Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет12/35
Дата24.02.2016
өлшемі2.95 Mb.
#14826
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35

Пайдаланған әдебиеттер:

1.ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы / Қазақстан мектебі. 2004. №2

2.ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 2010ж.

3.Атаханова Р.К. Шет тілінен проектік сабақ жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау. Тараз.2008

4.Fremdsprache Deutsch. Muenchen. 2009
Аннотация. В этой статье рассматриваются методы и способы организации и проведения проектных работ. Проектная работа- это самостоятельная работа студентов. Во время презентации проектной работы студенты могут использовать интерактивную доску. Проектная работа дает студентам большую возможность, искать, проанализировать, систематизировать материалы говорить на английском языке свободно.

Annotation. This article discusses the methods and ways of organizing the project works. It is independent work of the students. The students can use all the opportunities of the interactive board at the presentation of the project work. Project work gives a great opportunity for students to seek to analyze and classify materials and speak English fluently.

ӘОЖ 159.9

Б 73
АЖЫРАСУ МӘСЕЛЕСІ БЕЛЕҢ АЛЫП КЕТУІНІҢ НЕГІЗГІ СЕБЕПТЕРІ
Болтаев А.Д., Алтаева Ү.А., Зәуірбекова Ұ., Белгібаева А., Мауленова Қ.И.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Ұлт ұрпағының болмыс-бітімін қалыптастыру, дүниетанымын жетілдіру мәселесі отбасынан бастау алады. Әрбір ұлт өкілінің өз ұрпағын өз ұлтының болмысына сай дамытып, жетілдіруі - бұл талдауға жатпайтын мәселе. Әр адам — адамзаттың жеке-дара өкілі болғанымен, өзіндік ерекшеліктерімен дараланады. Себебі, біз — өзіндік мінез-құлқымызбен бет-әлпетімізбен бір-бірімізден ерекшеленетін тұлғамыз, әрқайсымыз ерекше жаратылғанбыз. Біз өзіміздің ата-тегімізбен тығыз байланыстамыз, біздің болмысымызда олардың тәндік ерекшеліктері бар [1].

Тұлғаның дамуы барысында отбасы мен мәдени ортаға лайықты оның дүниетанымы жетіледі. Адамдардың кейбіреулері «дүниедегінің барлығы үнемі қарама-қайшылықта болады» деседі, енді біреулері «әлемде үйлесімділік пен келісім болса, даму жоғары деңгейдегі жетістікке жетеді» деп тұжырымдайды. Тұлғаның рухани жетілуі үшін, ең алдымен, рухани саналылықты меңгеруі тиіс. Тұлғаның рухани санасы өмірдің мәнін, өзінің өмірдегі орнын, өз тағдырын халықтың тағдырымен ортақ деп түсіну қабілетін дамыту, отбасы мүшелерінің арасындағы сыйластық, ұғынысуды сезінгені абзал.

Отбасының атқаратын белгілі кызметтері бар:

- қайта өндіру (репродуктивті) -ұрпақ келтіру (тек жалғастыру тума әрекеті, перзентті болу, оларды өсіру және тәрбиелеу қажеттігі);

- шаруашылық- экономикалық, (ортақ шаруашылық және қаржы пайдалану, еңбекке жарамсыздарға қамқорлық және оларды материалды қамсыздандыру);

- тәрбиелеу (отбасы, оның әрбір мүшесінің тұлғалық қалыптасуына жағдайлар жасау; отбасы ұжымының өз мүшелеріне жеке-дара ықпал жасауы; өмірлік тәжірибе, инабаттылық тәртіптері мен адамгершілік құндылыктарға баулу);

- қарым-қатынас құру (коммуникативті—отбасы ішіндегі қатынас түзу, отбасының басқа адамдармен, жанұялармен, әлеуметтік топтармен байланысын ұйымдастыру);

- қайта қалыпына келу (рекреативті - бос уақыттарындағы демалыс іс-әрекеттерін ұйымдастыру; отбасы мүшелерінің күш-қуатын, денсаулығын қайта тіктеу шараларын қамтамасыз ету). Міне осы арқылы отбасындағы ауызбіршілікті,ынтымақты сақтауға болады.

Отбасы тәрбиелік қызметтерінің іске асуы оның ұлттық ерекшеліктеріне, әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлеріне және ол енген қауымдастыққа тән талап-тәртіп ұстанымдарына байланысты. Тұлғаның әлеуметтенуінде жетекшілік маңызға ие жалпыға бірдей жағдаяттар болады. Олар: туған күнінен бастап, балаға болатын үздіксіз де тұрақты ықпал; отбасыдағы қарым-қатынастың туысқандық, сүйіспеншілік, сенім, өзара жауапкершілік сезімдеріне негізделуі; ұрпақтан-ұрпаққа тәжірибе өткізуге бағытталған әрқилы деңгейдегі отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы және ықпалы. Ал қазіргі таңда толық емес отбасы өте көп, бұл біздің қоғамымыздағы өзекті мәселе. Қазіргі кездегі ажырасу санының көбеюіне байланысты (әлеуметтанушылардың есебі бойынша, әрбір некелескендердің екіншісі ажырасады, осыдан он жыл бұрын әрбір үшінші жұп ажырасатын болған) ажырасқан адамдардың проблемаларын құрылымдық түрде шешу жолдарын іздеу, дағдарыстық жағдайларды жеңуге психологиялық көмек көрсету тек қана психология ғылымы үшін ғана емес, сонымен қатар, жалпы қоғамның алдында тұрған ең үлкен міндет болып табылады.

Отбасы мүшелері үшін, әсіресе, балалар үшін ажырасу үлкен психологиялық жарақат болып есептеледі. Ажырасу қандай себептерден пайда болмасын, оның өзінің адамдардың көбі елемейтін терең психологиялық негізі бар. Ол ажырасушы жұптар мен олардың балаларына және өмірлік іс-әректтерінің барлық жағына өз әсерін тигізе отырып, олардың физиологиялық және психологиялық денсаулығына да белгілі бір деңгейде кері әсер ететіні белгілі. Отбасындағы ажырасу мәселесін кең ауқымда қарастырған авторлардың бірі С.С.Седельников бойынша, ажырасу жағдайында адам ішкі психологиялық әлеміндегі тұрақсыздығымен қатар, әлеуметтік тұрғыдан да, мысалы, қарым-қатынас формасында, белсенді іс-әрекет барысында да тұрақсыздық көрсететіндігін атап көрсеткен болатын. Сонымен қатар, ажырасқан адамдардан некенің құлауы, сол жағдайға бейімделу мен жаңа өмір стилінің пайда болуы туралы мәліметтерді бір мезгілде шешу талап етіледі.

Ажырасу кезінде үлкен эмоционалды күйзелісті әйелдер мен жасөспірімдер көп сезінеді. Әйелдер үшін қайғырулардың ауыртпалығы жөнінен ажырасу бала мен күйеуінің өлімінен кейінгі үшінші орында тұр. Ажырасудың әсерінен болған күйзелістер оларды белгілі дәрежде стреске шалдығуларына әкеледі [2].

Отбасындағы ажырасу мәселесі қазіргі таңда өте өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл жағдай тек ерлі-зайыптылардың ғана эмоционалды күйзеліске ұшырауын қамтып қоймай,сонымен қатар, олардың балаларына, әсіресе, жасөспірімдік шақтағы балаларына өзінше кері әсерін тигізеді.

Сәтсіз құрылған некелік жұптарды конфликтілі, кризистік және проблемді деп бөліп көрсетуге болады.

- Конфликтілі ерлі-зайыптылар жұбы деп-арасында болатын қызығушылықтары мен қажеттіліктері үнемі қақтығысқа түсіп, жағымсыз, өте күшті эмоционалды күй тудыратын жұптарды айтады. Дегенмен, ерлі-зайыптылар жұбы некені күшейтіп, ұстап тұратын басқа факторлардың арқасында ұзақ уақытқа сақталуы мүмкін, сонымен қатар, мұндай жағдай бір-біріне жолбермеушілік пен компромистік шешімдерге келудің көмегі арқылы да болады. 

- Кризистік ерлі-зайыптылар жұбы деп-жұбайлардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерінің қарама-қайшылығы ерекше сипатта болып, отбасының маңызды деп саналатын өмірлік іс-әрекет сарасын да қамтитындарды айтамыз. Мұндай некеде жұбайлар бір-бірімен татуласпайтын, тіпті бір-біріне деген қарым-қатынаста дұшпандық позицияда болуларына дейін барады. Бұл кезде олар бір-біріне жол бермеушілікке және компромистік шешімдерге келуге де келіспейді. Кризистік некелік жұптарға құлдырауға жақын қалған немесе құлдырап кеткен отбасылардың барлығын жатқызуға болады.

-  Проблемді ерлі-зайыптылар жұбы деп-өмір жолдарындағы ерекше қиындықтағы жағдайлар пайда болып, некенің тұрақтылығына соққы әкелетін (мысалы, баспананың болмауы, жұбайлардың біреуінің ауыр немесе ұзақ мерзімді ауруға шалдығуы, отбасын қамтамасыз етуге қажетті қаражаттың жоқтығы, қылмыс жасап бас бостандығынан ұзақ мерзімге айырылу және тағы басқа сияқты болатын өмірлік жағдайлар) мәселелер. Некенің тұрақтылығы немесе тұрақсыздығын жұбайлардың тұлғалық және эмоционалды-психологиялық қажеттіліктерінің қанағаттануы арқылы қарастырады. Өйткені, некенің тұрақтылығы тек материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға ғана емес, сонымен қатар, эмоционалды-психологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға да байланысты болады. Отбасын құрған жұбайлар көп жағдайда өздерінің ұзақ уақытқа созылған конфликтілерін ажырасу арқылы шешеді.

Осының дәлелі ретінде мынандай статистикалық мәліметтерді келтіруге болады: 2009 жылдары Қазақстанда бір мың адамға 6,3 некелесу және 3,7 ажырасу жағдайы тіркелген. Сонымен қатар 25-40 жас аралығындағы некелесулер соңы ажырасумен аяқталып,осыған қоса бұл отбасылардың көпшілігінде жасөспірім шақтағы балалары болатыны анықталған [3].

Осы ажырасуға негіз болатын және де ажырасқаннан кейін әсер ететін көптеген факторларды есепке алу қажет: ажырасудың себептері баланың отбасынан ата-анасының біреуінің кетуіне қаншалықты дайын болғандығы, нақты жағдайдағы ата-ананың мінез-құлқы, ажырасу жағдайынан кейінгі жасөспірімдердің бейімделуі және т.б. факторлар.
Ең алдымен мына жағдайларды ескеру қажет: 

• жасөспірімдердің ата-анасының ажырасуына көрсеткен эмоционалды реакциялары;

• отбасындағы ажырасу жағдайына бейімделу кезінде пайда болған проблемалар;

• ажырасудың жасөспірімнің болашағына, тұлғалық дамуына тигізетін әсері. 

С.С.Седельников бойынша, ажырасу жағдайында адам ішкі психологиялық әлеміндегі тұрақсыздығымен қатар, әлеуметтік тұрғыдан да, мысалы, қарым-қатынас формасында, белсенді іс-әрекет барысында да тұрақсыздық көрсетеді. Отбасының құлдырауы моральдық-психологиялық және әлеуметтік ұстанымдарының тек қана ішкі жағдайда субъектінің жекедара өмірінде ғана емес сонымен бірге өзі өмір сүретін микроортада да қалыптасуына алып келеді [3].

Көптеген жұмыстардың ішінде ең жақсы қорытылған еңбек – ажырасқан әйелдер мен балаларының проблемалары туралы жазылған Гельмут Фигдордың еңбегі. Г.Фигдордың ойы бойынша, ажырасудан кейінгі дағдарыстың ұлғайып кетуіне екі себеп бар: яғни, біріншіден, ол ажырасудың салдарынан болатын баладағы әртүрлі жағдайларда өзіне жауапкершілік ала алмауы, екіншісі – баламен қалған әкесінің немесе анасының дағдарысы.  Ажырасқан әйелдер мен ер адамдардың көпшілігі біраз уақыт өткеннен кейін қайтадан отбасын құруды шешеді (кейбір мәліметтер бойынша 83% ер адамдар және 76% әйелдер). Екінші рет отбасын құрғанда олар өз қарым-қатынасын қадірлей біледі, өз міндеттерін жақсы орындайды, барлық нәрсеге салмақпен қарайды.

Отбасылық өмірдің дұрыс ұйымдаспауы және ерлі-зайыптылар арасындағы конфликтілердің болуы әсіресе ажырасу статистикасынан анық байқалады.

Ажырасу – бұл отбасылық өмірдің дұрыс ұйымдаспауының, ұрыс-керіс, жиналған ашу-ыза, реніш және келеңсіздіктердің ұзақ уақытқа созылуының мәресі. 

Психологтар мен әлеуметтанушылар алдында тұрған үлкен мәселе нақты неке жұптарының құлдырауының бірлік фактісі емес, ажырасу жағдайының әлеуметтік мәселелері мен отбасылық өмірдің дұрыс ұйымдаспауына әкелетін жағдайлардың жиынтығын қарастыру болып табылады. Мысалы, ажырасу саны 1999- ші жылдармен салыстырғанда 2009– шы жылдары 4,6 есе өсті, бұл неке-отбасылық қарым-қатынаста маңызды өзгерістердің болғандығын көрсетеді. Бұл өзгерістер, ең алдымен, маңызды әлеуметтік-экономикалық жағдайлармен байланысты: қоғамдық өндірісте әйелдердің жоғары деңгейде орын алуы, әйелдердің білім деңгейлерінің күрт көтерілуі, әйелдердің аналық және өндірістік фукцияларының арасында қарама-қайшылық жүйелерінің пайда болуы.

Ажырасу мәселесінде оның географиясы да өте маңызды. Біршама жоғары деңгей көршілес Украина және Белорусия елдерінде деп көрсетілсе, Орта Азия мен Кавказ елдерінде ажырасу деңгейі бұлармен салыстырғанда 2 – 3 есе төмен. Әйтсе де, бұған мәдени-тарихи және этнографиялық ерекшеліктер, сақталған әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер, отбасында патриархалдықтың кейбір элементтерінің болуы және т.б. себеп болады.

Ажырасу динамикасын қарастырудағы маңызды тағы бір нәрсе - ол ауыл тұрғындарының арасында ажырасу, қала тұрғындарымен салыстырғанда, 2 – 3 есе төмен болуы. Бұл жерде басқа да статистикалық заңдылықты ескеру керек: тұрғындардың есеппен 1000 адамына ажырасу саны қалалардың көлемінің өсуіне байланысты болады.

70-ші жылдардың басында демографтар мен әлеуметтанушылар ажырасудың мотивтерін талдауды бастаған болатын. Мұндай зерттеулерді әр түрлі қалалардың зеттеушілері жүргізді (Л.В. Чуйко – Киев, В.Д. Чечот – Ленинград, В.Т. Колокольников – Минск) және т.б. Олар ажырасудың мотивтері мен себептерінің түрлі классификацияларын ұсынды, олар өте көп, бірақ ең маңыздыларына тоқталып өткеніміз жөн.

Ең алғашқы ажырасудың мотивтері мен себептерінің классификациясын ұсынған Н.Я. Соловьева болды. Ол мынандай себептер:

1. ерлі-зайыптылардың біреуінің ауруы;

2. баланың болмауы;

3. мәжбүрлі айырылысу;

4. өгей балалардың болуы;

5. физикалық күш көрсету;

6. көзге шөп салу, басқа отбасының болуы;

7. маскүнемдік;

8. мінездердің сай келмеуі;

9. екі жақ ата-аналарының араласуы;

10. басқа біреуді жақсы көріп қалу;

11.әлеуметтік жағдайлардың сәйкессіздігі және т.б.

Көріп тұрғандай, классификация отбасылық өмірдің сыни жағдайларының көптеген жақтарын қамтиды. Бұлардың барлығы шын мәнінде өмірде бар және некені бұзуға бірден-бір себеп болады.

Н.Г. Юркевич ажырасудың мотивтері мен себептерінің біршама басқаша классификациясын ұсынды:

1. ерлі-зайыптылардың мінездерінің сәйкессіздігі;

2. жұбайлар сенімдерінің бұзылуы;

3. ата-анаға деген қарым-қатынастың нашар болуы;

4. маскүнемдік;

5. некеге махаббатсыз түсу немесе жеңілтектік күйде болу арқылы некеге түсу;

6. жұбайлардың біреуінің бас бостандығынан 3 жыл немесе одан көп ұзақ уақытқа айырылуы. Сонымен, Н.Г. Юркевич Н.Я. Соловьеваның классификациясын толықтырғанын байқаймыз. Ажырасу мотивтерінің жаңа аспектілері Н.В. Колокольниковтың классификациясында байқалады:

1. маскүнемдік;

2. мінездерінің сәйкессіздігі;

3. басқа адамға көз салу;

4. некеге жеңілтектікпен отыру;

5. ұзақуақыттық бөлектенушілік (объективті себептерге байланысты);

6. қатыгездік;

7. бас бостандығынан 3 жыл және одан да көп жылға айырылуы;

8. физикалық және жан ауруларына шалдығу;

9. ата-аналардың және басқа туысқандардың араласуы;

10. әйелдің бала көтере алмауы;

11. Басқа да себептер.

Көрініп тұрғандай, бұл классификация алдыңғы екеуін толықтырады. Осыдан келіп, ғылыми тұрғыдан ажырасу жағдайының жаңа аспектілері және ажырасу мотивтерінің көлемі кеңейе беретіндігін байқауға болады [4]. Ажырасу жағдайы мотивтерінің әртүрлілігіне байланысты бұл мәселе бойынша мотивтерді объктивті емес, субъективті түрде талқылау қажет етіледі. Ажырасушы жұптардың ажырасуының субъективті мотивтері әрқашан әр түрлі болады. Мұндай мотивтер арқылы некені бұзушылардың шынайы себептерін талдау қиынға түседі. Кей кездері шынайы мотивтер басқалармен ауысуы мүмкін. Мысалы, күйеуі әйелінің отбасында лидер болуын қаламаса, сотта ол ажырасудың себебі әйелінің нашар адам, өзінің үй шаруасын дұрыс атқармайтындығымен түсіндіруі мүмкін.Сол үшін шынайы себепті анықтау ажырасу процесінің материалын зерттеу кезінде қиындық туғызады [5].
 Ажырасу туралы шешім - әйел мен ерінің өмірлеріндегі маңызды оқиға. Бұған ұзақ уақыттық мотивация процесінің жүруі кіреді. Бұл - тұлғалық қажеттіліктер мен қызығушылықтар, көзқарастар, құндылықтық бағдарлары жағынан қалыптасқан көзқарас бойынша жан-жақты қарастырылып қабылданған шешім. Бұл - мінез-құлықтың өте күрделі формасы, оның шартты атауы ажырасу мінез-құлқы. Ажырасу процесі мотивтерінің ар жағында біз есепке алмайтын басқа да себептер мен мотивтер жатуы мүмкін. Мысалы, «мінездеріміз сәйкес келмейді» деген стереотипті ойлау. Егер жұбайлар бірнеше жылдар бойы бірге тұрып, арман-тілектерін сәйкестендірген болса, «мінезіміз сәйкес келмеді» деген себеп туындамауы қажет [6]. Осы мәселемен айналысатындардың зерттеулерінің нәтижесі көрсеткендей, ажырасу жағдайы кезінде ең көп эмоционалды күйзеліске түсетін- бұл әйелдердер мен балалары дейді. Америкалық зерттеулерге сүйенсек ерлі-зайыптылардың қатынасын бұзуға тәуекел фактор-кедейлік, жұмыссыздық немесе жұмысқа қысым мен жүктеменің көптігі, қаржылық мәселелер болып табылады. Қанағаттану деңгейі төмендеп, ажырасуға әкелуі мүмкін. Ажырасу кезінде ерлі-зайптылар арасындағы мәселелер күрт көбейеді, себебі олар оны алдын ала ойламайды(Фигдор Г.,1995).

Жас отбасының ажырасуына объективті және субъективті себептер әсер ететіні анық, оның бастысы қарым-қатынасқа түсу мен қақтығыс кезінде бір-бірімен түсіністікке келуге шешім қабылдамайтыны [7].

Қорыта келе, жас отбасылардың ажырасу мәселесі тек жастарға ғана қатысты емес, олардың материялдық жағдайына, отбасы құрамына да байланысты деген тұжырымдама айтқымыз келеді.
Пайдаланған әдебиеттер:

1.Әбдірахманов А., Жарықбаев Қ. Психологиялық орысша- қазақша сөздік.- Алматы, “Мектеп”, 2000.

2. Елеусізова С. Қарым- қатынас психологиясы.- Алматы, 2008.

3. Жарықбаев Қ., Озғанбаев О. Жантануға кіріспе.- Алматы, 2000.

4. Жарықбаев Қ. Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзқарастары.- Алматы, 2000.
5. Жарықбаев Қ.Қазақ психологиясының тарихы.- Алматы, 2010.

6.Мұқанов М. Ақыл- ой өрісі.- Алматы, 2009.


7. Тәжібаев Т. Жалпы психология.- 2001.
Аннотация. В статье рассматриваются проблемы разводов молодых семей и виды, формы, основные причины семейных проблем.

Annotation. In article problems of stains of young families and types, forms, the main reasons for family problems are considered.

ӘОЖ 159.9

Б 73
ЖАСТАРДЫҢ НЕКЕГЕ ПИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҚ

МӘСЕЛЕСІНІҢ АЛҒЫ – ШАРТТАРЫ
Болтаев А.Д., Бүйембаева Ш.Б., Мауленова Қ.И., Абсаматова Қ.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.

Қазіргі кезде отбасын құруға ұлттық немесе қандай да бір басқа, мысалға әлеуметтік тосқауыл жоқ. Сондықтан жастар жолдас таңдағанда, оның бойында өзіне ұнайтын мінез қырларын табуға тырысады.  Болашақ отбасын құруда ерлі-зайыптылардың жас ерекшелік дайындығы ғана емес олардың психологиялық даярлығы да маңызды орыналады.

ҚР отбасы және неке туралы Заңына байланысты қазіргі жастар арасындағы неке құру үшін қажетті жағдай - екі қарсы жыныстың кәмелетке келуі, яғни 18 жасқа толуы болып есептеледі . Қазіргі таңда ата–аналар да негізінен осы жас мөлшерін дұрыс деп есептеп отырып, бұл жас кезеңіне дейін ұл қыздарын үйлендіруге асықпайды. Себебі, әрбір ата–ана өз балаларының оқу бітіріп, өз бетінше өмір сүруге дайын болған кезінде ғана жеке отбасылы болуын қалайды. Олай болса, қазіргі күнде орта мектепті 17 – 18 жасқа, ал жоғарғы оқу орнын негізінен 22 – 23 жасқа толғанда бітіретіндіктен, оның үстіне өзіне өмірлік жар таңдау жастардың өз еркінде болғандықтан, неке құру жолы бұрынғымен салыстырғанда әжептәуір жоғарылады. Жинақталған деректерге қарасақ, қазіргі жастардың арасында алғашқы неке құру жасы негізінен 18–25 аралығында болып отыр. Кейбір әлеуметтік және психологиялық жағдайларға байланысты бұл аралықтан әрлі–берлі ауытқуы да мүмкін. Көп жағдайда қыздар негізінен 20 жасқа дейін тұрмыс құруды дұрыс деп санаса, ер азаматтар Отан алдындағы борышын, яғни, әскер қатарында қызмет еткеннен кейін барып отбасылы болуды қалайды. Мұның өзі қазіргі заман талабына байланысты қалыптасқан заңдылық іспеттес десек қателеспеген болармыз. Соңғы кездегі дерек көздеріне сүйенсек, неке құратын жастар негізінен бірге оқу немесе жұмыс істеу арқылы ұзақ бірін–бірі біліп, өзара сынасып, ұнатысу, бір-бірінің қырларын ұғынысудың нәтижесінде отбасын құру арқылы өз тағдырларын ұштастыруға келіседі. Әдетте жастар арасындағы мұндай ұзаққа созылған достық қарым-қатынасты екеуінің де ата-аналары хабардар болады. Сондықтан болашақ отбасын құруға ниеттенген қыз да, жігіт те әке–шешесімен ақылдасып, олардың келісімін ала отырып, өздері де өзара уәделеседі. Әрине, шешім қабылдауда шешуші дауыс әрқашан жастардың өзінде қалатыны сөзсіз. Алайда, осы жайттарды ескере келе, жастардың отбасыға және некеге деген қатынастары әртүрлі болып келеді. Жоғарыда айтылған мәселелердің барлығы заман талабына сай өзгеріске ұшырап, жаңа сипатта және бағытта көрініс тауып отырады. Бұл әсер етуші факторлардың динамикасына тәуелді болып табылады.

Көптеген отбасы мәселесімен айналысқан мамандар жастардың некеге және отбасыға деген қатынастарын талдады (А.Зейнеп, Д.Б. Оспанова). Отбасы жағдайы және онда жүргізілетін тәрбие мәселесімен айналысқан зерттеушілер отбасының және некенің тұрақтылығының басты шарты тұлғалардың адамгершілік деңгейі деп есептейді. Шын мәнісінде адам санасында белгілі адамгершілік қасиеттердің даму деңгейі отбасы сферасы үшін маңызды болып табылады. Дегенмен, қазіргі таңда жастардың отбасын құруға деген жетекші мотивтерінің бірі махаббат екені белгілі. Осы отбасын құрудың басты мотиві махаббат болса, жастар бұл ұғымның мағынасын әртүрлі түсінеді, сезінеді және бағалайды.

Қоғамда жастарды тәрбиелеудің мазмұны мен әдістемесін анықтауда, некелік отбасылық  қатынаста тұлғаның қалыптасуын және дамуын талап етеді. Жастар отбасын құрғанда, ең алдымен материалдық және тұрғын үй мәселелерін қарастырады. Бірақ көптеген психологиялық зерттеулер бойынша, материалдық ауқаттылық және тұрғын үймен қамтамасыз болу факторлары отбасы тұрақтылығына елеулі әсерін тигізбейді. Отбасы өміріне мотивациялық дайындық махаббат сезімін отбасы құрудағы негізгі түрткі ретінде санайды. Бұл сезім дербестікке дайындық, құрылатын отбасына жауапкершілік сезімі, нәрестелі болуға және баланы тәрбиелеуге дайындық.

Некедегі қиындықтар, жағымсыз жағдайлар мен дағдарыстар бүгінгі психология саласында көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр. Өмірлік циклда  кездесетін дағдарыс түрлеріне психологиялық білім мен  мәдениеттің  төмендігінен көптеген отбасы бөгеттерден шыға алмай, кері кетіп некенің ажырауына немесе отбасындағы жағдайға күш-жігер салуға жауапкершілік алмау  кеңінен етек жайып барады.  Қазіргі таңда неке құруға ұлттық немесе қандай да бір басқа, мысалға әлеуметтік тосқауыл жоқ. Жастар жолдас таңдағанда, оның бойында өзіне ұнайтын мінез қырларын табуға тырысады.  Отбасын құрудың маңызды факторларының бірі — жастардың өнегелі санасының деңгейі. Дамыған өнегелі сана, жастардың отбасының әлеуметтік маңыздылығын түсінуде, некеге байсалды қарауында, жолдасты ойланып таңдағанында құрылатын некеге сабырлықпен қарағанында, Отбасының барлық мүшелерін және олармен қатынасты құрметтегенінде білінеді.

Неке жүйелік ықпал көзқарастарында қарастыра отырып, ол жерде өтіп жатқандарды бір мезетте оның ерекшелігі, шағын топ және әлеуметтік институт ретінде талдауға  мүмкіндік береді. Дәл осы жерде «отбасы» сияқты құбылысты талдауға тура келеді. Отбасы қатынастары саласындағы әлеуметтік қозғалыстар отбасылық өмірлік іс-әрекетінің барлық сферасына әсерін тигізеді. Отбасы қалыптасу үшін некенің қалыптасуы қажет. Олай болса, неке және отбасы дегеніміз не?

Отбасы негізін қоғаммен қабылданған әйел мен ер адам арасындағы некелік одақ құрайды. Отбасын құру екі ғашықтың арасындағы махаббат сезімінен басталады. Махаббат -  екінші адамға бағытталған сезімдер мен әрекеттердің қоспасы. Махаббат сөзін адамдар әр түрлі түсінеді. Махаббат ең негізгі, маңызды процесс, жағдай. Адам бір жағынан махаббатқа тартылады, екінші жағынан одан қашады. Отбасы беріктігі махаббат сезіміне, қызығушылықтардың ортақтығына, көмекке келуге қабілеттікке, бір-біріне құрметпен және қамқорлықпен қарауға негізделеді. Қазіргі таңда отбасын құруға ұлттық немесе қандай да бір басқа, мысалға әлеуметтік тосқауыл жоқ. Сондықтан жастар жолдас таңдағанда, оның бойында өзіне ұнайтын мінез қырларын табуға тырысады.

Ғалым Т.А. Флоренская «махаббат» ұғымының үш түрлі мағынасын бөліп көрсетті.Бұл ұғымдарға сипаттама беретін болсақ, біріншіден, махаббат- жыныстық құмарлық, екіншіден, махаббат-сүйікті болу қажеттілігі, үшіншіден, махаббат өзгеге бағытталған доминантты қарым-қатынас. Келесі кезекте біз осы ұғымдардың мағынасына талдау жасап көрелік. Гипертрофиялық жыныстық құмарлық ретінде махаббат адамның барлық өмірлік күшін тартымды етіп, өзінің нәпсісінің құлы етуге дейін апарады. Бұл жағдай адамның рухани және психологиялық дамуының тосқауылы бола отырып, ішкі және сыртқы шиеленістердің тамыр жаюына себептігін тигізеді. Балалардың психикасының дамуына ерлі–зайыптылардың жағымсыз, әрі дөрекі қарым–қатынасы қатты әсер етеді. Т.А.Флоренскийдің пікірінше, мұндай адам отбасын құруға қабілетті емес, оларда тек жыныстық қажеттілікті қанағаттандыруда әріптесті алмастыру ниеті өте күшті басым болады. Соңғы кездегі психологиялық зерттеулерде отбасындағы жоғарыдағы айтылған жағдайды “сериялық моногамия ” ретінде сипаттайды [1].

Сүйікті болу қажеттілігі ретінде махаббат балалық шақтан бастап туындайды. Бірақ көбінесе адамның сүйікті болуға деген қажеттілігі тек өзіне ғана бағытталған болуы да ғажап емес. Жоғарыдағы айтылған тек біржақты қажеттіліктер балалық шақта өзіне және өзгеге қанағаттанбаушылық пен жоғары мазасыздық сезімін ұялатуы мүмкін. Осы орайда, эгоцентрикалық және невротикалық қажеттіліктер өзіне деген махаббатты талап етеді. Сүйікті болу қажеттілігінің жоғарлауы сәтсіздікке қарай итермелейтін реакцияларды туындатады. Махаббат қарым-қатынасындағы тұрақсыздық, өзгені жақсы көре алмау қабілеті, сүйікті болу қажеттілігінің күшеюі қарқынды қызбалықты туындатады. Мұндай адамдар отбасылық өмірде үнемі қарым-қатынасты анықтаумен болады. Отбасылық өмірге қатысты жауапкершіліктерді, міндеттерді көбінде атқармайды.

Махаббаттың үшінші сипатында, яғни, басқаға доминантты қарым-қатынаста жақсы көру қабілетінің жоғары болуы өзіне және отбасына сенімділік тудырады. Сүйікті адамының өзін жалықтырмағандығы қарым-қатынасты тереңдете және нығайта түсетіні анық. Бұл жағдайда сүйіктілер әрдайым бірге болуды қалайды, оларды тек ажал ғана ажырата алады деп санайды.

Жастар отбасын құрғанда, әрине материалды және тұрғын үй мәселелерін қарастырады. Бірақ көптеген зерттеулер бойынша, материалды ауқаттылық және тұрғын үймен қамтамасыз болу факторлары отбасы тұрақтылығына елеулі әсерін тигізбейді. Отбасылық өмірге мотивациялық дайындық махаббат сезімін отбасы құрудағы негізгі түрткі ретінде санайды. Бұл сезім дербестікке дайындық, құрылатын отбасыға жауапкершілік сезімі, балаларды туу мен тәрбиелеуге дайындықты көрсетеді [1].

Болашық ерлі – зайыптылар өскен отбасыларының атмосферасын, құрылудағы отбасының дамуына елеулі әсерін тигізеді, ол не сәтті не көптеген қйыншылықтармен кездесіп мүлде күзеліске ұшырауы мүмкін. Отбасын құруға психологиялық дайындық бұл – жеке адамның басқа адамдармен қарым-қатынасты тез орната білу, отбасылық өмірге және қоршаған ортаға бірдей немесе ұқсас көзқарас, отбасыда сау рухани – психологиялық ахуалды орната білу қабілеті, мінез-құлықтың және сезімдердің тұрақтылығы, дамыған ерік қасиеттері.

Неке мәселесін зерттеуде психология ғылымында бірнеше мектептер мен бағыттар орын алуда. К.Витакер пікірінше отбасы бірлестігінен барып туындайтын тұлға өзіндік жеке даралық жетілуге әкеледі десе, ал В.Сатир отбасындағы қалыпты қарым-қатынас арқылы тұлғалық алға дамуы мен жетілуі қарқынды жүзеге асырылады деген ойлары өзара байланысты.  Жүйелі отбасы терапиясы бағытында  отбасы бүтін бірлік — биологиялық және психологиялық ағза ретінде қарастырылады. Олай болса, «Қосарлы байланыс» — коммуникацияның   бұрмаланған түрі ретінде адамның екі түрлі жолдау алғандағы  оның арасындағы қарама-қарсы ойды түсіне алмауы. Сондықтан отбасындағы екі адамның өзара байланысы психологиялық сәйкестік тұрғысында   да мазмұн алуы тиіс[2].

Қоғамда жастарды тәрбиелеудің мазмұны мен әдістемесін анықтауда, некелік отбасылық қатынаста тұлғаның қалыптасуын және дамуын талап етеді. Оның ішінде негізгілері: бүгінгі ғана бағдар емес, сонымен қатар оның дамуының ертеңгі күнгі болашағын, үйренуші іс-әрекетінің әртүрлілігіне тірек болатын (оқу, оқудан тыс, ойын, еңбек, отбасылық-тұрмыстық, қоғамдық-саясаттық, көркем өнер, спорт), тұлғаралық қатынастың ерекшеліктері, қоғамның отбасыға деген талады; оны тудыру процесінің күрделілігі отбасыдағы шаруашылық-экономикалық қатынастың күрделенуі; Отбасыны тәрбиелеу потенциялы негізге алынады. Отбасылық қарым-қатынастың үйлесімді дәрежеде дамуы жастарды отбасылық өмірге дайындалуының психологиялық ерекшеліктеріне төмендегідей тұжырым жасауға болады:

- өсіп келе жатқан ұрпақты отбасылық өмірге дайындау-адамның жас ерекшелік дамуының әр кезеңінде жүру қажет және тәрбиелеудің жалпы мәселесінен бөлінбеуі керек.

- жастарды отбасылық өмірге психологиялық дайындау мәселесінің қалыптасуы бірнеше аспектілерден, яғни қазіргі қоғамда некеде және Отбасыда жастардың ролін дұрыс түсінуде, оларда неке қиюға бейімділік және нұсқаулардың қалыптасуының ерекшеліктерімен байланысты.

- қоғамда жастарды тәрбиелеудің мазмұны мен әдістемесін анықтауда,  некелік-отбасылық қатынаста тұлғаның қалыптасуын және дамуын талап етеді.

Қазіргі кезде некелік-отбасылық қатынастар ерлі-зайыптылардың адамгершілік-этикалық, психологиялық-педагогикалық дайындықтарының, тұрмыс мәдениетінің жоғары деңгейде болуын талап етеді. Адамның қалыптасуы оның бала күнінен басталады. Сондықтан жас буынның жеке бас қасиеттерінің ойдағыдай дамуы үшін олардың өз қасиеттерін және басқалардың қасиеттерін түсіне білуіне көмектесіп, жол-жоба көрсету өте маңызды. Бұл оңай міндет емес.

Көптеген әлеуметтік функцияларды атқарушы, қоғамдағы әлеуметтік құрылымның қажетті құраушысы ретінде отбасы қоғамдық дамуда маңызды орын алуда. Отбасы ортақ тұрмыспен өзара моральдық жауапкершілікпен және өзара көмекпен байланысқан адамдардың бірігуі болып табылады. Отбасы арқылы ұрпақтар ауысып, адам тегінің жалғауы жүзеге асады, алғашқы әлеуметтену процесі және баланы тәрбиелеп өсіру жүзеге асады. Отбасы негізін қоғаммен қабылданған әйел мен ер адам арасындағы некелік одақ құрайды. Отбасын құру екі ғашықтың арасындағы махаббат сезімінен басталады.   Бірақ кей жағдайда ол махаббат емес материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға ауысып кетеді.

Махаббат ең негізгі, маңызды процесс, жағдай.   Отбасы беріктігі махаббат сезіміне, қызығушылықтардың ортақтығына, көмекке келуге қабілеттікке, бір-біріне құрметпен және қамқорлықпен қарауға негізделеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет