Зейіннің көлеміөте шектеулі уақыттың ішінде зейіннің қамтыған нысандарының санымен сипатталады. Колеміне қарайзейін тар немесе кең болуы мүмкін. Зерттеуші неғүрлым көп нысанды қамтыса, солғүрлым сол сәтте оның зейіні кең келеді. Зейіннің көлемін анықтау үшін тахистоскоп деп аталатын ерекше аспап қолданылады. Осы аспаптың көмегімен көру арқылы қабылданатын нысандарды экран арқылы тез арада көрсетуге болады және аз уақыт өткеннен кейін экран жабылып қалуы мүмкін.
Адамның зейіні бір объектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ турактай алса, оны зейіннің тұрақтылығыдейді. Зейін тұрақты және тұрақсыз болуы мүмкін. Тұрақты зейін дегеніміз ұзақ уақыт бойы белгілі бір нысанда зейінді шоғырландыра білуді айтады. Егер белгілі бір іс-әрекет үрдісінде қысқа мерзім ішінде зейін басқа қажет емес заттарға бөлінсе, тез арада әлсірейді және сөніп қалады, осындай зейінді тұрақсыз зейін деп атайды.
Өтеәлсіз зейінді алаңғасарлықдеп атайды. Алаңғасар адам белгілі бір нысанға зейіннің шоғырлануына қабілеті болмауымен сипатталады. Алаңғасар адамның зейіні еріксіз бір нысаннан екінші нысанға ауысып отырады, олардың бірде-біріне тұрақтамайды. Алаңғасарлық жағдайды мектеп оқушыларының омірінен байқауға болады. Алаңғасарлық үлкен адамдарда да кездеседі, мысалы шаршағанда, жүйке ауруларымен ауырғанда байқалады. Мектепте алаңғасар шәкірттер кездеседі. Олар әр уақытта бір орнында отыра алмайды, бірде-бір нысанға зейінін жинақтай алмайды.
№4 Ойлау. Сөйлеу
Ойдың мазмұндылығы заттар мен құбылыстар, шындықтың салалары туралы сананың пікірлермен және ұғымдармен жеткілікті болу дәрежесін айтамыз. Адамда неғұрлым ой көп болса және неғұрлым әртүрлі болса, соғұрлым оның ойлауы мазмұнды және бай келеді. Бірақ ойлаудың мазмұндылығы тек бар ойлаудың сапалық жағымен ғана сипатталып қоймайды, сонымен қатар осы ойлауда бейнеленеді. Сондықтан да ойдың мазмұндылығына тек байлығы емес, сонымен қатар оныңтереңдігі жатады.
Ойлаудын тереңдігі ойлауда ерекше маңызды қасиеттер мен салалар, ерекше маңызды байланыстар мен қатынастарбейнеленеді. Ойлаудың тереңдігі мен мазмұндылығы ойдыңкеңдігімен де өлшенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |