Қабілеттілік деп адамның белгілі бір жұмысты нәтижелі орындауға икемділігін айтады. Қабілет білімді тез және жеңіл меңгеруіне көмек береді. Қабілеттіліктің негізінде биологиялық існдік түбір жатады. Қабілеттілікті жетілдіру өмір бойы әсіресе балалық және жастық шақта жылдам жүреді. Интеллект дамуы сыртқы ортаға, тәрбиеге, өмір сүру жағдайына байланысты болады.
Егер адамның қабілеттілігі жақсы дамыған болса, біріншіден оны басқалармен салыстырғанда қолға алған істі тез және табысты меңгеріп, сол әрекетке лайық дағдыны игереды. Екіншіден, белгілі бір деңгейде жетістіктерге жетеді.
Адамның даралық ерекшеліктеріне оның ерекше қабілеттеріжатады. Арнайы жүргізілген зерттеулер бойынша көпшілік адамның қабілеті ата тегіне, яғни тұқым деген қөзқарастықолдайды. Бұл көзқарас бойынша әр адамның қабілеті оған туаберілетін өзіндік табиғи қасиет.
Бірақ қабілеттілік адамда тек туа пайда болды деп айта алмаймыз. Ол өмір тәжірибесі, тәлім - тәрбие нәтижесінде дамиды.
Адам қабілетінің даралық ерекшеліктеріне - талант, дарындылық, данышпандықсияқты қасиеттер жатады.
Талант- бұл адамның белгілі бір істі өз бетімен жәнеойдағыдай орындауға қабілеттіктердің қиысып келуі. Кейде балаларда математикалық және техникалық таланттары өте ерте аңғарылды.
Талантты адамдар шығармашылық қызметке ерекшеқабілеттілік аңғартады. Әдебиет пен өнер саласында құндышығармаларды дүниеге әкеледі, ғылым мен техника саласындакүрделі теориялық және практикалық міндеттерді ойдағыдай шешуге қабілетті.
Дарындылық- адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандайда бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі. Қоғамдық өмірде, ғылымда, әдебиетте, өнердежәне т.б. жаңалықты аша білетін дарынды адамдар. Қазақ халқының ғүлама ойшылдары Абай, Шоқан, Ыбырай, Мұқтар, Қаныш – сирек кездесетің дарынды тұлғалар. Дарынды тұлғалардың қатарына А.С.Пушкинді, М.В.Ломоносовты жатқызуға болады.
Данышпандық(гений) таланттың, дарындылықтың және адамның ақыл ойы мен іс-әрекетінің ең жоғары дәрежесіне көтерілуі.
№5 Танымдық психикалық үрдістердің бұзылуы
Достарыңызбен бөлісу: |