алғашқысы этнотрансформациялық сипат алса, ал екіншісі этноэволюциялық
сипат алады.
3 Этникалық ассимиляция иммигранттары көп экономикасы жоғары
дамыған елдерде кең таралған. Дербес этностың не оның бір бөлегінің басқа
бір үлкен этнос арасына сіңіп кетуі. Ассимиляциянаушы халық үшін ол
этнотрансформациялық
сипат,
ал
ассимиляциялаушы
халық
үшін
этноэволюциялық сипат алады.
Ассимиляциялық үдеріс бірыңғай жылдамдықпен жүрмейді. Олар
ассимиляциялаушы
халықтың санына, ассимиляцияланушы топтың келген
уақытына, істеген кәсібіне, оның территориясындағы негізгі халқының
шаруашылық
байланыстарына,
ассимиляциялаушылардың
әлеуметтік
құқықтық және отбасы жағдайымен, аралас некеге тұру жиілігі, отанмен
байланысының болуы не болмауы, ассимиляциялаушы
және ассимилданушы
халықтардың тіл, мәдениет, дінінің жақындығына, ассимиляциялаушы және
ассимилданушы халықтардың мәдениет деңгейіне, этникалық сана сезімінің
даму деңгейімен байланысты. Осы факторлардың барлығы ассимиляциялық
үдерістер үшін маңызды болып табылады.
Отбасылық фактордың маңызы жоғары. Мәселен, бойдақтар жаңа отанға
тез бейімделіп, жергілікті қыздарға үйлену арқылы тез жүреді.
Ассимиляциялық үдерісте тілі, мәдениеті бір біріне өте жақын екі этнос
өзара ықпалдасса, онда бұл үдеріс интенсифицировать етіп, консолидация мен
фузияға жақын кейбір белгілерді қабылдайды. Мұндай үдерістерді этникалық
конвергенция деп атайды.
Этникааралық интеграция - мемлекет ішінде не бір ірі аймақтағы тілі мен
мәдениеті бір – бірінен өзгеше бірнеше этностардың өзара ықпалдастығы
оларда ортақ белгілерін тудырады. Нәтижеде этнос емес, болашақта бір
халыққа бірігетін (бірікпеуі де мүмкін) ерекше бір этникааралық қауымды
тудырады. Мұндай өзіндік қауымдастық өзіндік ортақ сана элементі бар
этностың тобын (суперэтнос) қалыптастырады. Бұл үдерістер ұзақ өмір сүрген
полиэтникалық мемлекеттерге тән. Олар мәселен,
Рим империясы, Ресей
империясы не Совет Одағы түрінде көрініс береді.
Этногенетикалық миксация – этнобірігу үдерісінде сирек кездесетін тип.
Мұнда туысқандық байланысы жоқ халықтардың бірігумен жаңа этнос
құрылады. Бұл этнотрасформациялық үдеріс. Мысалы, оған генетикалық
жағынан ағылшындар ғана емес, басқа европалық этностармен байланысты
қазіргі австралиялықтарды атауға болады. АҚШ тың этникалық тарихында
шығу тегі әртүрлі болғанмен Еуропадан қоныс аударған бір нәсілге жататын
халықтардың Азия, Африкадан келген басқа да
этностардың этногенетикалық
үдерісінде миксациялық үдеріс алуы. Нәтижеде екіжүз жылдық этникалық
үдерісте АҚШ та жаңа этникалық қауым қалыптасып, солтүстік американдық
ұлтты қалыптастырды. Осындай үдерістер Латын Америкасында да жүруде.
Этникалық бірігумен бірге этногенез үдерісінде соған қарама қарсы
этникалық ажырау түрлері де бар.
a. Этникалық парциация кезінде бір болған этностың азды көпті
бірнеше бөліктерге бөлініп, жаңа этносты құруы, бірақ олар ескі этноспен
салыстыра алмайсың. Мәселен, ежелгі рус
этносы жарықшақтарынан орыс,
украйн, белорус болып бөлінді.
b. Этникалық сепарация – этникалық қауымдастықтан салыстырмалы
түрде кішірек бөлік бөлініп, уақыт келе үлкен этносқа айналуы. Бұл үдеріс
әртүрлі себептермен – бір этнос тобының аз санды халқы бар, саяси
мемлекеттілігі оқшауланған, не діни оқшауланған этникалық топ арасына
қоныс аударуымен жүреді. Мәселен, діни мақсатпен солтүстік американ
отарына келген ағылшындық пуритандар солтүстік американдық этностың
негізін, ал ағылшындық жер аударушылар, каторжниктер австралиялықтардың
негізін қалады.
Сонымен, этногенез үдерісінің даму үдерісі
адамзаттың алғашқы
қауымдық жағдайынан қазірге дейін бірнеше сатыдан өтіп, әртүрлі сипаттағы
факторлармен байланысты болды.
Достарыңызбен бөлісу: