Түпкілікті(реалдық) топқа кірген жеке тұлға бір-бірімен тығыз эрекетке және қатынаста болады. Оған мектеп сыныбы, эскери болімше, өндірістік бригада, спорт командасы, купедегі жолаушылар жатады.
Топтар ресми және ресми емесболып болінеді: ресми топ штаттық кесте, жоғары немесе басқа ресми құжаттардың негізінде қүралады. Мысалы, студенттер тобы, мектеп мүғалімдері мен қызметкерлерінің штаты - осының барлыгы ресми топтарды қайта озгертуге болады, бірақ тағы да белгіленген бүйрық шешім, заң негізінде іске асады.
Үлгілі топ(референттік). Үлгілі топ - бүл шындық немесе қияли топ, оның козқарасы ережелері жеке тұлға үшін үлгі болып табылады. Үлгілі топқа кірген жеке тұлға, оның талаптарын, қүндылықтарын мойындайды, оны қолдайды, ең үлгілі топ деп есептеледі.
Үлгілі емес топ(референттік емес) - бүл топтың психологиясы мен мінез-қүлқы жеке тұлға үшін жат немесе ешқандай да мэні жоқ.
Барлық топтарды жоғары дамығанжәне әлсіз дамығандеп боледі. Әлсіз дамыған шағын топтардажеткілікті психологиялық ұйымшылдық яғни іскерлік және жеке озара қарым-қатынас қалыптаспаған.
Жоғары дамыған шағын топтардың ішінде екі үлкен тобы қалыптасқан. Өлар - корпорациялар мен ұжымдар. Олардың көптеген ортақ белгілері бар. Корпорацияларға тэн іс-эрекет,; қоғам үшін пайдасы аз немесе тіптен зиянды болуы мүмкін.' Дамыған ұжымның әлеуметтік психологиясы, іс-әрекеті сөз жоқ-қоғам үшін жағымды мэні орасан зор. Корпорацияда озара; қарым-қатынастық нормалары индивидуалистік сипатта, бұлі қатынастардың озі жазалау, күмэндану, бір-біріне сенбеуі қорқынышынан құрылған.
Ұжымда оған қарама-қарсы тұлғааралық қатынастар озара бір-' біріне сенушілікке, ашықтыққа, тазалыққа, озара бір-бірін. құрмеггеуге негізделген.
Топ туралы ұғым және оның сипаттамасы
Топ дамуының ең жоғарғы түрі ұжымболып табылады. Социологиялық, психологиялық және педагогикалық эдебиетте кез-келген ұйымдасқан топты ұжым деп атайды: бала бақшасындағы мектепке дейінгілердің тобы, мектеп сыныбы, өндірістік бригада тобы.
Латын созі «коллективус», орысша «коллектив», қазақша «ұжым» деп эртүрлі аударылады, кездейсоқ жиналу, жиын, бірлескен жиналыс, бірігу, ұйымдасу, топ. Бір анығы ұжым - бұл адамдардың тобы.
Ұжымның негізгі қасиеттерінің бірі оның ұйымшылдығыболып табылады. Ұйымшыл ұжым қиыншылықтарды жеңіл меңгеруге қабілетті, жеке тұлғаны дамыту үшін қолайлы мүмкіншіліктер жасай біледі. Жалпы міндеттер мен құндылықтар негізінде ұзақ қызмет істейтін топтарда құндылық - бағдарлы бірлік ретінде топтық ұйымшылдық үрдіс арта түседі.
Қазіргі шындық ұйым қызметкерлерінің ұжымдағы езара арақатынастарын дамытуға оз таңбасын қоюда. XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басында ұйымдағы эрбір адамның тіршілік эрекеті процесінің ролін және жеке алғанда пікірлестердің нақты ұжымы тіпті айқын жарияланды.
Ұжымдағы жақсы шығармашылық микроклиматтың құрылуы, оның мүшелерінің тиімді озара эрекеттесуді жүзеге асыруы үшін ұйымға қойылған міндеттерді шешуде өте маңызды.
Ұжым - бұл ортақ басқарумен бірлескен, бір-бірімен тікелей байланысқан шешімдері мен сұрақтары ортақ топтасқан адамдар тобы. Ұжымда ерекше әлеуметтік-психологиялық процестер айқындалады. Ұжымның мүшесі болып табылатын адам оның эсерін сезінеді. Ол бұл эсерге сәйкес осы ұйымда қызмет шеңберінде өз мінез-құлығын ұйымдастырады. Ұйымды басқару - бұл еңбекшіл ұжымның тіршілік әрекетінің барлық негізгі процестерінің барынша тиімді ұйым құруда оның жетекшісінің мақсатты бағытталған қызметі.
Кэсіпорын қызметінің тиімділігі эсіресе оның жетекшісінен тәуелді болады. Оның басқарудағы атағы мен стилі ұжымда сапалы тұлғааралық және кэсіби қатынастарды құруда маңызды комек көрсете алады. Жетекшінің мінез-құлығы лидерлік басқаруда қаншалықты бейнелі, оң және де жеткілікті демократтық икемді болса, онда соншалықты еңбекшіл ұжымның тіршілік эрекеті процесінің жақсы жағын күтуге болады.
Ұйымшылдық құндылық - бағдарлы бірлік ретінде бұл топтың бағасы, ұстанымы мен бағытының сәйкес келу дәрежесін көрсететін топ ішілік байланыстар жүйесінің сипаттамасы.
Топтардың жіктелуі
Достарыңызбен бөлісу: |