Философияға, постмодернизмге негізделген қазіргі этнология этникалық
түсініктің белгісіздігін, шексіздігін,
трансформациясын, ағымдылығын онан
әрі көрсетіп беріп отыр. Қазіргі кезде этностың кең ұғымына негізделіп: топ
ретінде оның мүшелері ортақ атауға (этнонимге) және мәдениеттегі ортақ
белгілер кешеніне, шығу тегінің ортақтығы мен ұжымдық тарихи жады, өздерін
белгілі территориямен байланыстыратын, ынтымақтастық сезімін басынан
кешкен қауым деп түсіндіреді.
Кейбір этнологтар конструктивті тәсіл этникалықты зерттеудің синтезі
бола алады, деп көрсетеді. Себебі, бұл тәсілде тарихи контекстің ықпалы яғни
этникалықтың
ахуалға тәуелді болуы, ал бұл жағдайда оны әр түрлі деңгейде
зерттеуге болады. Екіншіден, конструктивті тәсілдегі барлық теориялар
этникалықтың иденттілігінің қалыптасуда туысқандықтың ролін жоғары
бағалайды.
Үшіншіден,
әлемдегі
коммунистік
дамудың
тәжірибесі
этникалықтың ауыспалы мысалдарын көптеп көрсетіп, конструктивті де
инструменталды да көз-қарастардың интеграциялануына мүмкіндік береді.
Қазіргі этнология ғылымында зерттеу аспектісі
мен методологиялық
тәсіліне қатысты түрлі этнос теориялары қалыптасты олар: Л.Н. Гумилевтің
пассионарлық этнос теориясы, Ю.В. Бромлейдің дуалистік концепциясы (екі
жақты), Н.Н. Чебоксарев, С.А. Арутюновтың ақпараттық концепциясы, Г.Е.
Марков, В.В. Пименовтың жүйелі-статистикалық теориясы
Достарыңызбен бөлісу: