Псевдореминисценция - науқас өмірінде болған оқиғалардың уақытын шатастырады.
Зейіннің (назар) бұзылулары
Зейіннің бұзылулары қарттарда, жүйке және психикалық ауруларда жиі кездеседі. Зейіннің негізгі қасиеттері өзгереді. Көбінесе науқастар назардың қиын шоғырлануына шағымданады.Зейінсіздік деп назар тұрақтылығының бұзылуын айтамыз.
Оның 3 түрі бар.
1түрі балаларда кездеседі. Зейін еріксіз оңай аударылуымен сипатталады.
2 түрі қарттарда кездеседі. Зейін әлсіз интинсивтігімен сипатталады.
3түрі ғалымдарда кездеседі. Қиын назар аударылуымен сипатталады. Ойлардың терең концентрациясында бір ғана жаңалық пайда болады деп айтуға болады.
Ойлаудың бұзылуы психикалық ауруларда жиі кездесетін аурудың түрі. Аурудың диагнозын қояр кезде психиатр ойлаудың бұзылуының түрлерін басшылыққа алады. Патология симптомдары әр қилы болып келеді. Ойлаудың бұзылуыформасы мен мазмұнына қарай жіктейді. Ойлаудың бұзылын
формасына темптің бұзылуы жатады. Ауруда көп ойлар болғанымен, оны айта алмайды, үлгермейді. Адам миында эр түрлі ойлардың тууы соншалықты, тіпті ортақ магынаны түсінбей қалуы да осыған қатысты.>
Патологиялық түсініктер: жабысқақ, қалыптан тыс құнды ойлар және сандырақ ойлар ретінде болады. Жабысқақ ойлар ауырған адамның санасын жайлап, ол сын көзімен қарап күресіп, тырысқанымен бұл ойдан құтыла алмайтын жағдайға келеді.
Қалыптан тыс құнды ойлар - негізінде шындығы бар ойлар, бірак та оларға қалыптан тыс мән беру.
Ойлаудың мағыналық жақтан бұзылуына қалыптасқан жоғары бағалы сандырақтау ойлары жатады. Қалыптасқан жағдайдаоларда қорқынышты ойлар, күмәнданулар орын алады.
Бұл ойлардан ауру адам құтыла алмайды. Бірақ ондай ой сау адамдарда да кездесе береді.
Аталмыш ойлар маңызды сұрақтардан тұрады. Мәселен, неге адамның екі аяғы, иттің төрт аяғы бар. Бұл адамның еркімен болатын әрекет.
Қалыптасқан ой формасы: мысалы, көшеде не көрінсе соны санай беру - терезелерді, баспалдақтарды санау.
Күмәндану - бұл да сенімсіздіктен болатын қалыптасқан ойдың түрі. Ауру адам өз ойына күмәнданады. Мәселен, үйіне қайта оралып, терезе жабылды ма жоқ па, есік жабылды ма жоқ па деп тексеріп көру үшін қайта- қайта барады. Өзінің әрекетінің біткеніне күмәнді оймен қарайды.
Достарыңызбен бөлісу: |