6 ҚАЗІРГІ ҒЫЛЫМДАҒЫ ЭТНОГЕНЕЗ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН
ЭТНОГЕНЕТИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ
Бұл тарауды оқу барысында студент этногенездің пайда болуындағы
негізгі факторлармен оның үдерісіндегі этногенетикалық типтердің түрлері мен
мағынасын оқып үйренеді.
Мұнда студент этногенездің үдерістің негізгі факторлары мен кезеңдерін
білу керек;
Этногенез үдерісіндегі негізгі өзгерістер немен байланыстылығын,
этногенетикалық үдерістер түрлерінің маңызын ажыратуды
меңгере білу;
Этногенез үдерісіндегі этногенетикалық үдерістер этникалық қауымның
бірігуі мен ажыратуында қаншалықты рол атқаратындығын айыра білуге
дағдылану керек.
1 Этногенез және оның факторлары
2 Этногенетикалық үдерістердің типтері
3 Қазіргі ғылымдағы этногенезді зерттеу әдістері
Этногенез және оның негізгі факторлары. Этногенез процесін
этностың п/б мен дамуын зерттеу этнолог ғалымдардың алдында тұрған күрделі
процесс. Оның себебі, әр елдердегі халықтардың этникалық тарихы
арнтропология,
лингвистикалық,
тарихи,
шаруашылық,
мәдени,
демографиялық, саяси және т.б. факторлармен байланысты.
Этногенезді зерттеу этнос пен этникалық топтарға қатысты «генезис»
деген терминді түсіну мен пайдалану мәселесіне келіп тіреледі.
Әлемдік және
отандық әдебиетте этнологияда, мәдени және әлеуметтік антропологияда
этногенез деп, плейстоцен кезеңіндегі (2 млн.-20 мың жыл бұрынғы) және
голоценнің бас кезеңіндегі (20 мыңнан б.э.д. 3 мың жылдық) этникалық
топтардың пайда болуымен түсіндіріледі. Яғни бұл кезең археологиялық,
палеонтологиялық мәліметтер бойынша антропогенездік үдерістің жүру
кезеңінде, Номо сапиенстің дамуы мен адамзат қоғамының алғашқы
формаларының қалыптасуы,
алғашқы еңбек, тіл, дін өнердің пайда болу
түсіндіреді. Осындай факторлардың көбіне байланысты бұл үдерістің бастапқы
нүктесімен соңғысын нақты айта алмаймыз. Соңғы 5 мың жылдықтың өзінде
адамзат өзінің алғашқы этникалық морфологиялық формасын сақтаған жоқ.
Осы кезеңдерден бері жаңа этникалық құрылымдардың қалыптасуы тоқтаған
жоқ, олар әлі күнге дейін жүруде.
Этнология ғылымында этногенез үдерісі 40 мың жыл бұрынғы қазіргі
адамның кейпінің қалыптасуымен жүрді деп есептейді. Бірақ нақты
этногенездік үдеріс жөнінде деректерді неолиттен санаймыз, себебі, осы
кезеңде тайпалық қатынастардың соңғы қалыптасуы жүрді.
Егер адамзаттың бір орталықтан шығу гипотезасын қабылдайтын болсақ,
онда адамзат өзінің
алғашқы қалыптасуында нәсілдік, этникалық, әлеуметтік
және т.б. аспектіде бірыңғай болған. Адамдардың санының өсуімен олардың
басқа территорияларға (алғашында тропиктік, субтропиктік кейінірек өздеріне
қолайлы
аймақтарға
таралады)
таралуы
кеңейді.
Олардың
басқа
территорияларға таралуы бірнеше мыңдаған жылдар бойы жүргендіктен олар
сол жердің табиғатына, климатына ыңғайлана берді. Бұл тек антропологиялық
типінің ғана емес, этникалық белгілерінің де өзгеруіне әкелді.
Олар өзінің
бастапқы нүктесінен алыстаған сайын олардың айырмашылықтары көбейе
түскен.
Сол сияқты тілде де өзгерістер болды. Тілде де олар алыстаған сайын
өзгерістер көбей берді. С.П. Толстовтың гипотезіне сәйкес адамзат пайда
болғаннан бастап көптеген тілдер «алғашқы үзіліссіз тіл» өзінің үзіліссіз
жүйесімен біртіндеп басқа территорияларға ауысуып отырды. Бұл гипотеза
кейбір елдердегі көне тілдік бөлінулердің әлі күнге дейін сақталуымен
түсіндіріледі. Мәселен, Жаңа-Гвинеяда папуастар бірнеше тілде сөйлейді.
Кейінірек келе тілдің негізінде диалектілер пайда болды, олар кейін келе жаңа
тілді тудырды.
Тұрғындар санының өсуімен этногенез үдерісінде тайпааралық
байланыстың күшеюіне, оның дамуы мен күрделенуі
тайпалық этникалық
қауымдастықтан халықтық сатыға өтуіне ықпал етіп, жалпы экономикалық,
әлеуметтік және басқа да мүдделердің қалыптасуына ықпал етті.
Адамзаттың көне тарихындағы этногенез үдерісінде бір этникалық топты,
екінші этникалық топ жаулап алумен қатар жүрген бұқаралық қоныс аудару
көрініс алды. Бұқаралық миграция алғашқы тайпалық ячейкадан жаңа ірі
этноәлеуметтік қауымдастықпен- халықпен алмастырылып отырды. Этникалық
топтың жаңа территорияға орын ауыстыруы екі этникалық топтың
қақтығысымен, яғни автохтонды тұрғындарды келгінді топтың басып алуымен
байланысты болды. Қоныс аудару әртүрлі жолмен жүрді мәселен, американдық
үндістердің Азиядан қоныс аударуы, т.с.с. немесе
қоныс аударушылар мен
автохтонды халықтардың тығыз ықпалдастығы екі топта да жаңа сипаттардың
пайда болуына әкеледі.
Этногенез
процесінде
басып
алушылар
мен
аборигендердің
өзараықпалдастығымен байланысты субстрат (жергілікті тұрғын) пен
суперстраттың (келгінді тұрғындар) синтезі жүреді де жаңа этнос пайда
болады. Бірақ бұл синтез әсіресе бір-бірінен ерекшеленетін этникалық
топтарда әртүрлі форманы қабылдауы мүмкін.
Этногенез үдерісінде барлық уақытта кез келген этностың өмір сүруі мен
дамуында тілдің ролі өзгермейді. Линвистер сияқты этнологтар тілдің
туыстығы
оларды
тасымалдаушылардың
жақындығына
байланысты.
Сондықтан да халықтардың қоныс аударуы тілдердің араласуына, өзара
ықпалдастық нәтижесіне әкеледі. Бұл жерде бір тілдің екінші тілден үстем
болуына ықпал еткен жағдай мен себептердің маңызы жоғары. Мұнда өзара
ықпалдасушы этникалық қауымның жазба тілі болудың маңызы бар. Бәрімізге
белгілі жазба тілінің болмауы тілдің ауысуына өзге тілге енуіне ықпал етеді.
Тарихтан белгілі көптеген материалдар жазба тілі жоқ халықтар басқа этностың
тіліне өтуімен байланысты тілдік интеграция көбірек жүреді.
Бірақ тарихтан
белгілі болғандай, этногенезде жазбасы жоқ екі этникалық қауымның өзара
әрекеттестігі болатындығы белгілі. Бұл жағдайда жазба тілі жоқтық келгінді
халықтардың аборигендер тілін жеңуінің себебі бола алмайды, тек қолайлылық
тудырады. Мұндай тарихи жағдайда діни және шаруашылық факторлар
шешуші бола алады.
Жаңа діни нанымның қалыптасуы белгілі бір тілдің кең таралуына және
оның халықтың бір бөлігінде екі тілділікті (католиктік және латын тілі)
ендіреді. Кейбір жағдайда дін соған сәйкес тілдің жеңуінде белсенді рол
атқарады. Мәселен, Египетте исламның таралуымен араб тілі кеңінен тарады.
Этногенез процесінде келгінді халықтың саяси үстемдігі де маңызды
фактор болып саналады. Басып алушылырдың
әскери демократиямен
байланысты ерекше тұтастығы, ынтамақкершілігі бір тілдің екінші тілді
жеңуіне ерекше жағдай жасап, мәдени шаруашылық жағынан дамуында
маңызды рол атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: