Танымдық психикалық үрдістер



бет15/75
Дата15.03.2022
өлшемі149.72 Kb.
#456291
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   75
стом

Диалогтік сөйлеуде адамға қойылатын ең басты міндеттердің бірі - өзінің әріптестерінің айтқандарын соңына дейін тыңдау, оның сауалдарын түсіну және оған жауап бере білу.
Монологтік сөйлеуқарым-қатынас тәжірбиесінде ерекшеорын алады және әр түрлі ауызша және жазбаша сөйлеген сөзде мен баянамаларда байқалады. Сөйлеудің монологиялы түрлеріне лекциялар, баяндамалар, жиналыстарда сөйлеге сөздер, хабарландырулар, бұйрықтар мен көптеген басқа да ауызша және жазбаша хабарлар жатады. Монологтік сөйлеудің жетістігі аудиториямен қажетті байланысжасау ептілігіне байланысты. Жазбаша сөйлеу ауызша сөйлеу сияқты қарым-қатынасты сондай қызметін атқарады. Бірақ ой алмасу ауызша және жазбаша сөйлеуде әртүрлі тәсілдермен және құралдармен іскеасады. Жазбаша сөйлеу графикалық түрде, жазба белгілердің (әріптердің) көмегімен бейнеленеді.
Іштей сөйлеу деп дауыс шығармай, әр уақытта да ойлау үрдісінде қолданылатын сөйлеуді айтамыз. Іштей сөйлеу адамға ана тілінің негізінде дауысын шығарып қатты сейлемеген кезде, іштей ойлауға мүмкіншілік береді. Адам қай тілде сойлесе, солтілде ойлайды. Адам ауызша және жазбаша сейлеместен бұрын іштей дауысын шығармай сөйлей алады, демек бұл - іштей сөйлеу.
Интеллект ұғымына — жиналған тәжірибе, білім, тәжірибеде қолдана білу қабілеттілігі жатады.
Интеллект барлық психикалық процестерін, яғни ойлау назар, жады т.б тұтастырып қарайды. Интеллект туралы айту үшін алдымен қабілеттілікті білу қажет.
Психикалық қызметтің бірлігін айта отырып, қазіргі психология психиканы «психикалық үрдістердің» жәй қосындысы деп қарамай, оларды жағдайға байланысты жекелейді. Бұл жағдайдың көбінесе интеллектке қатынасы бар. Интеллект жеке психикалық үрдіс емес. Интеллекет туралы айта отырып, психикалық үрдістердің бірлігіне ерекше коңіл аудару керек. Интеллекттің алдыңғы себептері ретінде ес пен назарды айтуға болады. Сондықтан, ес интеллекттің ең басты емес, бірақ маңызды шарты. Осы жағдайды сөйлеген кезде «менің есім нашар» - деп айтылады. Ешкім де «менің ақылым нашар» - деп айтпайды.
Бала кездегі назардың сапасы, тұрақтылығы, шоғырлану қабілеттігі интеллект дамуына әсер етеді.
Білім көлемі интеллекттің ең маңызды құраушысы болып табылады.
Білім неғүрлым жоғары болса, интеллект деңгейі соғүрлым жоғары болады. Бар білімді жағдайға қарай қисынды түрде пайдаланудың маңызы зор. Бірақ, адамның байымдау мен қорытынды шығару қабілеті ойлау - деп аталады.
Сондықтан, интеллекттің алдыңғы себептері ес пен назар болса, ал оның ойлаумен тікелей байланысы бар. Белгілі бір жағдайға байланысты білімді пайдалану арқылы өткір анализ және синтез арқылы байымдау мен қорытынды шығару жоғарғы түрдегі интеллекттің қасиеті деп санауға болады.
Қабілеттілік - адамның қасиеті. Ол білімді тез және жеңіл меңгеруіне, дағды мен ептілікті үйренуіне көмектеседі. Қабілеттілік интеллектке қарағанда кеңірек психикалық құбылыс. Қабілеттілік барлық уақытта, белгілі бір уақытта болады. Мысалы, білімге, музыкаға, техникаға және оны тәжірибеде қолдануға т.б. Интеллект басқа да қабілеттіліктер сияқты тұрақты көрсеткіш емес, қабілеттіліктің негізінде биологиялық, гендік түбір жатады. Оны жетілдіру өмір бойы, әсіресе балалық және жастық шақта жүреді. Ол өмір сүру жағдайына, тәрбиеге, уйретуге, оқытуға байланысты дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет