барысындағы сол бір этностың өзгерісін қарастыратын методологиялық тәсілді
де кездестіруге болады.
Кез келген этнос өкілдерінің психологиялық
құрылымында бірнеше
деңгейді кездестіруге болады.
1)
эгоцентристік, мұнда этнос өзінің игілігі, пайдасы, қолайлылыққа
ұмтылады. Басқа этносқа деген қарым қатынасы қажеттілік қана сипат алады.
Егер олар бұлардың мүддесі мен тұтынушылығын қанағаттандырса,
оларға
деген қарым қатынасы жағымды, егер ол орындалмаса онда ол этнос, бөтенге,
жауға айналуы мүмкін;
2)
группоцентристік, адамның өзіндік идентификациясының белгілі бір
топқа негізделуі, мұнда ол оған өзінің эгоцентристік талпынысын аударады.
Оның басқа этнос өкілдеріне деген қатынасы олар оның қауымдастығына кіре
ме деген қатынаспен байланысты. Егер олар кірсе,
құрметке, махаббатқа, жан
ашырлық білдіруге лайық.
3) универсалды-гуманистік, мұнда әрбір адам
қандай этникалық топқа
жататындығына қарамастан өз алдына құнды, құрметтеуге лайық, тең құқыққа
ие, міндеттемесі мен еркіндігі бар тұлғаға айналады. Бұл деңгей адамзат өмірін
қалыптастыруға «өзімдікі» және «басқаныкі» деген ұмтылыспен сипатталады.
Бірақ этникалық психология нақты тұлғаның психологиясымен
байланыста бола отырып, ұзақ мерзімді тарихи
эволюцияның жемісі мен
көптеген ұрпақтардың тәжірибесін өзіне енгізген, құрылымы күрделірек әрі бай
жаңа сапалы құрылымды қалыптастырады.
Бұл әлеуметтік қатынастардың
жемісі, себебі, тұлғалардың бірлескен іс-әрекеті және олардың өзара
ықпалдастықтығының синтезі басқа негізді - ұжымдық сананы
тудырады. Бұл
синтез нақты әрекет ететін тұлғалардан тыс жүргендіктен ол
мінез құлықтың,
құндылықтың, әрекет тәсілінің үлгісін құрайды.
Статистикалық компоненттердің қатарына этностың психикалық жақтары
– этникалық топ мүшелерінің қоршаған өмірдің әртүрлі жақтарын қабылдауы
мен түйсінуі жатады. Ол тарихи дамудың жемісі,
этникалық мінез құлық,
этникалық өзіндік сана, этникалық сезім мен көңіл күй, дәстүр, әдет түрінде
көрініс беріп, ұрпақтан ұрпаққа беріледі және психикалық үдерістер мен
жағдайы түрінде этностың психологиялық ерекшелігін құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: