Тарау. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар


Білім берудегі ақпараттық технологиялар



бет4/6
Дата01.07.2016
өлшемі0.71 Mb.
#169342
1   2   3   4   5   6

2.2. Білім берудегі ақпараттық технологиялар
Компьютер, телекоммуникациялық және желілік құралдар ақпараттарды қабылдаудағы әдістерді өзгертіп, әртүрлі әрекеттерге жаңа мүмкіндіктерді ашып отырып, қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі оқыту мақсатының көкейкесті және маңызды мәселелеріне қол жеткізеді. Білім берудегі ақпараттық технологиялар оқытуда қолданылатын электронды құралдар мен оларды функционалдау тәсілдерінің жиынтығын анықтайды. Білім беруде қолданылатын бағдарламалық-техникалық құралдардың классификациялық белгілері ретінде мыналарды айтуға болады:

- дидактикалық бағыт;

- бағдарламалық ұсыныс;

- техникалық ұсыныс;

- пәндік аумақта қолданылуы.

Дидактикалық бағыт бойынша классификация

Бағдарламалық-аппараттық комплекстің дидактикалық бағыты бойынша классификация белгілерін кейбір әдебиеттерден кездестіруге болады. Мысалы, үйренушілерге компьютер арқылы берілетін білімді келесідей классификациялау керек. Біріншіден, білімді анықыталған және анықталмаған деп бөлу қажет болып табылады. Ал, кейінірек жасанды интеллект аумағында зерттеулердің дамуымен бұл білімдер артикулденетін және артикулденбейтін болып аталатын болды.

Білімнің артикулденетін бөлімі – бұл үйренушілерге ақпараттарды (мәтіндік, графикалық, бейне, т.б.) бірнеше бөліктерге бөлу арқылы беруге болатын және оңай құралатын білімдер \6\.

Білімнің артикулденбейтін бөлімі – интуиция, өтіл (опыт) негізінде құралған білімдер. Бұл бөлімнің білімі үйренушілерге берілмейтін, практикалық есептерді шығаруда жеке тапсырмаларды орындау кезінде қол жеткізуге болатын іскерлікті, тапқырлықты және адам өтілінің басқа бөлімдерін қамтиды. Білімнің мұндай классификациясына сүйене отырып, оқыту бағдарламалық-аппаратық комплекстерді классификациялауға болады. Осы комплекстер негізінде құралған және білімнің артикулденген бөлімін оқытуда қолданылатын технологиялар декларативтік деп аталады. Декларативтік технологияларға мыналарды жатқызуға болады:

- компьютерлік оқулықтар;

- оқытылатын мәліметтер қоры;

- үйренушілерге белгіленген ақпаратты ұсынатын , дұрыс меңгеруін тексеретін, сақтауға мүмкіндік беретін мәтіндік және бақылау бағдарламалары мен басқа компьютерлік құралдар.

Бағдарламалық-аппараттық комплекстерді құруда және білімнің артикулденбеген бөлімін меңгеруде қолданылатын технологиялар процедурлік деп аталады. Бұл топтың компьютерлік ақпараттық технологиялары білімнің ақпараттарын бірнеше бөліктерге бөліп тексермейді және ақпарат бөліктерін қамтымайды. Олар әртүрлі модельдер негізінде құрылған. Бұл жағдайда компьютерлік ақпараттық технологияларға мыналар жатады:

- қолданбалы бағдарламалар пакеті (ҚБП);

- компьютерлік тренажерлер (КТ);

- зертханалық практикумдер;

- ойындардың бағдарламалы;

- үйренушілерге зерттеу кезінде оқытылатын пән бойынша білім алуына (қосуына) мүмкіндік беретін экспертті-үйрену жүйелері (ЭҮЖ) және басқа да компьютерлік құралдар \7\.

Ақпараттандыру жағдайында білім ұйымдары басшыларының инновациялық кедергілерден шығуы туралы

Қазіргі заман жылдам әрі терең өзгерістермен ерекшеленеді. Білім беру жүйесі ауқымды қоғамдық жұйенің бір саласы ретінде өмірде болып жатқан жаңалықтарды есепке ала отырып өз құрылымын өзгертіп отыруы қажет. Сондықтан педагогикалық инновация бiлiм беру жүйесiн жaңартудың қажеттi факторы болып табылады. Бұл мәселеге көптеген еңбектер арнaлған мәселен, М.С Бургин (2), Н.Д Молахов, Н.И, Лaпин, А.И. Пригожин (5) «инновация», «инновациялық құбылыс» түciініктерінің негiзiн қарастырса, К. Ангеловский (1), В.А. Сластеннв (6), В.С Лазерев, С.,Ц Поляков(4), М.М Поташнвк, от. Хомерики (9) бiлiм саласындағы инновациялық құбылыстардың мазмұнын анықтайды. Инновациялық өзгерiстердiң әлеуметтiк- психологиялық кедергілерi туралы В.И Антошок, в.г Зазыкнна., Р.Л. Кричевский, Л.К Маркова, Н.Р. Юсуфбекова (10) зерттеулерiнде талдаулар жасaғaн \4\.

Fылыми әдебиеттердегi инновациялық мәселелердiң теориялық негiздерiнiң жеткiлiктi зерттелуiне қарамастан бiлiм беру саласын ақпараттандыру iciнe жасaлған тандаулар көрсеткендей, жаңалық мектеп басшылары тарапынан үнемi түciнicтiк табыла бермейдi, кейде педагогтар тарапынан табанды қарсылықтар да кездесiп қалады. Бiлiм ұйымдары басшылары педагогтар тарапынан қалыптасып қaлған кәсптiк стереотип жаңалықты шеттеушілік, жаңашылдыққа ұмтылудың болмауы сиякты кедергiлердi кездестірiп жүp. Бұл бағыттa төмендегідей көптеген қайшылылықтарға тап болуда.

Олар:


 бiлiм беру жүйесiне деген қоғамның объективтi талaптaры мен жүйенiң жaғдайлары арасындағы;

 мектеп жүйесiне енгiзiлiп жатқан өзгерiстер мен оның қалыптасуын дәстүрлi өмip салтын сақтауы арасындағы;

 инновация жағдайында мектептi басқару қажееттіліг мен бiлiм беру саласындағы инновациялық үpдicтi басқару теориясының жоқтығы;

 басқару қызметiнiң дәстүрлi деңгейiн жүзеге асыру мен мектеп пен қоғамның қазiргi қажеттiлiгiне сай жаңашыл шығармашылықпен ойлай алатын басшы-нпаваторлар арасындағы сәйкессiздiк.

Бұл қайшылықтарды тек бiлiм бөлiмдерiнiң арнайы ұйымдастырған жұмысы арқылы ғaнa шешуге болады \23\.

«Инновация» терминi латын тілінен алынған, ол - «жаңару, өзгеру» дегендi бiлдiредi. Бұл түсінік XIX ғасырдағы зерттеулерде пайда болып, белгiлi бiр мәдениеттің кейбiр элементтердің бiрiнен екiншісіне енгiзу дсгендi бiлдiрдi. ХХ ғасырдың 30-жылдарында Еуропада ғылымның жаңа саласы, жаңашылдық ғылымы пайда болып, ал 50 жыдары педагогикалық инноватика қалыпасты. КСРО-да бұл термин ХХ ғасырдың 70 жылдарынан бастап қолданыла бастады. Егер орыс тiлiнiң түсiндiрме сөздiгiне қарасақ онда «жаңалық» сөзiнiң төркiнiнде өмiршендiк немесе тиiмдiлiк тyралы ештеңе айтылмайды, яғни «жаңа» деген жаңадан жасалған, таныс емес, белгiсiз, өткеннің орнына лаық болған деп керсетiлген .

Мектеп басшылары бұл берiлген анықтамаларды сараптай келе жаңалықтың барлығы ылғи да жағымды нәтиже бере бермейдi деген тұжырымға келдi:

- кез келген жаңа дүние мектептiң көкейкеcтi мәселесiн шешуде басты құрал бола бермейдi;

- әрбiр жаңа дүние белгiлi бiр жағдайда ғана туындайды және нақты бiр ғана педагогикалық мәселенi шешуге бағытталады;

- жаңалықты пайдаланушьшар санының көбеюi, жаңа тәжiрибелердiң пайда болуы және оларды игеру жаңалықты меңгерудiң тиiмдi жағдайларын қиындата түceдi.

Әрбip жаңа педагогикалық әдiстiң екі жағы болады: технологиялық-әдісті пайдаланудың өзіндік ерекшелiктерi және жаңалықты игеруге өзіндiк әсер eтyi.\16\

Қазiргi педагогикалық сөздiктер педагогикалық инноватиканы педагогикалық ic-әрекеттiң жаңару үрдiсiн, оның принциптерiн, зандылықтарын, әдic-тәсiлдерiн зерттейтiн сала ретiнде қарастырады, ал педагогикалық инновация деп тәрбие мен бiлiм берудiң тиiмдiлiгiн артгыру мақсатында педагогикалық ic-әрекетке енгiзiлген жаңалыктар деп түсiндіріледi.



Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері. Бағдарламаның мақсаты адам ресурстарын даярлау сапасын арттыру және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының басымдықтары негізінде көп деңгейлі білім берудің ұлттық жүйесін жаңғырту болып табылады.

Бағдарламаның негізгі міндеттері: халықтың барлық жіктері үшін сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету;

білім беруді басқаруды одан әрі демократияландыру негізінде білім берудің ұлттық жүйесінің жұмыс істеуінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;

қазақстандық патриотизмге, төзушілікке, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарына құрметтеуге тәрбиелеу;

мемлекеттік тілді басым дамыту;

отандық дәстүрлер, әлемдік тәжірибе және тұрақты даму қағидаттары негізінде білім берудің мазмұны мен құрылымын жаңарту;

12 жылдық жалпы орта білім беруге көшу;

БХСЖ өлшемдеріне сай кәсіптік білім беру және кадрларды даярлау жүйесін қайта құрылымдау;

оқытудың жинақтаушы кредиттік жүйесіне негізделген кадрларды даярлаудың біртұтас үш сатылы моделін жасау (бакалавриат – магистратура – докторантура);

экономиканың барлық салалары үшін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудың сапасын арттыру;

әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасу;

білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру;

білім берудің бірыңғай ақпараттық ортасын қалыптастыру;

білім беру процесін оқу-әдістемелік және ғылыми қамтамасыз етуді жетілдіру;

білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайту;

білім беруді, ғылым мен өндірісті ықпалдастыру;

білім берудің сапасын арттыру үшін экономика секторларының ресурстарын тартудың тетіктерін жасау;

педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыру, білім беру жүйесін қаржымен, кадрмен қамтамасыз етуді жетілдіру, білім беру менеджерлерін даярлау;

көп деңгейлі үздіксіз білім беру жүйесінде мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның мүдделерінің теңдестігін қамтамасыз ету болып табылады.

Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі алға қойған міндеттерді іске асыру үшін:

білім берудің мазмұнын білім үстемдігі деңгейінен нәтижеге бағдарланған «құзыретті» білімге өзгерту;

білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын, пәндік-кеңістіктегі ортасын және оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуін қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға және оқу-тәрбие процесінің талаптарына сәйкес келтіру \2\;

оқитындардың тілдік, ақпараттық, экологиялық, экономикалық және құқықтық даярлығын күшейту;

білім берудің барлық деңгейлеріндегі кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырудың кәсіптік білім беру бағдарламаларының құрылымын және мазмұнын жетілдіру;

білім беру деңгейлерінің мазмұны мен оқудың ұзақтығы жағынан сабақтастығын қамтамасыз ету қажет \21\.



Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын арттырудың негізгі бағыты балалардың жеке бас мәдениетінің негіздерін, мектепте оқытуға қажетті дағдыларды, мемлекеттік тілді үйренуіне, зияткерлік және эмоциялық дамуына, олардың табиғи және психикалық денсаулығын сақтауға және бекемдеуге жағдай жасау болып табылады.

Халықтың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қызметтеріне деген артып келе жатқан қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында:

түрлі бейінді (дене тәрбиесі-сауықтыру, гуманитарлық, спорттық, эстетикалық, лингвистикалық, экологиялық, ата-аналарды оқыту жөніндегі, мектепке дейінгі жастағы дарынды балалар үшін, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін т.б.) мектепке дейінгі орталықтарды;

отбасылық балабақшаларды;

түзеу және инклюзивті білім беру кабинеттерін;

қысқа мерзімде болу топтары бар жалпы білім беретін мектептер базасындағы мектепке дейінгі шағын орталықтарды;

балалар бөбекжайын, балабақшаларды, бөбекжай бақшаларды;

“мектеп-балабақша” кешендерін;

білім беру ұйымдарының базасында мектепалды топтары мен сыныптарын ашу және олардың материалдық-техникалық базаларын жаңарту үшін нормативтік құқықтық және қаржылық жағдайларды жасау қажет.

Жергілікті жерлерде мектепке дейінгі тәрбие беруді басқару және әдістемелік қамтамасыз етуді тиісті мамандар білім беруді басқару органдарының құрамында жүзеге асыруға тиіс \24\.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын қоғамның өзекті және перспективалы қажеттіктеріне сәйкес ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету үшін “Мектепке дейінгі балалық шақ” республикалық ғылыми-практикалық орталығы құрылады. Орталық мектепке дейінгі білім беруді дамыту стратегиясын әзірлейді және іске асырады, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің қызметін зерделейді және талдайды, мемлекеттік стандарттарды, инновациялық жобаларды әзірлейді, оқу-әдістемелік құралдарына, ойыншықтарға, ойын құралдарына және т.б. сараптау жүргізеді.

Жұмыс берушілердің мемлекеттік емес мектепке дейінгі ұйымдар желісін дамытуға, сондай-ақ ірі кәсіпорындардың жанынан балабақшалар ашуға үлестік қатысуын ынталандыру тетіктерін жасау қажет.

Мектепте оқу үшін тең бастапқы жағдайлар жасау үшін бес жастағы балалар жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдар базасында мектепалды даярлық бағдарламаларымен қамтылады \17\.

Орта білім беру. Орта білім берудің мазмұны мынадай білім беру өрісін қамтиды: тіл және әдебиет, адамтану, қоғамтану, математика, информатика, жаратылыстану, өнер, технология, дене тәрбиесі.

Жалпы орта білім беруде үш сатыны көздейтін 12 жылдық оқытуға көшу жүзеге асырылатын болады.

І саты – жалпы бастауыш білім беру, оқыту ұзақтығы – 4 жыл, 1-4 сыныптар. Оқыту 6 жастан басталады. Бастауыш мектептің бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағытталған.

Білім беру мазмұны шетел тілін және информатика негіздерін ертерек (2-сыныптан бастап) оқытумен толықтырылатын болады \18\.

І сатыдағы оқыту мен тәрбиелеу оқу қызметінде негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен игеру үшін мыналарды: оқу, жазу, есептеудің тиянақты дағдыларын, қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірибесін, шығармашылықпен өзін-өзі көрсетуді, мінез-құлық мәдениетін, жеке гигиена және салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыруға бағдарланған. І сатыдағы оқыту оқушылардың білімін аралық бақылаумен және оқу жетістіктерін ішінара мониторингтік бағалаумен аяқталады.

ІІ саты – негізгі жалпы білім беру, оқыту ұзақтығы – 6 жыл, 5-10 сыныптар. Оқушылардың ғылым жүйесінің базистік негіздерін игеруі, олардың бойында адамдар арасындағы және этносаралық қарым-қатынастағы биік мәдениетті, өзін-өзі тануды және кәсіби бағдарды қалыптастыру негізгі мектептің функционалдық қызметінің басым бағыттары болып табылады. Осы сатыда әрбір пәннің мазмұны негізгі базалық білім беру көлеміне қисынды түрде енеді. Оқу пәндерін таңдау бойынша зерделеу үшін оқу жоспарының вариативтік (өзгермелі) бөлігі кеңейтіледі, бейіналды даярлық енгізіледі.[20]

ІІ саты аяқталғаннан кейін орта білім берудің ІІІ сатысында оқудың одан арғы бейінін таңдау үшін оқушылардың қабілеті және дайындық деңгейі анықталады. ІІ сатыдағы оқыту оқушылардың қабілеттерін, бейімділіктерін және өткен материалдарды игеру деңгейін анықтау үшін олардың білімін орталықтандырылған тестілеу түріндегі аралық бақылаумен аяқталады.

ІІІ саты – жалпы орта білім беру, бейінді оқыту, оқыту ұзақтығы – 2 жыл, 11-12-сыныптар.

Жалпы орта білім берудің ІІІ сатысының бағдарламалары білім берудің мазмұнын саралау, ықпалдастыру және кәсібилендіру негізінде әзірленетін болады. Оқушыларды кәсіпке дейінгі тереңдетілген даярлауды жүзеге асыру үшін әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану, технологиялық және басқа да бағыттар бойынша бейінді оқытуды енгізу ІІІ сатының қағидатты жаңалығы болып табылады.

ІІІ сатының оқушыларына шығармашылық қызметке және жеке қабілетін дамытуға ерекше орын бөлінетін жеке білім беру бағдарламаларын таңдау мүмкіндігі беріледі. Білім алу деген нұсқаудан гөрі әлем, қоғам және адам туралы жүйеленген түсінікті игеруге, оларды өз бетінше және шығармашылық тұрғыдан пайдалана, кеңейте әрі тереңдете білу мен оған ұмтылуға көшу қамтамасыз етіледі \22\.

Жалпы орта білім берудің білім беру бағдарламаларын меңгеру ұлттық бірыңғай тестілеумен аяқталады.

12 жылдық білім беруге көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. 2008-2009 оқу жылы бірінші сынып оқушылары жаңа бағдарлама бойынша оқи бастайды. 2009-2010 жылдан бастап 5 және 11 сыныптарды 12 жылдық білім беруге көшіру басталады.

Орта білім беруде:

12 жылдық оқытуға көшудің нормативтік құқықтық базасын жасау;

білім беру бағдарламаларының базалық және бейіндік мазмұнын жетілдіру, эксперименттік оқу жоспарларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер әзірлеу және сараптау;

оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиетті әзірлеуді және басып шығаруды әдістемелік қамтамасыз ету, 12 жылдық мектепке арналған оқу әдебиетін сараптауды ұйымдастыру міндеті болатын “Оқулық” ғылыми-әдістемелік орталығын құру;

оқытудың жаңа педагогикалық, ақпараттық және денсаулық сақтайтын технологияларын енгізу;

оқитындардың оқу жетістіктерін сыртқы ағымдағы және қорытынды бағалау жүйесін құру;

оқытуды ұйымдастыру қағидаттарын және оқушының білім-білікті, дағдыны енжар “алушы” рөлін танымдық процестің белсенді субъектісіне өзгерту;

облыстық және аудандық (қалалық) білім басқармалары туралы ережені әзірлеу арқылы басқару буындары мен олардың бағыныстылық функцияларының ара жігін нақты ажырату;

мектепте оқытудың күтілетін нәтижелерін және оларға жету жолдарын мониторинг деректерінің негізінде талқылау процесіне күллі жұртшылықты тарту жүйесін құру;

жалпы білім беретін мектептерді салу қажет \25\.

Оқу процесі:

өз бетінше білім алу және оны практикада қолдану қажеттігі мен дағдысын қалыптастыруға, танымның ғылыми тәсілдеріне мақсатты және жүйелі түрде баулуға;

оқушыны жеке тұлға және қызмет субьектісі ретінде дамытуға, өмірлік құнды бағдарларын қалыптастыруға;

ұлттық мәдениетті құрмет тұтуға тәрбиелеуге және басқа да мәдени бастаулардан нәр алуын бойында қалыптастыруға;

нарықтық экономика мен сапаның негізгі түсініктерін және оларды практикада қолдана білуді қалыптастыруға;

жалпы негізгі білім беру сатысында бейіналды даярлықты және жалпы орта білім беру сатысында бейінді оқытуды қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Жалпы орта білім берудің жаңа мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты түлектердің базалық құзыреті түріндегі нәтижеге бағытталған білім берудің ұлттық мақсаттары жүйесін орнықтыратын болады.

Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға бағытталған, дарынды балалармен жұмыс нысандары мен әдістері жетілдірілетін, білім беру жүйесінде халықаралық байланыстар дамытылатын болады \27\.

Ауылдық мектептерді дамытуға ерекше көңіл аударылатын болады. Шағын жинақталған мектептерде оқу процесін толыққанды және сапалы өткізу үшін негізгі және аға буындағы біріктірілген сыныптар бірте-бірте қысқарады. Ауылдық жерлерде шағын жинақталған мектептердің балалары үшін бейінді мектеп-интернаттар салу және ашу көзделіп отыр. Ашық білім беру ортасын құру үшін оқу процесін ұйымдастырудың қашықтан оқыту әрі басқа инновациялық нысандары кеңінен енгізілетін болады.

Арнаулы түзеу білім беру ұйымдарының желісі сақталып, кеңейтілетін болады, мүмкіндіктері шектеулі балалардың кәсіпке дейінгі және кәсіптік даярлыққа қол жеткізуі кеңейтіледі, мүмкіндіктері шектеулі адамдарды ықпалдастыра оқытуды мемлекеттік қолдау, бұрын оқыту мүмкін емес деп саналған балаларды оқытуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар әзірленеді, арнаулы білім беруді кадрмен қамтамасыз ету жетілдіріледі \28\.

Мүмкіндіктері шектеулі балаларды ерте жастан түзей-дамыта оқытатын бағдарламаларды іске асыру осы санаттағы балалардың елеулі бөлігін қалыпты жалпы білім беретін мектептерде оқыту үшін жағдай жасайды.

Қосымша білім беруді дамыту үшін сол ұйымдардың желісін нығайту мен дамыту, нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, халықтың әлеуметтік қорғалмаған жіктерінің балалары мен девиантты мінез-құлыққа бейім балаларды сабақтан тыс жұмыспен мейлінше қамту, мүмкіндіктері шектеулі балалардың қосымша білім беру ұйымдарына баруы үшін жағдай жасау көзделеді.

Арнаулы және қосымша бiлiм берудi дамытуға қатысуға халықаралық, үкiметтiк емес ұйымдар, жекеше сектор тартылатын болады.

Техникалық және кәсіптік білім беру. Кәсіптік бастауыш білім беру мен техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша кәсіптік орта білімнің бөлігі орта білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын және адамды жаңа технологиялар мен еңбек нарығы талаптарының деңгейіндегі тиімді кәсіптік қызметке даярлауды қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік білім беруге өзгертілетін болады \29\.

Техникалық және кәсіптік білім беру кадрларды даярлау және кәсіптік білім беру жүйесінің базалық деңгейі болады әрі білікті жұмысшы кадрларды және қоғамдық пайдалы кәсіптік қызметтің барлық негізгі түрлері бойынша техникалық және қызмет көрсету еңбегінің мамандарын даярлауға бағытталады.

Техникалық және кәсіптік білім беру іске асырылатын кәсіптік білім беру бағдарламаларының күрделілігіне қарай мыналарға бөлінеді:

1) терең теориялық және кәсіптік даярлықты талап етпейтін техникалық және қызмет көрсететін еңбектің күрделі емес көпшілік кәсіптері бойынша жұмыстарды орындаудың білік-дағдыларын игеруді көздейтін техникалық және кәсіптік білім берудің бірінші сатысы.

Бірінші сатының білім беру бағдарламаларының мазмұны жалпы кәсіптік және арнайы пәндерді ойдағыдай игеру және кәсіптік дағдыларды алу үшін бейінді болып табылатын жалпы білім беретін, әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша біріктірілген курстарды зерделеуді көздейді. Оқу аяқталғаннан кейін нақты кәсіп бойынша кәсіптік біліктіліктің қол жеткізген деңгейі (разряд, дәреже, санат) беріледі. Оқытудың ұзақтығы негізгі жалпы білім беру базасында кемінде 2 жылды құрайды;

2) неғұрлым күрделі (аралас) мамандықтарды және жоғары технологиялармен әрі кәсіптік қызметпен байланысты экономиканың барлық салаларындағы техникалық және қызмет көрсету еңбегі жұмыстарын орындаудың практикалық дағдыларын игеруді көздейтін техникалық және кәсіптік білім берудің екінші сатысы.

Бұл сатының білім беру бағдарламаларының мазмұны жалпы гуманитарлық, экономикалық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді зерделеуді және кәсіптік дағдыларды игеру мен бекіту жөнінде практикалық жұмыстарды орындауды көздейді. Оқыту аяқталғаннан кейін нақты мамандық бойынша кәсіптік біліктіліктің көтеріңкі деңгейі беріледі (техник-механик, техник-құрылысшы және т.б.). Оқытудың ұзақтығы негізгі жалпы білім беру базасында кемінде 3 жылды құрайды \29\.

Осы сатының бағдарламаларының мазмұны білім берудің келесі сатыларының бағдарламаларымен үйлестіріледі.

Мәдениет және өнер мамандықтарының білім беру бағдарламаларын іске асыру кәсіпке ертерек баулу қағидатын және кәсіптік бағдарламалар мазмұнының ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылады.

Жалпы орта білімі бар адамдар үшін бағдарламалар таңдаған мамандығы бойынша болашақ кәсіптік қызметті айқындайтын жалпы кәсіптік, экономикалық және арнайы пәндерді зерделеуді көздейді. Оқытудың ұзақтығы бағдарламалардың күрделілігіне және берілетін біліктілік деңгейіне байланысты.



Орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру. Кәсіптік орта білім берудің жекелеген бағдарламаларын іске асыру жаңа деңгейге - орта білімнен кейінгі білім беруге көтеріледі. Орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру экономика, құқық, экология, медицина, ақпараттық технологиялар және инновациялық менеджмент салаларында қызмет көрсету мен басқару еңбегі орта буын мамандарын басымдықпен даярлаудың кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін кәсіптік білім беру мен кадрларды даярлаудың қазақстандық жүйесінің бөлігі ретінде көзделеді және жалпы орта білім беру базасында ғана қамтамасыз етіледі. Орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларының тізбесін білім беру саласындағы орталық атқарушы орган еңбек нарығындағы қажеттіктерге сәйкес айқындайтын болады. Оқытудың ұзақтығы кемінде 2 жыл, техникалық және кәсіптік білім беру базасында – кемінде 1 жыл.

Осы сатының білім беру бағдарламаларының мазмұны (кәсіптікпен қатар) жоғары оқу орындары бакалавриатының 1-2 курстарының білім беру бағдарламаларымен үйлестіруді қамтамасыз ететін әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану ғылымы пәндерін қамтитын біріктірілген білім беру бағдарламаларын зерделеуді көздейді \22\.

Оқу аяқталғаннан кейін экономика, құқық, әлеуметтану, психология, медицина және ақпараттық технологиялар саласындағы қызмет көрсету және басқару еңбегінің кіші маманы деңгейінде біліктілік беріледі.

Техникалық кәсіптік және орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беруді дамыту үшін:

кәсіптік білім беру ұйымдарының желісін құрылыс салу арқылы дамыту және кеңейту, жергілікті бюджеттер және жекеше сектор қаражаты есебінен материалдық-техникалық базасын нығайту;

өңірлік деңгейде кәсіптік білім беру мен техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарын даярлауды және аса тапшы, стратегиялық мәні бар кәсіптер мен мамандықтар бойынша республикалық бюджеттен қаржыландыруды арттыру;

жеңілдікпен салық салу жүйесі есебінен техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi кәсіптік бiлiм беру саласында жекеше сектордың инвестицияларын ынталандыру тетiгiн жасау;

нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру;

арнайы пәндердің оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу және енгізу;

техникалық және кәсiптік, орта бiлiмнен кейінгі кәсiптiк білім беру ұйымдарын ақпараттандыру;

мемлекеттiк жалпыға бірдей мiндеттi кәсiптiк бiлiм беру стандарттарын Бiлiм берудi халықаралық стандартты жiктеумен / БХСЖ, 1997 жыл/ үйлестiру;

оқытудың кредиттік жүйесін енгізу, жоғары білім беру бағдарламаларын техникалық және орта білімнен кейінгі кәсіптік білім берудің бағдарламаларымен үйлестіру;

Республикалық және өңірлік біліктілікті беру және қуаттау орталықтарын құру арқылы кәсіптік даярлықтың сапасын, біліктілікті беру мен қуаттауды тәуелсіз бағалау жүйесін енгізу көзделеді.

Жоғары сапалы техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарын даярлау Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын табысты іске асыру үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді және тұтас алғанда, өнеркәсіпті, құрылысты, шағын және орта бизнесті, қызмет көрсету мен экономиканы дамытуға серпін болады.

Орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары тиісті оқу және материалдық базасы мен лицензиясы болған жағдайда бейіндік оқыту және техникалық кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыра алады \25\.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет