Пайдаланған әдебиеттер:
1.ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. //Егемен Қазақстан 2011 ж.
2.«Балапан» мемлекеттік бағдарламасы. Астана.- 2010 ж.
3.К.Метербаева Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Алматы.-2011
Аннотация. В данной статье воспитанники детского садика знают базовые данные своего родного языка, сформировалась легкое разговорное речь русского и английского языка.
Annotation. This article kindergarten students know the basic details of your native language, formed a slight Speaking Russian and English.
К32
373(574)
ДАМЫТУ ОЙЫНДАРЫ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛАУ
Керімбаева Р.Қ., Құрманалиева Б.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Баланы мектепалды дайындау үздіксіз білім беру жүйесіндегі педагогика ғылымдарымен практикасының ең басты өзекті мәселелерінің бірі болып саналады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытында барлық саланың жаңаруы туралы мәселелер, оның ішінде білім беру саласы барысындағы жағдайлар атап көрсетілген.
Мектепалды дайындық, баланың оқу мәселесінің жақсы жағдайда болуына байланысты. Бүгінгі мектеп жасына дейінгі балалардан Қазақстанның келешегі байқалады. Жаңа ұлттық білім үлгісі, мектепке дейінгі жастағы баланың, жеке басын тәрбиелеуде, тәрбиенің мазмұны, ізгілендіру, жекелендіру және жаңа педагогикалық дамудың әлеуметтік бағытының түбегейлі өзгеруін талап етеді.
Баланың жеке басының рухани – бай мүмкіндіктерін, отандық және дүниежүзілік мәдениет арқылы, қазақ халқының дәстүрімен, оның қол өнерімен және әдеп – ғұрыптарымен таныстыруда баланың еліне, Отанына деген сүйіспеншіліктерін дамыту. Мектепке оқуға дайындауда бала бойындағы негізгі психологиялық өріс еркіндік, батылдық, адамгершілік, ақыл–ой, кедергісіз жеңіл түрде мектепке дейінгі мекемеден мектепке өтеді.
Ертеден қарым – қатынас құралы міндетін атқарып келе жатқан тіліміздің даму, қалыптасу заңдылықтарын, ерекшеліктерін бүгінгі ұрпаққа меңгертіп отыру – оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыруда шешуші орын алатыны сөзсіз. Ойлау, сөйлеу әрқашан да бір – бірімен тығыз байланысты, яғни біртұтас психологиялық үрдіс, сондықтан балаға айналадағы өмір тіршілігін танытып, бағдарлай, қабылдай білуге үйрету арқылы ғана баланың сөздік қорын молайтуға болады. Үйренген заттық ұғымдарының қалай аталатынын есту, тыңдау, ұғыну, түсіну арқылы сөздік қоры дамиды. Сонымен қатар педагогтың балалармен өткізілетін арнайы дамыту ойындары арқылы, олар сұрақтарды мұқият тыңдап, түсіну, жауап беруге сөйлеуге үйретеді.
Баланың мектепалды дайындығының ең маңыздысы болып есептелетін мәселе оның сөйлеу, ұсақ моторикасының жеңіл қозғалуын, көруін үйлестіріп, сондай-ақ талдау, салыстыру, жіктеу, қорыту т.б. оқыту барысында ұйымдастырудың үлкен мәні бар.
Дамыту ойындары арқылы баланы сұраққа жауап бере білуге, ойлауға қызықты мәліметтерді білуге ынталы, қызығушылығын, өзін таным білуін, құрбыларымен, үлкендермен ойын бөлісе білуін дамыту қажет.
Бала ақыл – ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, танымдық іс – әрекет амалдары мен тәсілдерін игерумен бірге есте сақтау, ойлау, елестету, танымдық, шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды. Баланың дамуы үшін есте сақтау мен ойлау қабілетінің мәні зор. Бұлардың бәрі қоршаған орта және өзі туралы білімді меңгеруі, мінез – құлық нормаларын игеруі білім, білік, дағдысының қалыптасуы, есте сақтау және ойлау қабілеттерімен тығыз байланысты. Сөз бен сөйлеу әрекеті ойлау құралы болып табылады. Өйткені олардың негізінде логикалық ойлау, ұғымы қалыптасады.
Бес жасында бала көрнекі – әрекеттік ойлаудан көрнекі – бейнелі ойлауға ауысады. Алты жасқа қарай ауызша – логикалық ойлауға үйренуі керек. Баланың көрнекі – әрекеттік ойлауы заттармен нақты әрекеті арқылы жүзеге асады. Ол түрлі заттарды пайдалану, қоршаған ортамен, адамдармен қарым – қатынас жасау барысында білім және тәжірибе жинақтайды. Көрнекі – бейнелі ойлау мен оған ықпал ететін көрнекі – схемалық ойлаудың мәні одан туындаған жағдайларды шешу үшін бала заттардың өзіне емес, олардың бейнесіне сүйенуі арқылы бейнелейді.
Дамыту ойынында балалар құбылыстар мен заттардың тек жеке қасиеттерін ғана емес неғұрлым маңызды байланыстарды, олардың арасындағы қатынастарды анықтап, схема бойынша жұмыс жасай біледі, заттарды әр түрлі кеңістікте елестете алады, оларды ойша орындарынан ауыстыра алады.
5-6 жасында бала логикалық ұғымдық ойлауды ауызша пайдаланады. Қоршаған орта, ондағы адамдар мен орны туралы түсінігі неғұрлым кеңейе түседі. Дамыту ойындардағы тапсырмалар мазмұны қоршаған орта, қоғамдық өмірдегі құбылыстар, олардың арасындағы байланыстар мен қатынастар, адамның әлемдегі орны, табиғат пен оның құбылыстары, өсімдіктер мен жануарлар туралы білімдерін қамтиды. Оларды орындау барысында бала заттар мен құбылыстардың мәнді белгілерін айқындауды, кейбір дерексіз ұғымдарды сипаттауды, уақыт қатынасын, себеп – салдарды, кеңістік, көлем, өлшем туралы түсініктерді игереді.
Дамыту ойындарын ойнай отырып, сөздерді еркін қолдануды өз пікірін айтуды, оны негіздеуді, қарапайым заңдылықтарды анықтауды, салыстыруды, талдауды, пайымдау логикасын, ойлануды үйренеді. Сөздік қоры, тіл байлығы артады, сюжеттік әңгімелер құру қабілеті дамиды
Математикаға алғашқы қадамдар.
Бұл ойын баланы мектепке дайындауға көмектеседі. Баланың алдына бес бірдей шыны аяқ қойып, төрт қуыршақ отырғызыңыз. Одан барлық қуыршақтарға шай құю үшін шыны аяқ жете ме деп сұраңыз. Егер бала әлі санай алмайтын болса, әр қуыршаққа бір шыны аяқ беріп қойыңыз. Қалған шыны аяқ балаға қуыршаққа қарағанда шыны аяқ артық екенін түсінуге мүмкіндік береді. Балаға немес осылай болып шыққанын түсіндіруге көмектесіңіз (қуыршақтың саны шыны аяққа қарағанда кем).Бұл ойында әртүрлі заттарды қолдануға болады (қуыршақтар мен орындықтардың, қасықтардың, шанышқылардың, тәрелкелердің санын салыстыру). Алдымен саны бесеуден аспайтын заттар тобын ұсынып, содан кейін оларды 10 – ға дейін көбейтуге болады.
Алдымен бала затты қолына алып екіншісіне түйістіріп салыстыруға болатындай, содан кейін заттарды көзбен сәйкестендіріп салыстыра алатындай тапсырма беріңіз (мысалы, бөлмедегі жиһаздың нақты заттарын салыстыру). Егер бала қиналса, бір заттан екіншісіне жіп тартып немесе сызықтарды бормен сызып қоюды ұсынамыз.
Түйме сатып алайық.
Кешенді тапсырмаларды шешуге бағытталған ойын. Ойыншықтардың бірі – сатып алушы, екеншісі – сатушы. Біріншісі дүкеннен қуыршақтың жаңа пәлтесіндегі ілгектер қанша болса, сонша түйме сатып алу керек.
Фишкалар салынған қораптан «сатушы бала» фишкаларды шығарып, оларды пәлтеге орналастырады (қалған фишкалары бар қорапты баланың көңілін бөлмеу үшін қақпағын жауып қойған жөн). Содан кейін оларды жинап алады да, «дүкенге барады». Ол сатушыға қолындағы фишкаларды көрсетіп былай дейді: «Маған осынша түйме керек». Сатушы жаймадан қажетті көлемде түймелерді алып, оларды орналастырылған түйме – фишкаларға қойып шығады. Сосын сатып алушы түймелерді пәлтенің ілгектеріне қойып шығып олардың санын тексереді. Осыған ұқсас ойындарды басқа материалда өткізуге болады. Мысалы, келген балалар санына сәйкес келетін кітаптар санын іріктеп, кітапхана ойынын ойнауға болады. Алдымен, заттарға (пішіні, т.с.с.) ұқсайтын фишкаларды қолданған жөн.
Асық қайда? Мақсаты: Балалардың сезімін дамытуға арналған ойын.
Ойынды балалар екі топқа бөлініп ойнайды. Бірінші топтың балалары қорапты жерге өз сандарына сәйкес қойып, оның бетін қол орамалмен жауып тастайды. Соның біреуінің ішінде асықты жасырады. Асықтың қай қораптың ішінде жасырылғанын келесі топтан ойыншылар байқамауы тиіс. Мүмкіндігінше асықты білдірмей жасырған жөн, өйткені, екінші топтағы балалар әлгі жасырылған асық қай қораптың ішінде екенін табуға тиіс. Осылайша асықты іздейді. Егер қай қораптың ішінде екенін дәл тапса, бұл топтың балалары асықты өздері жасырады. Ойын осылайша жалғаса береді. Қай топтың балалары асықтың қайда жасырылғанын дәл және көп тапса, сол топ жеңіске жетеді.
Ғажайып дорба. Мақсаты: Геометриялық пішіндер туралы балалардың білімін бекіту. Оларды бір – бірінен айыра білуге жаттықтыру.
Ғажайып дорба ішіне төртбұрышты және дөңгелек, әртүрлі ойыншықтар іріктеліп салынады. Шақырылған бала дорбадан бір затты алып, оның атын айтады. Ол заттың пішіні қандай екенін айту керек және ол қандай материалдан жасалынғанын атай алуы тиіс. Мысалы: кішкене допты алады.
- Мынау доп. Ол–дөңгелек. Түсі қызыл, ортасында жолағы бар, рәзіңкеден жасалынған. Жерге ұрсаң жақсы секіреді.
- Нұсқау. Дорбаның ішіне доп, тостаған, дөңгелек, алма, қызанақ, қарбыз суреттері, төртбұрыш, қорап, құрылыс материалдары салынады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстан жолы-2050 Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» // Ақ жол, 17 қаңтар 2014 ж.
2.Керімбаева Р.Қ.Бастауыш мектепте дидактикалық ойындарды пайдалану.-Тараз, 2010.
3.Буре А.А. Готовим детей к школе.М.-2000 г.
4.Біз мектепке барамыз бағдарламасы.Астана.-2010 ж.
Аннотация. В статье рассматривается разум и разговор всегда связны друг с другом, это единое психологическое тенденция, поэтому дети осознают окружающий мир, при этом у детей развиваются словарный запас при общение окружающим миром.
Annotation. The article deals with the mind and the conversation is always connected with each other, it is a single psychological tendency, so children become aware of the world around us, and the children develop vocabulary in communication environment.
ӘОЖ 517.24: 38
ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН СИПАТТАМАЛАРЫ
Курманова С.
Біліктілік арттырудың ұлттық орталығы «Өрлеу» АҚ ЖО бойынша
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, Тараз қ,
Бүгінгі бала – ертеңгі жаңа әлем. Сондықтан оған жүйелі жәрдем беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек.
Мектепке дейінгі білім беру стандарты, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары, мектепке дейінгі мекемелер педагогикалық үдерісті ұйымдастыруда жаңашыл тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Мектепке дейінгі мекемелерде ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде оқытудың инновациялық технологияларын қолданудың өзіндік ерекшеліктері бар. Инновациялық технологияларды ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қолдануда ең алдымен мектеп жасына дейінгі балалардың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, тәрбиеші төменде көрсетілген технологиялардың ішінен іріктеп, қарапайым түрін, яғни мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттеріне сай сауатты түрде жоспарлап, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде тиімді пайдалана білуі тиіс.
Осыған орай оқытудың инновациялық технологияларының түрлерімен оның негізгі ерекшеліктері мен сипаттамаларына тоқталуды жөн көрдім.
Н.Нұрахметов инновацияны мынадай топтарға бөледі:
-
білім мазмұнындағы инновация;
-
оқу-тәрбие процесінің әдістемесі, технологиясы, түрі, әдістері және құралдарындағы инновация;
-
оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудағы инновация;
-
білім беру мекемесін басқару жүйесіндегі инновация.
Жаңалықтан кейін болған өзгерістердің сипатына қарай топталған инновацияның түрлері:
-
жеке, бір-бірімен байланысы жоқ;
-
модульдық (бір-бірімен байланысты): бір-біріне жақын пәндерге және жас деңгейлері бірдей балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарына енгізілген жаңалықтар;
-
жүйелі: барлық білім беру мекемелерде болатын өзгерістер.
Инновацияның түрлері: модификациялық, комбинаторлық, түбірлі.
-
Модификациялық инновация - педагогикадағы әдіс-тәсілдерді жетілдіру. Мысалы: А.С.Макаренконың қиын балаларды тәрбиелеу әдістерін А.Ысқақов осы заманға лайықтап қолданды.
-
Комбинаторлық инновация - белгілі әдістердің элементтердің бір-біріне қосу. Инновацияның бұл түрін қазіргі кезде тілдерді оқыту әдістемесімен айналысатын ғалымдар қолдануда.
-
Түбірлі: білімнің мемлекттік стандарттарының енгізілуі.
Инновациялық іс-әрекет – қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай білім беру мекемесінің жұмысын дамытатын, өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-әрекет. Әрбір педагог өзінің оқу-жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс әрекетін саналы түрде өзгертеді.
Инновациялық процестің кезеңдері:
-
инновацияның себептері;
-
жаңалықты жобалау;
-
жаңалықты жүзеге асыру;
Инновациялық іс-әрекетке орта да әсер етеді. Білім беретін мекеме жаңалықтың себебін, жобасының дұрыстығын дәлелдеп, жаңалыққапедагогтарды, оқушыларды, ата-аналарды қызықтыра білгені жөн. Инновациялық процесті күшейтетін бес фактор:
-
Мекеме басшыларының шығармашылығы, оқытудың жаңа технологияларын жасауға қабілеттілік, педагогикалық процеске қатысушылардың бір-бірімен өзара әрекеті және қарым қатынасы;
-
инновациялық процестің жоспары, бағдарламасы;
-
бағдарлама, жоспар бойынша ғалымдардың кеңес беруі, керек жағдайда инновациялық процеске түзетулер енгізуі. Жоспарда нәтижелерге жетуге ықпал ететін жағдайларды көрсетіп, сәтсіздік болғанда оны жоятын шараларды да белгілеу;
-
әлеуметтік-экономикалық жағдай;
-
инновациялық процеске қатысушылар: бастама көтерушілер, көмектесушілер, қарсы тұрушылар;
Білім беру- оқытудың тәрбие мен дамытудың үздіксіз процесі. Белгілі балалар психологы Д.Б. Эльконин дәлелдегендей 3-10 жас аралығындагы балалар біріккен мәдени – білім беру саласында ортақ өмірмен дами отырып, ортақ тәрбиеленіп, ортақ оқып үйреніп өмір сүруі керек. Яғни бұдан шығатын қортынды бұл (сабақтастықтың) яғни бастауыш сатыда мазалайтын сұрақтар проблемалары біреу ғана. Ол баланың тілін ой-өрісін, қиялы мен шығармашылығын дамыту болып, жаңа заман талабына сай жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде оқытып тәрбиелеу. Мектепке дейінгі оқу-тәрбие ісінде мынандай өзекті яғни (актуальды) проблемалар бар:
1) балалардың өз бетінше ойланып, әрекет етулері жеткіліксіз.
2) бір оқу міндетін басқа түрлі жолдармен өзгертіп, шеше білу қабілеттері
3) алынған білім-білік дағдыларын қазіргі өмір мен ғылым, техника жаңалықтарымен байланыстырып, салыстырып, зерттеп өз болжамдарын жасау қабілеттері әлі де төмен деңгейде.
Ал мұның себебі қайда жатыр және бұл проблемаларды шешу үшін, білім үрдісінде инновациялық технологияларды оқып үйреніп өз іс-әрекетімде енгізу қажет деп ойлаймын. Білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар.
Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұнын балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қарауда тәрбиеші іс-әрекетінің маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру педагогтың интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі,-деп көрсетеді С.В. Селевко.
Бүгінгі таңда білім беру саласында әртүрлі сипаттағы және бағыттағы инновациялар енгізілуде. Азды-көпті мемлекеттік жүргізіліп, мазмұнға, ұйымдастыруға оқыту әдістері мен технологияларына жаңалыктар кіруде. Білім беру саласына енген жаңалыктарға мына өзгерістерді жатқызамыз:
- оқу тәрбие мекемелерінің жаңашыл басқарылуы;
- білімнің қоғамдағы орны және сол жүйені қаржыландыру деңгейін;
- тәрбие және білім жүйесі құрылымын.
Білім беру мазмұнын, яғни оқу жоспарларындағы және бағдарламалардағы өзгерістерін:
- білім беру мекемелерінің ішкі ұйымдастырушылық әрекеттерін;
-педагог пен балалар қарым-қатынастарына, ұстаз бен шәкірттер арасындағы қарым-қатынас;
- оқыту әдістемелеріндегі өзгерісін;
- білім беру мекемелерінің құрал - жабдықтарындағы және ақпараттық технологияларды қолданудағы өзгерістер;
- оқыту мекемелерінің құрылысындағы өзгерістерді жатқызамыз.
Педагогтың инновациялық іс-әрекеті – өз қызметіне жаңа технологияларды енгізу. Білім беру жүйесінде қазір технологиялардың сан алуан түрлері бар.
Соның бірі дәстүрлі педагогикалық технология.
Дәстүрлі педагогикалық технологиясының басқа технологиялардан айырмашылықтары бар:
- балалардың таным кабілеттері және жас мөлшері шамамен бір деңгейді құрайды;
- топтағы балалар құрамының әр кез тұрақты болуы;
- ортақ жылдық жоспармен оқу бағдарламаларына, оқулыктарға негізделген, құрастырылған кестемен жүргізіледі;
- балалар жылдың бір мезгілінде, белгілі бір сағатта білім алады;
- оқытудың негізгі бірлігі-ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті.
- оқыту барысында жоспарланған тақырып кеңінен түсіндіріледі;
- балалар сол тақырып бойынша білім, білік, дағдыларын игеру мақсатында жұмыс істейді;
- оқытуды ұйымдастыру тек тәрбиешініңнің басшылығымен жүргізіледі.
- педагог өз пәні бойынша жалпы әр баланың білімін қорытындылап, бағалайды.
Дәстүрлі оқыту технологиясының тиімсіз жақтары: дайын білімді хабарлайды, бала орындаушы, тәрбиеші басқарушы болады.
Жаңартылған білім мазмұнының ғылыми – әдістемелік негізіне дамыта оқыту идеясы алынған. Дамыта оқытудың ерекшелігі мектеп жасына дейінгі балада білім, білік, дағдыны қалыптастырудың қажеттілігін жоққа шығармайды, бірақ оқыту мен тәрбиелеу баланың дамуын қамтамасыз ететін жағдай болуы керек дегенді приоритет етіп қою.
Дамыта оқыту жүйесінде оның мазмұны баланың жеке бас болмысын, тұлғасын дамытудың құралы деп қарастырылады. Ол мазмұнды бала меңгеруі тиіс теориялық ұғымдар мен түсініктер жүйесі, оны саналы меңгеретін жалпыланған амал-әрекеттер және ұстанымдарды беріліп бейнелеуі қажет. Дамыта оқыту технологиясы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балаларға тәрбиешінің қарапайым ізденгіштік-зерттеушілік іс-әрекетін қалыптастыру тән.
Оған тән сипаттар:
- балалардың алдына ізденуді жүзеге асыру қажеттілігін тудыру керек,
- іс-әрекеттің бастапқы кезеңі –балалардың алдына олардың әрекет жағдайын жаңаша талдап, оны жаңаша түсінуді талап ету оқу міндеттерін қою,
- осы міндеттерді шешуді, яғни іздену іс-әркетін ұйымдастыру, мұнда үлгі көрсетуге болмайды, сондықтан тәрбиеші балаларды іздену іс-әрекетіне таратуы қажет. Ол үшін екі шартты орындау керек.
1) тәрбиеші өзара ізденуге басқарушы болмай, шын мәнінде қатынасушы болу керек.
2) Ол обалалар жүргізіліп жатқан ізденуді шын мәнінде жүзеге асыру керек, оларға дұрыс шешім көрсету керек.
Дамыта оқыту идеясы бойынша балаға оқу мақсаттарын қоюда, шешуде ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы іске асырылады. Тәрбиеші – ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті үдерісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ретінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр бала өз ойын еркін білдіріп, пікір айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптары тыңдалынады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермейді. Дегенмен, әр бала жасаған еңбегінің нәтижесін бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.
Дамыта оқыту жүйесінде тәрбиеші мен бала арасындағы қарым-қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Олар ынтымақтастық, өзара сыйластық түсіністік сияқты қасиеттер. Бала өз ойын қорықпай, сеніммен айта алатындай жағдай болуын басты назарда ұстау маңызды болып табылады. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде проблемалық оқыту технологиясының мектеп жасына дейінгі балалрдың жас ерекшелігін ескере отырып тәрбиеші өзі іріктеп алдын ала дайындауы міндетті болып табылады.
Проблемалық оқытудың мақсаты - ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолында баланың таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту. Проблемалық оқыту-ойлау операциялары логикасы (талдау, қорытындылау және тағы басқа) мен мектеп жасына дейінгі балалардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын (проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және тағы басқа) ескере отырып жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Сондықтан да көбінесе мектеп жасына дейінгі балаларының ойлау кабілеттерін дамытады және сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Проблемалық оқытудың негізі ерекшелігі – мектеп жасына дейінгі баланың білетіні мен білмейтінінің арасында қайшылықтар пайда болады және проблемалары міндетті шешуге дайын тәсіл болмағандықтан, проблемалық ситуация пайда болады, осыған орай баланың ізденушілік әрекетімен ынтасы күшейе түседі. Оқыту технологиялары мектеп жасына дейінгі балалардың тұрақты жоғары нәтижелерге қарай біртіндеп сатылай жылжуын, жаңа оқу ақпарлары мен біліктіліктерді меңгеру мақсатына жақындау деңгейлерін әр қырынан бағалау және өзін-өзі бағалау мүмкіндіктерінің туындауын қамтамасыз етеді. Білім стандартында белгіленген, білім беру бағдарламаларында айқындалған талаптарды нақты жағдайларда жүзеге асыруға мүмкіндік беретін педагогикалық технологиялардың бірі деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы.Даралап-саралап оқыту технологиясының мақсаттылық принципі - әр бір ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткізуге арналған жоспарда, тәрбиеші ең бірінші мақсатын көрсетеді. Сондай-ақ деңгейлік тапсырмалар мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері мен жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып белгілі бір мақсатта берілуі қажет.Деңгейлік тапсырмалар беру әдістемесінің негізгі ұстанымы – оқу материалдарын мектеп жасына дейінгі баланың жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшеліктеріне байланысты ойлау әрекеттеріне ойластырып, саналы меңгерту. Мектеп жасына дейінгі балалардың білім сапасын көп жағдайларда төмен болуы осындай түрлі жағдайларды ескермеудің салдары деп айтуға болады. Деңгейлік тапсырмалар мен жұмыс жасау балалардың іскерліктерін жүзеге асырады.Осыған байланысты деңгейлік тапсырмалар беруде тәрбиеші ең алдымен тапсырмалардың мазмұндық жүйелігіне аса назар аударуы қажет. Заман талабына сай әр тәрбиеші оқу-тәрбие үдерісін жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді. Білім беру субъектісі ретінде баланы қалай дамытамын? Не арқылы дамытамын? деген сұрақ туындады. Әрі білім беру құрлымында жаңа технологиялар өмірге келді. Сол технологиялардың бірі - ойын технологиясы. Мектеп жасына дейінгі бала үшін ойын негізгі іс-әрекет болып табылады. Сондықтанда мектепке дейінгі мекемелерде ойын технологиясын пайдаланудың орны ерекше. Тиімді қолданылған ойын түрлері тәрбиешінің түсіндіріп отырған материалын балалардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені мектеп жасына дейінгі балалардың аңсары көбіне ойынға ауып тұрады. Қызықты ойын түрлерінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Таубаева Ш.Т., Лактионова С.Н. Педагогическая инноватика как теория и практика нововведений в системе образоввания – Алматы «Ғылым»,- 2001
2.Ажмурат С.А. Современные технологии воспитателя. –Павлодар:ТОО НПФ «ЭКО», 2012.
3.Внутришкольное управление: теория и опыт педагогических управленческих инноваций / Под ред. Н.В. Горбуновой. М.: Новая шк., 2005./
4.Идрисова Б.Қ. Мектепке дейінгі ұйымдардағы әдіскердің жұмысының инновациялық бағыттары. «Қазақстандағы мектепке дейінгі білім», 2010-№2.
Аннотация. В статье рассматриваются особенности использования и классификация инновационных технологий в учебно-воспитательном процессе общеобразовательных учреждений.
Аnnotation. This article discusses the features and usage classification of innovative technologies in the educational process of preschools.
ӘОЖ 517.24: 38
ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ - ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Достарыңызбен бөлісу: |