Үлкен топтар- адамдардың тұлғааралық және әлеуметтік тығыз байланыстыратын талап етпейтін шағын топқа қарағанда мемлекет көлемінде омір сүретін қауымдастық. Үлкен топтарда әлеуметтік мінез-құлық нормалары, қоғамдық және мәдени құндылықтар, Дәстүрлер, қоғамдық пікір мен жаппай коңіл-күй қалыптасады. Үлкен топқа жататындар: таптар, қалың бұқара топтары, этностар, жас ерекшелік топтары, діни конфессиялар, партия мен қоғамдық ұйымдар, т.б.
Орта топтар- бұл мекемелер, ұйымдар, эскери болімдер мен құрамалар, территориялық қауымдастықтар.
Шағын топтар- іс-эрекет мақсаты ортақ, кұрамындағы адамдар саны шектеулі және тікелей тұлғалық байланыста бірлескен, соның негізінде топтық тұтастығы туындаған адамдар тобы. Шағын топқа жататындар: отбасы, әскери шағын болімшелер, көршілер қауымдастығы, достар компаниясы, т.б.
Микротоптар - шағын топтардың ішіндегі формалды емес топтар.
Ұйымдасқан топтар - ішкі себептермен пайда болган және өзінің ішіндегі қатаң және билеп-төстейтін коммуникативтік қатынастары бар топтар. Ұйымдаспаған топтар - ішкі себептермен пайда болған және өзінің ішіндегі қатаң емес және билеп- төстемейтін коммуникативтік қатынастары бар топтар.
Формальды емес топтар - тұлғалық таңдаулар мен қызығушылықтар негізінде қалыптасқан.
Ресми топтарға құрылымы сырттан, ресми түрде берілген топтар жатады. Ресми топтар алдын ала қоғамның белгіленген мақсаттарымен, ережелерімен, нұсқауларымен, жарлығымен сәйкес қызмет етеді.
Әлсіз дамыған топтар - белгілі бір топтардың өмір тіршілігінің бастапқы кезеңіндегі формасы.
Жоғары дамыған топтар - жалпы мақсаттары мен қызығушылықтары бұрыннан қалыптасқан, қарым-қатынастары жоғары даму жүйесінде үйымшылдығымен жоғары деңгейде ерекшеленетін топ.
Референттік топтардың қызығушылықтарын, түлғалық құндылықтарын және бағалауларын бағдарға ала отырып, үлгі тұтады.
Референттік емес топтарға адамдар оның мүшесі болып нақты түрде кіреді.
Реалды топтар - бүл адамдардың іс-эрекеттері мен күнделікті өмірлері бірге өтетін топтар.
Шартты топтар - бүл жалпы, мысалы жас, жыныс, т.б. белгілерімен біріккен топтар.
Бастапқы топтар - адамдардың қоғамдағы тікелей алғашқы қарым-қатынасымен өзара эрекеттес болатын топтар.
Ықпал ету түрлері: жетекшілік және озаттық /
Басшылық пен көшбасшылық (озаттық) жеке адамдар арасындағы басқару аспектісі болып саналады, сол арқылы бағыныштылар кәсіпорынның мақсатын, эрі оған жету үшін неғұрлым тиімді және қолайлы ықпал етуді білуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |