Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал


Annotation. The problem of the behavior of boys and psychological development of the pupils of this age. ӘОЖ 159.9



бет15/35
Дата24.02.2016
өлшемі2.95 Mb.
#14826
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35

Annotation. The problem of the behavior of boys and psychological development of the pupils of this age.

ӘОЖ 159.9

Б 73
ҚАРТТЫҚ ШАҚТАҒЫ ТҰЛҒАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘНІ
Болтаев А.Т., Сұлтанбекова Ж.Қ., Башен Д.Қ., Таубалдиева М.Ж.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдаған жолдауындағы 3.6 бөлімінде былай деп айтқан болатын: «Биылғы жылдан бастап біз әлеуметтік қамсыздандырудың идеологиясы барынша қарапайым үш деңгейлік жүйесін қалыптасырудағы бағытталған әлеуметтік реформаларды тереңдетудің үш жылдық бағдарламасын іске асыруды қолға аламыз. Біріншіден, бұл мемлекет кепілдік беретін негізгі әлеуметтік төлемдер. Екіншіден, бұл міндетті әлеуметтік сақтандыру ақыр аяғында бұл кейіннен әлеуметтік төлемдерге айналатын азаматтардың ерікті жинақтаулары. Міне, осындай үш бастау азаматтарымыздың қарттық кезеңін лайығымен қамсыздандыруға тиісті жағдай туғызады».

Дүние жүзіндегі қарт адамдардың абсолюттік саны күннен күнге өсіп бара жатқандықтан, олар туралы мәселелер де өте тереңдеп бара жатыр. Осы мәселені зерттейтін ғылым «геронтология» деп аталады, яғни ол термин «герон» — қарт, «логос» — ғылым деген екі сөздің тоғысуынан шыққан. Поль де Кюридің айтуы бойынша, бұл терминді алғаш рет Илья Мечников ойлап тапқан. Геронтология қартаю процесін ғана зерттемейді, ол сонымен қатар қартаю кезеңіндегі адам денсаулығын және өмір ұзақтылығына да мән береді.

Қартаю барлық табиғи ағзалар әлеміне тән, тек адам үшін ол экономикалық, әлеуметтік және психологиялық процестермен сабақтасады.

Геронтологияның қазіргі кезде жеке дамыған бөлімі — әлеуметтік геронтология. Ол өмір ұзақтығын және өмірдің салтын зерттейді.

Геронтология ғылымының мағынасын түсіну үші, оның дамуының сатыларын қысқаша болса да білу қажет.Геронтология ерте заманда пайда болған ғылым деп айтады, яғни ол ерте замандағы медицина ғылымының атасы Гиппократ және Ибн-Сина, философтар Цицерон және Сенеки аттарымен байланысты деген. Ал кейбіреулерінің пайымдауы бойынша геронтология өз бастауын кейінгі жүзжылдықтың екінші жартысында, қарт адамдардың саны едәуір өскен шағында пайда болды дейді. Осы уақытта ең алғаш геронтологияның ғылыми-зерттеулік институттары құрылған. Осы айтылған екі пікір де дұрыс деп айтылады, яғни геронтология – жас ғылымдардың ішіндегі ең көнесі және көне ғылымдардың ішіндегі ең жас ғылым болып саналады.

Қоғам мәдени дамыған сайын, адам өмір тарихында өмірді ұзарту және өлімді ысырып тастауға әр уақытта әр түрлі амал-тәсілдер іздеген, бірақ оның нақты эксперименталдық жұмыстары мен практикалық қорытындысы XX ғ. ғана қолданыла бастады.Геронтологияны мәдениеттің құрдасы деп те айтуға болады. Ерте ғасырлардан бері ғалымдар қартаю кезінде жастықты артқа қайтару үшін көптеген амалдар іздеген. Әр ғасырда қартаю ғылымы жаңа білімдер жинай бастады, әрине ол әр түрлі бағыттағы мамандармен байланысты, яғни олар: дәрігер – физиологтар, филологтар және биологтар, психологтар және социологтар, демографтар және этнографтар, тарихшылар және құқықтанушылар.

Қарттық кезеңге тән негізгі белгі-қартаю процесі. Қартаю процесі ағзада нақты жас кезеңдік өзгерістермен сипатталатын генетикалық бағдарланған процес. Қарт адамдардың әлеуметтік ортадағы рөлдерінің өзгеруіне байланысты олардың қарым-қатынас аумағы күрделі өзгерістерге ұшырайды. Қазіргі таңда психология ғылымында қартаю-ерекше бейімделу процестерін сақтай отырып,ағзаның өзіндік қайта құрылуы ретінде қарастырылады. Бұл кезеңді қарастырған ғалымдар: Э.Эриксон, Д.Б. Бромлей, А.А. Богомолец, Ф.Гизе, И.С.Кон, К.Рошак, П.Балтес, Р.Пек. Қартаюға қатынас стратегиясы бірнеше зерттеулердің нәтижелеріне негізделген:

Н.С. Кон бойынша, қартаюдың 1-ші тип- қоғамдық өмірге,жастар тәрбиесіне араласу, белсенді шығармашылық өмір, кемістік сезімінің болмауы.

2-ші тип: Энергияны өзіне бағыттау өзіндік білім, демалыс: нақты әлеуметтік психологиялық бейімделгіштік;

3-ші тип: (негізінен әйелдер) күш жұмсау сферасы жанұя,зерігіп көнілсізденуге уақыттың болмауы; алғашқы,типтермен салыстырғанда өмірге қанағаттанушылықтың төмен болуы;

4-ші тип: өз-денсаулығына көңіл бөлу,осыған байланысты түрлі белсенділік формалары;

5-ші тип: «агрессивті ұрсқақа қарт» айналадығы өмірге қанағаттанбаушылық жағдайы, өзінен басқаны сынау, шексіз талап;

6-ші тип: «жалғыз және жолы болмаушы » өзіне және өз өмірінен түңілу. Жалған және шынайы жіберілген мүмкіндіктерді өзін кінәлау.

Қарттық кезең психология саласында зерттеу адамның бүкіл тіршілік ету барысындағы биологиялық және психологиялық даму факторларының арасында өзара байлансы орнатуға негізделген обьективті-ғылыми мәнге ие.

Қарыттық шақтағы әлеуметтік тұрғыдан да, хронологиялық тұрғыдан да адамның зейнеткерлікке шығуымен сәйкес келеді. Адам белсенді еңбек іс-әрекетін тоқтатады, «істерден алыстайды». Зейнеткерлікке кету қарыттық шақтағы кезеңіндегі даму жағдайының орталақ мезетін құрайды. Психологияда отставкамен естен тандыру туралы айтылады. Отставка (немесе зейнеткерлікке шығу) адамның оған референтті топтан, ұзақ жылдар бойы өзін бағыштаған істен алыстауын білдіреді. Адам қоғамдағы маңызды әлеуметтік рөлінен және маңызды орнынан айырылады.

Қоғамдық және әлеуметтік ьаңызды орнын жоғалту әлеуметтік-психологиялық ынталандыру көздерін жоғалтумен, қалыптасқан кәсіби және тұлғааралық қатынастардың үзілуімен түйіндеседі. Адамның қарым-қатынас шеңбері тарылады,бұл өз кезегінде оның тұлғасындағы өзгерістерге алып келеді.

Зейнеткерлікке шығу көптеген адамдар үшін материалдық жағдайларының едәуір нашарлауымен қатарлас жүреді.Бұл оларды бұрын өздеріне ешқашан шек қоймаған нәрселерінде өздерін шектеулерін мәжбүрлейді. Материалдық шектелгендік немесе өз балаларына тәуелділік бірқатар жағымсыз психологиялық жан құбылыстпрын тудырады.

Белсенді кәсіби іс әрекетін тоқтату психологиялық үдерістердің ( ойлау,ес, зейін, және т.б) толыққанды жүктеме алмауына, олардың жұмыс істеу деңгейінің төмендеуіне алып келеді. Кәсіби білімдерін өзгелерге жеткізу жағдайы болмағанда, кәсіби хабардарлық та төмендейді.

Қазақстан Республикасында болжау жоспары бойынша келесідей құрылымдық-деңгейлік заңдылықтар мен ерекшеліктер тұрақтандырылды: тұрақтылық қарқыны 2015 жылға қарай егде жастағы адамдардың үлес салмағы 13,3%-ға дейін өседі, сонымен қатар 60 жастан жоғары барлық жас санатындағы әйелдердің үлес салмағы ерлердің үлес салмағынан асып түседі. 60 -тан жоғары жастағы халық өлімінің жас-жыныстық көрсеткіштері барлық жас санатындағы ерлер өлімінің жоғарғы деңгейін (t > 2) сипаттайды. Осы құбылыстардың себеп-салдарлық өзара қатынасы келесідей негізгі аурулар класстарын тұрақтандырды: жүрек-қантамыр аурулары (64,5%); жаңа өсінділер(14,5%); тыныс алу мүшелері аурулары (10,6 %); жарақаттанулар мен уланулар (4,8%); ас қорыту мүшелерінің аурулары (3,4%). Үлкен жастағы адамдардың жалпы аурушылдық деңгейі қалалық егде жастағы тұрғындардың аурушылдық деңгейінен 4,7 есеге жоғары. Амбулаторлық-емханалық ұйымдарға жүгінуі бойынша аурушылдық 1307,5‰ құрады.

Әлеуметтік зерттеулер, үлкен жастағы адамдардың денсаулық жағдайының 82,0% қанағаттанарлықсызға сәйкес келетіндігін айқындады және құрылымы мен факторлар рангісі бойынша, егде жастағы адамдардың денсаулық жағдайына әсер ететін басты келесі факторлар анықталынды: экономикалық (32%); психологиялық (18%); экологиялық (14%), өмір салты (14%); денсаулық сақтау жүйесінің жағдайы (10%); отбасы ішілік (7%); биологиялық (6%). Экономикалық факторлардың ішінде аса жоғары корреляциялық мәнді (r=0,75) клиникалық-диагностикалық зерттеулер мен дәрі-дәрмектер (зерттеудің 40%) төлемінің төменгі қабілеттілігі алады. 3,0) келеді. Қорыта келе, ұзақ жасап, ұрпағының қызығын көру – кімнің де болса арманы. Бағзы заманнан қалыптасқан, ұрпақтан ұрпаққа ұштасқан өмірлік мақсаты ел бірлігіне, жер тұтастығына бас-көздік, халықтың бірлігі мен ынтымақтастығын берік дәне­керлеу, ұлттық бай рухани қазынаны шашау шығармай сақтау және молайта түсу еді. Олар қай кезде де осы міндетті жүзеге асыруда көсемдік танытты, бекзаттық пен мәрттіктің рухы бола білді. Егер қоршаған ортасы адамға түрткі болуы мен ынталандыруын жалғастыратын болса, және әсіресе егер болашақ әлі де оныің алдында белгілі мүмкіндіктер ашатын болса, кемел шақтан егде жасқа өту кезінде мінез-құлық тұрақталағының жоғары дәрежесін күтуге болады.


Пайдаланған әдебиеттер:

1.Назарбаев Н.Ә.ҚР Президентінің « Қазақстан- 2050» стратегиясы бойынша, Қазақстан халқына жолдауы. 2012.- 14 Желтоқсан.

2.Крайг Г. Психология развития. СПб.: Питер,2003. Кречмер Э. Строение тела и характер. М.: НО Научный фонд “Первая Исследовательская лабаратория им. Акад. В.А.Мельникова”, 2000

3. Лидерс А.Г. Возрастно-психологические особенности консультировария пожилых людей // Психология зрелости и старения.1999 С.13-22

4.Лютов Е.К., Монина Г.Б. Тренинг эффективного взаимодействия с детьми. Комплексная программа. СПб.: Речь, 2001.

5.Малкина-Пых И.Г.Ритмо-двигательная психокаррекция:работа с женщинами в период климакса (часть 1)//Современные технологии.Медицинская техника,фармация, диагностика. 2002


Аннотация. В статье рассмотрены возрастные и психологические особенности старческого возраста.

Annotation. This article describes the psychological characteristics of age and elderly.

ӘОЖ 371.13:37.018.
ҚР-НЫҢ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОҚУШЫ ТӘРБИЕСІНІҢ

ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ МАЗМҰНЫ
Ботамқұлова А.Б.

Жамбыл гуманитарлық -техникалық университеті, Тараз қ.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дaмыту мәселелерінің негізгі мақсаты – білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның талаптарына сәйкес келетін білімді, кәсіби біліктілігі жоғары, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелейтін білім негізін қалыптастыру. Білім берудің адамға, жеке тұлғаға қарай бағытталуы, білім мазмұнының демократиялылығы, заман талабына сай білім беру мен ұлттық тәрбие үрдісінің гуманистік сипаты – 12 жылдық білім берудің әдіснамалық негізі ретінде қызмет ете алады.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қ Р-ның болашағы- қоғамның идеялық бірлігінде» еңбегінде «Біз құрып жатқан қоғамның ең жоғарғы құндылығы- адам,бүкіл өзгерістердің бәрі сол үшін, соның игілігі үшін жасалып жатыр» деп, көрсетілген. Ендеше, оқушының өз өмір жолын таңдай білу қабілетін дамытуда- оқушылардың өмірлік ұстанымын, адам өміріндегі ең жоғарғы құндылық екенін санаға сіңіруде құндылық-тәрбиенің маңызы зор.

Білім беруде үйренушінің дербес мүмкіндіктері, жас және жеке ерекшеліктері ескерілуі қажет. Оқушының жеке тұлға ретінде дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасынан басталып арнайы орта оқу орындарында жалғаса түседі. Сондықтан да, 12 жылдық білім беретін мектептегі үрдіс жеке тұлғаға бағдарланған оқыту ұстанымына негізделіп, оқушының жеке ерекшеліктеріне қарай қоғамдағы өзгерістерге бейім даму мүмкіндігін айқындауды қажет етеді.

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу-әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін заман талабынан туындап отырған мәселе. Қоғамның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Еліміз оқытудың «Нәтижеге бағытталған білім беру» моделіне көшті. Ал, нәтижеге бағытталған білім беру дегеніміз жеке тұлғаның құзырлығын қалыптастыру.

Білім берудің басты мақсаты – білімге, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде лайықты ақпаратты өзі табу, талдау және оны пайдалану сөйтіп қарқынды дамып жатқан заманға лайықты өмір сүру болып табылады.

Үшінші мыңжылдық – құзыреттілік білім беру жағдайында мамандардың инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты инновациялық іс-әрекет кезеңі. 

Тұлға – мазмұнды күрделі ерекше әлеуметтік ұғым. Оның өсуі мен қалыптасуы ортасы мен қоғамдық өмірге тәуелді. Қай кезде болмасын ұрпақ тәрбиесін қазақ халқы өзекті мәселе ретінде бағалаған. Осы орайда А.Құнанбайұлы «Он тоғызыншы» қара сөзінде: «Бала ата-анадан туғанда есті болмайды: ол естіп, көріп, ұстап, татып,ескерсе дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» - деп баланың социумда жинаған тәжірибесі арқылы білімді болатындығы туралы ой түйіндейді.

Ағартушы педагог-ғалым М.Жұмабаев тұлға мәселесін қарастырғанда: «Тәрбие деген – баланы бетке қақпай, бетімен жіберу емес. Баланы тәрбиелі қылу – тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін адам шығару, қаласа- өзін, барлық адам баласын әділ жолмен өрге сүйрейтін ер шығару деген сөз» деп педагогикалық көзқарасын ашты. Қоршаған әлемге өз қатынасын сезінетін, іс-әрекеттің нақты түрімен айналысатын, белгілі топтағы адамдардың өкілі, нақты адамды – психологияда тұлға ретінде көрсетеді. Сонымен қатар әрбір индивид өзіндік ішкі ерекшелік пен сапаға ие.

Психология ғылымының зерттеушілері тұлғаның айрықша психологиялық белгілерін келесідей бөліп көрсетеді:  сана–қоршаған әлемге адамның саналы ықпал ету қабілеті;  өзіндік қалыптасқан сана-өзін-өзі сезіну қабілеті;  өзіндік реттелу-өз мінез-құлқын және іс-әрекетін басқару; 
даралық (өзіндік бейне, «Мен», өзінің ойлауы мен іс әрекет стилі) . Осы тұлғадан білім алушы пайда болады Адамның тұлғалық қалыптасуы – үздіксіз және күрделі процесс. Демек, оқушыға білім бере отырып, біз оқушының жан-жақты дамуына мүмкіндік жасауымыз қажет. Білім беру барысында оқушының жеке тұлға ретінде ерекшеліктерін ескеру – баланың өзін-өзі жан-жақты дамыту мәселесін оңтайлы шешуге мүмкіндік береді. Бүгінгі ұрпаққа әлемдік білім беру стандартына сәйкес жаңаша білім беруімізді өркениетті дамудың өзі талап етіп отыр. Сондықтан да бүгінгі таңда жалпы 12 жылдық білім беру жүйесіне көшумен жеке тұлғаның бойында мәдени, рухани құндылық қасиеттерін қалыптастыра оқытумен қоса тәрбие де аса маңызды орын алады. Жеке тұлғаның бойында мәдени құндылық қасиеттерін қалыптастыруда оқыту мен тәрбиенің теориясы мен практикасын ұштастыра отырып жүргізу қамтамасыз етілуі керек. 12 жылдық оқу мерзіміне көшу жауапты жұмыс екені даусыз. Оны жүзеге асыру арқылы білім беру жүйесі жалпы әлемдік білім аймағына ене алады. Осындай деңгейде болу ұрпағымыздың жер шарының кез-келген жеріне барып таңдаған, қалаған мамандығын игеруіне мүмкіндік береді. 

Оқушылардың оқудағы белсенділігі оқуға қажетті білім, білік, дағдыны саналы меңгеруінен, оны тәжірибеде пайдалана алуынан көрінеді. Ол оқу үрдісінің барлық кезеңіне қажет. Оқу тапсырмаларын орындау нәтижес ішкі белсенділікке байланысты. Ішкі белсенділікке оқушының белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Адамның қандай да болмасын әрекеті белгілі бір қажеттіліктерден туындайтыны баршамызға белгілі. Негізгі құзіреттіліктер түріндегі күтілетін кейбір нәтижелерге тоқталуды жөн көрдік. Олар оқушыларды өз бетінше талдауға, өз қызметіне мақсат қоюға, жоспарлауға, жинақтауға, қорытындылауға, салыстыра дәлелдеуге, сыни тұрғыдан шешім қабылдауға, қарым-қатынас диалогына қатысуға, баламалы өзін-өзі бағалауға, өзін-өзі реттеуге, өзін-өзі түсінуге, өз әрекетінің әлсіз және күшті жақтарын көрсете білуге, ақпаратты сұрақ қоя отырып жауап алуға, нені меңгергенін, нені меңгермегенін анықтауға, өз білімін өзгермелі жағдайларда қолдана білуге үйрету. Бұл үшін ең біріншіден оқушыларға білім беретін оқулығымызға байланысты деп ойлаймын.

Көрнекті психолог - ғалым Д.Б.Элькониннің оқу әрекеті баланың психикалық дамуын шапшаңдататын жетекші әрекет болуымен қатар, қарқынды жаңа өзгерістер кіші мектеп жасындағы кезеңге тән деген тұжырымын әр уақытта есте сақтаған жөн. Сондай-ақ , оқу әрекетінің басқа әрекеттерге де ықпалы зор. Демек, бастауыш сынып мұғалімдерінің негізгі міндениеттерінің бірі – оқу әрекетін оқушыларға игерту. Оқу әрекетінің өзіне тән ерекшеліктері мен бағытының дамуына кем дегенде төрт жағдай ықпал етеді. Олар: біріншіден, ғылымның даму деңгейі; екіншіден, қоғамның өскелең талабының оқушыларға ғылыми білім беруді қажетсінуі; үшіншіден, нақтылы қоғамның материалдық мүмкіншілігі; төртіншіден, психология-педагогика ғылымының даму деңгейі. Олай болса, біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қоғамдастығына кіруге дайындық барысында оқушыларға нені, неге, қашан, қайда және қалай үйрету негізгі мәселе болып отыр.

Қазіргі өзекті мәселелердің бірі - өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, әлеуметтілік жауапкершілік, ой - өрісінің кеңдігі, жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылық, танымдық әрекетке қызығушылығының басымдығы. Осыған байланысты оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыру қажеттілігі туындайды. Білім алу, іскерлік пен дағдының қалыптасуы тек ғана болады деп бір жақты түсінуге болмайды. Ол басқа әрекеттерге де тән, бірақ олар өте баяу жүреді, ұзақ уақытты талап етеді.

12 жылдық орта білім берудің құрылымдық-мазмұндық моделі төмендегі ұстанымдар негізінде ұйымдастырылады: жеке тұлғаның жас және жеке ерекшеліктерінің басты назарда болуы; жеке тұлғаның жас кезеңдерінің ескерілуі; күтілетін нәтижелердің оқушы жетістіктеріне бағыттылығы; оқытудың сабақтастығы; әрбір оқыту сатысының даралығы.

Оқушының оқу әрекетіндегі өзін-өзі басқару мен басқаруды ұйымдастыру, оқыту процесін моделдеудің педагогикалық-психологиялық және дидактикалық мәселелері бойынша бірқатар ғалымдардың еңбектерінде (Ю.К.Бабанский, А.А.Вербицкий, Ю.Н.Кулюткин, М.И.Махмутов, В.В.Сериков, Г.С.Сухобская, Т.И.Шамова, И.С.Якиманский т.б.) жан-жақты талқыланып келді. Оқушылардың өзіндік жұмысы, өздігінен білім алу әрекеті жайлы Т.С.Сабыров, А.Е.Әбілқасымова, А.Х.Аренова, С.Смаилов, М.А.Құдайқұлов еңбектерінде сөз қозғалған. Өзіндік жұмыстар оқушылардың ақыл-ой еңбегінің жоғары сатыда болуын қамтамасыз етіп, біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру нәтижесінде, оқу үрдісінде жоғары нәтижелерге жетуге көмектеседі. Сонымен қоса оқушылардың бойында ұйымдастырушылық, тәртіптілік, еркіндік, мақсаткерлік, ізденімпаздық, белсенділік қасиеттерін дамытады.

12 жылдық орта мектеп оқушысы нарықтық қатынастар мен ақпараттық қоғамның өзгермелі жағдайларына анағұрлым дұрыс бейімделген, жүйелі білім негіздерін практикалық іс-әрекеттерге ұштастыра білетін, функционалды сауатты, өмірлік қажетті дағдылары мен кең спектрлі компетенциялары қалыптасқан, өзін-өзі дамытуға, өз бетінше табысты өмір сүруге, өзіне және қоғамға пайдалы қызмет атқаруға лайықты тұлға болуы тиіс. Орта мектептің 11-12 сыныптарында бейінді (профильді) оқудан өткен мектеп түлектері қазіргі мектеп түлектерімен салыстырғанда өз мамандықтарын, өмір жолдарын таңдауға және оны тез, табысты меңгеруге әлдеқайда жақсы әзірлікте болмақшы. Бұл – қазіргі тез дамып, тез өзгеріп отырған, талғамы мол уақыт талабы.

12 жылдық білім мазмұнының негізгі өзегі – қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, сондай-ақ, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту болып табылады.

Білім алушы білім алудың белгілі бір сатысымен (мектеп немесе жоғары оқу орнымен) шектелмейді. Бүгінгі таңда, демек, болашақта да білім қажеттілігі адамның белсенді өмірін қамтиды. Сондықтан жастардың бүгінгі білімі – болашақта өз білімін жетілдірудің және өз бетімен білім алуларының тек қана негізі. Мұнан шығатын қорытынды оқушыларды үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру өзекті мәселелердің бірі екендігі сөзсіз. Қазіргі уақытта білім берудің алғашқы парақтарында «адам проблемасы» өзекті мәселелердің біріне айналып, «адам проблемасы» қазіргі ғылымда білім беру саласында толығымен зерттеуді қажет ете бастады. Білім берудің мақсатында – адамның өмір сүру ортасының мағынасы мен бейнесіне сәйкес, тұлғаны қалыптастыруға назар аударылуда.

Білім беру саласының проблемаларының болжамдарында,әзірленген білім беру жүйесінің көмегімен – биосфералық, адамдағы ізгілікті, жоғары биологиялық және әлеуметтік сапаларды жасай, қазіргі заман талабына сәйкес білім беру қарастырылған. Қазіргі заманғы тұлға кеңейген әлеуметтік кеңістікте , ішкі икемділігі мен түрлі мүдделерін көрсете, өзін жетілдіруге ұмтыла, адамзат тұрмысының маңызын сезінуге бағдарлану керек. Орыстың ұлы педагогы В.А.Сухомлинский мектептің басты міндеті - әрбір адамның дарындылығын ашу, оны толыққанды шығармашылық, интеллектуалдық еңбек жолын бағдарлау. Әрбір оқушының қайталанбас дарынын дөп басып табу, аша түсу, қастерлеу бұл – тұлғаны адамзат қадір-қасиетінің өркендеуінің жоғары деңгейіне дейін көтеру деген сөз деп атап көрсетеді.

12 жылдық мектеп оқушысы өзіндік санасы мен өзіндік танымы бар, өз бетімен білім ала алатын, коммуникативті құзіретті тәрізді тұлғалық сапалары жоғары болуы қажет деген тұжырым жасауға болады.
Пайдаланған әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы. 2009.

2.Қазақстан жолы- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ. [17 қаңтар, 2014]

3.Бахишева С. «12 жылдық білім беру және оқушы тұлғасы».Білім кілті.[№1, 2006]

4.Жазықбаева Ұ. «Жеке тұлғаны қалыптастырудағы 12 жылдық білім берудің тиімділігі». Білім әлемі. [№1, 2007]

5.Дәулетов Н. «Бала қабілетіне қарай білім беру – бұл өмір талабы». Егемен Қазақстан. [19 қазан, 2013]

6.Жұмабаев М. Педагогика. Алматы: Ана тілі,1992

7.12 жылдыктың жайы // Айқын.- 2008.- 1 ақпан.- 2 б.

8.Государственный общеобязательный стандарт образования: начальное, основное среднее, общее среднее образование (01.09.2010 г.) // 12 жылдық білім беру 12 - летнее образование- 2010. - № 9.-16-28б

9.Концепция воспитания в системе непрерывного образования Республики Казахстан: Утв. приказом Министра образования и науки РК от 16 нояб. 2009 г. № 521 //12 жылдық білім беру. 12-летнее образование.- 2010. - № 1. -.46-56 б.


Аннотация. В статье расмотрено системы образования 12 летнего обучения. Выделены эффективные пути и содержания совершенствования воспитании ученической ценности.

Annotation. This article motivated system of models process 12 years education. Out effecting ways and contents to perfection bring up on the value pupils.

ӘОЖ: 411161.1+412.122

ББК 74.97
ЖОҒАРЫ БІЛІМДІ ДАМЫТУДЫҢ СТРАТЕГИЯСЫ
Ботамқұлова А.Б.

Жамбыл гуманитарлық- техникалық университеті, Тараз қ.
Қазақстан Республикасында жоғары білімді дамыту стратегиясы Республика Конституциясының қағидаларына, ел Президентінің халыққа арнаған «Қазақстан – 2050» Жолдауына, ЮНЕСКО-ның, Болон халықаралық білім саясатының материалдарына негізделеді. Қазақстан Республикасындағы жоғары білім мемлекеттің ұзақ мерзімдік басымдықтары арасында ерекше орын алады және ол шын мәнінде ұлттық қауіпсіздік проблемасы болып табылады.

Жоғары білім мемлекет қызметінің барлық жақтарына экономикалық, әскери, экологиялық, технологиялық, мәдени, басқару және басқа салаларына түгел дерлік ықпал етеді. Рухани өндірістің аса маңызды бұл саласы қоғамның қызмет етуінің интеллектуалдық және экономикалық базасын құрайды. Ол мәдениетті сақтаудың және оны болашақ ұрпаққа жеткізудің басты құралы болып табылады. Қазіргі заманның аса өткір проблемасы - ғылымға, білімге және ар-ождан бостандығына дүниетанымдық синтез жасау проблемасынан тыс қала отырып, өзінің аса маңызды болжаушылық қызметін - мәдениеті түзу және ділді (менталитет) қалыптастыру қызметін толық дәрежеде жүзеге асыра алмауда. Дүниеге этикалық жауапкершілікпен қарайтын, инновациялық, шығармашылық ойлауға дағдыланған, дүниетанымдық мәдениеті жетілген, адамгершілігі мол және білікті мамандардың жаңа ұрпағын қалыптастыру идеясы дамудың стратегиялық бағдары болады.

Рухани және материалдық дүниелердің үйлеспеушілігі ұдайы байқалып отыратын бұл қоғамды өзін-өзі ұйымдастыратын, үздіксіз дамып отыратын жүйе ретінде түсіну көзделеді. Жеке адамның рухани әлемінің дамуы оның материалдық мұқтаждықтарынан әлдеқайда озық кеткен тұста тарихтағы бақытты кезеңдер, қоғамның, оның мәдениетінің, білімінің, экономикасының бақытты даму дәуірі басталды. Адам әрекетінің барлық салалары (білім, өндіріс, ғылым, басқару) мамандануының тез өсуі, қоғамның техникаландырылуының күшеюі, қазіргі өңсіз және айбатты жаратылыстану-ғылыми білімнің көптігі, бұл өңсіздіктің адамның жеке басына ықпалының өсіп отыруы және т.с.с. қалыптасып келе жатқан жеке адамның рухани жүдеуіне әкеп соқтырады. Техницизм мен сциентизм дүниетаным мен философияны, оның ішінде, соңғы онжылдықтар ішінде этикалық бастамасынан барған сайын айрылып келе жатқан білім философиясын да өзіне бағындырған. Қоғамдық өмірдің саясаттануы және әсіресе, барған сайын айқын бола бастаған тоталитаризм тенденциясы адамның жеке басын өзгертіп, көз жұма бейімдеушілікке әкеп соқтырады және адам рухын өзін-өзі тәрбиелейтін білімге теріс әсер етеді.

Гуманизм, дүниежүзілік қауымдастықтың қоғамдық дамуының саяси принципі, стратегиялық мақсаты ретінде жарияланады. Мемлекеттік стандартта «Демеуші білім» мен баламасы «Инновациялық білім» екені белгілі. Міне, осы «демеуші білімнің» студенттерге болашағын анықтау қабілетін дамытуды дағдыға айналдыру мақсатында оқытудың танымдық қызметін теориялық деңгейде жіктеп алған орынды.

Таңымдық қызметтің ең басты принциптері төмендегідей:

- білімге гуманитарлық, ізгілендіруші, адамды оңтайлы жаққа бағдарлаушы деңгейге көтеру (белгілі материалдар негізінде);

- педагогикалық одақтастықтың жетістігін белгілі бір білім жиынтығын қоғам мүддесіне ыңғайлап меңгерудің дәстүрін адами нышандардың ең жоғары дамуына жәрдемдесетін шығармашылық, эзотерикалық актімен ауыстыру (философиялық белгілі пайымды ғұламаландыру шығармашылығынан үлгі ретінде өзіне сұрыптап алатын, оны бүгінгі жағдайға ыңғайлап қолданатын);

- гуманитарлы пәндердің нысаналарындағы ғылым, білім саласына қатысы бар философияны әдіснамалық (методологиялық) және жобалау аксиологиялық, суггестивтік (сезім суреттерін ауыстырмай көз алдына әкеле білу қабілеті) қызметінің танымын зерттеу (оқытушы үшін де, студент үшін де).




«Демеуші білім» үлгісінің негізгі белгілері

«Инновациялық білім» үлгісінің негізгі белгілері

1. V-XIX ғасырлардағы әдеби шығармалардағы қалыптасқан, назардағы таным объектісі- дүние туралы ақиқат білім алуға топтастырылған ғылыми ұғымдылықтың классикалық түрі. Белгілі бір ұлттық деңгейдің патриоттық сезімін күшейтіп, өз елінің мәдени – біліми- ғылыми құндылығын орнықтырады. Ол кездің талап+ мүддесі ең мықты ұстанымда болады. Бір кездегі жаңалық- бүгінгі де жаңалық.

1. танып білетін және қолданылып жүрген субъектіні қоса қамтитын ғылыми ұтымдылықтың классикалық емес және постклассикалық түрлерінің басым болуы. Танымды шектеулік дағдыдан аулақ болып, әр адамды жеке деңгейліктегі Тұлға деп қараушылық.

2. Жоғары оқу орнының өзіне тән оқыту мазмұнына ыңғайланған тәртіп жағынан ұйымдастырылуы. Оқу еңбегі мен ғылыми еңбекті қатарынан дамыту. Іргелі пайым, табиғат жайлы философия, адамдардың әр түрлі сипатын ажырататын танығаштық қызмет, гумандық іс-қимылдың пәндер модуліндегі оқшаулығын баян етеді.

2. Оқытылымның мазмұнын интегративтік негізде ұйымдастыру; табиғаттың, қоғамның, адамның өмір сүру мәністерін айқындайтын заңдылықтарын әдеби шығармалардың сарынынан зерделеп, сыни бағаммен күндылықтарды екшей білетін қабілеттілікті меңгеру.

3. Программалап (програмированное обучение) оқыту мен модельдеп оқытудың технократтық ойлау мәдениетін әдеби шығармалардың нысандарын пайдалану нәтижесінде айқындап, қолдайтын дүниенің механистік және детепменистік көрінісі қалыптасады.

3. «Адам- қоғам- табиғат» қатынасын үйлестіруге бағытталған жүйелік ойлау, адамның мүмкіндігінен тыс құбылыстың барлығына, оны тануға бағыттау, дүниетанымның ең жоғары дамуының мәдениетін қалыптастыру. Эзотерикаға ұмтылу.

4. Негізінен бір мағыналы және оқытушыға (жоғары мектептің) бұрыннан мәлім жауаптары бар, ол әдеби таптаурын қалыпқа түскен, талдаудың әдістері танымал, даяр білімді беруге бағдарланған оқыту әдістерінің басым болуы.

4. Оқытудың мазмұны мен әдістерін шығармашылық іс- әрекетінің методологиясын меңгеріп, басқалар байқай қоймайтын автордың ішкі ұстанымын таба білетін, тіпті оқытушы байқамаған нәрсені жасайтын инновациялық қабілетін тәрбиелеп дамыту.

5. Білім мазмұнының әлеуметтік- техникалық құрам бөлектерінің жасанды арақатынаста болуы, жан- тән- рух сияқты асыл қасиеттердің мамандықты меңгеруге ықпалының іс жүзіндегі алшақтығы.

5. Мамандық факторлары ретіндегі, оның ішінде гуманитарлы- философиялық модульді пәндерін меңгеру барысында, әсіресе, жобалық оқу жұмысатры барысында ізгілікті, руханилықты, әлеуметтік және қоғамдық жауапкершілікті дарыту және дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет