар мектеп тамақтандыру комбинаттары болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет