Қорқыныш - фобия деп аталады. Фобия рационалды таным патологиясын зерттеу кезінде қарастырылады.
Нозофобия - адамның өлуіне алып келетін қорқыныш түрі. Олімнен қорыққаннан туатын ой - танатофобиядеп аталады. Ал социофобия - қарым-қатынас арқылы туатын қорқыныш болса, лалофобия- сахнаға көпшілік алдына шығудан қорқыныш.
Сандырақ ойлар - ойлаудың ең сапалы бұзылуларының бірі. Бұл шындыққа жанасымсыз ой тұжырымдау мен ойлау. Сандырақ психикалық аурудың басты белгісі ретіндегі психоздың формальды белгісі болып табылады. Адамның кәдімгі қателесуінің сандырақтан айырмашылығы мынада:
1. Ол әрқашан аурудан пайда болады, бұл аурудың симптомы.
2. Адам өзінің түсінігінің, ойының қате екенін анық біледі.
3. Сандырақ ешқандай сендіруге, коррекцияға берілмейді.
4. Ауру адам үшін сандырақ өте маңызды рөл ойнайды. Ол адамның мінезіне әсер етеді. Сандырақтап тұрған ауру адамды ешқандай фактілік дәлелдеулермен де көндіре алмаймыз.
Клиникалық ереже бойынша ойларды төрт үлкен топқа бөлугеболады:
1. Қудалау сандырағы
2. Ұлылықсандырағы
3. Озін-өзі кемсіту сандырағы
4. Аралас сандырақ
Қудалау сандырағы - аурудың соңынан біреудің аңдып жүргенімен сипатталатын сандырақ түрі. Қудалау сандырағы байқалған ауру адам басқаларды көзін қысып, күліп өзіне шақырады. Мұндай науқастар қоғамдық ортада жүрмейді. Оларәрқашан өзінен - өзі күліп қарайды. Немесе түсініксіз сөздерайтып күле береді.
Ұлылық сандырағы- өзін-өзі жоғары бағалаумен сипатталатын сандырақ. Мысалы: жаңалық ашу, ұлылық байлық,махаббат сандырағы.
Махаббат сандырақ.Өзіне өзгенің қатты ғашық болғанын сену. Мәселен, мұндай адамдар ғашығымен кездесуге асығы тұрады. Оның мінезін, ойын, қандай екенін үнемі бақылай жүреді. Ендігі бір ұлылық сандырағының түрінде адам әліболмаған құбылысты салтанатты түрде болды, өтті деп есептейді.
Өзін-өзі кемсіту сандырағы.(Депрессивті сандырақ) өзін-өзі кемсіту, өзін кінәлау, өзін-өзі күнәhар ету формасында болады. Кінәлі болмаса да өзін айыптайтын ауруы бар адамдар өзінің істегенімен, тек өзінің ғана емес өзгенің де өмірін күл талқан еттім деп ойлайды. Ол үшін олар қандай болсын жазаға дайынмын дейді. Әдетте бұл сандырақ психоз ауруына жақын.
Достарыңызбен бөлісу: |