Тарих, археология және этнология факультеті


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет52/78
Дата28.10.2022
өлшемі1.72 Mb.
#463571
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   78
Учебник Теор. этнология

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар 
1 Инкультурация 
2 Этникалық идентизмнің негізі 
3 Этникалық дәстүр пен әдет ғұрып. 
4 Этникалық стереотип және образ
Әдебиеттер тізімі 
1 Садохин А.П. Грушевицкая Т.Г. Этнология: Учебник для 
студ.высш.учеб. заведений. – М.: «Академия», Высшая школа, 2000. -304 с.
2 Емельянов Ю.Н. Основы культурной антропологии. – СПб., 1994.
3 Арутюнов С.А. Народы и культуры. Развитие и взаимодействие.- М., 
1989. 
4 Социальная идентификация личности. – М., 1994.
5 Этнология (этнография): учебник для бакалавров /под.ред. В.А. 
Козьмина, В.С. Бузина. – М.: Изд-во Юрайт, 2015. – 580 с.
8 ЭТНИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ТЕОРИЯСЫ
Студент бұл бөлімде мәдениеттің қоғамдағы ролін, оның атқаратын 
қызметін білу керек;


Бөлімді оқу барысында мәдениеттің түрлерін, дәстүрлі мәдениеттің 
негізгі белгілерін және модернизацияланған мәдениетті ажырата алуға икемі 
болу керек;
Мәдениеттің қазіргі қоғамдағы алатын орнын талдай алуға дағдылану 
керек.
1 Мәдениет және оның этникалық қызметі 
2 «Этникалық мәдениет» түсінігі.
3 Этникалық стереотип және этникалық образ. 
4Дәстүрлі 
қоғамды модернизациялау 
проблемасы. Модернизация 
теориясының негізгі жағдайлары. 
Мәдениет және оның этникалық қызметі 
Қазіргі кезеңдегі этникалық үрдістер мемлекетпен халықтың өмірінде 
өзара этномәдени қарым-қатынаспен, өзара байланыстың орны ерекше 
екендігін көрсетеді. Бұл табиғи ресурстарға, саяси билікке, территориялық және 
мәдени құндылықтарға ие болу жолындағы күресте этникалық қауымдастардың 
бірігуі түрінде көрініс табады. Көптеген этникалық жан жалдар, этникалық 
шиеленіс аймақтары ұлттық, діни, мәдени қозғалыстар мен бірігулер жаңа 
заман тарихында этномәдени мәселелердің маңызды екендігін байқатады.
Бүгінде басқа халықтардың мәдениеті тарапынан ықпал етпеген бірде бір 
халықты көре алмайсыз. Мәдениеттің бұл жаһандану тенденциясы өзіндік 
мәдениетке деген қызығушылықты бұрынғыдан да арттыра түседі.
Қазіргі халықтардың мәдени әртүрлілігінің көбеюі соншалық олардың 
әрқайсысы өздерінің мәдени қалпын тұтастығын сақтауға тырысуда. Өзінің 
қайталанбайтындығын және дәстүрлі мәдениетті сақтауды түйсіну мен соған
ұмтылу адамзаттың біртұтас, өзара байланыстылығының жалпы заңдылығын 
яғни этникалық көптүрлілігін жоғалтпайтындығын көрсетеді.
Әлеуметтік және мәдени өзгерістер адамзат эволюциясының маңызды бір 
бөлігі, этносты мәңгіге қалыптасып біткен қауым деуге болмайды. Бұл қауым 
ең алдымен даму мен мәдениет ықпалдастығының нәтижесі, ал мәдени 
ерекшеліктердің жаңа түрлері жаңа дәстүр ретінде адамзат іс әрекетінің әртүрлі 
көздерінен пайда болады. Этнологияның міндеті бұл жағдайда қазіргі кезеңдегі 
этномәдени үдерістерге ғылыми жауап беру.
Этномәдени мәселелер әртүрлі ғылымдардың назарын ерте кезеңнен ақ 
аударып келеді. Дегенмен де көп жылдардан бергі пікірталастар, көптеген көз 
қарастарға қарамастан әлі күнге дейін этникалық мәдениетке анықтама беретін 
жалпы қабылданған ұғым жоқ. Бұл заңды да, себебі, гуманитарлық ғылымда бір 
методологиялық негізді пайдаланбағандықтан да болуы мүмкін. «Мәдениет» 
терминінің көптеген феномені бар.
Жалпы алғанда мәдениеттану зерттеулеріндегі этнологияның ролі 
мәдениет ерекшеліктерін, өткен және қазіргі қоғамды сипаттау және 
түсіндіруден тұрады. Ал, этнологиялық зерттеулермен әр түрлі елдердің 
ғалымдары айналысатындықтан олардың сипаттаулары «өзге» және «өзіміздің»
халықтардың мәдениеті деген мәселелерге қатысты, сондықтан қазіргі 


этнологияда әртүрлі методологиялық әдістемелік бағыттағы көптеген 
теориялар мен концепциялар қалыптасты. Мәселен, егер европалық этнологтар 
мектебі қоғам және «халық» деген әртүрлі теориялар төңірегінде топтасса, ал 
американдық этнология өздерінің зерттеу нысанын әртүрлі халықтардың 
мәдениетін 
зерттеуді 
мақсат 
етеді. 
Орыс 
этнологиялық 
мектебі 
европалықтардың ғылыми дәстүріне негізделгендіктен Ресей және басқа 
елдердің артта қалған халықтарын сипаттаумен айналысты. Кейінірек орыс 
этнологиясы халықтардың шығу тегі мен оларды классификациялаумен 
этнологиялық материалдарды байытып, этнос және этногенез теориясын 
зерттеді.
Этникалық мәдениетті зерттеу біздің кезімізде этнографиялық және 
тарихи талдауға, социологияға, құрылымдық линвистиканың жетістіктеріне 
негізделді. Сонымен қатар мәдениет түсіндіру мен интерпретациялауды талап 
ететін белгілер мен таңбаларды қарастырады. Мұндай методологиялық тәсілде 
эволюционистердің ескі мәдениет теориясын жаңа конструктивті концепциялар 
ығыстырады. Мәдениетті көптеген зерттеушілер биологиялық түзілуден тыс 
(генетикалық бекітілмеген) адамзат іс әрекетімен берілетін әдіс тәсілдер. 
Мәдениеттің іс-әрекетіне негізделген кешенді ұғымы этникалық мәдениет 
феноменін түсіндіруге яғни этносты сақтауға және өмір сүру салтының 
қолайлылығына негізделген тәсілдер жиынтығы деп түсіндіріледі. Бұл жерде 
маңыздысы мәдениеттің функционалды аспектісі, қоршаған әлемде адам өмірін 
жеңілдететін механизмге бейімделуі.
Қазіргі мәдениеттің атқаратын қызметі мыналар:
1. инструментальды – қоршаған ортаны құру және жаңарту; 
2. инкультурациялық қызмет- адамзаттың өзін құру және қайта құру; 
3. нормативті - ұжымдық өмірді ұйымдастыру құралы жүйесі; 
4. сигнификативті – «белгі», осыған қарай адамның ақыл-ойы, сезім 
жүйесінің жүзеге асуы. Бұл ат пен атаудың қалыптасуы. Егер құбылыс не бір 
заттың аты не атауы не белгісі болмаса онда ол адамзат үшін мағынасы жоқ. 
5. танымдық – адамзатқа әлемнің сипатын құрады, сондықтан да ол 
сигнификативпен тығыз байланыста, 
6. коммуникативті – этномәдени ақпаратты диахронды (ұрпақтар арасында) 
және синхронды (кеңістіктегі тұрақтылықты және мәдени интеграцияны құра 
отырып) түйісте беруді қамтамасыз етеді.
Қазіргі мәдениеттің интерпретациясы мен функциясының мазмұнына 
талдау жасағанда олардың барлығы міндетті түрде этникалық компонентті 
айқындайды. Сонымен бірге мәдениеттің этникалық функциясы 
этнодифференциялық 
және 
этноинтеграциялық 
міндеттерді 
шешеді. 
Мәдениеттің этникалық компоненті тұрақтылығымен беріктігімен ерекшеленіп, 
этностың генетикалық ядросын құрайды. 
Мәдениеттің барлық этникалық функциясының маңызды мақсаты- 
индивидті психологиялық жағынан қорғау, бұл оның өмірде өз орнын білуге 
және қауіпсіз сенімді түрде өмір сүруде өзіне сондай әлем таңдауға мүмкіндік 
береді. Сонымен, этникалық мәдениет өз ортасында өзіндік ерекшелігін не 


өзіндік 
еместігін 
айыра 
алатын 
этностың 
қорғаныш 
механизмін 
қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет