әлемнің этникалық картинасын психологиялық қабылдаудың мәнді жақтары;
тұлғалық байланыс пен өзара ықпалдастық жүйесі.
Компоненттер саны нақты әрбір жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін.
Бірақ бұл жерде барлық компоненттер бір-бірімен байланысты. Теория
авторларының пікірінше, жүйелілік тәсіл әдістерін және түрлендіру
статистикасын қолдану компонентке сипаттама
мен нақты әрбір этносты
зерттеуге қолайлы жол ашады. Құралдар жасау (стандартты сұрақнамалар және
т.б.), таңдау әдістерін қолдану, жиналған мәліметтерді машинамен өңдеу және
ақпараттық математикалық теория негізінде оларды талдау – осының бәрі этнос
құрылымын және этникалық үдерістің машиналы имитациясын модельдеу
мүмкіндігіне кең жол ашады.
Жоғарыда келтірілген этнологиялық теориялар мен қағидаларды ғылыми
талдай отырып, қорытынды жасауға болады, этнос адамдардың биоәлеуметтік
қауымдастығы, төмендегі этноажыратушы белгілерден тұрады:
1) этноним – этностың өзіндік атауы. Сондай ақ, этнонимді
политонимнен (жалпымемлекеттік және облыстық атаулар), топонимнен (жер
атауы), лингвонимнен (тіл атаулары), конфессионимнен (дін атаулары)
ажырату керек.
2) тіл, дін, әдет-ғұрып, салт дәстүрлер,
халықтық өнер, этикет нормаларымен көрініс табатын этномәдени
ерекшеліктер. Осы ерекшеліктердің арқасында барлық адамдар «біз» және
«олар» деп, екі топқа бөлінеді.
3) антропо-психологиялық белгілер,
сондай ақ, сыртқы физиологиялық
белгілері мен адам мінез-құлқы психологиялық қыртысымен ерекшеленетін, өз
кезегінде саналы не санасыз түрде өзінің шыққан тегімен тұтас не жекелей
санасымен қабысуы мүмкін.
4) өз дәуірінің этногенезінде және қазіргі әлемнің этникалық картасының
қалыптасуында маңызды роль атқарған ортақ территория,
қазіргі кезеңде
жаппай көші-қонға байланысты өзінің этнодифференциалдық белгісін
жоғалтты. Этнологияда этностың үш тарихи типі айқындалды: тайпа, халық,
ұлт, т.с.с. Олардың әрқайсысы тарихи үдерістің белгілі бір кезеңіне: тайпа-
алғашқы қауымдық, халық – құл иеленушілік пен феодалдық, ұлт- капиталистік
қоғамға сәйкес еді.
Достарыңызбен бөлісу: