стилімен тығыз байланыста болады. Өздерінің тұтасқан жиынтығы жағынан
бұл ерекшеліктер этникалық (ұлттық) сипат дегенді құрайды. Әрбір этностың
өзіндік ерекшелігі жалғыз бір компоненттен ғана емес, тек оның өзіне ғана тән
барлық обьективтік қасиеттерінің сабақтасуымен құрылады.
Бірақ бұл
сонымен бірге этнос белгілердің жай қосындысы деген сөз емес, ол өзінің
табиғаты жағынан белгілі бір тұтастықтағы құрылым болып табылады,бұл
құрылымда негізгі жүйе құрау ролін оның әр түрлі компоненттері атқаруы
мүмкін. Бір жағдайда басты роль
бұл жағынан тілге тиетін болса, екінші бір
жағдайда шаруашылық түрмыстық ерекшеліктерге, үшінші жағдайларда
мінез құлыққа тән ерекшеліктерге тиесілі болмақ.
Этносқа міндетті қасиетті, этниканың сана сезім -этнос мүшелері
тарапынан өзінің оған жататынын
сезіну болып табылады, бұл сезіну басқа
этностардан ажыратумен байланысты болады және ең алдымен өзіндік ортақ
атауды (этнонимді) қолданудан көрініп отырады. Этникалық сана сезімнің
маңызды компоненті шығу тегінің қауымдасуы туралы түсінік болып тұрады.
Бұл теорияда этнос бір жағынан этникалық қасиет және сипатқа
байланысты (этникалық тіл,
халықтың тұрмысы мен мәдениеті, этникалық
этноним, сана) болса, екінші жағынан сол сипаты этникалық элементтердің
(табиғи-географиялық-территориялық, экономикалық, әлеуметтік, мемлекеттік,
құқықтық, т.б.) қалыптасуы мен өмір сүруіне жағдай жасаушы ретінде
қарастырылады. Осыған сәйкес, этнос екі мағынада қаралады.
Этносты тар
мағынада автор, этникос теориясы дей отырып, оған өзіндік этникалық сипатты
енгізеді. Этнос кең мағынада этноәлеуметтік организм делініп, оның пайда
болуы мен әрі қарай қызмет ету жағдайымен бірге этникалық элементтердің
қабысуы деп түсіндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: