Инфрақызыл спектрометрия
Инфрақызыл спектроскопия (ИҚ) тамақ өнімдерін сандық және сапалық талдаудың жаңа физикалық әдістерінің бірі. Осы әдіс органикалық заттар құрылымы және құрамы туралы жеткілікті толық ақпарат алуға мүмкіндік береді. ИҚ-сәулелендіру сүт өнімдерінің май қышқылды құрамын зерттеу үшін, әртүрлі тамақ өнімдерінде пестицидтерді анықтауда кеңінен қолданады, тағамдық бояғыштар талдауда, өсімдік және жануар шикізатын өндеу кезіндегі технологиялық үрдістерді бақылау үшін қолданады.
Осы кезге дейін 20 000 астам қосылыстардың инфрақызыл спектрі зерттелді және жүйелендірілді. Бастапқы орташа мәліметтер алу үшін көптеген сипаттамалық жиіліктердің спектральді шектері көрсетілген Колтуп деп аталатын картасы жиі қолданады. Соңғы шешімдерге келу үшін спектрді жете талдау қажет етеді. Кейде сапалық талдау есебі қарапайым белгілі қосылыстар және талданатын заттар спектрін салыстырумен шешілуіде мүмкін.
Инфрақызыл спектр бойынша сандық талдау Бугер-Ламберт-Бер заңын қолдануға негізделген. Осындай көбінесе градуировкалы график әдісі қолданады.
ИҚ-спектроскопияны қолдану тамақ өнімдерінің күрделі компоненттерін хроматографиялық бөлуден кейін таза заттар идентификациясын өткізуде қосымша әдіс ретінде едәуір пайдалы болады. Органикалық қосылыстың инфрақызыл спектрі заттардың бір таңбалы физикалық қасиеттердің бірі болып келеді. ИҚ-спектр балқу температурасы, сыну және тығыздық көрсеткіштеріне қарағанда едәуір дұрыс сипаттайды. Анықталатын үлгімен белгілі үлгіні салыстыру қажет етпейді, жарияланған сіңіру қисықты алынған спектрмен салыстыру ғана қажет. Затты идентификациялау үшін анықталатын зат органикалық қосылыстардың қай класына жататының білу керек.
ИҚ-спектроскопия әдісі тамақ өнімдерінде А, К, В1, В2, В6, С дәрумендерін, никотин қышқылын, токоферолдар және каротиндерді анықтау үшін қолданады. ИҚ-спектроскопия хроматография комбинациясында ароматтық заттар және кейбір органикалық қосылыстарды зерттеу үшін қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |