Тарих, археология және этнология факультеті



Pdf көрінісі
бет34/78
Дата28.10.2022
өлшемі1.72 Mb.
#463571
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   78
Учебник Теор. этнология

Тілдік классификация. Тіл мәдениеттің ажырамас бір бөлегі, адамның 
негізгі бір айырмашылығын көрсететін бір белгі. Әлемде тіл көптеп саналады, 
территория бойынша таралған, сөздік құрылым тәсілі, грамматикалық 
құрылым, т.б. бойынша жіктелген тілдер өте көп. Дегенмен де этнография үшін 
маңыздысы генеалогиялық классификация. Ол материалдық белгілерінің 
ұқсастығына, салыстырмалы тілдің сөздері мен морфологиясының тілдік 
қорының ұқсастығына негізделеді. Сонымен тілдің тарихын бұтақтардан 
тұратын ағашқа ұқсатады.
Генеалогиялық 
классификация 
этнография 
ғылымының 
кейбір 
міндеттерін шешуге көмектеседі, алдымен этногенетикалық үдерістерді 
реконструкция жасайды, бұл жерде халықтың тарихы- бұл оның тілінің тарихы. 
Сондықтан, тілдер этникалық текке тіркеліп, халықтың атымен аталуы белгілі. 


Тілдің жақындығы олардың дәстүрлі мәдениетінің жақындығын көрсетеді, ал 
ол- ата-бабаларының ортақ екендігін білдіреді.
Генетикалық туыстыққа әкелетін тілдік ұқсастықтардан басқа, ареалды 
ұқсастықтар бар, лексикада (сөздік қорда) ол басқа тілден қабылдау 
нәтижесінде пайда болған сөздер. Мәселен, орыс тілінде түркіден шыққан 
сөздер көп (деньги, богатырь, базар, ура және т.б.). Мұндай қабылдау 
этнография ғылымында – халықтардың байланысы, олардың алдындағы 
орналасуын, мәдениеттің сол не басқа құбылыстарының ерекшеліктері, т.б. 
сұрақтарға жауап береді.
Генеалогиялық классификацияның құрылымында линвистер жақын 
тілдерді тілдің семьяға біріктіреді. Оның қүрамы ұқсастықтары деңгейінің 
қсуіне қаарй тілдік тармақтар мен бұтақтарға бөлінеді. Әлем халықтарының 
барлық тілдері лингвистикалық құрылымға кіреді, туысқандығы жоқ тек 
кейбірі ғана жеке топты құрайды.
Тілдер және тілдік семьялар. Көне әлемнің көптеген тілдерінің бастауы 
зерттеулердің мерзімделуі бойынша б.э.д. ХІ-ІХ ғғ. жатып, Солтүстік-Шығыс 
Африка мен Оңтүстік батыс Азияда қалыптасқан. Оның құрамынан Кқне 
Әлемнің бірталай территориясына таралған бес семья: үндіевропалық, алтай, 
орал-юкагир, картвель және дравид бөлініп шықты.
Үндіевропалық семья Көне Әлемде таралуы жағынан ерекше орын 
алады, онда сөйлейтіндер америка австралия-мұхиттық аумақтарында басым 
болып келеді. Оның құрамында төмендегі топтар мен тағамдар бар 
- роман тобы, латын тілі негізінде қалыптасып, бүгінде бір этносқа 
туған тіл саналады, олар: румын, каталон, галисий, ретороманский, сардин, 
окситан, корсикандықтар үшін; итальян тілінде - италяндықтар, санмарин, 
итало-швейцарлықтар; француз тілінде - француздар, монегаскілер, франко-
швейцарлықтар, валлондар, франкоканадалықтар, португал тілінде - 
португалдықтар мен бразилиялықтар, испан тілінде - испандықтар мен 
гибралтарлардың бір бөлігі, ал Латын Америкасындағы көптеген этностар – 
мексикандықтар, перулер, чилиліктер, аргентиналықтар, кубалықтар және т.б. 
(бразилиялықтар мен Вест Индияның кейбір халықтарынан басқа). Испан 
тілінде сөйлейтін халықтар сан жағынан басым болып келеді.
-герман тобының құрамында славяндар сияқты бір этнос үшін туған тіл 
саналатын және бірнеше халыққа ортақ бір тілдегі халықтар бар. Біріншіге: 
швед, норвеж, фриз халықтары қарайды (фриз - Нидерланды, Дания және 
Германияда тұратын этнос) фарьер (Фарьер аралындағы халық), исланд тілі, 
екіншіге: неміс тілі оны немістер, австриялықтар, лихтенштейндер, германо-
швейцариялықтар, эльзастар, т.б. халықтар ана тілі деп санаса, ағылшын тілі – 
ағылшындар үшін, шотландиялықтар мен ирландықтар, англоканадалықтар, 
англоавтралиялықтар, англоновозеландиялықтар, англоафрикандықтар, АҚШ-
тың американдықтар және Вест-Индияның кейбір халықтар-гренадалықтар
ямайлықтар, барбодос, т.б. нидерланды-голландықтар, фламандықтар, 
суринамдықтар және африкандықтар, дат тілі- датчандар мен норвегиялықтар 
үшін ана тіл саналады.


Славян тобы өз кезегінде мынадай тармақтарға: шығыс славян – орыс, 
украйн, белорус тілдері; батыс славян тілінде – поляктар, чехтар, словактар 
және лужичандар; оңтүстік славян тілінде – серб хорват (серб, хорват, черногор 
және босниялықтар үшін ана тіл), словен, македон және болгарлар сөйлейді.
Балтық тіл тобында- литва, латыш тілдері. 
Кельт тіл тобы – кезінде Европада кең таралған, бүгінде тек 
ирландықтар, 
бретондықтар 
(Франциядағы 
этнос), 
гэльск 
(шотландиялықтардың бір бөлегі) және уэльс (валлий) халықтарында сақталған.
Албан тобы –адбан тілі.
Армян тобы – армян тілі.
Иран тобы – афган/пуштун, парсы/фарси, дари/фарсы / фарси-кабули, 
курд, таджик және т.б. Ресей халықтарының тілінен – осетин және тат.
Үндіарий тобында Үндістан жартыаралының солтүстік бөлігіндегі 
халықтар- индия, бенгал, бихар, панджаб, гуджарат, маратхи, ория, ассам, 
непаль, сингал, сыған т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет