Тарих, археология және этнология факультеті


Ресейлік ғалымдардың примордиалистік дәстүріндегі «этнос» ұғымы



Pdf көрінісі
бет27/78
Дата28.10.2022
өлшемі1.72 Mb.
#463571
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   78
Учебник Теор. этнология

Ресейлік ғалымдардың примордиалистік дәстүріндегі «этнос» ұғымы.  
Ресейлік этнографтардың примордиалистік концепция аясында «этнос» 
ұғымына берілген анықтамада кей жағдайларда алшақтық болғанмен қағидалық 
жағынан көп айырмашылық жоқ. Себебі, оның барлығы этникалықтың мәнін 
түсіндіруде ортақ белгілердің бар, жоғына сүйенеді. Мәселен, С.А. Токарев: 
«Этникалық қауым дегеніміз әртүрлі әлеуметтік байланыстарға негізделген-
шығу тегінің, тіл, территория, мемлекеті бір, экономикалық байланыстар мен 
мәдени уклады, діні ортақ адамдар тобы», - деп көрсетеді. Басқа бір 
анықтамаларда кейбір белгілер мәселен, мемлекеттілік, дін, т.б. алынып 
тасталған. Ал, Ю.В. Бромлей: «Этнос – белгілі бір территорияда тарихи 
қалыптасқан, ортақ, тұрақты мәдени және психикалық өзгешелігі бар, сондай 
ақ өзін басқалардан айыра алатын, шығу тегі бірлігін мойындайтын, өзіндік 
санасы, атауы бөлек, адамдар жиынтығы», -деп қарастырады. Ал, «халық не 
этникалық қауым – әлеуметтік организм, адамдар тобының белгілі бір 
территорияда өзінің дамуына қарай әр түрлі байланысы (шаруашылық, мәдени, 
т.б.) қалыптасқан, ортақ тіл, тұрмыс пен мәдениеттегі ортақ белгілер
психикасының өзгешелігі. Этникалық қауымның негізгі белгілері: этникалық 
өзіндік сана мен атау, тіл, территория, мәдениет өзгешелігі, белгілі әлеуметтік-
территориалдық ұжым», - деп түсіндіреді В.И. Козлов. Халықты Н.Н. 
Чебоксаров: «Этнос - мәдени-тілдік қауымдастықты сезінген топ», -деп 
көрсетеді.
Қазіргі ғылымда примордиализм позициясын көп қолдамайды. Себебі, 
этносқа берілген сипаттамадағы белгілердің барлығы этносты құрушы бола 
алмайды. Мәселен, Индиядағы сикхтар индуизмді трансформациялап, тілі, діні 


бөлек, сыртқы көрінісі киімдерімен ерекшеленетін өзіндік этникалық
бет-
бейнесін
қалыптастырды. Ресейдегі ескіше шоқынушылар орыс халқы 
құрамында, Мадагаскар халықтары мальгаш этносын қалыптастырды. 
Сахалинде әлі де әр түрлі этникалық қауымдар өмір сүруде. Пиреней 
жартыаралындағы арагондықтар, кастильдіктер, андалуздар және т.б. 
этникалық қауымдар ортақ мемлекеттілігін құрып бәрі испандықтар болып 
құрылса, Ұлыбританияның ағылшындары, шотландиялықтар, валлилар, 
солтүстік ирландықтар бір этносқа біріге алмайды. Сондықтан
примордиалистердің этносқа берген сипаттамасындағы белгілердің барлығы 
этносты құрушы бола алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет