Курманова С.
Біліктілік арттырудың ұлттық орталығы «Өрлеу» АҚ ЖО бойынша
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, Тараз қ,,
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар бабалардың игі дәстүрін сақтай отырып,қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайларында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, айбат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады » - деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге тән. Жас мемлекеттің болашағы – балабақша бүлдіршіндері. Олардың жас ерекшеліктеріне сай талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесін қайта қарау, білім беру мәселелерін алдыңғы қатарлы елдердің деңгейінде жабдықтау қажеттілігіне тоқталған. Сол сияқты Қазақстан Республикасының білім беру туралы заңында педагогика қызметкерлері балалардың алған білімдерінің мемлекеттік стандарттан төмен болмауына күш салуға, олардың өзіндік жеке шығармашылық қабілеттерінің көрінуі мен даму үшін жағдай жасауға міндетті деп атап көрсетілген. Бұл міндеттерді шешу қазіргі педагогикалық зертеулер нәтижелері көрсетіп отырғандай жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процессінде іске асуы үшін оны технологияландырудың қажет екеніне келіп тіреледі. Өйткені, дәстүрлі оқу үрдісінің нәтижесінде білім заңы талап етіп отырғандай, әр баланың мемлекеттік стандарттан төмен болмайтын білім алуын, олардың міндеттері мен құқықтарын қамтамасыз ету мүлдем мүмкін емес. Жаңашылдық білім беру саласының алдында тұрған жаңа міндеттерді сәтті орындаудың негізгі шарттарының бірі болып саналады. Олар оқу-тәрбие жұмыстарының тиімділігі мен өнімділігін арттыруға септігін тигізеді. Білім беру саласында жаңалықтар енгізбестен бұрын, қоғамдық еңбектің басқа салаларына сәтті түрде жаңалықтар енгізу қиынға соғады.
Өзгерістер өмірдің диалектикасы ретінде тек қана біздің заманға, біздің қоғамға және біздің өмірге тән құбылыс емес. Олар мәңгі адами қозғалыстың, яғни адамның жақсы өмір сүруіне, жаңа заман талабына сай шарттарға қол жеткізуіне деген күресі мен талпынысының көрінісіне айнала отырып, жалпы өмірдің диалектикасын бейнелейді. Жуырда ғана мұндай өзгерістер өте баяу жүзеге асатын алайда, соңғы жылдардағы ғылым мен техниканың өзара тығыз байланысты дамуының нәтижесінде олар да қарқындылығын күшейте бастады. Бүгінгі күні әр түрлі елдер үшін білім беру мен тәлім-тәрбиені дамыту бағытында ортақ қиыншылықтардың туындағанына қарамастан, олар бір-бірінен білім беру мәселелерін шешу жолдары, әдістері және мақсаттары тұрғысынан елеулі дәрежеде ерекшеленіп отырғаны байқалады. Мұндай айырмашылықтар адамның рөлі мен оны жетілдірудің маңызын (мінез-құлқының маңызын, жеке тұлғаны дамытудағы тәрбиенің рөлін), осыдан барып қоғамның жекелеген мәселелерін шешудегі, оның қажеттіліктерін қанағаттандырудағы және жалпы қоғамды дамытудағы білім беру жүйесінің міндеттерінәртүрлі түсінуден келіп шығады. Осыған байланысты, әртүрлі қоғамдық-саяси жүйелермен ерекшеленетін елдерде білім беру саласына жаңалықтар әртүрлі мақсаттармен, әртүрлі тәсілдермен жәгне әртүрлі атаулармен енгізіледі де , олардан әртүрлі нәтижелер күтіледі. Әртүрлі елдердегі бірдей жаңалықтар әртүрлі қызметтерге ие болып, оларды қолдану нәтижелері де түрліше бағаланады.
Қазіргі кезеңде еліміздің білім беру ұйымдарында оқыту процесін ізгілендіру мақсатында көптеген жұмыстар жасалуда. Мектепке дейінгі білім беру жүйесін реформалаудың демократияландыру және ізгілендіру ұстанымдары оқыту мен тәрбиелеудің әдістемелік жүйесінің, яғни оқыту және тәрбиелеу мақсатының, мазмұнының, әдістерінің, формалары мен құралдарының біртұтас және жүйелілік өзгеруін көздейді. Осындай мазмұнды әдістемелік жаңартудың негізінде дәстүрлі «үйретуші» балабақшасының орнына шығармашылық пен жасампаздыққа негізделген жаңа мектепке дейінгі мекеме модельі өмірге енуі тиіс. Білім мазмұнын қалыптастырудың осындай жаңа жолдарын қолдану нәтижесінде балаларды мектепке даярлауды интенсивтендіру мен оңтайландыруға әкелетін оқыту мазмұны мен әдістерінің үйлесімділігі артып, оқытудың тиімділігі күшейеді. Сондықтан да, балалардың ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана сезімін дамытып,алғыр тұлғаны қалыптастыруда мектепке дейінгі мекемелердің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде инновациялық технологияларды қолдану үлкен жетістіктерге жетелеуде.
ХХІ ғасыр табалдырығында тұрған адамзат дамуының жаңа кезеңінде – білім беру прогресінің ең маңызды факторларының бірі болып саналатын кезеңге келіп жетті. Бұл міндетті шешу үшін әр бір балабақша ұжымы, әр педагог тәрбиеші күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-қатынас жасаулары керек. Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарынодан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарыніздестірулері қажет. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған басты міндеттемелеріміздің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіру болып табылады.
Мектепке дейінгі мекемелер басқада білім беретін институттар сияқты қоғамдық қатынастарда жұмыс істегендіктен, оның жағдайы көптеген сыртқы факторлармен, әлеуметтік ортамен қарым-қатынасының сипатымен анықталады. Қоғамымыздағы өзгерістер мектепке дейінгі білім беру жүйесіне де елеулі жаңалықтар әкелді. Соңғы уақыттағы демократиялық жаңарулар тәрбиешілердің, педагогтардың және әдіскерлердің шығармашылық қызметіне заңды түрде еріндік берді. Педагогтардың алдында мектепке дейінгі мекемелердегі жаңа заманның мақсаттарымен сұраныстарына жауп беретін, жоғары деңгейде баланың жан-жақты дамуына әсер ететін технологияны таңдау міндеті тұр. Осындай тарихи кезеңде адам мен мемлекеттің қарым-қатынасының мәні өзгереді. Нарықтық жағдайда ол жеке тұлғаның мүддесі мен қажеттілігінің өсуне қызмет етуге бағытталды.
Мектепке дейінгі педагогика адамзаттың сұраныстарынан қалмауға тырысады, оқыту мен тәрбиенің қиындығы мен қайшылықтарын алдын-ала білуге ұмтылады, сонымен бірге білім беру жүйесінің жүйесінің дамуына қоғамдық мүдделер негіз болады. Қоғамдық мүдделер мен қажеттіліктер әлеуметтік тапсырысты құрайды. Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепте оқытудың мәселесін қарастыра отырып В.Никитин былай атап өтеді: «егер мектептерді мектепке дейінгі тәрбие жүйесінің баланы мектепке дайындау деңгейі қанағаттандырса, енді инновациялық мектептердің пайда болуы баланың жеке тұлғалық, танымдық, ойлау белсенділігі түрлі қызметтерде өздігінен сауалдарды шеше алатын сапасы жаңа талаптарды ұсынады». Бұл өз кезегінде білім беру үрдісінде мектепке дейінгі мекемелерде жаңа технологиялармен жұмыс істеу бағытының өзгеруін қажетсінеді. Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен мектеп жасына дейінгі балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласында тәрбиешілердің оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру тәрбиешінің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Мектепке дейінгі тәрбие жүйесін жаңартуды түсіндірудің және ынталандырудың ерекше маңызы, мәні келесі ұғымдарды ашуда болып отыр.
Әлемдік педагогикалық тәжірибеде «технология» ұғымының ену тарихына көз жіберсек, бұдан 15-20 жыл бұрын Отандық педагогикада технология ұғымы мүлдем дерлік қолданған жоқ. Жалпы, технология идеясы өте жаңа ұғым емес. Оқыту процесін технологияландыру туралы ойды осыдан 400 жыл бұрын Я.А.Коменский айтқан болатын. Оның ойынша оқыту «техникалық» болуы қажет, яғни нені үйретсе де, нені оқытса да табыссыз болмауы керек. Білім берудегі кез-келген техниканың өзегі Я.А.Коменскийден кейінгі педагогикалық технология элеметтерін Г.Песталоций еңбектерінен кездестіруге болады. Ғылыми педагогикалық әдебиеттерді сараптау нәтижелері «новация» мен «инновация» ұғымдарын жеке-жеке қарастыру керектігін көрсетеді. Дегенмен, әдебиеттерде осы екі ұғымның әртүрлі анықтамалары кездеседі. Инновация ұғымының энциклопедияларда да, сөздіктерде де әртүрлі анықтамаларын кездестіруге болады.
Инновация ұғымы жалпы энциклопедияның жаңа басылымында «инновация, жаңалық, жаңару – техникалық және технологиялық жетістіктер мен ашылымдардың немесе жаңалықтардың іс жүзіндегі қолданысы» деген анықтама беріледі. Ал, сөздікте «новация – бір нәрсенің ішінара жаңаруы, яғни қандайда бір бөлігінің, қасиетінің, байланысының өзгеруі» делінсе, «инновация – мүлдем жаңа нәрсе, жаңалық » ретінде пайымдалады.
«Инновация» сөзі латын тіліндегі іn (ішіне) novus (жаңа) сөздерінен құралып «жаңарту», «өзерту», «жаңашылдық», «жаңалық» деген мағынаны білдіреді. Яғни педагогика ғылымында жаңа әдістерді, тәсілдерді, құралдарды, бағдарламаларды пайдалану. Бұл ұғымдар К.Ангеловский, В.Загвязинский, В.Ляудис, Л.Подымова, М.Поташник, А.Пригожина, В.Сластенин, Т.Шамова, Н.Юсуфбекова сияқты ғалымдардың еңбектерінде кеңінен ашылған.
Қазақстанда «инновация» ұғымын пайдалануды қазақ тілінде анықтаған ғалым профессор Н.Нұрахметов.Ғалым «инновация, инновациялық үдеріс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деген анықтаманы ұсынады. Ал, Қ.Құдайбергенова «инновацияны» - нақты қойылған мақсатқа сай алынған жаңа нәтиже деп есептеп төменднгідей аудармалар жасаған «инновация» - жаңалық, «нововедение» - енген жаңалық, «новое» - жаңа, «новшество» - жаңалық, «инновационныйпроцесс» - жаңарту үдерісі. Алайда, инновация ұғымының шығу кезеңі мен тарихын дәл анықтау мүмкін болмаса да, бұл ұғым қоғамдық ғалымдарға жаратылыстану ғылымдарынан келген деп есептеледі. Өйткені, инновациялар көбіне агрономия, өнеркәсіп және медицина салаларында кеңінен қолданылады. Инновациялар қоғамның пайда болу кезеңінен бері жүзеге асырылып келе жатса да, педагогикалық категория жуырда ғана қолданысқа енгізілді. Мұның басты себептерінің бірі – олардың мағынасының түрліше түсінілуінде. Кейбір ғалымдар инновациялардың анықтамасын берер кезде оның түрлеріне де ерекше тоқталып өтеді. Кейбіреулері білім берудің мақсаттары мен міндеттеріне негізделетін жаңалықтарды: материалдық және рухани, құрылымдық және технологиялық, негізгі, іргелі, стратегиялық жаңалықтар деп бөлсе; ал біреулері білім беру саласы мен ұйымдарындағы жаңалықтарды: жаһандық, жекелеген, ұйымдық және спонтандық, ірі және ұсақ, сырттан әкелінген, ішкі және сыртқы жаңалықтар деп бірнеше түрлерге ажыратады.
Білім берудегі жаңалықтарды жіктеу барысында инновацияның адам қызметінің ең маңызды түрлерінің бірі екендігін ескерген жөн. Бұл қызметті қатаң шектеуге және бөлшектеуге болмайды. Білім берудің барлық құрамдас бөліктері мен аспектілеріне жаңалық енгізу қиын, тіпті мүмкін емес болғанымен, оларды құрамдас бөлікке біріктіру одан сайын қиынға соғады. Сондықтан білім беру мазмұнындағы жаңалықтар міндетті түрде ұйыммен және тиісінше, жұмыс істеу әдістемесімен өзара ықпалдасып отырады.
Қазіргі уақытқа дейін ғылыми әдебиеттерде инновациялық үдерісті мынадай кезеңдерге бөледі:
-
Идеяның немесе инновация тұжырымдамасының пайда болу кезеңі мұны шартты түрде, іргелі де қолданбалы ғылыми зеттеулердің нәтижесі болып табылатын жаңалықтың ашылу кезеңі деп те атайды.
-
Ойлап табу кезеңі, яғни қандайда бір нысанға, материалдық немесе рухани өнім үлгіге айналған жаңалықты құру немесе ашу кезеңі.
-
Жаңалықты енгізу кезеңі,мұнда ойлап табылған жаңалық іс жүзінде қолданысқа еніп, қайта өңделеді және жаңалықтан тұрақты нәтиже алынады.
Бұдан кейін жаңалық өз бетінше өмір сүре бастайды да, инновациялық үдеріс жаңалыққа деген алғырлық қалыптасқан жағдайда келесі кезеңге аяқ басады.
Жаңалықты пайдалану кезінде мынандай кезеңдер орын алады:
-
Жаңалықты тарату кезеңі, мұнда жаңалық кеңіненқолданысқа енгізіліп, жаңа салаларға кіреді.
-
Нақты бір салада жаңалықтың үстемдік ету кезеңі,мұнда жаңалық бұрынғы жаңашылдық қасиеттерін жоғалта бастайды да оны едәуір тиімді жаңалықпен ұтымды алмастыру үдерісі қарастырылады.
-
Жаңалықтың қолдану аясын қысқарту кезеңі,мұнда жаңалық жаңа өніммен алмастырылады.
Инновациялық білім беру үдерісінің мән-маңызы, біздің пікірімізше, оның инновацияны бастау, жаңа өнімдер мен мәмілелерді дайындау, оларды нарықта сату және одан әрі қолданысқа енгізу жөніндегі мақсатты іс-әрекеттер тізбегін қамтитығынан көрінеді.
Инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың тиімділігін бағалау критерийлеріне инновациялық білім беру үдерісінің шынайылығы, жүзеге асырылғыштығы (ресурстық қамтамасыз етілу деңгейі), инструменталдылығы (басқарылғыштығы), инновациялық деңгейі, гуманитарлығы, өңделгендігі және таралу мүмкіндігі жатады. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде инновациялардың төмендегідей түрлерін бөліп көрсетеді: білім беру мазмұнындағы инновациялар, оқыту технологиясындағы инновациялар, білім беру жүйесінің тәрбиелеу функциясы саласындағы инновациялар, педагогикалық құралдар жүйесіндегі инновациялар. Көп жылдар бойы білім беру жүйелерінің дамуы экзогенді (жүйеге сырттай қатысты) факторлармен анықталып келеді. Мұның өзі осы дамудың қажетті жағдайын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының ғылыми әлеуеті көптеген бағыттары бойынша әлемдік деңгейге сәйкес келеді. Сондықтан ол білім берудегі инновациялық саланы дамытуға негіз бола алады деп нақты айта аламыз.
«Білім беру»- оқыту нәтижесі. Тура мағынасында ол оқып-үйретілетін пән туралы түсініктің, ұғымның қалыптасуын білдіреді. Білім беру деп табиғат пен қоғам жайындағы ғылымда жинақталған білім, білік, дағды жүйесін жеке тұлғаның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Технологиядеп әдетте алдын ала берілген қасиеттерге ие материал алу мақсатында бастапқы материалды қайта өңдеу үрдісін айтады. Көптеген ғалым-педагогтар кез-келген әрекет технология болады, не болмаса өнер болады деп атап өтеді. Өнер интуицияаға негізделсе, ал технологияғылымға негізделеді. Технология деген сөздің өзі грек тілінен туындап, «tache» - өнер, шеберлік, «logos» - ғылым,заң дегенді білдіреді. Сонымен біз «инновация», «білім беру», «технология» ұғымдарының мәнін ашып көрсете отырып, өз тұрғымыздан осы үш ұғымның бірлігінде «инновациялық білім беру технологияларына білім, білік, дағды жүйесін жеке тұлғаның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін қамтамасыз ететін арнайы жобаланған, әзірленген жаңа енгізілімдерді оқу үрдісінде іске асыру біліктерінің жүйелі жиынтығы» деген анықтама бердік. Сондай-ақ «инновация» ұғымын анықтайтын нақтылы анықтама әлі де толық жасалмағандықтан, біз өз зерттеу жұмысымызда Ш. Таубаева және Қ. Құдайбергенова берген анықтамаға сүйенгенді жөн көрдік, яғни «инновация» - бұл нақты қойылған мақсатқа ойға алынған жаңа нәтиже. Нақты мақсат дегеніміз не? Нақты мақсатқа қандай әдіс-тәсілдердің көмегімен жетуге болады? Оқу мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып, педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек мақсат пен нәтиже – жаңалыққа бет бұрудың кілті.
Инновациялық үдерістің негізі – жаңалықтарды қалптастыру, қолданылу, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез-келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір тәрбиеші үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық болса басқа тәрбиеші үшін өтілген материал тәрізді. Инновациялық мәселелермен айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың еңбектерін, жазған анықтамаларынқарастырып, талдай келе бізбұл ұғымның түп-төркінін белгілі уақыт арасында жаңашыл идеяны қайта қарау, жаңалау деп айтқанды жөн көрдік. Сәл ертерек кездің өзінде белгілі қолданылып жүрген идеялар жаңа бағытта ұсынылса, мұның өзі инновациялы деп аталған. Осыларды негізге ала отырып, инновацияны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үдерісіті «жаңа әідістеме құралы» деп ұғатын боламыз.
Кез-келген технология адамның психикалық дамуын анықтайтын деректер, алғашқы себептер туралы түсініктерден пайда болады. Дамудың жетекші факторына байланысты технологияларды төменднгінше бөлуге болады.
-
психиканың дамуы биологиялық тұқым қуалау арқылы анықталады деп қарастыратын – биогендік технологиялар;
-
жеке тұлғаның қалыптасуы адамның әлеуметтік тәжірибесіне, оқып үйрену нәтижесіне байланысты деп қарастыратын – социогендік технологиялар;
-
даму нәтижесі адамның өзіне, тәжірибесіне, өзін-өзі психологиялық жағынан жетілдіруіне байланысты анықталады дегенді жақтайтын - психогендік технологиялар;
-
жеке тұлға және оның қасиеттерін материя емес деп ұғындыратын - идеалистік технология;
Жаңа технологияны оқып үйренудегі әрекет түрлерінің психологиялық аспектілері:
-
Заттық (материалданған әрекет)
-
Дауыстап сөйлеу
-
Іштей сөйлеу
-
Үйреншікті әрекет кезеңі
Инновация білім деңгейінің көтерлуіне жағдай туғызады. Кейінгі кезеңдегі ғалымдар өз зерттеулерінде оқу-тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп, тарату мәселесін қарастырады. Н. Апатова, М. Поташкин, В.Я. Ляудис т.б. ғалымдар тәрбиешінің жаңалыққа қабілеттілігіне ерекше көңіл бөлді. Авторлардың көбі педагогикалық инновацияның негізгі міндеті енгізіліп отырған жаңалықтарды топтау, жіктеу деп санайды. Ол үшін ең бастысы – мектепке дейінгі мекеме жұмысын дамытудың аймағын қарастыру керек. Енгізіліп отырған жаңа әдістеменің ерекше жағын көре білу, түсіне білу және оның басқа әдістемелермен қандай байланыста екенін білу керек. Сонымен, тәрбиешінің инновациялық әрекетке көшуі бірден-бір көкейкесті мәселе деп есептейміз. Білімнің ағартушылық жүйесінде педагог суъект динамикалық үдерісі тәрбиешіден шығармашылықты, инновациялық әрекетті талап етеді. Мұндай талап етушілікте, тәрбиешінің дәстүрлі деңгейі, қазіргі мектепке дейінгі мекеме, қоғам қажет ететін шығармашыл, жаңашыл - тәрбиеші педагог арасында қарама-қайшылық туындайды. Қазіргі кездегі педагогикалық инновация білім беру жүйесіндегі жаңалықтарды топтастырады. Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Ал жаңа педагогикалық технологияның түрі, қолдану ерекшелігі, одан туындайтын білгір мәселелер бүгінгі таңда әлі нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген дүние.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы //Егемен Қазақстан 30 қаңтар 2010ж.
2.ҚР «Білім туралы» Заңы. Астана, 2007.
3.ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы //Егемен Қазақстан 14 желтоқсан 2010ж.
4.Нағымжанова Қ.М. Инновациялы-креативті технологиялар. - Өскемен, 2011.
Аннотация. В статье рассматриваются психолого-педагогические основы использования инновационных технологий в учебно-воспитательном процессе детских дошкольных учреждений.
Аnnotation. The article examines the psychological and pedagogical foundations use of innovative technologies in the educational process of preschools.
Қ 77
374/377(574)
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ОҚЫТУДА ЖАҢА
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Құрманалиева М.Р.
№49 мектеп-гимназиясы, Тараз қ.
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамыту бағдарламасында: «Білімді дамытудың негізгі инновацияны енгізу, білім беру мен ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады». – деп атап көрсетілген. Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру деңгейіне жетуге ат салысуда. Бүгінгі мемлекет алдындағы басты міндет білім беру жүйесін жаңарту болып отыр. Ал бұл міндет бастауыш білім беру жүйесіне тікелей қатысты да маңызды. Бастауыш мектептегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдаланып отыр, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологияларды іздестіру және оларды қолдануға бағытталған.
Бүгінгі күні білім мазмұның кіріктіріп оқыту арқылы оның ғылыми деңгейін көтеру мәселесі қойылып отырған жағдайда бастауыш сыныпта оқушыларға табиғат, адам, қоғам жайында беретін білім негізінде балардың дүние танымын қалыптастыру үшін дүниетануды оқытуда жаңа технологияларды қолдану орынды талаптардың бірі.
Дамыта отырып оқыту үрдісін қамтамасыз ету үшін оқушылардың ойлау қабілетін, қиялын жетілдіру, шыңдау мақсаттарын жүзеге асыруда инновациялық технологиялардың мәні зор. Табиғат заттары және адам қолымен істелген заттар жайындағы ілімді дүниетану пәніне енгізіп, оны оқушыларға ұғындыру арқылы адам мен табиғат арасындағы байланысты көрсету іске асырылған. Өмір талабына сай баланың дүниетануын ғылыми тұрғыда жүзеге асыруға жаңа технологияларыдың мүмкіндіктерін ескеріп, қоршаған дүниеден білім беруді мектеп қабырғасында жұзеге асыруды көздеген мұғалімдерден көп еңбекті талап етеді.
Дүниеге көзқарас қоршаған ортамен, қоғамдық өмірмен, тіршілікпен байланысты туатын болса, ол үнемі дамуда болатыны заңды. Даму өз өзінен тумайды. Ол – тынымсыз ізденіс, қиындықтарды жене отырып, шындыққа жақындау және жету жолы. Баланың өмірге көзқарасының қалыптасуы мектеп қабырғасында білім алу барысында жүзеге асады. Сондықтан да, бастауыш сыныпта дүние туралы білім беру, яғни, оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру мақсаты жүзеге асады.
Оқушылар адамның, табиғаттың және қоғамның бірлігі, ондағы адамның алатын орны жайындағы білім жүйесін нақты заттар мен құбылыстарды меңгере отырып, абстракциялық ойға көшу арқылы ұғынады. Олардың ара қатынасын талдап, жинақтап, ой қорытатын деңгейге көтеріледі. 1-сыныпта дүниенің тұтастығы жайында қарапайым ұғымдардан бастаған оқушы 4-сыныпта дүниенің әрбір заңдылықтарын талдауға, олардың себебін ашу дәрежесіне жетеді.
Оқушылардың дүниеге көзқарасы ғылыми білім негізінде, оны тиянақты меңгеру нәтижесінде ғана қалыптаспақ. Жоғарыда айтқандай, қоғамның даму дәрежесі төмен, оқу-ағарту жұмыстар әлде де жетіле қоймаған кездің өзінде де баларда дүниеге деген қызығушылық, оны білуге, үйренуге талпынушылық болады. Бірақ, ол ғылымға негізделмегендіктен, үстіртін көзге бірден түсетін, тез шалынған белгілер мен байланыстар жайындағы пікірлер болғандықтан, көбіне қате ұғымдардың қалыптасуына әкеліп соғып отырады. Өйткені балар байқап көргендерін өз қалпында, әр затты не құбылысты тек сыртқы түріне, көрінісіне байланысты қабылдайды.
Дүнетанымдық қабілеттің керектігі адам баласының бүкіл өмірі табиғат аясында, қоғам ортасында, олармен қарым-қатынаста өтетіндіктен, ол қатынастардың әдіс-тәсілдерін меңгеруі тиіс. Мұндай әдіс-тәсілді бала жастан қоршаған орта туралы білім алу арқылы меңгереді. Мәселен, әр затты байқау, бағдарлап қарау, олардың түр-түрін сезіну арқылы қасиеттерін айқындай түсу – мұның бәрі адамда бірден пайда болатын икемдік пен іскерліктер емес. Ол жүйелі меңгерілген білім нәтижесінде қалыптасады.
Дүниетану сабағында жаңа технологияларды қолдану арқылы біз оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, ғылымы мен мәдениеті, этика, әдеп, эстетика, құқық пен өнері, адам-адам, адам-қоғам, адам-табиғат арасындағы қарым-қатынас түрлері жайында ғылыми ұғымдар беріледі. Пәнді оқып меңгеру барысында оқушылар дүниенің үш құрамдас бөлігі: адам, қоғм, табиғат саласынан білім алады. Биология, химия, география, физика пәндерінің бастама негізі қаланады. Атап айтсақ, қоршаған дүние заттары, құбылыстары, табиғат, экология туралы ғылыми түсінік қалыптасады. Тарихи деректер жайында жалпы мағлұмат алып, халықтың салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, табиғат-тіршілігі, табиғат байлығы, мәдени-әдеби, көркем- қолөнер шығармашылығы арасындағы байланысты, сабақтастықты көре білуге үйренеді. Пәннен алған ұғымдарын басқа пәндермен кіріктіре оқу арқылы дүниенің тұтастығы жайында жүйелі білім негі қалыптасады.
Дүниетану сабағында 2, 3, 4 – сыныптарда Адам, қоғам, табиғат бөлімдерін өткен кезде сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданған тиімді. Өйткені, бұл сыныптарда оқушылардың дүниеге деген көзқарасы, өзіңдік жеке ойы, пікірі қалыптасады.
Жұмыс барысында «Адам және өсімдіктер мен жануарлар» тақырыбын өткен кезде «Қызығушылықты ояту», «Мағынаны ажырату», «Ой толғаныс» бөлімдері арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдандым.
Енді, аталған стратегияларды сабақ кезеңінде қалай қолдануға болатының жеке тоқталып кетейік:
Қызығушылықтарын ояту. Бұл кезеңде оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын арттырудың әртүрлі әдіс-амалдары қарастырылады. Мысалы, «Шаттық шеңбері», «Тілекті тізбек», немесе қызықты психологиялық сұрақтар қою арқылы оқушыларды өтілетін сабаққа тарту. Сабақты бастамас бұрын «Жанұя тобын» құрап алу керек. Ол үшін оқушылар өздері ұнататын түстерді таңдап алады. Бұл ойынның аты «Кімге қай түс ұнайды – қызыл, сары, жасыл» түстер берілген. балалар, топқа бөлініп «Жанұя тобын» құрап алды.
Сары түсті – I топқа;
Жасыл түсті – II топқа;
Қызыл түсті – III топқа келіп отырады.
Оқушылардың таңдаған түстеріне түсініктеме беру:
Қызыл – Ізденімпаз; Жасыл – Ойшыл; Сары – Данышпан.
Бұл әдістер дәстүрлі оқыту жүйесіндегі «Кім кезекші?», «Сабақта кім жоқ, неге жоқ?», «Бүгін қай күн?» сияқты қатаң сұрақтарды алмастырып, керісінше, сыныптың тынысын бірқалыпты жайландыруға, жағымды ахуал туғызуға бағытталады.
Жаңа білімге көпір салу. Бұл сәт «бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз» деп дайын дүниені айтып беруден алыстатты. Орнына, білетін білімді еске түсіре отырып, жаңа білімге көпір саламыз.
Ой толғаныс. Оқуды қорытындылауы. Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса, өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды немесе «Эссе жазу, бес жолды өлең» тәсілдерін пайдаланады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы оқушыларды табиғатпен қарым-қатынас жасауға үйретеді.
2-сыныпта табиғатты зерттеу, болжау, жинақтау, топтау т.б. денелер, заттар , құбылыстар жайындағы білім жүйесі, табиғаттағы су, ауа тіршілікке керекті табиғат заттары ретінде қаралады. Адамның, судың, топырақтын құнарлылығы, адам тіршілігіндегі орны да ашылады. Бұл тақырыптарды өткенде сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы сабақтың сапасын арттыруға болады. Оқушыларға ауаның, судың тазалығы, топырақтың құнарлылығы, адам тіршілігіндегі орны туралы өз пікірлнрін айтқызып, «Адам табиғат қамқоршысы» атты бес минуттық эссе, шағын әңгіме жазғызуға болады.
Қазіргі оқыту үрдісінде оң әсерін көрсетіп жүрген әдістердің бірі – «Топқа бөліп шығармашылық тапсырмалар беру».
Топтық жұмыстың бала танымына тигізетін оң әсерлерін жіктеп көрсету үшін, тәжірибе барысында өткізілген «Дүниетану» пәнінен «Табиғат» тарауының қорытынды сабағымен байланыстырып көрсетелік:
Ол үшін сыныпты үш топқа бөлеміз. Уақытты белгілей отырып екі тізім жасауын түсіндіреміз. Бірінші топтың міндеті – табиғатқа адаи баласының жасайтын қиянатын өзара ақылдасып тізбек құрып жазу. Екінші топтың міндеті – табиғатты қорғауға, оны сақтап қалуға қандай ізгі істерді жасады, немесе жасауды ұсынады соны жазу. Белгіленген уақыт аяқталаған соң, әр топтан бір оқушы шығып тізіммен таныстырады. Ал, үшінші топтың міндеті – екі топтың жасаған тізімдерін тыңдап, бағалайды.
Осылай алдынан шыққан проблеманы шешу мақсатында, оқушы өзінің жинақтаған біліміне, азды-көпті тәжірибесіне сүйене отырып, жаңа әдіс-тәсілдерді іздеу арқылы шығармашылық әрекет қалыптасады. Ал топпен жұмыс істеудің маңыздылығы мынады:
1.Топ жеке адамның пікірімен санасады;
2.Іс-әрекетке қатысатын әр оқушы сол топтың беделін, намысын қорғауға тырысады;
3.Оқушы бойында болжау жасау, қиял, шығармашылық дамиды.
4.Бір-бірімен ізгілікті қарым-қатынас жасайды, достық тілек, өзгенің пікірімен санаса білу, ойларын айта білу дағдылары қалыптасады;
5.Бойларындағы жасқаншақтық, жалтақтық, ұяндық сияқты психологиялық мінез кеселдерін жоя отырып, мінез күштерін қалыптастырады.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шарттар орындалуы шарт:
1.Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;
2.Оқушыларға ойланып-толғанып, ойын айтуға рұқсат беру;
3.Әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;
4.Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдану;
5.Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау;
6.Оқушылардың бір-бірінің жауабына, жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;
1.Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Ал оқушылардан осыған байланысты:
-сенімділікпен жұмыс жасау;
- бар ынтасымен оқуға берілу;
- пікірлерді тыңдау, құрметтеу;
- өз пікірін анық білдіруді талап ету қажет.
Жоба 80-ге жуық стратегиялардан тұрады. Бұдан ары қарай солардың кейбірімен таныстыра кетеміз.
Венн диаграммасы. Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін обьектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екуіне ортақ сипаттамалар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға топтастырады, яғни күрделі ойлау өнерін меңгереді.
Ойын технологиясы. Мазмұны бойынша барлық ойындар оқушылардың ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақыраптары бойынша алған білімдерін терендете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, зерде үрдістерін дамытады. Өмір тәжірибесін бір жүйеге келтіруге үйретіп, жүйке жүйесің демалдырады. Міне, сондықтан ойын оқу-әрекетінде жетекші роль атқарады.
Ойын технологиясын дүниетану сабағының барлық бөлімдерінде қолдануға болады. Әсіресе «Табиғат» бөлімін өткен кезде жануарлар мен өсімдіктерге байланысты ойынның түрлері өте көп. Мысалыға:
-
Өсімдіктердің көп түрлігі мен маңызына арналған «Тест» ойыны,
-
«Кім немен қоректенді» ойыны;
-
«Табиғат бірлестігі» ойыны.
2-сыныпта «Әр құсқа өз тұмсығы қажет» тақырыбын өткенде «Құстардың мекені», «Қай құстың тұмсығы» ойындарын ойнатуға болады.
Дүниетану пәні бойынша дидактикалық ойындардың жіктемесі:
1.Айналадағы әлемді танытуға бағытталған дидактикалық ойындар: табиғат, құстар, жан-жануарлар жөніндегі жұмбақ-ойындар, «Бақытты сәт», «Иесін тап», «Дыбысына қарай ажырат», «Бұл қай аң?», «Кім тез таңдайды», «Сыр сандық» т.б.
2.Тазалық пен күн тәртібін сақтауға байланысты дидактикалық ойындар:
«Күн режим», «Тап-таза», «Күн мен түн», «Бір минут» т.б
3.Адам сұлулығын танытуға бағытталған дидактикалық ойындар: «Кім күшті?», «Қуыршақты киіндіру», «Спорт», «Өнер көрсет» т.б.
4.Жыл мезгілдерінің құбылыстарына байланысты ойындар: «Бұл қай кезде болады?», «Жыл мезгілдері», «Салыстыр, тап», «Ерекшелігіне қарай ажырат», «сиқырлы қоржын» т.б.
5. Табиғатты қорғауға және экологиялық білім беруге арналған дидактикалық ойындар: «Құстар, достар», «Құстар шағымы», «Экология», «Табиғатты қорғайық», «Санитар құстар», «Табиғат сақшысы» т.б.
Дүниетану сабақтарында жұмбақ-ойындар көбірек пайдалану өте тиімді,
олар баланың ой-өрісін кеңейтуге, өз бітімен ойланып, заттар мен құбылыстардың сипатталуына, баламасына қарай олардың атын табуға үлкен септігін тигізеді.
Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны ерекше. Тиімді қолданған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені бастауыш сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады.
Төменгі сынып оқушылары үшін әртүрлі жұмбақтар, ребустар, сөзжұмбақ шешу, карта бойынша саяхат ойындары қолайлы. Мұндай ойындар аз еңбекті талап етеді және оларды жүйелі түрде пайдалануға болады. Бастауыш мектепте ойынды қолдану оқыту үрдісін түрлендіріп, балаларды белсенді әрекетке итермелейді.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдаррға арналған бағдарламасы //Егемен Қазақстан, 2011 ж.
2.Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы. – Алматы, 2002.
3.Керімбаева Р.Қ.Бастауыш мектепте дидактикалық ойындарды пайдалану.-Тараз, 2010.
Аннотация. В этой статье рассматривается применение разных игровых тенденции для детей начальных школ.
Annotation. This article discusses the use of different gaming trends for primary school children.
М 30
37.015.3
ЖАҢА ТҰРПАТТЫ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ ҚЫЗМЕТІНІҢ
НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мауленова Қ.И., Садық Н.М., Абдуалиева Г.Ш., Керимбаева Қ.А.
Тараз мемлкеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында да білімі мен білігі жағынан шет елдегі замандастарымен бәсекеде жеңілмейтін, рухы кемел қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған. Ендеше, осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация педагог-психолог еншісіне тиері хақ [6].
«ХХІ ғасыр педагог-психологы қандай болу керек?» деген сұрақ тереңнен ойланып, толғануды қажет етеді. Өйткені, ұстаз алдынан тәлім-тәрбие алған бүгінгі балауса жас ұл мен қыз ертеңгі қазақ ұлтының атынан сөз сөйлеп, елімізді танытар, елдігімізді сақтар, айбынымызды асқақататар, үлгі болар азаматтар болуға тиіс. Сондықтан қазіргі ақпаратқа толы алмағайып заманда өз елінің адал ұлы болып қалу, ұлтының ұлылығын өзгелерге таныта білу – күрделі де қиын шаруа.
Қашан да білімді ұрпақ – болашағымыздың кепілі. Егеменді еліміздің тағдыры – жас ұрпақтың тағдыры – бүгінгі ұстаздардың қолында. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық-психологиялық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан педагог-психолог қажет. Ол бір мезгілде әрі педагог, әрі психолог және оқу үрдісін ұйымдастырушы технолог бола білуі тиіс. Сонымен қатар, оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілеті бола білуі шарт. Бұдан ұстаздың мамандық шеберлігі анықталады. Әрбір мемлекеттің өсіп – өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы – осы ұстаз берген білім. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келетін кез келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді.
Жаңа ғасырдың ақпараттық қоғамына қажетті жаңа тұрпатты мұғалім дайындау мәселесіне байланысты 2005 жылы 18 тамызда «Қазақстан Республикасындағы жаңа тұрпатты мұғалім даярлаудың үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы» және «Қазақстан Республикасындағы жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасының» жобалары ұсынылды. Осы екі жобаның біріншісінде жаңа тұрпатты мұғалімге – рухани жетілген, шығармашылық қабілеті жоғары, өзіне сын көзбен қарай алатын, кәсіби дағдылары, педагогикалық-психологиялық дарыны бар, жаңашылдыққа ұмтылатын тұлға ретінде анықтама берілген. Педагог-психолог идеалы – білімнің құндылығын айқын түсінетін, «мәдениеті жоғары адам», өз пәнінің жетік шебері, педагогика мен психологияны терең меңгерген, жеке тұлғаға бағытталған психологиялық әдістерді қолдана алатын, өзін жеке тұлға ретінде дамытып, рухани өсуге деген қажеттілігі мол болуы тиіс делінеді.
Педагогика-психология мамандығы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің білім беру мекемелеріне педагог-психолог мамандығын енгізу туралы нұсқау хаты негізінде, еңбекақы қорынан жалақысы бекітілген, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңына, Қазақстан Республикасы үкіметінің бұйрықтары мен қаулыларына сүйеніп жұмыс атқарады. Қазақстанда тоғыз мыңнан аса мектепте үш миллиондай оқушы бар десек, ол саладағы педагог-психолог мамандар аса қажет екені өз-өзінен белгілі. Келешекте Қазақстанның әр ұлттық мектебiнде педагог-психолог маманы болуға тиiстi. Әзірге тоғыз мыңдай педагог-психологты қажет ететін, елімізде оның үштен біріндей ғана болатын маман бар. Қазіргі білім беру саласындағы басты міндет – білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын жаңашыл педагог-психологтарды даярлау.
Жаңа тұрпатты педагог-психолог – бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінін бірі деп есептеледі. Жаңашыл педагог-психолог – педагогикалық-психологиялық қызметтің барлық түрлерін зерттеп, кез-келген педагогикалық-психологиялық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеттілігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үдерістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын жаңашыл әрі шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға болуы керек [7].
Жаңа тұрпатты педагог-психолог ұғымын психологиялық-педагогикалық әдебиеттерден жаңа типті мұғалім, жаңа буын мұғалімі терминдері түрінде кездестірдік. Педагогикалық-психологиялық білім берудің ең жоғарғы мақсаты –жаңа тұрпатты педагог-психологтың жалпы және кәсіби дамуының үздіксіз жүргізілуі деп есептейміз. Бұл мақсатты жүзеге асыру кезінде маман-адам, азамат пен оның кәсіби білімі, іскерліктері мен дағдылары арасындағы үзіліп қалған байланыс қайта жалғасын табуы керек. Болашақ маманның жеке тұлғалық позициясын, оның кәсіби білімі мен іскерліктерін біріктіру жүзеге асуы жөн. Бұл біріктіру жалпы қосынды емес, сапалық жағынан жаңа құрылым болып, тұтастығы мен ішкі құрылымы жаңа типті педагог-психолог даярлау мен қалыптастыру мақсатын қоюға болады. Педагогикалық-психологиялық білім беру мақсаты, педагог тұлғасы мен кәсіби қызметінің инвариантты, идеалданған көрсеткіштері біліктілік сипаттамасының негізіне қойылатын профессиограммада ашылады. Біліктілік сипаттамасы типтік кәсіби педагогикалық міндеттер жүйесі түрінде құрылып, педагог-психолог тұлғасы мен кәсіби құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптарды құрайды.
Шебер педагог-психолог, біріншіден, халқымызға тән жастарымыздың бойында бар адамгершілік сипаттағы дүниетанымына, өз мәдениетіне, әдет-ғұрып, салт-саналарына, қол өнері мен педагогикасына арқа сүйейтіндігіне және ашық-жарқындығы мен бауырмалдылығына, яғни қазақ ұлтының басқа халықтардың құндылықтарын сіңіре алушылық қабілетіне ерекше назар аударған жөн. Екіншіден, өзінің саласын терең меңгеруге міндетті. Үшіншіден, өздігінен білім алуға ынталы болуы керек. Педагог-психологтың жеке басының үлгісі – кәсібилікпен біте қайнасқан қасиет болуы керек. Себебі, кез-келген ұжымдағы қарым-қатынас педагог-психологтың жеке басының үлгісімен тығыз байланысты [8]. Сонымен жаңа тұрпатты педагог-психолог ұғымы соңғы жылдары жарияланған шетелдік және қазақстандық педагогика, психология оқулықтарында, ғылыми зерттеулерде «жаңа типті педагог», «мұғалім идеалы», «шебер психолог» түрінде берілсе, «жаңа тұрпатты педагог-психолог» термині терең қарастырылмаған. Жаңа тұрпатты педагог-психолог дегеніміз – кәсіби білім мазмұнын үздіксіз жетілдіріп отыратын, оқу үдерісін басқару қабілеті, сондай-ақ тұлғалық және кәсіби сапасы жоғары, озық технологияларды меңгерген, оны қалауынша пайдаланатын құзыретті тұлға. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру педагогтың интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, әрі өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Яғни жаңа технологияларды меңгеру жаңа тұрпатты педагог-психологты қалыптастыруға қойылатын негізгі талап болып отыр. Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.
Жаңа тұрпатты педагог-психологтың ақпараттық технологияны меңгеруі жоғары оқу орнында қалыптасатын болғандықтан, оқытушылардың ақпараттық сауаттылығы, олардың кәсіби деңгейінің заманауи талаптарға лайық болуы, студенттердің ақпараттық құзіреттілігін қамтамасыз ету, олардың барлық оқу формалары бойынша іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру қажеттігі туындайды.
Жаңа тұрпатты педагог-психологтың білім парадигмасының «өмір бойы білім алу», «педагог–оқулық–компьютер–білім алушы» болып өзгеруіне байланысты ең алдымен ақпараттық құзыреттілікке ие болуы тиіс деп есептейміз. Мектептегі психологиялық қызметке дұрыс әлеуметтік сұранысты қалыптастыру мақсатындағы міндет – педагогикалық ұжымды, оқушыларды және ата-аналарды психологиялық ағарту арқылы, сұраныс иелерін психолог жұмысының түрлерімен, бағыттарымен құқықтары және міндеттерімен таныстыру арқылы, бүкіл педагогикалық ұжымды психологиялық қызметтің жұмыс стратегияларын жасауға қатыстыру [9].
Мектеп педагог-психологы: жалпы, орта және кәсіптік білім беретін мектептердің жұмыстарын көрсететін құжаттар мен материалдарды, педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы жайында арнайы әдебиеттерді, қазіргі психодиагностиканың және психологиялық түзетудің әдістерін пайдаланып, зерттеу материалдарын талдауды, педагогиканың, дидактиканың сабақ беру әдістемесінің, дефектологияның негіздерін білуге, мектептің психологиялық қызметі құжаттарының толтырылу тәртібін, мектеп құжаттары мен нормативті құжаттарды білуге тиісті [10].
Психологтың негізгі мақсаты – психологиялық саулықтың негізі баланың рухани өсуіне, оның жанының жайлы болуына психологиялық жағдай жасау, оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық қабілетін ашу болып табылады.
Педагогикалық үрдіс кезінде туындайтын қиындықтар мен олардың психологиялық себептерін анықтау, оңтайлы қарым-қатынас ұстанымдарын қалыптастыру, ата-ана, мұғалім, басқа да қызметкерлерге психологиялық қызмет көрсету, оқушылардың мамандыққа қабілеттілігін анықтау, т.б. – мектеп психологының тікелей міндеттері.
Психолог оқушылардың жан-жақты және үйлесімді дамуын мақсат етіп, өзінің іс-әрекетін педагогикалық ұжыммен, дәрігерлік қызметпен, социологтар, дефектологтар, сондай-ақ қоғам өкілдерімен тығыз байланыста ұйымдастырады. Психологтың жұмыс тртібі осы ереже негізінде қабылданған психологиялық қызмет бағдарламасының мақсаты мен міндеттерін ескере отырып, оқу мекемесінің жалпы жұмыс тәртібіне сәйкес анықталады және оқу мекемелерінің директоры бекітеді. Оқу мекемелері мамандардың кәсіптік іс-әрекеттерін кешенді психоллогиялық-педагогикалық сараптауға, білім басқару орындарының немесе жеке оқу мекемелерінің ұсыныстары арқылы жүргізілетін оқу бағдарламалары мен жобаларды, оқу-әдістемелік құралдарды құрастыру немесе жазуға қатысады [11]. Отандық және шетелдік психологиядағы жетістіктерді оқу мекемелеріне тарату және енгізуге, педагогикалық қызметкерлердің іс-әрекетін психология саласындағы ғылыми-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етуге ат салысады.
Педагогикалық-психологиялық білім. Бұл тәрбиеленушілердің мәдени-құқықтық орнын және біліктілігін ұғынып түсіну, тәрбиелік адамгершілік деңгейін анықтау, қайта тәрбиелену, не тәрбиелену мүмкіндік терін көре білу, өз жұмыс практикасына қатысты тарихи-педагогикалық тәжірибелерді меңгеруі; теориялық білімін іс жүзінде пайдалану мүмкіндігі, әр түрлі категориядағы адамдармен қарым-қатынас орнату технологиясының инновациялық тәсілдерінен хабардар болуы; тәрбиелеу мен оқытудың әдіс-тәсілдерін модернизациялау жолдарын меңгеру және т.б. Біз құрып отырған қоғамда педагог-психолог маманы өте маңызды орынға ие. Қоғам болғандықтан ол бірнеше компоненттерден құралады: ұжым, топ, ұйым және т.б. Аталған компоненттердің мүшесімен және мүшесіне мәдени, шығармашылық-рухани дүниесі, коммуникативтілігі, әлеуметтік міндетін, этикалық және эстетикалық талғамдардың болуын қазіргі заманға сай қалыптасуына ықпалын тигізеді. Педагог-психолог қоғамдағы тұлғаның биологиялық және әлеуметтік дамуына көңіл бөледі. Биологиялық тұрғыдан морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық жетілуі болса, әлеуметтік дамуына психикалық, рухани, интеллектуалдық жағдайлары жатады. Демек, педагог-психолог маманын адам баласы өмірге келгеннен оң мен солды, ақ пен қараны ажырата алғаннан бастап, келешек толыққанды азамат және тұлға болып, оның әрі қарай жетілуіне әсерін тигізеді.
Педагог-психолог – отбасында ана, мектепте мұғалім, балабақшада тәрбиеші, жоғары оқу орнында оқытушы, жұмыста қызметкер, өз ісіне жауапты маман. Педагог-психолог тұлғасын төмендегі 1-ші суреттен көруге болады [12].
Сурет 1 – Педагог-психологтың тұлғасы
Ұстаздық жолды ұстанған тұлға үшін педагогикалық шеберлікті жетілдіру негізгі мақсат болып саналады. Өйткені мұғалімнің шеберлігі шәкіртті қалай, қалайша оқыту үшін оның психологиясын білу – екінші жағынан, оқытып тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін, жолдарын терең білу және оларды қолдана білу. Психология адамдардың өзін-өзі тәрбиелеуіне жл сілтейді, оның өз ерекшеліктерін ажырата білуге жәрдемдеседі. Қай елдің болсын, өсіп-өркендеуі өркениетті дүниеде өз орнын алуы оны ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты.
Педагог-психолог адамдардың рухани-моральдық нормаларын бала бойына сіңіре біледі.
Педагог бала бойына жақсы қасиеттерді қалыптастыра білетін іс-әрекеті:
-
баланың шығармашылық қабілетін немесе өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту;
-
пәнге терең қызығушылығын арттыру;
-
оқушының әсерлік сезімін қалыптастыру;
-
оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра оқыту;
-
жалпы білім-білік дағдыларын дамыта оқыту;
-
білім базасын арттыру;
-
пәндердің ғылыми негізінде оқушылардың білім сапаларының деңгейін жоғарылата дамыта оқыта отырып, интеллектуалдық жаңашылдыққа, әдептілікке, жеке тұлғалардың эстетикалық мәдениетінің жоғары дамуына ықпал жасауда білімді мықты құрал ретінде қолдану;
- педагог, психолог, тәрбиеші, ақылшы, қамқоршы, жетекші, мейірімді жан.
Ал педагог-психологтың бойында әділдік, тапқырлық, қамқорлық, шыдамдылық, адамшылық, кеңпейілдік қасиеттері басым болуы қажет.
Педагогтың оқушылармен, олардың ата-аналарымен қарым-қатынас сипатына негізінен педагогикалық ұжымда қалыптасқан моральді-психологиялық хал-ахуалы әсер етеді. Мұғалімнің өз әріптестерімен мектеп әкімшілігімен іскерлік, тату байланыстары бүкіл мұғалімдер ұжымының өз оқушылары мен олардың ата-аналарымен қарым-қатынас жасауында тәрбиелік ықпалының біртіндеп және бірыңғай бағыт алушылығын қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Көрнекті психолог, профессор С.М.Жақыповтың еңбегінде оқу процесінің педагогикалық-психологиялық модельдеудің қызметтік деңгейінің бірінші сатысы оқытушы мен оқушылардың ішкі жүйелік қарым-қатынасы ретінде білімнің мазмұндық жанамалығы, оқытудың әдіс-құралдары көрсетілген. Оқу процесі жүйесінің құрылымдық бағдарын анықтай отырып, білімнің объективті және субъективті мазмұндылығын айыру қажеттілігі туындайды [13].
Моральді-психологиялық хал-ахуал негізінде ұжымда басымырақ көрінген өнегелі күй танылады. Бұл кейде адамдардың тіршілік әрекеті үшін басты деп саналған жан құбылысы мен толқыны адамдар әрекетінің реттелуі, олардың бір-біріне, жұмысына, әлемдегі болып жатқан оқиғаларына деген қатынасы өз бастауын алады.
Педагог-психолог пен оқушы қарым-қатынасы өз алдына бір-бірімен байланысқан және өзара шартты тізбек болып, түрлі формалар мен жағдайларда жүзеге асады. Бұл тізбектік мұғалім ерекше рөл атқарады.
Педагог-психологтар тек мектепте ғана емес, қоғамдағы түрлі мекемелерде де жетекші қызметтер атқарады.
В.А.Сластениннің пікірі бойынша, педагог-психолог профессиограммасы мыналарды қамтиды:
1) қоғамның саяси сапалары;
2) әлеуметтік-психологиялық, этикалық-педагогикалық және ұстаздың жеке басының сапалары;
3) психологиялық және педагогикалық даярлық;
4) мамандық бойынша даярлық.
Педагог-психологтың инновациялық іс-әрекетін ғалымдар былай сипаттайды:
1. Инновациялық іс-әрекеттің негізгі міндеттері:
♦ жаңалықты тұтастай және жекелеген кезеңдерінің нәтижелерін болжау;
♦ жаңалықтың жетімсіз жақтарын анықтап, оны енгізуді ұйымдастыру кезінде толықтыру мақсатын көздеу;
♦ жаңалықтарды басқа жаңалыктармен салыстырып, олардың тиімдісін тандап алу, мәні мен зерттелуін анықтау;
♦ жаңалық енгізілетін ұйымның инновациялық қабілетін бағалау.
2. Болашақ маманның кәсіби педагогикалық-психологиялық функциялары: конструктивтік, ұйымдастырушылық, қарым-қатынастық, дамытушылық, ақпараттық, зерттеушілік.
Ұйымдастырушылық іс-әрекет міндеттерін шешу үшін:
♦ оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастыру;
♦ оқушының оқудағы психологиялық және практикалық даярлығын ұйымдастыруға жағдай жасау;
♦ оқушыларды әртүрлі оқу-тәрбие жұмыстарына баулу;
♦ шығармашылықтарын дамытуға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру;
♦ сабақты тыңдауға, білімді қабылдауға оқушыларды дайындай білуі.
Қарым-қатынас тұрғысындағы әрекетті іске асыру:
♦ оқушы мен мұғалім арасында іскер қарым-қатынас орнықтыру;
♦ оқу үрдісіндегі ұжымдағы оқушылар қарым-қатынасын жақсарту.
Дамытушы тұрғыдағы іске асыру қызметі:
♦ инновациялық іс-әрекетті оқушының жас өспірім физиологиясына, педагогикалық-психологиялық ерекшелігіне сәйкес қолдану;
♦ оқу үрдісіне оқушының ақыл-ой еңбегін ұйымдастыру;
♦ оқу үрдісінде педагогикалық жағдаят тудыру арқылы, оқушының өздігінен ойлауымен оқылатын шындық болмыс арасындағы байланысты білу;
♦ оқушының білімге қызығушылығын арттыру;
♦ алдыңғы қатарлы озық тәжірибелердің оқушы білімін дамытушы әдіс-тәсілдерін қолдану.
Акпараттық функцияны іске асыру қызметі:
♦ оқу материалдарын еркін меңгеріп, оны жеткізе білу әдістемесі мен тәсілдерін қолдана білу;
♦ пән мазмұнына ғылыми-дидактикалық талдау енгізу;
♦ оқытуда жаңа технологиялар элементтерін қолдану [14].
Адам бойындағы қажет, түрткі, ниет, тілек, ынта, ықылас т.б. қасиеттер танымдық қызығушылықты құрайды. Танымдық қызығу адамды білімге, кәсіпке, іскерлікке, іс-әрекетілікке т.б. итермелейді. Танымдық қызығушылықтың туындау көрсеткіштері (1-кестеде) төмендегідей компоненттерге бөлінді: мотивациялық құндылықтары; оқу объектісіне бағыттау; технологиялық; шығармашылық.
Кесте 1 – Педагог-психолог моделі
Бұл аталған компоненттердің әсерінен білім, кәсіп, іскерлік, іс-әрекет, игеру, нәтиже құралады [15].
Педагог - психолог қызметі:
Білім жүйесінде практикалық психология қызметінің дамуының басымдылық бағыттарын айқындау, тиісті жастағы даму нормаларына сәйкес оқушылардың дұрыс дамуын қамтамасыз ету мақсатында психологиялық-педагогикалық қызметінің негізгі бес бағытын бөліп көрсетуге болады.
-
Психопрофилактика, жұмыстың мақсаты: тұлғаның психикалық дамуындағы ықтимал болатын кемшіліктерін алдын-алу болса, психолог-педагог бұл тұрғыда колледждің ата-аналары мен топ жетекшілерімен бірлесе отырып жеке жұмыс жүргізуді талап ететін оқушылармен қарым-қатынаста болады.
-
Психодиагностика, мақсаты: тұлғаның жекелік және жасына байланысты ерекшеліктері мен тұлға аралық қарым-қатынасты зерттеу.
-
Психокоррекция бағытының мақсаты: Оқушының психикалық және тұлғалық дамуындағы ауытқуларды түзеу, жалпы оқу біліктілігі мен дағдыларын дамыту және әңгіме-кеңес жүргізу.
-
Психологиялық кеңес беру мақсаты: оқушыларға педагогикалық процестегі туындаған жағдаяттарды шешуге көмек беру.
-
Психологиялық ағарту және білім мақсаты: психологиялық мәдениетті көтеру және қалыптастыру, педагогикалық процесте барлық оқушылардың психологиялық-педагогикалық құзырлылығын сақтау. Жоғарыда аталған мәселелер 2-ші суретте бейнеленген [16].
Сурет 2 – Педагог-психолог қызметінің моделі
Топ жетекшілері диагностикалық карта толтырады. Педагог-психолог педагогикалық ұжымдағы жеке адам жағдайын шешуге болжам жасау және білімгерлердің әлеуметтік жағдайын зерттеумен бірге жағдаяттардың шешімін тауып, қорытындылайды.Педагог-психолог дарынды балаларға шығармашылықпен шұғылдануға психологиялық демеу береді және де ата-аналар мен оқушылардың әлеуметтік-психологиялық құзырлылығын жоғарылатуға үлес қосады.
Қазіргі педагог-психологтың алдына: болашақ өркениетті, дәстүрлі демократиялық мемлекетті құратын жас ұрпақтың ең әуелі адамгершілік қасиеттерін қалыптасиырып, содан кейін оның жан сапасын, тән сапасын арттырып, техникалық прогреске сәйкес жан-жақты қолданбалы білім беру міндеттері қойылады. Ол үшін мектептер қаражатпен, техникалық құралдармен, мәдени қажеттіліктермен толық қамтамасыз етілуі тиіс.
Нағыз педагог-психологтар қоғамдағы саяси-экономикалық жағдайларда кездесетін келеңсіз үрдістермен күрес жүргізе алатын – күрескер болуы керек. Өйткені ол халықтың қамын, шәкірттің болашағын ойлайтын және сол үшін еңбек тететін тұлға.
Мақсаты:
-
бейімділік;
-
ойлау;
-
зейін тұрақтандыру;
-
тілдік таңбаларды дұрыс қолдану;
-
сөздік қорын байыту.
Тәрбиелік:
-
адамгершілік;
-
еңбексүйгіш;
-
эстетикалық;
-
ұйымшылдық;
-
патриоттық.
Дамытушылық:
-
қабілетін;
-
тіл байлығын;
-
өз бетінше жұмыс істеуін;
-
ізденімпаздық;
-
қорытынды жасауға үйрету.
Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет: ғылыми, қолданбалы және практикалық сияқты үш тұрғыда қарастырылады.
Ғылыми жағы білім берудегі психологиялық қызмет мәселелерінің зерттелуін, теориялық және әдіснамалық негіздемесін, психодиагностика жасау, қазіргі мектептегі білім берудің нақты жағдайына сай психологиялық білімді қолдану түрлері мен әдістерін дамыту және психологиялық түзетулерді қамтиды.
Қолданбалы жағы оқыту мен тәрбиенің, оқулықтың дидактикалық және әдістемелік материалдардың, оқу бағдарламаларының психологиялық негіздерін жасау және оны талдауды қоса алғандағы барлық үрдістерін психологиялық жағынан қамтамасыз ету.
Практикалық жағы психологтардың білім беру мекемелеріндегі (балабақшалар, мектептер, гимназиялар мен интернаттардағы) немесе білім беру жүйесіндегі педагогикалық-психологиялық қызмет орталықтарындағы жұмыстарына тікелей қатысты.
Білім беру жүйесіндегі педагогикалық-психологиялық қызмет Білім және ғылым министрлігінің педагогикалық және психологиялық қызмет бөлімі, білімдегі педагогикалық-психологиялық қызметтің аймақтық орталығы, облыстық, аудандық орталықтары арнайы білім мекемесінің педагогикалық-психологиялық қызметі сияқты еліміздің білім кеңістігіндегі біртұтас тікелей құрылым күйінде жобаланады. Бұлардың әрқайсысы білімдегі педагогикалық-психологиялық қызметтің тиімділігіне кепілдік бере отырып, өздеріне қатысты да тиісті мәселелерде бірлесіп жұмыс істеуді нақты білуі тиіс.
Мектеп педагог-психологының қызметтік міндеттері:
-
жалпы білім беретін орта мектептердегі оқытудың барлық кезеңдерінде балаларға қажетті жағдайларды жеке көмек беру үшін педагогикалық-психологиялық зерттеуді жүзеге асыру;
-
писхологиялық ғылымның жетістіктерін негізге ала отырып, мектеп оқушыларының әркелкі жас кезеңінде жан-жақты, тұлғалық, интеллектілі дамуын қамтуға ықпал етеді;
-
мектеп әкімшілігі мен мұғалімдердің сұраныстары бойынша оқушылармен, мұғалімдермен, ата-аналармен психологиялық сақтандыру, диагностикалық, түзеу және кеңес беру жұмыстарын жүргізеді, мектеп оқушыларының интеллектуаоды, тұлғалық, эмоциялық және ерік-жігер ерекшеліктерін, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін зерттейді; оқуға психологиялық дайындық жеткіліксіздігін ерте анықтауды мақсат ете отырып, бірінші сыныпқа бала қабылдауға қатысады;
-
педагогикалық кеңестің әдістемелік бірлестіктердің, сыныптардағы, сондай-ақ мектептегі ата-аналар жиналыстарына қатысады, оқушыларға ықпал етіп, жеке көмек көрсетуге байланысты негізгі проблемаларды шешуге арналған педагогикалық консилиумдар мен педагогикалық кеңестерге қажетті ақпараттар дайындайды;
-
мектептегі психология бөлмесінқұруды және қажетті құжаттарды сақтауды, оларды дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуді жауапкершілігіне алады;
-
мектептегі писхологиялық қызметтің писхологиялық-педагогикалық жұмыстарының нәтижесі мен есебінің ғылыми-әдістемелік орталықтар тағайындаған талаптарына сай болуын қатаң түрде жүзеге асырады.
Сонымен қорыта келе, оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы мектеп пен университет арасындағы сабақтастық мәселелерін ашу туралы жазылған философтардың, филологтардың, педагог-психологтардың еңбектерін бірнеше топтарға топтастырдық.
1) Педагог-психолог ғылымдарымыздың еңбектеріндегі танымдық қызығушылық туралы ой-пікірлерін талдадық.
2) Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы педагог-психологтардың қызметімен сабақтастықтың зерттелу жолдарын анықтадық.
3) Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудағы мектеп пен университет арасындағы сабақтастықтың педагогикалық-психологиялық мүмкіндіктерін аштық.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам. ҚР президенті – Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: / Егемен Қазақстан: жариял. 10.07.2012.
2.Актуальные психолого-педагогические проблемы обучения и воспитания. Тезисный доклад конференции… – Рига -АГУ,1979. – 17 с.
3. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. – М.: «Политиздат», 1975. – 304 с.
4. Деркач А., Зазыкин В. Акмеология. – СПб.: Питер, 2003. – 256 с.
5. Кон И.С. Психология старшеклассника. – М.: 1980. – С. 31-33.
6. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы. //Егемен Қазақстан, 1999, 1 маусым.
7. Отчет о научно-исследовательской и инновационной деятельности. –Алматы: Қазақ ун-ті, 2012. – 225 с.
8. Кунапина Қ.Қ. Мектептегі педагогикалық практика: әдістемелік құрал. – Алматы: Қазақ ун-ті, 2011.
9. Профессиональная культура учителя. / Под ред. В.А. Сластенина. – М., 1993.
10. Пряжников Н.С. Профессиональное и личностное определение. – М., 1996.
Аннотация. В статье рассмотрены особенности профессиональной деятельности педагога-психолога новой формаций и важность акмеологической службы в РК.
Annotation. Article describes the features of the teacher professional psychologist of the new formation and the importance of service in the Republic of Kazakhstan.
Н 50
373(574)
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІККЕ
ТӘРБИЕЛЕУДЕ ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІН ПАЙДАЛАНУ
Несипбаева А.Т.
№11 балабақша, Тараз қ.
ХХІ-ғасыр балаларының тәрбиесінің өзекті мәселесі ұлттық және жалпы адамзаттың мәдени мұралар арқылы қоғамда руханилықты қалыптастыру болып табылады. Мұндай аса жауапты міндеттердің баянды болуы үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы – мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуден бастау алуы қажет. Ерте жастан алынған рухани жасалым, адамның барлық өмірінде рухани-адамгершілік белгісін анықтап, ізгілік қасиеттерді, рухани болмысты бала бойына қалыптастырады. Мектеп жасына дейінгі балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ ертегілерін пайдаланудың маңызы зор. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне жүгінсек, «адамгершілік» сөзі: ар-ұжданның тазалығы, адамшылық. Ізгілік, қайырымдылық, мейірімділік, әділдік, шыншылдық, кішіпейілділік, имандылық, т.б. қарапайым адамгершілік құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай терең білім толтыра алмайтынын өмірдің өзі дәлелдеуде.
Руханилық дегеніміз- адам сана-сезімінің, сенімі мен сапасының, білімі мен өмір сүру тәсілінің көрсеткіші, адамның ішкі болмысы. Баланы рухани-адамгершілікке тәрбиелеу отбасынан басталып, мектепке дейінгі мекеменің оқу-тәрбие үрдісінде жүйелі жалғастырылуы қажет.
Мектеп жасына дейінгі балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз - олардың өмірдегі өз орнын, атқаратын міндетін, қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін, дүниенің күрделі құрылымын түсінуі және өзін-өзі үздіксіз, жетілдіруімен рухани даму қасиеттерін қалыптастыру.
Руханилық - бұл (модус, «режим») интеллектуалдылықты және эмоционалдылықты, өнегелілікті және эстетикалық, сондай-ақ экологиялық идеяны, сезім мен күйгелектілікті, жеке тұлғаның ішкі бекітілімін, бүтіндік жиынтығын сипаттайтын адамның психикасы мен мінез-құлкының сипаттамасы.
Біздін ойымызша «рухани-адамгершілік тәрбие адамның сапалы, құнды қасиеттерінін бүтіндік жиынтығын сипаттайтын адамнын психикасы мен мінез-құлкынын сипаттамасы, құндылык бағдарын айқындайтын тәрбие» деп білеміз.
Мектепке дейінгі тәрбие мазмұнын жетілдіруде озық ғылыми-зерттеулер мен тәжірибелер, сонау 18-ғасырда өмір сүрген Ф.Фребель, М.Монтессори идеяларынан бастап, әлемдегі ең озық жапон тәжірибелері, еңбектері мен қатар қазақ халық ертегілері кеңінен пайдаланылып жүр.
Мектеп жасына дейінгі балалардың мемлекеттік міндетті білім беру стандартындағы негізгі идеялар «Адам-қоғам-табиғат-отбасы» болып табылады, яғни рухани-адамгершілікті қалыптастыру негізі.
1.Адам - әлемдегі ең жоғары құндылық. Ол мүмкіндіктер мен қабілеттерге ие табиғаттың ажырамас бөлігі, Әр адам табиғатынан қайталанбас. Басқа адамдарға шыдамды болу керек.
2.Отбасы – ең қымбатты және жақын адамдар өмір сүретін әлем. Өз отбасыңды жақсы көріп, қорғау қажет, туғандарың мен жақындарыңа көмектесу қажет.
3.Отан – адамның туып өмір сүріп жатқан елі. Отан – ол қала, көше, үй, отбасы, туыстар, достар, балабақша және т.б. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан - әлемдегі демократиялық мемлекеттердің бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |