Афразиялық (семит-хамит) тіл семьясы Солтүстік африка және
Оңтүстік-батыс Азия елдерінде тараған. Ол
семит тобынан тұрады, оған араб
тілі енеді, қазіргі лингвистердің пікірі бойынша кейбір тілдер дербес тілдерге –
мароккан, египет, сирия, ирак тілдерге айналған.
Сондай ақ бұл тілге иврит-
еврей этносының тілі, мальтий- европалық Мальти мемлекеті тұрғындары және
ассириялық – Ежелгі Ассирия тұрғындарының ұрпақтары айсорлардың тілі
жатады. Бұл топтағы басқа халықтардың тілі солтүстік шығыс Африкада
(амхар, тигре және т.б.) тараған.
Афроазиялық семьядағы басқа топтардағы
африкан континенті
халықтарына: кушит (оромо, сомали, беджа және т.б.), бербер (туарег, зенага
және т.б.) және чад (хауса, бура, баде және т.б.) тобындағылар жатады.
Қытай тибет тіл семьясында әлемдегі халықтардың ішіндегі ең көп
санды 1,3 млрд. құрайтын қытай халқы. Бұл семья қытай, орталық
және батыс
гималайлық, деп бөлінеді.
Қытай тобын көбіне бір-бірін түсіне алмайтын
диалектіде сөйлейтін қытайлықтар және хуэй (дұнған) халқы.
Орталық тобын
бирман, тибет, ицзу және т.б.,
батысгималай – канаури және лахули халықтары
құрайды.
Дравид тіл семьясы Үндістан жартыаралының оңтүстігінде таралған. Ол
бірнеше топтардан тұрады,
оның ішінде ең көп тарағаны оңтүстік тобы
тамиль, малаяль, каннар және т.б.,
оңтүстік шығыс тілінде телугу
.
Достарыңызбен бөлісу: