Табиғи бағыт.Бұл бағытты жақтаушылар, эволюциялық идеялар
көмегімен пайда болған этникалық ұғымын - «кеңейтілген туыстық топтың»
қалыптасуындағы генетикалық және географиялық факторлар құбылысы, деп
түсіндіреді. Осы пікірді қозғай отырып, Пьер ван ден Берг, этникалықты -
әлеуметтік биологияда «неопотизм» деп аталатын адамдардың туыстық
сұрыпталуға генетикалық жақындығының жемісі, деп түсіну керек дейді. Оның
мәні, альтруистік мінез-құлық (өзін-өзі құрбан ету), бұл жерде өзінің генін
келесі ұрпаққа беру мүмкіндігі аз болғанмен, ал қандас туыстарына беру
мүмкіндігі көбейеді. Бұнда индивидуализмнен гөрі туыстықты артық көру
бағыты социобиологияда туыстық сұрыпталу не «непотизм», деп аталады.
Сонымен, непотизм – бұл альтруистік мінез-құлық, жекелеген тұлғаның келесі
ұрпақ генотипіндегі үлесін азайтқанмен, тұлға генін бұлталақ жолдармен:
туыстардың күн көрісіне көмектесу және өзінің генін келесі ұрпаққа беру
арқылы меншікті генофонын көбейтуді қамтамасыз етуі, бір мезгілде өзінің
генін келесі ұрпаққа беру мүмкіндігін арттырады. Мұндай мінез-құлықтағылар
альтруистік мінезі жоқ басқа топтарға қарағанда топты эволюциялық тұрақты
етеді. Себебі, «альтруизм гені» табиғи сұрыпталуды қолдайды. Мұнан шығатын
қорытынды, непотизм топқа эволюциялық артықшылықтар береді және
генетикалық деңгейде бекітіледі. «Табиғи сұрыпталу», Бергенің пікірінше,
этникалық топтардың қалыптасуы мен этникалықтың феноменінің өзінде
шешуші роль атқарған, деп көрсетеді. Ендігі бір этникалықты зерттеудегі
социобиологиялық теорияның маңызды ұғымдары «реципрокность» (өзара,
өзара әрекеттестік), ол өзара қарым-қатынас және алыс туыстастар мен
тұлғалар арасындағы ынтымақтастықпен анықталады.
Сонымен социобиологиядағы этникалық - дамыған қоғамда да өзінің
мәнін сақтаған табиғи сұрыпталу мен туыстық байланыстардың жалпы алған
формасы деп түсіну керек. Тұлғаның өзін топтың бір бөлігімін деп сезінуі,
генетикалық кодталған, адамзат эволюциясының ертедегі жемісі. Этникалықты
түсіндірудегі социобиологиялық тұжырымдамалардың идеяларын қорыта келіп,
Берге былай деп жазды: адамдар басқа да әлеуметтік жануарлар сияқты
өздерінің бейімділігімен туысқандықты артық санайтын непотистік мінез құлық
сипаты биологиялық бағдарланған.
Соңғы бірнеше мың жылдықтарға дейін
гоминидтер бірнеше ондықтан екі жүздікке дейінгі тұлғалардан, салыстырмалы
түрде кішірек топтардан тұрды. Мұнда олар ішкі топтық некемен бекітілуі
басым, соған орай туыстықтың жоғары деңгейімен ең жақын және алыс
туыстардан тұратын топтармен сипатталды. Осындай бірлескен топтар, шын
мәнінде примордиальды этниэ(этностар) болды. Этникалықтың шығу тегінің
эволюциясы – туыстықтың кеңейтілген тобы еді. Бірақ кейін келе туыстық
байланыс ыдырай бастағанмен, тікелей туыстық аясына қарағанда кеңейтілген
ұжымдық қолдау қажеттігі арта түсті, бұл жағдай қазірдің өзінде дамыған
қоғамда сақталып қалды.