Тарих, археология және этнология факультеті



Pdf көрінісі
бет46/78
Дата28.10.2022
өлшемі1.72 Mb.
#463571
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   78
Учебник Теор. этнология

Этногенезді 
зерттеу 
әдістері. 
Этногенез 
және 
антропогенез. 
Палеонтология, археология, антропология және лингвистика мәліметтері 
этногенездің, халықтардың этникалық тарихының ерте кезеңдеріне үңілуге 
мүмкіндік береді. Осылардан кейін этнологтар этностың пайда болуын, 
этникалық топтардың жақын алыстығын қалыпқа келтіреді. Бұл зерттеулерде 
лингвистика мәліметтерінің маңызы жоғары Себебі, этногенетикалық 
зерттеулерде 
барлық 
байланыстарымен. 
тірі 
тілдің 
материалдары 
пйдаланылады және жазба деректерді салыстыра отырып, оның көне түрін 
салпына келтіруге болады. Этногенетикалық зерттеулерде алғашқы ұғымдар 
талданады: адам және оның денесі, 10 ға числительные, есім сөздер, 
терминдердің туыстығы, космостық астральды нысандар мен табиғат 
құбылыстары, сондай ақ этникалық қалыптасу және әлеуметтік, отбасылық 
қатынастарды айқындайтын материалдық мәдениет саласындағы ұғымдар 
салыстырылады.
Этногенетикалық зерттеулерде антропологияның маңызы жоғары, бұл 
жерде әлеуметтік тарихи даму нәтижесінде қалыптасқан нәсіл, мәдени, тарихи, 
нәсіларалық қарым қатынас, миграциялық және консолидациялық үдерістер 
нәтижесіндегі әлем халықтарының антропологиялық типі бойынша нәсілге 
жіктеу нәтижелері материалдарының да маңызы жоғары. Антропологиялық 
типтер әлемнің этникалық көптүрлілігін дәлелдейтін алғашқы категория болып 
табылады. Этногенетикалық үдерістердің ең көне кезіне көз жіберген сайын 
антропологиялық мәліметтердің маңызы жоғарылай береді. Антропологиядағы 
ерекшеліктер этникалық және лингвистикалық ерекшеліктермен салыстырғанда 
неадекватно. Мәселен, тіл жағынан жақын, антропологиялық типтері әртүрлі, 
бірақ бір халық құрамына кіруі олардың тілдік қауымдастығының құрылуы 
ассимиляция нәтижесі екендігін дәлелдейді.
Этногенез мәселесін зерттеуде археология мәліметтерін қолдануда 
этникалық тарихтың ерте кезеңіне көз жібертуге мүмкіндік береді. Археология 
этностың материалдық мәдениетін және рухани мәдениетінің кейбір 
аспектілерін (қолданбалы өнер, сенім нанымдарын). Археология мәліметтері 


сондай ақ халықтың автохтонды не келгінді халық екенін, мәдени байланыстың 
жағдайын, жергілікті физико географиялық жағдайға бейімделуін де көрсетеді.
Этногенетикалық үдерістерде аталған мәліметтермен қатар жазба 
деректердің де маңызы жоғары. Бұл жерде этнонимге (халықтардың атауына), 
топонимге (географиялық нысандарға), шежіре, аңыздарға мән беріледі.
Этногенездің ерте кезеңі. Аталған деректерді салыстыра отырып, ең ерте 
кездегі этногенезді құруға болады. Адамдар (популяция) саны аз, эндогамилы 
некеде (бір топ ішінде) және салыстырмалы түрде отырықшы, сондай ақ белгілі 
бір аймақта қозғалып отыратын аңшылық территориясы да болды. 
Тұрғындардың томаға - тұйықтығы салыстырмалы және мерзімді, бірақ кей 
кездерде аңшылық территориясының шекаралас аймақтарында өз құрамдарына 
бөтен тұрғындарды да кіргізіп алатын. Бұл тұрғындар антропологиялық 
жағынан 
өзіндік 
ерекшеліктер 
болғанмен 
үлкен 
территорияларда 
морфологиялық айрықша белгілер болды, ол кейін келе нәсілдің қалыптасуына 
негіз болды.
Алғашқы тілдер де бір ғана емес бірнеше популяцияны қамтыды, ал, 
басқа тілде сөйлейтіндерге популяция топтары арасында тілдің таралуы 
қиындау болды. Бұл жерде этногенездің бастапқы кезеңінде ақ құрамдас бөлігі 
болған дифференциация және интеграция үдерістерінің өзара ықпалдастығы 
көзге көрініп тұр. Антропологиялық құрамның ерекшелігі, мәдениет және 
тілде бір популяцияның басқалармен интеграциялық үдерісін таратуы нәсілдің 
пайда болуына ықпал етеді. Сонымен, адамзат тарихының ерте кезеңінде 
нәсілдік құрылыммен этногеенз өзара байланысты болды. Бірақ нәсілдік 
құрылым да этногенез де антропогенездік үдеріссіз мүмкін болмас еді.
Ежелгі адамдардың сүйектерін палеонтологиялық зерттеулер біздің 
планетамызда алғашқы адамдар миллион жыл бұрын болған деген қорытынды 
жасауға мұүмкіндік береді. Африка континентінің шығысы мен оңтүстігінен 
табылған сүйектерді палеонтологтар әлемнің басқа аймақтарына да сол жақтан 
тараған австралопитектер деп атайды. Сыртқы бейнесі жағынан олар 
маймылдан көп айырмашылығы жоқ еді, бірақ тік жүре алатын. 
Антропогенездің келесі сатысы ерте палеолитте өмір сүрген питекантроптар 
(600 мыңнан 200 мың жылға дейін) және неандерталдықтар (200 мыңнан 40 
мың жыл бұрынғы-орта палеолит). Ежелгі адамдардың ең соңғы түрі 
кроманьон, 40 мың жыл бұрын пайда болған және еңбек құралын жасаумен , 
тас өңдеуді жақсы мегерген. Кейінгі палеолиттің осы бір тарихи кезеңі тасқа 
таңбалар салу, әйел статуэттерін, т.б. салумен сипатталады.
Б.э.д. 10 мың жыл бұрын мұзды дәуірдің (плейстоцен) аяқталуымен, 
климат, қоршаған орта, планетамыздың флорасы мен фаунасы өзгерді. Ірі сүт 
қоректілер, ежелгі адамдардың азығына айналған кейбір өсімдіктер түрі 
жойылды. Ата-бабасының өмір сүру жағдайының өзгеруімен адамның басқа 
табиғи жағдайға бейімделуіне әкеліп, өмір салтына, мінез-құлқына өзгерістер 
әкелді. Ең алдымен азығын өндіруді үйренді. 
Молекулярлы биологияның құрылуы адамзаттың пайда болу құбылысын 
онан әрі қарай тереңдетті. Молекулярлық биология мәліметтері гипотикалық 
адамзат ұрпағы 15-20 млн. жыл бұрын өмір сүргендігін көрсетті. Қазіргі адам 


тәріздес маймылдардың қан белогын адамдармен салыстырғанда алған 
ұқсастық, оларды осы пікірді негіздеуге әкелді. Маймыл тәріздес ұрпақтардың 
екі линиясы (жүнді және түксіз) 4-6 млн. жыл бұрын шағылысуы мүмкін 
еместігі ғылымда дәлелденген. Түксіз түкті маймылдардың шағылысуы 
нәтижесінде генеалогиялық ұқсастығы болды. Оған Эфиопиядан табылған, 4,5
млн. жыл бұрын өмір сүрген тік жүрісті адам ұрпағы дәлел болады. Оның 
салмағы 30 кг. бойы 1,2 м. Мұндай физикалық параметрлердің болуы адам мен 
маймыл арасындағы өтпелі сатыны, яғни антропогенездік үдерістің бастауы 
екендігін көрсетеді.
Сонымен, қазіргі ғылымның мәліметтері бойынша, антропогенез алғашқы 
қауымдық адамдар тобының пайда болуы мен эволюциясы кезеңі, біртінден 
келесі кезеңдерге өтуі 1) адам мен маймылдың жалпы гипотикалық ұрпағы; 2) 
примат түрі, ғалымдардың атауы бойынша Льюси атын алған, ми көлемі 400-
500 см. куб., тік жүретін, Шығыс Африканың барлық территориясында 
отбасылық топпен бірге жүрді; 3) «африканус типі», Льюсидің тұқымы, ми 
көлемі сол 400-500 см. куб., оның ұзын қолы болды, епті, тез қимылдағыш, 
қауымдық топпен бірге өмір сүрді; 4) «робистус типі» - африканустың ұрпағы, 
ми көлемі 530 см. куб., бірақ өзінен кейін көп ұрпақ қалдырған жоқ; 5) Homo 
habilis «епті адам», алғашқы белгілі тип, адамдар тобына жататын және еңбек 
құралын қолданатын, оның ми көлемі 600-800 см. куб.; 6 ) Homo errektus – «тік 
жүретін адам», адамның алғашқы түрі, салыстырмалы түрде планетада кең 
таралған Таяу және Орта Шығыстан Қытайға дейін жеткен, ми көлемі 750-1250 
см. куб. және 1,5 млн. жыл бұрын өмір сүрген; 7) Homo sapiens – «ақылды 
адам», ми көлемі 1200-1700 см. куб. антропологияда «кроманьон» деген атпен 
белгілі және 40 мың жыл бұрын пайда болған.
Антропогенез теориясы қазіргі адам түрінің қалыптасу үдерісіне ғана 
жауап береді де адамдар тобының түрлеріне және нәсілдің пайда болуына 
жауап бере алмайды.
Нәсілдің қашан және қайдан пайда болғандығы жөнінде әлі күнге дейін 
шешім жоқ, қазіргі адамдардың физикалық түрі 35-40 мың жыл бұрын пайда 
болған, адамның жаңа физикалық түрімен мәдениетте қалыптасты. Адамзаттың 
пайда болуы және мәдениет антропогенез үдерісіндегі адамдардың саналы 
еңбек қимылы нәтижесінде пайда болған, деп түсіндіріледі. Бірақ ХХ ғ. 60 
жылдардың аяғында Африка мен Таяу Шығыста табылған жасы 60-130 мың 
жыл бұрынғыға жататын неоантроптардың қалдықтары, адамдардың қазіргі 
түрі ондаған мың жылдықтар бұрында мәдениетті таратушылар болғандығын 
дәлелдеді. 
Кейінірек, ХХ ғ. 80 жылд ары АҚШ, Жапония, Англия ғалымдары 
антропогенез үдерістерін зерттей отырып, ешқайсысы бір біріне тәуелді болмай 
ақ, 360-180 мың жылдықтар аралығында біздің планетамыздың халықтары 
бірден қысқарып кеткен, кейін демографиялық жарылыс болған, нәтижесінде 
әртүрлі этностардың негізін қалаған популяциялар пайда болған. Мұнан басқа 
осы ғалымдардың дәлелдеуінше, адамзаттың африкандық емес барлық 
популяциясы бір жақтан, Африкадан қоныс аударды, ал одан европеоид және 
монголоид болып бөлінуі, шамамен 80-150 мың жылға жатады. Ең аяғында 


ғалымдар ең жас нәсіл 50 мыңжылға жататын европеоидтық нәсіл екендігін 
дәлелдеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет